Орта Азия мемлекеттері



бет3/7
Дата05.09.2022
өлшемі1,68 Mb.
#148747
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ad4999da-52ed-4eec-9f13-0aed07190527
Мотивация Уали Аманжол
Шағын және орта бизнес Басқа басымдық шағын және орта бизнесті (ШОБ) дамыту жөніндегі өңірлік кооперация болып табылады. Бірқатар бастамалар бар, мысалы "Орталық Азия Инвест" өңірлік бағдарламасы, оның мақсаты – әлеуетті жоғарылату жөніндегі жобалар арқылы ШОБ дамытуға ықпал ету. Атап айтқанда, бағдарлама ШОБ қолдау үшін жергілікті іскерлік делдал ұйымдар (ІДҰ) құруға ықпал етеді. ІДҰ сауда палаталары, арнайы сауда, өнеркәсіп және кәсіби ассоциациялар, реттеу органдары және сауданы, инвестицияларды және коммерциялық қызметті дамыту агенттіктері, сондай-ақ салалық агенттіктер болып табылады.
Орталық Азия Инвест 2007 жылы құрылған программа. Ол Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікістан, Түркменістан и Өзбекістан мемлекеттері арасындағы үлкен және орта бизнесті дамытуға көңіл бөледі. Бұл программа екі деңгейде жүреді: кіші және орта кәсіпорындардың Орталық Азия ұйымдық-делдал қызметін жақсарту деңгейінде, сонымен қатар саяси деңгейде де іскерлік ахуал деңгейін көтеруге арналған.
Шекараны басқару және есірткімен күрес  Сонымен қатар өңірлік тұрақтылық есірткі заттар өндірісін, іске асыруды және тасымалдауды тоқтатуды білдіреді. Осыған байланысты есірткі саудасымен байланысты қылмыстық іс-әрекеттер, сондай-ақ олардың адам үшін теріс салдары құжаттамаланды.
ЕО есірткімен күреске жәрдемдесу және шекараны басқаруды жетілдіру мақсатында екі бағдарлама әзірледі. Орталық Азияда шекараны басқару бағдарламасы (БОМКА) өңірдің қауіпсіздігін арттыруға, заңды сауда мен транзитті жеңілдетуге және тауарлар мен адамдардың заңсыз орын ауыстыруын қысқартуға бағытталған. Сонымен қатар Есірткеге қарсы іс-әрекеттердің Орталық Азия бағдарламасы (КАДАП) есірткеге қарсы қызмет аясында еуропалық және халықаралық практикаларды біртіндеп қабылдауға бағытталған .
Орталық Азияның шекерасын бақылауға арналған ЕО мен ПРООНның көмегімен жасалған Орта Азиядағы ең үлкен бағдарлама. БОМКАның негізгі стратегиясының негізі – Орта Азиядағы мемлекеттер арасындағы шекаралық тұтастықты сақтау. Сонымен қатар БОМКА Орта Азия мемлекеттеріне экономикалық дамуы мен сауда қатынасын басқа елдермен реттеуге көмектеседі.
КАДАП (Есірткеге қарсы іс-әрекеттердің Орталық Азия бағдарламасы) – негізгі қызметі атауы айтып тұрғандай Орталық Азия мемлекеттерінде есірткінің таралуына қарсы программа.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет