1. Тауарлардың Кеден одағының кедендік аумағына келуі тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу орындарында және кеден органдарының осы орындардағы жұмыс уақыты кезінде жүзеге асырылады.
Тауарлардың жекелеген санаттарын Кеден одағының кедендік аумағына кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындаған орындарға ғана әкелуге болады.
Тауарлар Кеден одағының кедендік аумағына Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған жағдайларда және тәртіппен келу орны болып табылмайтын өзге де орындарға келуі мүмкін.
Кеден органдары келу орындарының тізбесін жариялау үшін, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып жариялау үшін Комиссияға жіберіледі.
2. Кеден одағының кедендік шекарасын кесіп өткеннен кейін әкелінген тауарларды тасымалдаушы келу орындарына немесе осы баптың 1-тармағында көрсетілген өзге де орындарға жеткізуге және кеден органына ұсынуға тиіс. Бұл ретте тауарлардың жай-күйін өзгертуге немесе олардың орамын бұзуға, сондай-ақ салынған пломбаларды, мөрлерді және өзге де сәйкестендіру құралдарын өзгертуге, алып тастауға, жоюға немесе зақымдауға жол берілмейді.
4. Осы тараудың ережелері Кеден одағының кедендік аумағында орналасқан портқа немесе әуежайға тоқтамастан Кеден одағының кедендік аумағын кесіп өтетін су және әуе кемелерімен тасымалданатын тауарларға, сондай-ақ құбыржол көлігімен және электр беру желілері арқылы өткізілетін тауарларға қолданылмайды.