Шетелдік тауарлар Кеден одағының кедендік аумағынан кеткен кезде кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндеттің туындауы мен тоқтатылуы және оларды төлеу мерзімі
1. Шетелдік тауарлар Кеден одағының кедендік аумағынан кеткен кезде тасымалдаушыда кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндет кеден органы Кеден одағының кедендік аумағынан тауарлардың кетуіне рұқсат берген кезден бастап туындайды.
2. Шетелдік тауарлар Кеден одағының кедендік аумағынан кеткен кезде тасымалдаушыда кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндет:
1) тауарлар Кеден одағының кедендік шекарасын іс жүзінде кесіп өткен кезде;
2) осы Кодекстің 129-бабының 2-тармағында белгіленген жағдайларда тоқтатылады.
3. Авария немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан не тасымалдаудың және сақтаудың қалыпты жағдайлары кезіндегі табиғи кему нәтижесінде жойылуды қоспағанда, егер тауарлар Кеден одағының кедендік шекарасын іс жүзінде кесіп өткенге дейін жоғалған болса, шетелдік тауарлар Кеден одағының кедендік аумағынан кеткен кезде тауарларды жоғалту күні, ал егер бұл күн анықталмаса кеден органы Кеден одағының кедендік аумағынан тауарлардың кетуіне рұқсат берген күн кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімі болып саналады.
4. Кедендік әкелу баждары, салықтар тауарларды ішкі тұтыну үшін кедендік шығару рәсімімен орналастыру кезінде төленуге тиісті болған кедендік әкелу баждарының, салықтардың кедендік баждардың, салықтардың ставкаларын, кедендік құнды, олардың табиғи мәндегі физикалық сипаттамасын (мөлшерін, массасын, көлемін немесе өзге де сипаттамасын) және Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленген және тауарларды жоғалту күні, ал егер бұл күн анықталмаған болса, кеден органы тауарларды кеден аумағынан әкетуге рұқсат беру күні қолданыста болған валютаның нарықтық бағамын басшылыққа ала отырып есептелген сомаларына сәйкес келетін мөлшерде төленуге жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |