Сабақтың әдісі: сұрақ -жауап, пікірталас, ой қозғау.
Көрнекілігі: А.Байтұрсынұлының портреті, ақынның қанатты
сөздері,видеоролик, презентация.
Сабақтың барысы 1.Ұйымдастыру кезеңі 2. Сабақтың басы Балалар!Оқуға бар!Жатпа қарап!Жуынып киініңдер шапшаңырақ!Шақырды
тауық мана әлдеқашан,Қарап тұр терезеден күн жылтырап -А.
Байтұрсынов
Дәуірдің жарық жұлдызы, ұлттың ұлы ұстазы саналатын
АхметБайтұрсынұлының туғанына 150 жыл толып отыр. Ендігі кезекте
АхметБайтұрсынұлының өмірбаянымен танысып өтсек.
Ахмет Байтұрсынов
бүкіл саналы өмірін қазақ қоғамында білім-ғылымның дамуына,
ағартушылық ісінің жанданып кемелденуіне бағыштады. Ол оқу-тәрбие
жұмысын жетілдіру саласында өзіндік өшпес ізін қалдыра білді. “Әліпби”,
“Тіл құралы”, “Әдебиет танытқыш” т.б. оқу құралдарын жазып, қазақ тілі
мен әдебиетін оқытудың әдістемелік мәселелерін зерттеу ісімен айналысты.