Геодезиядағы геоақпараттық жүйелер



Дата23.12.2022
өлшемі52,08 Kb.
#163993
Байланысты:
лекция 13


Геодезиядағы геоақпараттық жүйелер
Геодезия
Геоақпараттық жүйелер
Геоақпараттану
Сандық картография
Картография
Геодезия
Геоақпараттық жүйелер
Геоақпараттану
Сандық картография
Картография
Топографиялық-геодезиялық жұмыстарда ГАЖ жер қыртысы мен жағдайы, орналасқан ғимараттары мен құрылыстары (жер үсті, жер асты және жерден жоғары) және жоспарға сай орналасқан басқа да элементтер туралы нақты, сенімді және өзекті материалдар мен мәліметтер (сандық, графиктік немесе басқа формада) алу үшін қолданылады.
Ол территорияны тиімді шаруашылық қолдану мақсатында;
  • нысандарды тиімді қолдану мен жою үшін,
  • жоба алдындағы құжаттарды негіздеу үшін,
  • жаңа нысандар салуды жобалау және салу үшін,
  • бар нысандарды кеңейту, қайта құру және техникалық қайта қамтамасыз ету үшін қажет.

Мемлекеттік тізімдеме жасау және жұмысын қамтамасыз ету үшін (жер, қала құрылысы және т.б.), жылжымайтын мүлік нысандарын техникалық инвентаризациясын есепке алу жүйесін құру үшін, территорияны басқаруды қамтамасыз ету үшін, жылжымайтын мүлікпен азаматтық-құқықтық операцияларды өткізу үшін қажет.
ГАЖ-да топографиялық-геодезиялық қамтамасыз ету модулі бар, ол түрлі мекемелердің топографиялық-геодезиялық қызметтерінің жұмыстарын автоматтандыру үшін қолданылады.
Модульда қызметтер жиынтығы көмегімен жүйеге келтірілген кешенді жұмыстарды автоматтандыруға мүмкіндік туады. Осындай модульдің қызметтерін бірнеше топтарға бөлуге болады:
1) Тірек негіздемесінің қалыптасуы, оның ұлғаюы мен теңесуі;
2) Топографиялық мәліметтерді өңдеуі;
3) Өлшемдерді автоматтандыру (бұрыштық және сызықтық), аудан мен көлемнің есептелуі;
4) Геометриялық есептердің позитивті шешілуі;
5) Карталар мен жобаларда ақпараттың толықтырылуы;
6) Арнайы регламенттік және қосымша есептік құжаттаманың қалаптасуы мен жүргізілуі.
ГАЖ әртүрлі құбырларды пайдалануда, инфрақұрылымның дамуында және инженерлік-құрылыстық жұмыстарда қолданылады. Геодезия мамандары еңбек ресурстарына баға бере отырып, географиялық ақпараттық жүйелер қазіргі технологиялар жұмыс процесстеріне талдау жасайды.
Еуропа, АҚШ, Қытай, Жапония, Ресей және басқа дамыған елдер заманауи техникаларды қолданумен қатар ГАЖ мемлекет мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында белсенді қолдануда.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет