Тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу туралы негізгі ережелер тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу



бет1/57
Дата09.06.2020
өлшемі90,81 Kb.
#72794
түріКодекс
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57
Байланысты:
ТАУАРЛАРДЫ КЕДЕН ОДАҒЫНЫҢ КЕДЕНДІК ШЕКАРАСЫ
Байболатова Тұмар Курсстық жұмысы

ТАУАРЛАРДЫ КЕДЕН ОДАҒЫНЫҢ КЕДЕНДІК ШЕКАРАСЫ
АРҚЫЛЫ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР


Тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу

      1. Барлық тұлғалар Кеден одағының кеден заңнамасында және осы Кодексте белгіленген ережелерді сақтай отырып, тең негізде тауарларды Кеден одағыныңкедендік шекарасы арқылы өткізуге құқығы бар.

      2. Тауарлар Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы Кеден одағының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен өткізіледі.

      Тауарлардың жекелеген санаттары, оның ішінде керек-жарақтар, жеке пайдалануға арналған тауарлар, халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары үшін осы Кодекспен және Кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарымен оларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізудің ерекшеліктері белгіленуі мүмкін.

      3. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар Кеден одағыныңкеден заңнамасында және осы Кодексте белгіленген тәртіппен кедендік бақылауға жатады.

      Кедендік бақылауды жүргізу кезінде кеден органдары және олардың лауазымды адамдары Кеден одағының кеден заңнамасында және осы Кодексте көзделмеген талаптар мен шектеулерді белгілеуге құқылы емес.

      4. Дүлей зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарларын жою үшін қажетті тауарларды, бейбітшілікті сақтау не оқу-жаттығулар өткізу жөніндегі акцияларды орындау үшін қажетті әскери мақсаттағы өнімді, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен оның филиалдары әкелетін және әкететін валюта (оның ішінде шетел валютасы) және тазартылған алтын түріндегі құндылықтарды, сондай-ақ тез бұзылуға ұшырайтын тауарларды, тірі жануарларды, радиоактивті материалдарды, жарылғыш заттарды, халықаралық пошта жөнелтілімдерін, экспресс-жүктерді, гуманитарлық және техникалық көмекті, бұқаралық ақпарат құралдарына арналған хабарлар мен материалдарды және осындай басқа да тауарларды және уәкілетті экономикалық операторлар әкелетін тауарларды Кеден одағының кедендік аумағына әкелу және осы аумақтан әкету кезінде кедендік декларацияны беру алдындағы кедендік операциялар бірінші кезекте жасалады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет