Кіріспе Ауыл шаруашылығының маңызы Ауыл шаруашылық үшін тағайындалған жерлердің құқықтық режимі. Ауыл шаруашылығы



Дата01.03.2023
өлшемі20,22 Kb.
#170621
Байланысты:
ауыл шаруашылыған а арналған жерлердің құқықтық режимі
списко-участников-2го-тура, лексус реферат, түркі, дара касипкерлик, OS security management.ru.en

Кіріспе

  1. Ауыл шаруашылығы

  2. Ауыл шаруашылығының маңызы

  3. Ауыл шаруашылық үшін тағайындалған жерлердің құқықтық режимі.

Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығы — материалдық өндірістің ең маңызды түрлерінің бірі. Ауыл шаруашылығы халықты азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етумен айналысады. Ауыл шаруашылығы екі үлкен саладан, яғни өсімдік шаруашылығынан және мал шаруашылығынан тұрады. Сонымен қатар оның құрамына балық аулау, аңшылық және омарта шаруашылығы да кіреді.
Ауыл шаруашылығының маңызы
Ауыл шаруашылығы — шаруашылық салаларының ішіндегі ең ежелгі және табиғат жағдайларына тікелей тәуелді саласы. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы — неғұрлым көп тараған сала. Шындығында, дүниежүзінде халқы ауыл шаруашылығының түрлі салаларымен айналыспайтын бірде-бір ел жоқ. Ауыл шаруашылығының барлық жерге таралуы оның алуан түрлілігіне байланысты. Ғалымдар шамамен онын 50-ге жуық түрін бөліп көрсетеді. Қазіргі мәлімет бойынша дүниежүзінде бұл салада шамамен 1,3 млрд-тан астам адам еңбек етеді, оған ауыл шаруашылығындағы шаруа отбасыларын қосатын болса, онда ол көрсеткіш 2,6 млрд адамға жетеді. Еңбекке жарамды ер адамдардың ауыл шаруашылығындағы үлесіне сәйкес елдер индустриялы, постиндустриялы және аграрлы болып жіктеледі. Дүниежүзінде экономикалық белсенді халықтың (ЭБХ) 46%-ы осы салада еңбек етеді.
Ауыл шаруашылық үшін тағайындалған жерлердің құқықтық режимі.
Шаруа (фермер) қожалығын жүргізуге тілек білдірген азаматтарға жер учаскелері тұрақты немесе уақытша тегін жер пайдалану құқығымен ұсынылады (беріледі).
Жер (шартты жер) үлесіне құқығы бар және ауыл шаруашылығы ұйымдарының құрамнан шыққан азаматтарга шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін осы ұйымдардың жерінен жер учаскелері беріледі, олардың кадастрлық бағасы шаруашылық бойынша орташа деңгейде болуға тиіс.
Шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін жер учаскелерін алған және ауылда (селода) тұрғын үйі бар азаматтардың ауладағы жер учаскесі меншік құқығында сақталады, ол шаруа (фермер) қожалығы жер пайалануының құрамына енгізілмейді.
Жер (шартты жер) үлесіне құқығы жоқ азаматтарға шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін жер учаскелері арнайы жер қоры мен запастағы жерден беріледі.,
Шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін жер учаскелері елді мекендердің жері – ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жерлер құрамынан да берілуі мүмкін.
Шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін жер учаскесін беру нормалары
Жер учаскелері шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрақты пайдалануға мынадай мөлшерде:
ауыл шаруашылығы ұйымдарының (кәсіпорындарының) жерлерінен – осы ұйым бойынша отбасының жер (шартты жер) үлесіне құқығы бар әрбір мүшесіне орташа жер (шартты жер) үлесі мөлшерінде;
арнайы жер қорындағы жерлерден – отбасының қожалық ұйымдастыруға тілек еткен еңбекке қабілетті әрбір мүшесіне орташа аудандық жер (шартты жер) үлесі мөлшерінде ақысыз беріледі.
Шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін тұрақты пайдалануға болуы мүмкін жер учаскесінің шекті (ең үлкен) мөлшерін жергілікті жағдайлар мен ерекшеліктерге байланысты облыстық атқарушы орган белгілейді.
Осы учаскелердің шекті мөлшеріне дейін азаматтарға тұрақты пайдалануға ақысыз берілетін нормадан тыс қосымша жер учаскелерін оларды ақы төлеп алуы мүмкін.
Селодағы тауар өндірушілердің малын маусымдық жайылымдарға, ет комбинаттары мен мал сатып алу орындарына айдап апару үшін ұзақ мерзімді пайдаланылатын мал айдау жолдарына, әдетте, айдалатын малдың жолдағы азығын қамтамасыз ететін мөлшерде жер пайдалану шекарасының бойындағы жайылымдық алқаптардан жер учаскелері беріледі. Бір ауданның шегінде мал айдауға арналған ұзақ мерзімді пайдаланылатын мал айдау жолдарына жер учаскелерін аудандық (қалалық) атқарушы орган береді. Бірнеше ауданның аумағы арқылы мал айдау үшін мал айдайтын жолдарға жер учаскелерін беру туралы шешімді облыстық атқарушы орган қабылдайды.
Жер пайдалану құқығымен жер учаскелерін бермей, уақытша пайдаланатын мал айдайтын жолдарды бөлу сервитут ережелері бойынша жүргізіледі.
Жекешелендірілетін мемлекеттік ауыл шаруашылығы ұйымдары қызметкерлерінің, сондай-ақ зейнеткерлер мен осы ұйымдардың өндірістік және әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету салаларында істейтін және олардың аумағында тұратын адамдардың шартты жер үлесіне құқығы бар.
Қайта ұйымдастырылатын немесе таратылатын мемлекеттік ауыл шаруашылығы ұйымдарының өздері пайдаланатын жерінің шекарасы шегіндегі ауыл шаруашылығы алқаптары шартты жер үлесіне бөліске жатады, бұған:
1. елді мекендер шегіне кірген;
2. ауданның арнайы жер қоры құрамына енгізілген;
3. нормадан тыс радиациялық ластануға ұшыраған немесе тұрғын халықтың өмірі мен денсаулығына өзгедей қауіп төндіретін;
4. пайдалы қазбаларды қазу кезінде бүлінген және мақсаты бойынша пайдалану үшін жарамды күйге келтіріліп жаңғыртылмаған;
5. шалғайдағы мал шаруашылығының уақытша жер пайдаланудағы жер учаскелері қосылмайды.
Шартты жер үлесінің мөлшері:
1. ауыл шаруашылығы ұйымының жер пайдалануындағы ауыл шаруашылығы алқаптарының жалпы көлемін шартты жер үлесіне құқығы бар адамдардың санына бөлу арқылы – гектармен;
2. ауыл шаруашылығы ұйымының жер пайдалануындағы ауыл шаруашылығы алқаптарының балл-гектар сомасын шартты жер үлесіне құқығы бар адамдар санына бөлу арқылы – балл-гектармен(көлемге көбейтілген топырақ бонитетінің балы) есептеп шығарылады.
Шартты жер үлесін мөлшерін анықтау нәтижелері және шартты жер үлесіне құқығы бар азаматтардың тізімі жекешелендірілетін шаруашылықтың еңбек ұжымының жалпы жиналысының шешімімен бекітіліп, хаттамамен ресімделіп, аудандық (қалалық) атқарушы органда бекітілуі тиіс. Азаматтардың шартты жер үлесіне құқығы шартты жер үлестерін иеленушілердің тізімі мен шартты жер үлестерінің мөлшерін аудандық (қалалық) атқарушы орган бекіткеннен кейін үш ай ішінде жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық орган беретін шартты жер үлесіне құқық туралы куәлікпен куәландырылады. Шартты жер үлесінің иесі болып табылатын азамат ҚР азаматтығынан шыққан жағдайда оның жер үлесіне құқықтары тоқтатылған болып саналады.
Жер учаскелері шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін ҚР азаматтарына жеке меншік құқығымен немесе өтеулі уақытша жер пайдалану құқығымен 49 жылға дейінгі мерзімге, ал шалғайдағы мал шаруашылығын жүргізу үшін уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен беріледі.
Қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік ауыл шаруашылығы ұйымдарының құрамынан шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін шығатын азаматтарға аталған ұйымдардың жерінен кадастрлық бағасы шаруашылық бойынша орта деңгейде болуға тиіс жер учаскелері беріледі.
Жер учаскелеріне қатысты өздеріне тиесілі құқықтарын, оның ішінде шартты жер үлестеріне құқықтарын шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталына салым ретінде немесе өндірістік кооперативтерге жарна ретінде берген азаматтар шаруа (фермер) қожалығын ұйымдастыру үшін қатысушылар құрамынан шыққан кезде үлесін немесе пайын, жер учаскесін қоса алғанда, нақтылы бөліп шығаруға не өз қалауы бойынша үлесінің немесе пайының құнын төлетіп алуға құқылы.
Қатысушылардың құрамынан шығу туралы және жер учаскесін бөліп шығару туралы өтініш ауыл шаруашылығы ұйымына беріледі.
Үлестік меншікке қатысушылар болып табылатын және шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін қатысушылар құрамынан шығатын азаматтарға жер учаскелері үлестік меншікке қатысушылардың жалпы жиналысы бекіткен, үлестік меншіктегі жер учаскесін пайдалану тәртібіне сәйкес беріледі.
Азаматтың жергілікті атқару органға берген өтініші және бөліп шығарылатын жер учаскелерінің орналасқан жері туралы қоса берілген келісілген материалдар оған жер учаскесіне құқық беруге негіз болып табылады.
Ауыл шаруашылығы ұйымдарының қызметкерлері болып табылмайтын азаматтарға шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін жер учаскелері арнайы жер қорының жерінен және босалқы жерден беріледі.
Жеке өзіндік қосалқы шаруашылыққа, бағбандыққа және саяжай құрылысына арналған жер учаскелері ҚР азаматтарына өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу, бағбандық және саяжай құрылысы үшін жеке меншікке жер учаскелері ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерден, ауылдық елді мекендердің жерінен және босалқы жерден беріледі. Өзіндік қосалқы шаруашылыққа, бағбандыққа және саяжай құрылысына арналған жер учаскелерінің меншік иесі болып табылатын азаматтар ортақ мүдделері үшін ҚР заң актілерінде құқықтық жағдайы белгіленетін жай серіктестіктерге, бағбандық немесе өзге де тұтыну кооперативтеріне бірігуге құқылы.
Бағбандыққа немесе саяжай құрылысына арналған жер учаскелері азаматтардың бөлек меншігінде болып, ал жер учаскелерінің меншік иелерінің ортақ қажеттерінқанағаттандыруға арналған жер учаскелері мен басқа да мүлік олардың ортақ үлестік меншігінде болған жағдайда меншік иелері арасындағы ортақ мүлікке байланысты қатынастарға кондоминиум туралы нормалар қолданылады..
1. Ауыл шаруашылық үшін тағайындалған жерлердің түсінігі мен құрамы.
2. Шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін арналған жер учаскелері. Жеке өзіндік қосалқы шаруашылыққа, бағбандыққа және саяжай құрылысына арналған жер учаскелері.
2сабақ
3. Ұзақ мерзімдік мал айдауға арналған жер учаскелері
4. Шартты жер үлесінің құқықтық режимі.
5. Арнайы жер қорын құру мақсаты.
6. Ауыл шаруашылық өндірісінің шығындарының орнын толтыру.
7. Шаруа қожалығының түсінігі мен шаруа қожалығын жүргізу үшін жер учаскілері уақытша жер пайдалану құқығы.
Ауыл шаруашылығының қажеттері үшін берілген немесе осы мақсаттарға арналған жер ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер деп танылады.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер құрамына ауыл шаруашылығы алқаптары мен ауыл шаруашылығының жұмыс істеуіне қажетті ішкі шаруашылық жолдары, коммуникациялар, тұйық су айдындары, мелиорациялық жүйе, қора- жайлар мен ғимараттар орналасқан жер, сондай-ақ басқа да алқаптар(сор, құм, тақыр және ауыл шаруашылығы алқаптарының алабына қосылған басқа да алқаптар) жатқызылады.
Ауыл шаруашылығы алқаптары айрықша қорғалуға тиіс. Бұл жерді ауыл шаруашылығы өндірісіне байланысты емес мақсаттарға пайдалануға ерекше жағдайларда жол беріледі.
Ауыл шаруашылығы алқаптарына егістіктер, тыңайған жер, көп жылдық екпелер егілген жер, шабындықтар мен жайылымдар жатады.
Ауыл шаруашылығы алқаптары суарылмалы және суарылмайтын болуы мүмкін.
Жерді ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің арасында қайта бөлу мақсатымен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер мен босалқы жер есебінен арнайы жер қоры құрылады. Санитарлық нормалар мен талаптарға сай келетін ауыл шаруашылығы өнімін өндіруге мүмкіндік бермейтін жер учаскелері арнайы жер қорына енгізілмейді.
Арнайы жер қоры:
1. жер учаскесінен ерікті түрде бас тартқан кезде;
2. жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қойған кезде;
3. егер заң бойынша да, өсиет бойынша да мұрагерлері жоқ, не бірде бір мұрагер мұраны қабылдамаған, не өсиет қалдырушы барлық мұрагерлерді мұрадан айырған, не мұрагер мемлекет пайдасына мұрадан бас тартқан немесе мұрадан кімнің пайдасына бас тартатынын атамай, мұрадан бас тартқан жағдайда, осы қорға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерден түсетін жер учаскелері есебінен құралады.
Арнайы жер қорының құрамына мемлекеттік жер пайдаланушылардың мақсаты бойынша пайдаланылмаған немесе ҚР заңдарын бұза отырып пайдаланылған жер учаскелерін енгізу аудандық (қалалық) атқарушы органның біржақты шешімі негізінде жүзеге асырылады.
Арнайы жер қорынан жер учаскелерін беру жерге орналастыру тәртібімен, әдетте, тұтас алаппен беру және жерді пайдалануда қолайлы жағдай жасау ескеріл отырып жүргізіледі. Арнайы жер қорында жердің бар екендігі туралы мәліметтер баршаға қолжетімді болып табылады.
Ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарға пайдалану үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қоюдан туындаған ауыл шаруашылығы өндірісіндегі шығасы ауыл шаруашылығы алқаптарының көлемі мен олардың сапасын қалпына келтіру арқылы ауыл шаруашылығы өндірісінің деңгейін сақтау мақсатында республикалық бюджет кірісіне өтелуге тиіс.
Азаматтар мен заңды тұлғалардың жер пайдалануындағы немесе меншігіндегі ауыл шаруашылығы алқаптарының нысаналы мақсаты өзгерген кезде де ауыл шаруашылығы өндірісіндегі шығасы өтелуге тиіс.
Ауыл шаруашылығы өндірісіндегі шығасы жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылданған немесе ауыл шаруашылығы алқаптарының нысаналы мақсаты өзгерген кезден бастап алты ай мерзімде өтелуге тиіс.
Жеке және заңды тұлғаларға жер учаскелері:
1. елді мекендер шекарасында жеке тұрғын үй салу, мектептер, мектепке дейінгі балалар мекемелерін, емдеу орындарын және мәдени тұрмыстық мақсаттағы объектілер салу;
2. мелиорациялық жүйелер салу;
3. тоғандағы және көлдегі балық шаруашылықтарын, балық питомниктерін, уылдырықты балық балық шаруашылықтары мен балық өсіретін зауыттар салу;
4. қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететін, іргелес жатқан жер алқаптарының жағдайын нашарлатпайтын объектілер салу;
5. тозған алқаптарға, химиялық және радиоактивті заттармен ластанған жерге орман мелиорациясы үшін берілгенде олар шығасыны өтудн босатылады.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер:
1. жеке меншікке – ҚР азаматтарына өзіндік қосалқы шаруашылығын, бағбандықты, саяжай құрылысын дамыту үшін;
2. жеке меншікке немесе жер пайдалануға – ҚР жеке және заңды тұлғаларына шаруа (фермер) қожалығын жүргізуге, тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісі, орман өсіру, ғылыми-зерттеу, тәжірибе жүргізу және оқыту мақсатында, қосалқы ауыл шаруашылығын, бақша және мал шаруашылығын жүргізу үшін;
3. шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға 10 жылға дейінгі мерзімге жалдау шарттарымен уақытша жер пайдалануға беріледі.
Азаматтар мен заңды тұлғаларға жер пайдалануға немесе меншікке берілетін ауыл шаруашылығы алқаптарының сапасын мемлекеттік бақылау мақсатында республикалық бюджет қаражаты есебінен топырақты зерттеу, топырақ-мелиорациалық, геоботаникалық зерттеулер мен топырақты бағалау материалдары негізінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорты жасалады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет