2 ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
2.1 Бруцеллез ауруының тарихы
Бруцеллез – малдар мен адамдардың инфекциялық жұқпалы ауруы. Бруцеллездің ауру қоздырғышы – Brucella деген жалпы туысқа біріккен бактериялар. Бруцеллалар алғаш рет 1953 жылы Жаңа Зеландия мен Австралияда шыққан, адамға патогендігі ретінде толық анықталмаған 6390 типтік штаммы бар.
Бұлардың төмендегідей қоздырғыш түрлері болады: Br.abortus - ірі қара малға патогенді; Br. Suis -шошқаларға патогенді; Br.neotomae - eгеуқұйрыққа патогенді; Br.canis -итке патогенді.
Бруцеллез ерте кезден белгілі, б.э.д. 460-377 жылдары Гиппократ бұл ауруды сипттап жазған. Одан кейінгі мәліметтер ғ. Дәрігерлерінің ауруды сипаттаған жазбаларынан белгілі, ал 1861жылдан бері бұл ауру туралы толық мәліметтер бар. Сонымен, қазіргі бруцеллез тарихының басы деп ғ. Бірінші жартысын есептеуге болады. Ғ екінші жартысынан бастап бұл ауру Жерорта теңізі жағалаулары мен аралдары тұрғындары арасында кеңінен тарған. Бруцеллездің қоздырғышын алғаш анықтаған 1886 жылы дәрігер Брюс еді. Ертеректе бұл ауру малдардың тек белгілі бір түріне ғана тән деп есептеген және малдардың іш тастау себебінен, оны инфекциялық іш тастау деп атаған.
Бруцеллез ауруымен әсіресе ірі қара, қой, ешкі, түйе, жылқы, бұғы, шошқа, ит, кемірушілер және құстар, сондай-ақ адамдар да ауырады. Сондықтанда бұл індет халық шаруашылығына көптеген әлеуметтік және экономикалық зиян келтіреді.[2]
Бруцеллез ауруы ертеден келе жатқан, жер шарына кеңінен таралған індет. Ол туралы біздің эрамызға дейін 460-370 жылдар бұрын өмір сүрген грек ғалымы Гипократ жазып кеткен. Ал оданда басқа ХVII-ХVІ ғасырда өмір сүрген ғалымдарда бруцеллез ауруы туралы әртүрлі хабарлар қалдырған. Сондықтанда бұл індеттің даму тарихы XIX ғасырдың екінші жартысынан өріс алған деп саналынады
Мәселен бруцеллез ауруы – XIX ғасырдың екінші жартысында Жерорта теңізіндегі аралдар мен жағалаулардағы елді мекендер, оның ішінде әсіресе Мальта аралындағы тұрғындар арасында кеңінен тарап, көп зиян келтірген.
Ол туралы тұжырымдарды 1861 жылы Мерстен, 1867 жылы Чартес хабарлаған болса, 1897 жылы Хефс сол ғалымдардың айтқандарының дұрыс екендігін дәлелдеген. Ертедегі кездерде бұл ауру өріс алған жеріне, клиникалық белгілеріне байланысты оған әр түрлі аттар қойылған. Мысалы, сол кезеңдерде бруцеллез: жерортатеңіздік, гибралтарлық, неополитандық, мальталық сырқыраушы, асқазан қабындырушы, қызба немесе қайталағыш қызба-деп атаған[3]. Ал бруцеллез қоздырғышын 1886 жылы ағылшын зерттеушісі Давид Брюс қайтыс болған солдаттың көк бауырынан дайындалған жұқпаны микроскоппен зерттеу арқылы анықтаған. Аурудың қоздырғышы табылса да, содан кейінде көп жылдар бойы бұл дерттің адамға неден және қалай жұғатындағы белгісіз болып келді. Бұл сұраққа жауап беру үшін, көп жылдар бойы арнаулы комиссия, сол Мальта аралында зерттеу жұмысын жүргізді. Нәтижеде комиссия мүшелері Заммит пен Горрокс 1905-1907 жылдары бруцеллезбен сол жердегі ешкілердің ауыратындығын, ал адамдар әлгі ешкілердің шикі сүтін ішу арқылы науқастанатынын анықтаған. Әйтсе де, сол кездерде бруцеллезді, онымен ауырған малдардың негізінен іш тастауына байланысты «жұқпалы аборт» немесе «жұқпалы іш тастау» деп атағанда оған қоса бұл ауруды малдардың жеке бір ғана түріне тән індет деп санаған. Оған дәлел, ірі қара малдың бруцеллезін 1896 жылы. Данияның зерттеушісі Бангпен Стрибольт, шошқа бруцеллезінің қоздырғышын 1914 жылы американдық Траум, қой бруцеллезін 1915 жылы Мак Федпен и Штокман тағайындаған[4].
Осы тұстағы зерттеу жұмыстарының ең бағалысының бірі Алис Ивенстің жұмысы болып танылады. Өйткені зерттеуші адам бруцеллезінің қоздырғышымен ірі қара бруцеллезінің қоздырғыштарын салыстыра зерттей отырып, олардың морфологиясының, серологиялық және биологиялық қасиеттерінің бірдей екендігін және де олардың бір-біріне өте ұқсас екендігін дәлелдеп берген. Кейінен ірі қара, қой, ешкі, шошқа сияқты малдардың бруцеллез қоздырғыштарының біртектес екендігін басқада ғалымдар атап өткен.
Осыған орай 1920 жылы сол кездегі зерттеушілер Мейера мен Фезьенің ұсынысы бойынша барлық малдардың бруцеллез ауруының қоздырғыштарын біріктіре келіп, оны бірінші болып тапқаны үшін және Брюстың құрметіне «бруцелла» деп атауды жөн көргенде, кейінен бұл індет бруцеллез, ал қазақша «сарып» деп аталып кеткен[5]
Бұл аурудың Россияда пайда бола бастағаны XIX ғасырдың екінші жартысы болып саналанады.
Сол кезде ол «жалқылама түсік» деп аталды. Жалпылама түсікті алғаш байқағандардың бірі А.Н.Березов. Зерттеуші Саратов облысындағы бір әскери бөлімшеге Англиядан (Шортгорн пародасы), Франциядан (Шаралз пародасы) әкелінген ірі қара малдардың ауырғанын көріп, оны стационарлық жұқпалы іш тастау деп атады да және де ауруды, сол малдардың организіміне қандайда бір жұқпалы заттың еніуіне байланыстырды.
Профессор A.A. Мухинаның дәлелі бойынша СССР-да ірі қараның бруцеллезі 1903-1905 жылдары Москва төңірегіндегі шаруашылықтарда байқалған. 1913 жылы профессор Якимов бруцеллезді Ташкентте анықтады М.К.Юсковец (1960), ТМД елдерінде бруцеллездің кең таралуы 1930-1934 жылдардағы шет елдерден асыл тұқымды малдардың әкелінуіне тікелей байланысты деп жазады.
Қазақстанда ең алғашқы бруцеллезбен ауру оқиғасы 1930 жылы ірі қара малдардан басталған. Сол жылы К.Г.Студенцов Петропавел қаласындағы мал дәрігерлік лабораториясына Петропавел, Щучинск аудандарынан келіп түскен (іш тастаған малдардан алынған) қандарды агглютинация реакциясымен зерттегенде бруцеллезге белгі берген. Адамдар бруцеллезбен бірінші рет 1911-1912 жылдары Москва және Ашхабадта ал Қазақстанда және Орта Азияда 1911-1913 ауыра бастаған[6].
Мәселен: Норвегия, Финляндия, Болгария, Чехословакия, Румыния, Дания, Швеция, Венгрия, Югославия және Голландияда сияқты дамыған елдер ірі қара бруцеллезінен таза жағдайда екені анық. Ал бірқатар елдерде ГДР, Польша, Англия, АҚШ және Канадада бруцеллезбен ауыратын малдардың саны анағұрлым азайтылды.
ТМД елдерінің Латвия, Литва, Эстония, Молдавия, Белорусия, Украина сияқты мемлекеттері және Ресейдің 30-дан астам облыстары, өлкелері, автономиялық республикалары, сол сияқты басқада көптеген аудандарымен шаруашылықтары мал сарыпының барлық түрінен тазартылған. Қой мен ешкі сарыпынан Белорусия, Украина, Литва елдерінің барлық шаруашылықтары ал Ресейдің 50 аса облыстары таза. Дегенменде әліде болса бұл жұқпалы ауру қазіргі кезде өте кең таралған аурулар қатарынан көрініп отыр. Айталық соңғы кездерде сарып Италия, Испания, Франция. Греция, Ұлыбритания сияқты үлкен мемлекеттердеде кеңінен таралып отыр. Ірі қара, қой және ешкі сарпы Африка құрылығындада жиі кездеседі. Мәселен Иран мен Турцияда тексерілген малдардың санына шаққанда 45%-ке дейіні сарыппен ауыратын болып шыққан.
1985 жылдың 1 январындағы ақпар бойынша Қазақстандағы ірі қара малдың 2,4%-ті ал қойдың 3,9%-ті сарып ауруына оң реакция берген. Сонымен бірге сарыппен ауыратын адамдардыңда саны да бір деңгейден төмендемей отыр.
Сондықтанда бруцеллез жалпы мал шаруашылығына ғана емес, бүкіл мемлекетке үлкен экономикалық зиян келтіретін жұқпалы ауру.
Оған дәлел мына фактілер: буаз малдардың жалпылама іш тастауы, төлін шала-жансар етіп тууы, қысыр қалуы, шуының түспей қалуы, осылардың салдарынан туған малдардың тез арада суалып, сүт бермей қоюы, ауру малдың салмағының төмендеуі алынған өнімдердің саласының нашарлауы және де толып жатқан басқада зияндары бар.[7]
Аурудың таралу жолдары:
Негізінен аурудың таралуына бірден бір себепкер ол ауру малдар болып саналынады. Ауру әсіресе іш тастаған кездегі бөлінетін сұйық заттары, шуы, өлі туған төлі және оның серігі арқылы сыртқы ортаға тез тарайды. Сол сияқты бруцеллезбен ауыратын малдардың сүті және де организімінен шығарылатын зәрі мен нәжісі арқылы да бруцеллалар көптеп бөлінеді. Осы аталған факторлардың бәрі малдардың тұратын жеріне, суат орындарына, жайылымдарға бруцеллаларды таратады да нәтижеде, сол ортадағы жүрген сау малдар бруцеллез қоздырғышын оп-оңай жұқтырып алады.
Әсіресе ауру малдар іш тастаған кезде сыртқы орта мейлінше көп ластанады. Мәселен іш тастаған саулықтың қағанақ сұйығының 1 милиметрінде бірнеше миллиард микроб клеткалары табылады.
Ал бір саулық төлдеген кезде 3-5 литрге дейін қағанақ сұйығын бөлетін болса, онда сарыптың жіті түрімен ауырған отарларда 150-200-ге дейін саулық іш тастайтынын ескерсек, онда қора-қопсылардың мал тұратын загондардың қаншалықты сарып қоздырғыштарымен ластанатыны өзінен-өзі түсінікті болса керек. Оданда басқа сарыппен ауыратын малдардың төлдері (бұзаулар, қозылар) немесе сарыптың сезілмейтін формасымен сырқаттанатын малдарда бұл індетті таратушылардың бірі бола алатындығы айдан анық. Көбінесе сарыптан сау шаруашылықтардағы малдар, басқа шаруашылықтардан сатып алынып қосылған малдар арқылы ауруға ұшырайды. Өйткені ондай шеттен әкелінген малдар көп жағдайларда табындағы малдарға алдын ала тексерілусіз қосылады.Кей кездерде сарыпқа лабораториялық тексеру кезінде оң реакция берген малдар көпке дейін немесе тіптен бөлініп алынбай сау малдардың арасында ұзақ уақыт қалып қойып аурудың тарауына себеп болады.
Сол сияқты, бұл ауруды әртүрлі кемірушілер әсіресе тышқандармен сарышұнақтар, кенелер мен шыбындар басқада насекомдар тарата алады.
Бұлардың ішінде әсіресе кенелер осы инфекцияны таратуда ең басты резервуар болып саналады, өйткені кенелердің ішінде бруцеллалар ұзақ уақытқа дейін сақталына алады екен[8].
Аурудың белгілері:
Індет жұққан күннен, ең алғашқы белгілерінің байқала бастауына дейін бірнеше ай, ал жас төлдерде бірнеше жылдарға созылуы ықтимал.
Ал негізінде аурудың инкубациялық кезеңі 2-4 аптадан аспайды. Егер қысыр қалған малдар сарыппен ауыртса, онда ауру асқынбай, ешқандай белгісіз өтеді. Буаз малдар ауыратын болса, онда, буаздықтың екінші жартысында немесе тууға жақын қалған кезеңдерде төлін шала-жансар етіп тастап қояды, ал кей уақыттарда әлі туады. Сондай-ақ сарыппен ауырған малдардың буындары (бурсит) қантамырлары (артрит), бұқалармен қошқарларда ұрық бездері қабынады (орхит). Іш тастаған малдардың шуы түспей, соның салдарынан жатыр қабығының қабынуына (эндометрит) әкеліп соғады да соңынан емшегі қабынып, аналық бездері кеселге ұшырайды. Егерде кесел ауьр түрде өтетін болса, онда малдың температурасы көтеріледі, салмағы төмендейді, сауын сирдың сүті азаяды.
Жыныс жолдарының қабынуының арқасында, көп жағдайларда мал организмінің ұрықтану процесстері бұзылып, аналық малдар қысыр қалады[9].
Достарыңызбен бөлісу: |