Буаз малдардың жыныс мүшелерінің анатомиялық ерекшеліктері



бет1/2
Дата25.12.2021
өлшемі200,42 Kb.
#105181
  1   2
Байланысты:
БУАЗ МАЛДАРДЫҢ ЖЫНЫС МҮШЕЛЕРІНІҢ АНАТОМИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ДУМАН, Тезисы лекции 2022-2023 2 курс ПОИЯ

БУАЗ МАЛДАРДЫҢ ЖЫНЫС МҮШЕЛЕРІНІҢ АНАТОМИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Буаздық кезінде ұрғашы малдың организмінде және жыныс мүшелерінде көптеген өзгерістер болады. Жатырдың көлемі едәуір үлкейеді, буаздықтың соңына қарай оның салмағы ірі қарада 4-6 кг, ал ішіндегісімен бірге 50-60 кг болады. Жатырдың пішіні сиырларда төл жатқан тармағы ұлғаюы нәтижесінде асиметриялы болады, егіз болса екі тармағында да дамуы мүмкін. Буаз мегежіндердің жатыр тармағының ұзындығы 2-3,5 м, ал ені 17-18 см жетеді, төл жатқан жерлері ампула тәрізденіп кеңейеді, мұндай көрініс басқа да көп толді жануарларда байқалады.

Қарап көру арқылы буаз жатырдың және басқа жыныс мүшелерінің пішінін анықтайды. Содан кейін сарпайдың дорсалдік жағын және қынаптың жоғарғы күмбезін, сондай-ақ жатырды үлкен дөңесімен тіліп көреді. Қынап кіреберісі мен қынаптың кілегейлі қабаты бозғылт-көкшіл түсті, кішкене ғана жабысқақ шырыш бар. Жатыр мойны арнасы тығыз жабылған; қатпарларының арасында мөлдірлеу қою, кілегейлі тығын бар. Кілегейлі тығынның тұтқырлығы және созылғыштығы буаздық дамыған сайын жоғарылайды, буаздықтың соңына қарай оны жатыр мойны арнасынан бүтіндей алып қарауға болады. Тууға біраз күн қалғанда ол жұмсарып, еріп жыныс жолдарымен сыртқа бөліне бастайды.

Жатырды абайлап, бүтіндігін сақтай отырып төлдің қан тамырлы қабатынан ажыратып, оның кілегейлі қабатын мұқият қарайды. Онда кілегейлі қабат барқыт тәрізді, көптеген крипталарды (биеде) байқауға болады; күйіс малдарының жатырының кілегейлі қабатында әр түрлі көлемде карункулдар (бұршақтай көлемнен қаздың жұмыртқасындай көлемге дейін) орналасады, онда да кішкене шұңкырлар (крипталар) байқалады. Мегежіннің жатырының кілегейлі қабатында жатырлық (плацентарлық) аймақтар және крипталардан бос аймақтар көрінеді. Қаншықта плацента жатырдың ампула тәрізді кеңейген жерінде қалындап белдік тәрізді білеуленіп білініп тұрады.

Жұмыртқалықтарды сыртынан және олардың ішкі, яғни көлденең кесіндісінен қарайды. Сыртынан және көлденең кесіндісінде көптеген фолликулдар әр түрлі көлемдегі мөлдірлеу, сарғыш көпіршіктер түріңде (диаметрі 10 мм дейін) жақсы байқалады. Бір төлді малдарда сары дене көп жағдайда төл жатқан тармақ жағында, ал көп төлді малдарда-екі жұмыртқалықта да болады. Көлденең кесіндіде сары дененің көлемін, құрылысын және оның түсін, тығыздығын, Жұмыртқалықта қаншалықты терең орналасқанын анықтайды.

Төлдің және төл қабаттарының дамуы

Ұрықтану процесінің нәтижесінде пайда болған зигота 1С-15 минут өткен соң-ақ, алдымен екі бластомерге содан соң 4, 8, 16 бластомерге бөліне бастайды. Мұндай бөліну ұрық түтікшесінде басталып, жатырға түскенде аяқталады. Бұл кезде тұқым (зародыш) көп торшалы шарға ұқсайды, оны морула деп атайды.

Алғашқы кезде моруланың сыртыңдағы аналық жыныс жасушасының мөлдір қабығы сақталып тұрады да, жатыр ішіне түскен соң ферменттердің әсерінен мөлдір қабық іріп-ыдырап кетеді де, морула сыртқы бластомерлерімен тікелей жатырдың кілегейлі қабығына тиіп тұрады. Бұл кезде бластомерлер екі топқа бөлініп, оқшаулана бастайды.

Сыртқы шеңбер бойымен орналасқан ұсақ бластомерлсрді трофобласт деп атайды. Ал ішкі трофобласттың әрбір торшасы жатыр эпителийінің торшаларын ерітіп, оны қоймалжың қоректік затқа айналдырып бойына сіңіре береді. Зиготаның өзі кілегейлі қабаттың астына тереңдеп еніп тамыр жая береді.

Сөйтіп, трофобласттан қағанақ қабықтары амнион, хорион пайда болады да, эмбриобласттан төлдің денесі дамиды және зәр қабаты алантоис пайда болады.

Эмбрионның жатырға бекінуі (телінуі) ұрықтанганнан кейін сиырларда 15 күн, қой мен ешкіде 10-20 күн, мегежінде 10-12 күн, биеде 40 күн өткенде жүретін процесс.

Сулы кабық (амнион). 12-сурет. Амнион төлді қоршап жататын ең ішкі қабық. Төлдің кіндік тұсына келгенде, терісіне жалғасып кетеді. Амнион қабығының ішінде мөлдір, кілегей тәрізді сұйық жиналады. Төл осы сүйықтың ішінде аударылып төңкеріліп жүзіп жүреді. Бұл сүйық төлдің барлық мүшелерінің пропорционалді өсіп-дамуына мүмкіндік туғызады, сырттан тиетін соққыдан сақтайды, жатырдың тонусын күшейтеді және туу кезінде жатыр мойынын ашуға көмектесіп, туу жолдарын ылғалдандырады.







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет