Тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу туралы негізгі ережелер тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу


Кету орындарында жасалатын кедендік операциялар



бет14/57
Дата09.06.2020
өлшемі90,81 Kb.
#72794
түріКодекс
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   57
Байланысты:
ТАУАРЛАРДЫ КЕДЕН ОДАҒЫНЫҢ КЕДЕНДІК ШЕКАРАСЫ

Кету орындарында жасалатын кедендік операциялар

      1. Тауарлардың Кеден одағының кедендік аумағынан кетуі үшін тасымалдаушы кеден органына кедендік декларацияны не оларды Кеден одағының кедендік аумағынан әкетуге жол беретін өзге де құжатты, сондай-ақ, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, тауарлар тасымалы жүзеге асырылатын көлік түріне қарай осы Кодекстің 251-бабында көзделген құжаттар мен мәліметтерді ұсынуға міндетті.

      Тасымалдау жүзеге асырылатын көлік түріне қарамастан, тауарлардың Кеден одағының кедендік аумағынан кетуі үшін кеден органына осы Кодекстің 244-бабының 1-тармағына сәйкес тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растайтын құжаттар ұсынылады.

      Кедендік декларация не тауарларды Кеден одағының кедендік аумағынан әкетуге жол беретін өзге де құжат, егер осы тауарлар Кеден одағының кедендік аумағына келгеннен кейін тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу орындарынан шықпаса, тауарлардың Кеден одағының кедендік аумағынан кетуі үшін ұсынылмайды.

      2. Тасымалдаушы құжаттарды электрондық құжаттар түрінде ұсынуға құқылы.

      3. Тасымалдаушының атынан құжаттарды кеден өкілі не тасымалдаушының тапсырмасы бойынша әрекет ететін өзге де тұлғалар ұсынуы мүмкін.

      4. Тауарлардың Кеден одағының кедендік аумағынан кетуіне кеден органының рұқсатымен жол беріледі.

      Тауарлардың Кеден одағының кедендік аумағынан кетуіне кеден органының рұқсаты кедендік декларацияда не оларды Кеден одағының кедендік аумағынан әкетуге жол беретін өзге де құжатта және көлік құжаттарында кеден органының тиісті белгілерін қою арқылы ресімделеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет