1. Тауарлар Кеден одағының кедендік аумағына келген кезде тасымалдаушы мынадай құжаттар мен мәліметтерді ұсынады:
1) автомобиль көлігімен халықаралық тасымалдау кезінде:
құжаттар:
халықаралық тасымалдау көлік құралына арналған құжаттар;
көлік құжаттары;
Дүниежүзілік почта одағының актілерінде айқындалған, халықаралық почта жөнелтімдерін тасымалдау кезінде олармен ілесіп жүретін құжат;
тасымалданатын тауарларға арналған тасымалдаушыда бар коммерциялық құжаттар;
мәліметтер:
халықаралық тасымалдау көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы;
тауарларды тасымалдаушының атауы және мекенжайы;
тауарларды жөнелтуші елдің және межелі елдің атауы;
тауарларды жөнелтуші мен алушының атауы және мекенжайы;
тасымалдаушыда бар коммерциялық құжаттарға сәйкес тауарларды сатушы және алушы туралы;
жүк орындарының саны, оларды таңбалау және тауарлар орамаларының түрлері туралы;
тауарлардың атауы, сондай-ақ Тауарларды сипаттаудың және кодтаудың үйлестірілген жүйесіне немесе Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес бірінші төрт белгіден кем емес деңгейдегі кодтары;
тауарлардың брутто салмағы (килограммен) не өте ауқымды жүктерді қоспағанда, тауарлардың көлемі (текше метрмен);
Кеден одағының кедендік аумағына әкелуге тыйым салынған немесе шектеу қойылған тауарлардың болуы туралы;
халықаралық тауар-көліктік жүкқұжат жасау орны және күні туралы;
Дүниежүзілік почта одағының актілерінде айқындалған, халықаралық почта жөнелтімдерін тасымалдау кезінде олармен ілесіп жүретін құжат;
көлік құжаттары;
тасымалданатын тауарларға арналған тасымалдаушыда бар коммерциялық құжаттар;
мәліметтер:
кемені және оның ұлттық тиесілігін тіркеу туралы;
кеменің атауы және сипаттамасы;
капитанның тегі;
кеме агентінің тегі және мекенжайы;
кемедегі жолаушылардың саны, олардың тегі, аты, азаматтығы, туған күні және жері, отырғызу және түсіру порты;
экипаж мүшелерінің саны және құрамы;
кемені жөнелтуші порттың және кіргізуші порттың атауы;
тауарлардың атауы, жалпы саны және сипаттамасы;
жүк орындарының саны, оларды таңбалау және тауарлар орамасының түрлері туралы;
тауарларды тиейтін порттың және түсіретін порттың атауы;
осы портта түсіруге жататын тауарларға арналған теңіз тасымалдау шартының болуын және мазмұнын растайтын коносаменттердің немесе өзге құжаттардың нөмірлері;
кемедегі кеме керек-жарақтарының атауы және олардың санын көрсету;
тауарлардың кемеде орналасуын сипаттау;
кеме бортында халықаралық почта жөнелтімдерінің болуы туралы;
экипаж мүшелеріндегі Кеден одағына мүше мемлекеттердің валютасын және валюталық құндылықтарын қоса алғанда, кеме бортында Кеден одағының кедендік аумағына әкелуге тыйым салынған немесе шектеу қойылған, құрамында есірткі, қатты әсер ететін құралдар, психотроптық және улы заттар бар дәрілік құралдардың, қару-жарақтардың, оқ-дәрілердің болуы туралы;
3) әуе көлігімен халықаралық тасымалдау кезінде:
құжаттар:
азаматтық авиация саласындағы халықаралық шарттарда көзделген тасымалдаушының стандарттық құжаты (бас декларация);
әуе кемесінің бортында тасымалданатын тауарлар туралы мәліметтер бар құжат (жүк ведомосы);
борт керек-жарақтары туралы мәліметтер бар құжат;
көлік құжаттары;
тасымалданатын тауарларға арналған тасымалдаушыда бар коммерциялық құжаттар;
бортта тасымалданатын жолаушылар және олардың багажы туралы мәліметтер бар құжат (жолаушы ведомосы);
Дүниежүзілік почта одағының актілерінде айқындалған, халықаралық почта жөнелтімдерін тасымалдау кезінде олармен ілесіп жүретін құжат;
мәліметтер:
кеменің ұлттық тиесілігі белгілерін және тіркеу белгілерін көрсету;
рейстің нөмірі, ұшу бағытын, кеменің ұшып кету пунктін, келу пунктін көрсету;
кемедегі жолаушылардың саны, олардың тегі және аты-жөні туралы, кіру және шығу пункттерінің атауы;
тауарлардың атауы;
жүк жүкқұжатының нөмірі, әрбір жүк жүкқұжаты бойынша орындардың саны;
тауарларды тиеу пунктінің және түсіру пунктінің атауы;
кемеге тиелетін немесе одан түсірілетін борт керек-жарақтарының саны туралы;
кеме бортында халықаралық почта жөнелтімдерінің болуы туралы;
экипаж мүшелеріндегі Кеден одағына мүше мемлекеттердің валютасын және валюталық құндылықтарын қоса алғанда, кеме бортында Кеден одағының кедендік аумағына әкелуге тыйым салынған немесе шектеу қойылған, құрамында есірткі, қатты әсер ететін құралдар, психотроптық және улы заттар бар дәрілік құралдардың, қару-жарақтың, оқ-дәрілердің болуы туралы;
4) теміржол көлігімен халықаралық тасымалдау кезінде:
құжаттар:
көлік құжаттары;
теміржол жылжымалы құрамына арналған берілетін ведомость;
керек-жарақтар туралы мәліметтер бар құжат;
Дүниежүзілік почта одағының актілерінде айқындалған, халықаралық почта жөнелтімдерін тасымалдау кезінде олармен ілесіп жүретін құжат;
тасымалданатын тауарларға арналған тасымалдаушыда бар коммерциялық құжаттар;
мәліметтер:
тауарларды жөнелтушінің атауы және мекенжайы;
тауарларды алушының атауы және мекенжайы;
тауарларды жөнелтуші станцияның және межелі станцияның атауы;
жүк орындарының саны, оларды таңбалау және тауарлар орамаларының түрлері туралы;
тауарлардың атауы, сондай-ақ Тауарларды сипаттаудың және кодтаудың үйлестірілген жүйесіне немесе Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес бірінші төрт белгіден кем емес кодтары;
тауарлардың брутто салмағы (килограммен);
контейнерлердің сәйкестендіру нөмірлері.
2. Тасымалдау жүзеге асырылатын көлік түріне қарамастан, кеден органын Кеден одағының кедендік аумағына тауарлардың келуі туралы хабардар еткен кезде, тарифтік емес реттеу шараларын қоспағанда, осы Кодекстің 244-бабының 1-тармағына сәйкес тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растайтын құжаттар ұсынылады.