Осөж тақырыбы: ХІХ ғ. 50-60 жж. Шептер мен бекіністер негізінде Қазақ өлкесін патшалық Ресейдің тірек аймағына айналдыру мәселесінің талқылануы Орындаған



Дата01.06.2023
өлшемі14,37 Kb.
#178096
Байланысты:
9-аптаСРСП
Ежелги Аравия Оркениети СРСП, Ежелгі дүние Смаханова Ж. БИЛЕТ ВОПРОСЫ 60

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

ОСӨЖ

Тақырыбы: ХІХ ғ. 50-60 жж. Шептер мен бекіністер негізінде Қазақ өлкесін патшалық Ресейдің тірек аймағына айналдыру мәселесінің талқылануы
Орындаған:Сексенов Н.Р
Тексерген:Айдарова Г.Б

Ақтөбе, 2022


ХІХ ғ. 50-60 жж. Шептер мен бекіністер негізінде Қазақ өлкесін патшалық Ресейдің тірек аймағына айналдыру мәселесі

ХІХ ғасырдың 50жылдары Қазақ өлкесі үшін өзгерістерге толы болды.1853жылы Ақмешіт жаулап алынып Сырдың бойына орныққан Ресей империясы Қазақ өлкесінің оңтүстік өңіріне дендей ене бастады.Бірақ кедергілерге тап болды.


1.Оңтүстік өңірдегі Қоқан хандығы
2.Ресей империясының батыс өңіріндегі саясатымен алаңдауы.
Мәселені екі жақты көзқараспен қарасақ.Мемлекетті басқаратын экономика демекші бірінші кезекте экономикалық жағдай.Екіншіден ұлы державалардың басқа мемлекеттерге ықпалы немесе ықпал жүргізу гонкасы. Ресей империясының ХІХ ғасырда Наполеон соғыстарындағы жеңісі әскери тұрғыдан әлемдік державалардың алдыңғы қатарына енді.Бұл өз кезегінде Британ империясының Ресейдің Балқан түбегіндегі ықпалын төмендеткісі келуі Қырым соғысының басталуына алып келді.Қырым соғысында тактикалық,экономикалық тұрғыдан жеңілген Ресей империясының соғыстан кейін экономикасы әлсіреп қалды.Мұнымен қоса 1857жылы болған әлемдік экономикалық кризисте Ресей империясының Орта Азиядағы агрессиясын әлсіретті.Ресей империясының экономикасының тұралауы тығырықтан шығуға итермеледі.
Ресей империясы мен Британ империясының Орта Азиядағы Үлкен Ойыны Ресейдің Қазақ өлкесінің оңтүстік өңіріне ену арқылы Орта Азия саудасына шығу.Батыс елдері үшін Ресей империясы аграрлық мемлекет болып қалды.Орта Азия саудасына шығу арқылы Ресей Орта Азияны шикізат базасына айналдырып сонымен қатар Орта Азияға өз тауарын сату.Бірінші кезекте металлургия өнімдері.Себебі әлемдік биржада орыс металлургиясын арзан ағылшын металлургиясы ығыстыра бастады.Орта ғасырда әлемнің білім ошақтары орналасқан Орта Азия мемлекеттері ХІХ ғасырдың 50жылдары саяси ішкі және сыртқы қырқыстардан дамуы арттқа қалған мемлекеттердің қатарына енді.Дегенмен Орта Азия транзиттік аймақта орналасты.Мұның өзі бұл аймақтың әліде болса маңыздылығын көрсетеді.Сонымен қатар Орта Азия шығысындағы Қытай,оңтүстігіндегі Индия тауарларының түйісетін орны.Сол себепті Ресей Қазақ өлкесіне шептер мен бекіністер салу арқылы Орта Азияға саудасына енуді көздеді.
Екінші көзқарас ұлы державалардың үлкен ойыны. ХІХ ғасырдың 50жылдары Индияда орныққан Британ империясы Ауған территориясына кірді.Бұл өз кезегінде Ресейді алаңдатты.Орта Азияға ағылшындардың енуі Ресей империясы үшін ұлы державалық стаусынан айырылуы әбден мүмкін еді.Қырым соғыстарынан жеңілседе Ресей империясы Орта Азияға енуін жеделдетті.Бұл өз кезегінде Сырдария шебі мен Жетісуға енген Сібір шебін жаңа Қоқан шебі арқылы біріктіруді жоспарлады.Қырым соғыстарында әбден шыңдалған Черняев ең бірінші Жетісу жеріне келіп сол кезде жасақталған арнайы отрядттың командирі болды.Қоқандықтардың Жетісудағы иеліктерін басып алып генерал-мойор шенін алған Черняев 1865 жылы Орта Азияның ең үлкен қаласы 100мыңнан аса халқы бар Ташкентті 1300 солдат 10 артиллериямен басып алды.Осылайша Ресей империясы Орта Азиядағы жаулаушылық әрекетінің соңғы фазасына келді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет