Тобы: кі-17-кб кедентік тариф үғымы, реттеу



Дата03.04.2020
өлшемі17,04 Kb.
#61486
Байланысты:
регулирование нур

Студенттің аты-жөні: Рамазан Қайсар

Тобы: КІ-17-КБ

Кедентік тариф үғымы, реттеу

Кеден тарифі – елдің кеден аумағы арқылы өткізілетін тауарларға қолданылатын кеден баждары мөлшерлемесінің жинағы, яки тауарлардың топтары бойынша елге әкелінетін және елден әкетілетін тауарлардан алынатын баждардың тізбесі. Онда тауарлардың атаулары, салық салу бірлігі және баж мөлшерлемесі мазмұндалады. Баждан басқа кеден алымдары да мазмұндалады. Кеден тарифітері елдің үкіметі заңнамалық тәртіппен белгілейтін дербес кеден тарифі, халықаралық келісімдерге сәйкес мемлекеттер белгілейтін конвенциялық (келісімшарттық)кеден тарифі түрлеріне бөлінеді. Кейбір елдер (Канада, Үндістан) кеден тарифінің екі түрін де бірге қолданады, яки бір елдерге дербес тарифті, екінші бір елдерге конвенциялық тарифті қолданады. Қазақстанда кеден тарифінің құралу және қолданылу тәртібі, сондай-ақ, ел шекарасынан алып өткізілетін тауарларға баж салу ережелері “Кеден тарифі туралы” Заңда белгіленген, бұл заңның күші елдің бірыңғай кеден аумағында қолданылады. Кеден тарифі елдің сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасына сәйкес жүйелендір ілген тауарларға қолданылады. Кеден тарифі баж мөлшерлемесін, мөлшерлеме түрлерін, оларды белгілеу тәртібін; маусымдық және ерекше баждардың сипаты мен қолданылу тәртібін; тауардың кедендік құнын есептеу әдістері мен қолданылу тәртібін; тауардың шыққан жерін анықтау қағидаттарын; тариф жеңілдіктері мен артықшылықтарын айқындайды. Ішкі рынокты мемлекттік реттеу құралы болып табылатын кеден тарифінің негізгі мақсаттары: экспорттың құрылымын оңтайландыру; елдің экспорты мен импортының көлемін, резиденттерінің валюталық кірістері мен шығыстарын ұтымды арасалмақта ұстау; елдің өндірісі мен тұтынымы құрылымында үдерісті өзгерістерге жету үшін жағдайлар жасау; ұлттық экономиканы әлемдік рынок жағдаятының қолайсыз ықпалынан қорғау; елді әлемдік экономикаға тиімді түрде интеграциялау үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету.



Бірыңғай кедендік тариф үшінші елдерден бірыңғай кеден аумағына әкелінетін, Сыртқы экономикалық қызметтің Бірыңғай тауар номенклатурасына (КО СЭҚ ТН) сәйкес жүйелендірген, кедендік баж ставкаларының жиынтығын білдіреді.  

 

 Кедендік әкелім баждарының ставкаларын Комиссия белгілейді. Қазіргі уақытта Еуразиялық экономикалық комиссияның 2012 жылғы 16 шілдедегі №54 Шешімімен бекітілген кедендік әкелім баждарының ставкалары қолданылады.  



 

Бірыңғай кедендік тарифте кедендік әкелім баждарының мына мөлшерлеме түрлері қолданылады: 

 

1) адвалорлық, баж салынатын тауарлардың кеден құнының пайызы есебімен есептеледі; 



2) арнайы, баж салынатын тауардың бірлігі үшін есептеледі; 

3) аралас, яғни адвалорлық және арнайы түрлерді үйлестіретін. 



 

         Кедендік әкелім баждарының ставкаларын қолдану тауар шығарылған елге байланысты болады. 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет