2022 жыл Асыл тұқымды және қолданыстағы ірі қара малды кедендік одақтың аумағында және (немесе) Тараптар арасында тасымалдау (орнын ауыстыруда) кезінде қойылатын ветеринарлық талаптар



бет1/5
Дата09.11.2022
өлшемі24,48 Kb.
#157301
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Байланысты:
срс 1


С.Сейфуллин атындағы Қазақ Агро-Техникалық Университеті

СӨЖ
Пәні: Шекара және транспорттағы ветеринарлық қадағалау

Сабақтың тақырыбы: Кеден одағының кедендік аумағына асыл тұқымды, ІҚМ, ҰҚМ, шошқаларды, олардан алынған өнімдерді, шикізаттарды, ұрықтар мен эмбриондарды, консервілерді әкелуіне қойылатын ветеринарлық-санитариялық талаптар.

Тапсырманың мақсаты мен мазмұны: Тасымалдауға арналаған өнімдердің түрлерін және тәртібін игеру.



2022 жыл
Асыл тұқымды және қолданыстағы ірі қара малды кедендік одақтың аумағында және (немесе) Тараптар арасында тасымалдау (орнын ауыстыруда) кезінде қойылатын ветеринарлық талаптар

Кедендік одақтың аумағына тасымалдауға және жақтар арасында орнын ауыстыруға бруцеллезге, аусылға, лептоспирозға қарсы вакцинацияланбаған, жануарлардың жұқпалы ауруларынан сау аумақтардан шығарылатын дені сау асыл тұқымды және қолданыстағы ірі қара малға рұқсат беріледі, аталған жұқпалы ауруларға жататындары;



  • ІҚМ кеуекті энцефалопатиясы – ХЭБ Кодексінің ұсыныстарына сәйкес атанған ауру бойынша аз мөлшерде аймаққа бөліп немесе қауіптілікті бақылауға ала отырып осы ел аумағында немесе әкімшілік аумақта;

  • аусыл – аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 12 ай бойы;

  • контагиозды плевропневмония, везикулярлы стоматит, блутанг, ІҚМ обасы - аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 24 ай бойы;

  • індетті іріңді дерматит - аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 3 жыл бойы;

  • лептоспироз - шаруашылық аумағында соңғы 3 ай бойы;

  • лейкоз - шаруашылық аумағында соңғы 12 ай бойы;

  • бруцеллез, туберкулез және паратуберкулез - шаруашылық аумағында соңғы 6 ай бойы;

  • сібір жарасы - шаруашылық аумағында соңғы 20 күн бойы.

ХЭБ Кодексі ұсынылғандардан басқа күйісті жануарлардың ақзаттары бар азықтарды беруге болмайды. Карантин кезінде жануарлар клиникалық қараудан өтеді, күнделікті дене температурасы өлшенеді, бруцеллез, туберкулез, паратуберкулез, лейкоз, трихомоноз, кампилобактериоз, хламидиоз, лептоспироз және импортердің талабы бойынша басқа індетті ауруларға диагностикалық зерттеулер өткізеді.
Асыл тұқымды жануарға қатысты қосымша инфекциялық ринотрахеит және ірі қара малдың вирусты диареясына зерттейді (егер жануарлар алдын ала вакцинацияланбаса).



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет