Орта Азия мемлекеттері



бет1/7
Дата05.09.2022
өлшемі1,68 Mb.
#148747
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ad4999da-52ed-4eec-9f13-0aed07190527

Орта Азия мемлекеттері

Орындаған: Агабаев Алихан

.

Орталық Азия


Орта Азия - Азия құрлығының Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан Республикалары мен Қазақстанның оңтүстік облыстарының жерлерін қамтитын аймақ.
Орталық Азия – Кеңес Одағының ыдырауы нәтижесінде бұрынғы Орта Азия республикалары мен Қазақстан аумағында пайда болған геосаяси кеңістік. Геоаймақ ресми түрде 1993 жылы 4 қаңтарда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жәнеТүрікменстан Республикалары президенттерінің Ташкент қаласында өткен саяси, экономикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелері жөніндегі басқосуында бекітілді. Орталық Азия болып аталуы – жер аумағының Еуразия құрлығының ортасында орналасуына және бұл елдердің тарихы, діні мен тілі, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпы, мәдениеті мен шаруашылығындағы жақындықтар, ұқсастықтардың көп болуына байланысты.
Орталық Азия аймағының аумағы 4 млн. км2-ден асады, халқының жалпы саны 60 млн. адамды құрайды. Аймақ елдерінің сыртқы сауда және экономикалық қатынастарында ежелгі Ұлы жібек жолының қайта жаңғыруы өз көрінісін беруде, әрі Ресей, Қытай және ТМД-ның басқа да елдерімен дәстүрлі байланыстарын жалғастыруда. Орталық Азия аумағында Қытай, АҚШ, Үндістан, Батыc Еуропа және мұсылман елдерінің осы аймақтағы геостратегия мүдделері түйіскен. Орталық Азияның саяси-әлеуметтік өміріндегі өзіне тән ерекше қасиет – ол ислам әлемінің бір бөлігі саналады және христиан, буддизм, индуизм, т.б. өркениеттердің тоғысуымен де ерекшеленеді. Аймақ шығыс пен батыс елдерін жалғастыратын біріктіруші көпір қызметін атқарады.

Орталық Азия мемлекеттері және ЕО


Екі континенттің торабында орналасқан Орталық Азия, Еуропа мен Азия арасындағы тарихи көпір болып табылады. Оны бұрынғы кеңес республикалары - Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан құрайды.
Қазақстан мен Түрікменстанды батыстан әлемдегі ең ірі жабық теңіз – Каспий жағалауы айнала қоршайды. Солтүстікте Ресей, оңтүстікте – Ауғанстан мен Иран орналасқан. Әріптестік қатынастарды дамытуға, бейбіт өзара әрекеттесуді және өркендеуді ынталандыруға ЕО сияқты, сондай-ақ өңір мемлекеттерді де мүдделі.
2007 ж. ЕО мен Орталық Азия арасындағы стратегия бекітілген уақыттан бастап екі тарап та тығыз ынтымақтастық пен сенімді қатынастарды өзара пайдамен қолдануда. Стратегия нақты міндеттерді іске асыру кезінде әр елдің мұқтаждарын бағалайды. Бұл міндеттер тұрақтылық пен қауіпсіздікті, тұрақты экономикалық даму мен кедейлікпен күресті, сонымен қатар өңірдің ішінде сияқты, сондай-ақ ЕО мен Орталық Азия арасындағы тығыз өңірлік үйлестіруді қамтиды.
Бүгінгі таңда Еуропалық Одақ өңірге және әр елге жеке инвестициялауды жалғастыруда. 2007-2013 жж. кезеңінде ЕО нақты елдердегі әртүрлі өңірлік бағдарламалар мен жобаларға шамамен 719 млн. евро бөлді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет