Байланысты: ТАУАРЛАРДЫ КЕДЕН ОДАҒЫНЫҢ КЕДЕНДІК ШЕКАРАСЫ
Тауарлар мен көлік құралдарын өзге де орындарда уақытша сақтау
1. Тауарға қатысты өкілеттіктері бар тұлғаның жазбаша өтініші бойынша тауарлар мен көлік құралдарын уақытша сақтау:
1) уақытша сақтау орындары немесе қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілмеген алушының қоймасында;
2) көлік құралы алушыға тиесілі немесе ол жалдау құқығында пайдаланатын аумақта болған жағдайда автомобиль көлік құралдарында;
3) тауарға қатысты өкілеттіктері бар тұлғаның меншігі болып табылатын не көрсетілген тұлға жалдау құқығында пайдаланатын теміржол жолының учаскесіндегі теміржол көлік құралдарында жүзеге асырылады.
2. Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша сақтау осы Кодекстің 16-тарауына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеуді міндетті қамтамасыз ете отырып, осы баптың 1-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Осы Кодекстің 325-бабының талаптарына сәйкес келетін көлік құралдарындағы тауарларды уақытша сақтау мұндай тауарларды уақытша сақтаудың бүкіл мерзімі ішінде сәйкестендіру құралдарының тұтастығы қамтамасыз етілген жағдайда жүзеге асырылады.
4. Осы баптың 1-тармағына сәйкес тауарлар мен көлік құралдарын уақытша сақтау кезінде тауарға қатысты өкілеттіктері бар тұлға осы Кодекстің 260-бабында белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.