Байланысты: ТАУАРЛАРДЫ КЕДЕН ОДАҒЫНЫҢ КЕДЕНДІК ШЕКАРАСЫ
Өз тауарларын сақтау қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұру
1. Өз тауарларын сақтау қоймасы иесінің қызметін қызмет аймағында қойма құрылған кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі:
1) өз тауарларын сақтау қоймасы иесінің жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы, өз тауарларын сақтау қоймасы алаңының ұлғаюы не азаюы туралы өтініші бойынша - өз тауарларын сақтау қоймасының иесі айқындаған мерзімге;
2) өз тауарларын сақтау қоймасының иесі өз тауарларын сақтау қоймасына осы Кодексте белгіленген талаптар мен міндеттерді сақтамаған кезде - бір айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрады.
2. Өз тауарларын сақтау қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешім, мұндай тоқтата тұрудың себептері көрсетіле отырып, қызмет аймағында қойма құрылған кеден ісі саласындағы кеден органының аумақтық бөлімшесі басшысының бұйрығымен ресімделеді.
3. Өз тауарларын сақтау қоймасы иесінің қызметі оның қызметін тоқтата тұрған себептер жойылған кезде қайта жаңғыртылады.