Экономиканың мемлекеттік реттеу әдістері дегеніміз – бұл экономиканы мемлекеттік реттеу мақсаттарын орындау үшін, әлеуметтік – экономикалық процестерге, объектілерге ықпал жасау әдістерінің, амалдарының және құралдарының жиынтығы. Қазіргі нарықтық экономика – бұл аралас экономика. Бұл экономикада нарық берекетсіздігі, мемлекеттік реттеу, басқару органдары арқылы шектелініп, реттеленіп экономикалық қатынастарының мақсатты ұйымдастырылған сипат алады. Аралас экономикада реттеу әдістері әкімшілік, құқықтық, экономикалық реттеу құралдарынан тұрады.
Тікелей және жанама әдістері
Экономиканы мемлекеттік реттеудің тікелей және жанама әдістері бар.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің тікелей әдістері қосымша материалдық ынталандыруды немесе қаржылық шығын шығару талаптарымен байланысты емес, олар мемлекеттік биліктің беделі мен күшіне негізделеді.
Жанама реттеуші әдістерді қолдану сферасы рыноктық экономика дамыған сайын кеңейе береді де, үдемелі ұдайы өндіріс үдерістеріне мемлекеттің тікелей араласуы мүмкіндіктерін шектей түсетін болады.
Тікелей әдіс
Экономиканы мемлекеттік реттеудің тура əдістеріне мыналаржатқызылады:
экономика дамуының стратегиялық мақсаттарын белгілеу жəне оларды жоспарлар мен мақсатты бағдарламалар арқылы көрсету;
белгілі бір өнімге, жұмыс жəне қызмет түріне мемлекеттік тапсырыс беру;
Өнім жəне технология сапасына нормативті талаптар қою;
Экономиканы мемлекеттік реттеу құралдары былайша топтастырылады:
Əкімшілік (тиым салу, рұқсат беру, күштеу);
экономикалық (ақша-несиелік, бюджеттік, салық саясаты, мемлекеттік экономикалық бағдарламалау жəне болжау);
Әкімшілік әдіс
Экономиканы мемлекеттік реттеудегі əкімшілік құралдардың ерекшелігі деп келесі жайттарды айтады:
оларды жүзеге асыру үшін қосымша материалдық ынталандыру қажет етілмейді;
мемлекеттік биліктің күші мен беделіне негізделеді;
Тиым салу, рұқсат беру жəне күштеу шаралары жүргізіледі;
экономиканың мемлекеттік секторының кəсіпорындары мен мемлекеттік мүлікті басқаруды ұйымдастырады.
Нарықтық экономикада əкімшілік құралдарды қолдану салаларына келесілер жатқызылады.
Нарықтық экономикада əкімшілік құралдарды қолдану салаларына келесілер жатқызылады.
Экологиялық жəне əлеуметтік сала. Олар: – қоршаған орта (экологиялық стандарттарды сақтауға күштеу);
Төтенше жағдай (зілзала нəубеті, əскери əрекеттер, соғыс нəтижесіндеқұлдыраған шаруашылықты қалпына келтіру, саяси жəне əлеуметтік-экономикалық дағдарыс). Төтенше жағдай туған кезде əкімшілік құралдардықолдану тіпті демократиялық қарқынды дамыған елдерде қажет болады.
Экономикалық әдіс
Экономикалық құралдарға нарық процестерін қажетті арнаға түсіретін мемлекеттің ықпал жасау іс-шаралары жатады. Жеке алғанда, экономиканың жалпы сұранымы мен ұсынымына, капиталдың шоғырлану деңгейіне, әлеуметтік және құрылымдық жақтарына ықпал жасау әдістері туралы сөз қозғалып отыр. Экономикалық шаралар құрамына қаржы (бюджет, салық) және ақша-несие (монетарлық) саясаты; бағдарламалау (программирование) мен болжаулар (прогнозирование) кіреді.
«Қаржы саясаты» — өте ауқымды да көп қырлы ұғым. Бір жағынан, ол экономикалық саясаттың бюджеттік-қазыналық және алым-салымдық мақсаттарын іске асыру шаралары жиынтығы ретінде түсіндіріледі.
«Қаржы саясаты» — өте ауқымды да көп қырлы ұғым. Бір жағынан, ол экономикалық саясаттың бюджеттік-қазыналық және алым-салымдық мақсаттарын іске асыру шаралары жиынтығы ретінде түсіндіріледі.
«Ақша-несие саясаты» деген категория да бір мазмұнды емес. Қаржылық әрекеттерге қарағанда ақша-несие әрекеттері жанама әдіске жақындау.
Нарықтық шаруашылықта қалыпты жағдайда əкімшілік құралдардың рөлі төмен болады. Тек пайда болған мəселелерді шешуде мемлекеттік реттеудің экономикалық құралдары жедел жəне тиімді болмаған жағдайда ғана оларды қолдану əбден дұрыс болады. Дамыған елдерде əкімшілік құралдар дəстүрлі түрде экономиканы мемлекеттік реттеудің резерві ретінде болады.
Нарықтық шаруашылықта қалыпты жағдайда əкімшілік құралдардың рөлі төмен болады. Тек пайда болған мəселелерді шешуде мемлекеттік реттеудің экономикалық құралдары жедел жəне тиімді болмаған жағдайда ғана оларды қолдану əбден дұрыс болады. Дамыған елдерде əкімшілік құралдар дəстүрлі түрде экономиканы мемлекеттік реттеудің резерві ретінде болады.