109 дарынды ақын-аудармашы Ахмет Байтұрсынов қалыптасқан дәстүрлі
құжаттар
бойынша
айтқанда,
қазіргі
Қостанай
облысы,
Торғай
атырабындағы, Сартүбек деген жерде ел арасында беделді, қайратты кісі
Шошақұлы Байтұрсын шаңырағында 1873 жылы 18 қаңтарда дүниеге келген.
Ахметтің “Өмірбаянында” көрсетуінше: мешін жылы, 1872 жылы туған,
№ 5 ауыл, Тосын болысы Торғай уезі. Қалың қазақ ортасы, қаймағы
бұзылмаған сахара тұрмысы табиғатынан дарынды туған баланың сезім
дүниесін, ой әлемін тербеп толқытады. Әділетсіз өмірдің улы зары бала
жүрегін он үшінде жаралайды. Әкесі Байтұрсын мен оның інісі Ақтас
қорлық-зорлыққа шыдамай, 1885 жылы 12 қазанда ояз начальнигі Яковлевтің
басын жарып жібереді. Мұның арты – дүние-мүлікті тартып алу, түрме,
абақты, Сібірге 15 жылға жер аударылу.
Табиғатынан аса дарынды туған талапты бала Ахмет 1882-1884
жылдары әуелі көзіқарақты адамдардан өз үйінде хат танып, артынан жақын
жердегі ауыл мектебінен сауат ашады да, 1886-1891 жылдары Торғай
қаласындағы екі сыныптық орысша-қазақша училищеде, 1891-1895 жылдары
Орынбордағы мұғалімдік мектепте оқып, білім алады. 1895 жылдың 1
маусымынан бастап мұғалім болады: Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы
атырабында бала оқытады, өмір, тіршілік күресіне араласады, әділет үшін
күреседі, жуандарға, байларға қарсылық білдіреді, патшаның отаршылдық
саясатын айыптайды. Кейін екі сыныптық мектептерде ұстаз бола жүріп,
1901 жылдан бастап қолы бос кездерде өзі ізденіп, сан алуан кітаптар оқиды,
әдебиетпен айналысады, оқу құралдарын жинайды. Ел ішінде оқыған, еркін
мінезді
батыл
ойшылдың
бедел-атағы
өсе
бастайды.
Полиция
тыңшыларының жаласымен күйе жағылып, губернатор Тройницкий жарлығы
бойынша Қарқаралыдағы екі сыныптық училищінің меңгерушісі Ахмет 1909
жылы 1 шілде күні Семей абақтысына алынып, сотсыз, үкімсіз, нақақтан
нақақ 8 ай бойы азап-қорлық көріп, торығады, қиналып ширайды, күреске
белді бекем буады. Бостандық аңсаған, күреске шақырған өлеңдер жазады.
Ақыры Қазақстанда тұру құқынан айырылғандықтан, 1910 жылы 21 ақпанда
түрмеден шығып, наурыз айында Орынбор қаласына келеді. Бұдан кейін
Ахмет Байтұрсынов өміріндегі ең күрделі, қызықты, қажырлы кезеңдер
басталып кетеді. 1913-1918 жылдар арасында “Қазақ” газетінде редактор
болып, орасан зор әлеуметтік-тарихи қызмет атқарады, халық өмірінің сан-
алуан көкейкесті мәселелерін көтереді, елді прогреске, өнер-білімге үндейді.
Алаш қозғалысы тұсында (1918-1919 жылдың басы) Ахмет Байтұрсынов
жаңа өткел, соны өріс іздейді. Ұлт азаттығы жолындағы күрес
басшыларының бірі болады. Азапты толғаныс, күрес эволюциясынан өтіп
барып, 1919 жылдың наурыз айында бұрынғы ұлт интеллигенциясының
кейбір өкілдерін өзімен бірге алып, қазақ халқының мүддесі үшін қызмет
етеді деген үмітпен Кеңес өкіметі жағына өтеді – Қазақ өлкесін басқару
жөніндегі әскери революциялық Комитеттің мүшесі ретінде оның жұмысына
белсене араласады. Республика халық ағарту комиссары, Бүкілодақтық
Орталық Атқару комитетінің мүшесі, Коммунистік партия мүшесі (1920-1926