Тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу туралы негізгі ережелер тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу


Тауарларды уақытша сақтау мерзімі



бет27/57
Дата09.06.2020
өлшемі90,81 Kb.
#72794
түріКодекс
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   57
Байланысты:
ТАУАРЛАРДЫ КЕДЕН ОДАҒЫНЫҢ КЕДЕНДІК ШЕКАРАСЫ

Тауарларды уақытша сақтау мерзімі

      1. Тауарларды уақытша сақтау мерзімі екі айды құрайды.

      2. Тауарларға қатысты өкілеттігі бар тұлғаның немесе оның өкілінің жазбаша өтініші бойынша кеден органы көрсетілген мерзімді ұзартады.

      Тауарларды уақытша сақтаудың шекті мерзімі төрт айдан, ал халықаралық почта алмасу орындарында сақталатын халықаралық почта жөнелтімдеріне, сондай-ақ әуе көлігімен өткізілетін, жолаушы алмаған немесе талап етпеген багажға қатысты алты айдан аспауға тиіс.

      Тауарлардың жекелеген санаттары үшін Комиссияның шешімімен осы баптың 1-тармағында белгіленген уақытша сақтау мерзімнен аз мерзім белгіленуі мүмкін.

      3. Тауарларды уақытша сақтау мерзімі кеден органы тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды тіркеген күннен кейінгі күннен бастап есептеледі.

      4. Тауарларды уақытша сақтау мерзімі аяқталғаннан кейін кедендік рәсіммен орналастырылмаған тауарларды кеден органдары осы Кодекстің 26-тарауына сәйкес ұстайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет