Тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу туралы негізгі ережелер тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу


Тауарларды уақытша сақтау кезінде кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндеттің туындауы мен тоқтатылуы және оларды төлеу мерзімі



бет29/57
Дата09.06.2020
өлшемі90,81 Kb.
#72794
түріКодекс
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   57
Байланысты:
ТАУАРЛАРДЫ КЕДЕН ОДАҒЫНЫҢ КЕДЕНДІК ШЕКАРАСЫ

Тауарларды уақытша сақтау кезінде кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндеттің туындауы мен тоқтатылуы және оларды төлеу мерзімі

      1. Тауарларды уақытша сақтауға орналастырылатын шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндет:

      1) тасымалдаушыда немесе тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды тіркеген кезде тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге де тұлғада – тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған осы құжаттарды кеден органы тіркеген кезден бастап;

      2) уақытша сақтау қоймасының иесінде – тауарларды уақытша сақтау қоймасында орналастырған кезден бастап;

      3) тауарларды уақытша сақтау қоймалары болып табылмайтын орындарда уақытша сақтауды жүзеге асыратын тұлғада – тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды кеден органы тіркеген кезден бастап туындайды.

      2. Уақытша сақтауға орналастырылатын шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндет:

      1) тасымалдаушыда немесе тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды тіркеген кезде тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге де тұлғада – тауарларды уақытша сақтау қоймасына орналастырған не өзге тұлға оларды уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орынға уақытша сақтауға қабылдаған кезде;

      2) уақытша сақтау қоймасының иесінде – тауарлардың кедендік рәсіммен орналастырылуына байланысты оларды уақытша сақтау қоймасынан берген кезде;

      3) тауарларды уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында уақытша сақтауды жүзеге асыратын тұлғада – тауарларды кедендік рәсіммен орналастырған кезде;

      4) осы тармақтың 1) – 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларда – тауарлар осы Кодекстің 26-тарауына сәйкес, сондай-ақ осы Кодекстің

      129-бабының 2-тармағында белгіленген жағдайларда ұсталғанда тоқтатылады.

      3. Тауарларды уақытша сақтау кезінде:

      1) тасымалдаушыда немесе тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды тіркеген кезде тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге де тұлғада:

      авария немесе еңсерілмейтін күш әсерi салдарынан не тасымалдаудың және сақтаудың қалыпты жағдайлары кезiндегi табиғи кему нәтижесінде жойылуды қоспағанда, уақытша сақтауға орналастырылған тауарлар оларды уақытша сақтау қоймасына орналастырғанға не оларды өзге тұлға уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында уақытша сақтауға қабылдағанға дейін жоғалған жағдайда - мұндай жоғалту күні, ал егер бұл күн анықталмаса, кеден органы тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды тіркеген күн;

      уақытша сақтауға орналастырылған тауарларды алушыға немесе өзге де тұлғаға кеден органының рұқсатынсыз оларды уақытша сақтау қоймасына орналастырғанға не оларды өзге тұлға уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында уақытша сақтауға қабылдағанға дейін берген жағдайда - мұндай беру күні, ал егер бұл күн анықталмаса, кеден органы тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды тіркеген күн;

      2) тауарларды уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында уақытша сақтауды жүзеге асыратын тұлғада:

      авария немесе еңсерілмейтін күш әсерi салдарынан не тасымалдаудың және сақтаудың қалыпты жағдайлары кезiндегi табиғи кему нәтижесінде жойылуды қоспағанда, уақытша сақтауға орналастырылған тауарлар оларды уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орынға орналастырғанға дейін жоғалған жағдайда - мұндай жоғалту күні, ал егер бұл күн анықталмаса, кеден органы тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды тіркеген күн;

      уақытша сақтауға орналастырылған тауарларды алушыға немесе өзге де тұлғаға кеден органының рұқсатынсыз оларды уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орынға орналастырғанға дейін берген жағдайда - мұндай беру күні, ал егер бұл күн анықталмаса, кеден органы тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды тіркеген күн;

      3) уақытша сақтау қоймасының иесінде не тауарларды уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында уақытша сақтауды жүзеге асыратын тұлғада:

      авария немесе еңсерілмейтін күш әсерi салдарынан не тасымалдаудың және сақтаудың қалыпты жағдайлары кезiндегi табиғи кему нәтижесінде жойылуды қоспағанда, уақытша сақтау қоймасында не уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында сақталатын тауарлар жоғалған жағдайда - мұндай жоғалту күні, ал егер бұл күн анықталмаса, тауарларды уақытша сақтау қоймасында не уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орынға орналастырған күн;

      уақытша сақтау қоймасында не уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында сақталатын тауарларды алушыға немесе өзге де тұлғаға кеден органының рұқсатынсыз берген жағдайда - мұндай беру күні, ал егер бұл күн анықталмаса, тауарларды уақытша сақтау қоймасына не уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орынға орналастырған күн;

      тауарларды алушының қоймасында сақтаудағы тауарларды уақытша сақтау мақсатынан өзге түрде пайдаланған жағдайда - мұндай пайдалану күні, ал егер бұл күн анықталмаса, кеден органы тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды тіркеген күн кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімі болып саналады.

      4. Кедендік әкелу баждары, салықтар, осы баптың 3-тармағында белгіленген жағдайларда, тауарларды ішкі тұтыну үшін кедендік шығару рәсімімен орналастыру кезінде тарифтік преференциялар және кедендік баждар, салықтар төлеу жөніндегі жеңілдіктер ескерілместен, төленуге тиісті болған кедендік баждардың, салықтардың ставкаларын, кедендік құнды, олардың табиғи мәндегі физикалық сипаттамасын (мөлшерін, массасын, көлемін немесе өзге де сипаттамасын) және Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленген және тиісінше осы баптың 3-тармағында көзделген кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімдері күні қолданыста болған валютаның нарықтық бағамын басшылыққа ала отырып есептелген сомаларына сәйкес келетін мөлшерде төленуге жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет