Тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу туралы негізгі ережелер тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу


Тауарлардың Кеден одағының кедендік аумағына келуі туралы хабарлама



бет9/57
Дата09.06.2020
өлшемі90,81 Kb.
#72794
түріКодекс
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   57
Байланысты:
ТАУАРЛАРДЫ КЕДЕН ОДАҒЫНЫҢ КЕДЕНДІК ШЕКАРАСЫ

Тауарлардың Кеден одағының кедендік аумағына келуі туралы хабарлама

      1. Тасымалдаушы осы Кодекстің 251-бабында көзделген құжаттар мен мәліметтерді ұсыну арқылы тауарларды тасымалдауды жүзеге асыратын көліктің түріне қарай кеден органын Кеден одағының кедендік аумағына тауарлардың келуі туралы хабардар етуге міндетті.

      Құжаттарды тасымалдаушының атынан кеден өкілі не тасымалдаушының тапсырмасы бойынша әрекет ететін өзге де тұлғалар табыс етуі мүмкін.

      2. Тасымалдаушы, кеден өкілі не өзге де мүдделі тұлға кеден органына тауарлар Кеден одағының кедендік аумағына іс жүзінде келгеніне дейін олар туралы алдын ала ақпаратты беруге құқылы. Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында және халықаралық шарттарында көзделген жағдайларда тасымалдаушы тауарлар туралы алдын ала ақпаратты беруге міндетті.

      3. Тасымалдаушы құжаттарды электрондық құжаттар түрінде табыс етуге құқылы.

      4. Аумағына тауар келіп түскен Кеден одағына мүше мемлекеттің мемлекеттік тілі болып табылмайтын тілде жасалған құжаттарды ұсынған кезде мұндай құжаттардағы мәліметтерді аударуды тасымалдаушы немесе өзге мүдделі тұлға қамтамасыз етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет