Әдебиеттерге шолу бруцеллез ауруының тарихы


Бруцеллез ауруынан сау шаруа қожалықтарында жүргізілетін сақтандыру шаралары



бет5/8
Дата30.05.2020
өлшемі63,26 Kb.
#71657
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Бруцеллез материал

2.4 Бруцеллез ауруынан сау шаруа қожалықтарында жүргізілетін сақтандыру шаралары

Сарып ауруы жоқ шаруа қожалықтаныда малдардың бұл індетке шалдықпауын қамтамасыз ету үшін ең бастысы малдәрігерлік-санитарлық және зоогигиеналық тәріпті қатаң жүргізу керек. Мәселен, әрбір мал өсіріп сүт өндіретін қожалықтағы малдар (ірі қара, қой, ешкі) екінші бір қожалық малдарымен қосылып кетпес үшін сыртынан шарбақпен қоршалуы керек. Фермаға кіріп-шығу үшін малдәрігерлік-санитарлық өткізгіш пункті жасалуы керек. Ол үшін фермаға кіретін жерден машина-тракторларын доңғалағын зарарсыздандыратын дарбазаның енімен бірдей, ұзындығы 10 м тереңдегі 40 см етіп цементтелген дизкедіргі шұңғырлары жасалынады. Ондай шұңғырларды дизенфекциалайтын ерітінді мен (3%-формальдегид, 3%-тік каустикалық сода және 10-15 %-тік ас тұзы) толырып отырады. Сол сияқты, фермаларға және де мал қораларына кіретін дәліздерге ұзындығы 1,5м тереңдігі 15см етіп дезинфекциялайтын кілемше төселінеді. Ондай кілемшелерді ағаш ұнтақтарынан немесе кәдімгі жалпақ резіңкеден жасайды да оны үнемі 5%-тік фенолдың, креолинімен 5%-тік күйдіргіш натрмен, 2%-ті формальдегидпен немесе олардың қосынды ерітіндісімен ылғалдандырып тұрады[26].

Ферма территорияларын және қоражайлардың ішін әрдайым санитарлық тәртіпте, тазалықты ұстау мақсатымен айына бір рет санитарлық күн өткізіп тұрады. Бұл күні барлық қора жайлардың едені, азықтандыру астаулары, қабырғалары, есік-терезелер, сол сияқты басқада сол малдарды күтіп-бағуға қолданылатын құрал-жабдықтар мұқият тазартылады. Астаулар, клеткалар, қорлардың қабырғалары жаңа сөндірілген әктің 15-20 проценттік сулы ерітіндісімен әктелініп, дезинфекцияланды. Мал шаруашылығындағы комплекстер жабық үлгідегі мекемелер сияқты қатаң тәртіппен жұмыс істеуі тиіс. Ферманың территориясына ол жерде істемейтін бөгде адамдар немесе бөтен малдар, және ол фермаға қатысы жоқ транспорттардың кіруіне тиым салынады.

Ондағы малдарды күтіп-бағатын адамдар сол сияқты сауыншылар, бақташылар арнайы жұмыс киімдерімен қамтамасыз етіліп, жұмыс уақыты біткенен соң жұмысшылар санитарлық пункте шешіп, жуынып өздерінің киімдерін киіп кетуі қажет. Ал ферманың территориясынан жұмыс жұмыс киімімен шығып кетуге немесе басқа бір көрші малшаруашылық обьектілеріне жұмыс киімімен баруға рұқсат етілмейді. Сол сияқты ферма қызметкерлері әрбір тоқсан сайын бір рет медициналық тексеруден өтіп тұрулары керек.

Сарып ауруынан сақтандырудың ең басты шартының бірі мал отардағы малды жаңадан әкелінген малдармен толықтыруда арнайы нұсқауларды басшылыққа алу болып саналады. Мәселен табынды тек қана сарыптан сау шаруашылықтан алынған малдар мен немесе сол шаруашылықтың өзіндегі сарыптан сау жетілген қозылар немесе бұзауларды қосу арқылы толықтыруға рұқсат етіледі.

Жаңадан табынды толықтыруға әкелінген малдардың аурудан таза екендігін сендіретін куәліктеріне қарамастан оларды басқа малдардан бөлек жерде 30 күндік карантинге қойып сарып және туберкулез ауруларына тексереді. Егер әкелінген малдар бәрі бірдей сау болса онда оларды табынға қосады. Ал ондай карантинде тұрған малдардың ішінен бір немесе бірнеше сарыппен туберкулезбен ауру мал шықса сарып ауруынан таза емес фермадағы малдарға апарып қосады.

Жеке меншіктен немесе мал базарынан сатып алынған малдарды өте қатаң тәртіппен ұстау қажет немесе сатып алар кезде малдәрігерлік құжаттарын тексеріп алған жөн. Сарыптан таза шаруашылықтың малын бұл аурудан сақтандыру үшін, көршілес орналасқан шаруа қожалықтардың малдарында осы ауру барма, жоқпа соны еске алу керек. Өйткені көршілес қожалықтың малдары сарыппен ауру болса, онда суат, жайылым арқылы немесе қосылып кеткен жағдайларды сау малдар ауруды тез жұқтырып алады.

Сондықтан да бұндай жағдайларда, сау малдардың жайылымына су ішетін жеріне ауру малдардың түспеуін қаматамсыз ету қажет. Ол үшін жайылымды суатты қоршап, шектендіру керек. Әрбір сүт өндіретін қожалықтарда міндетті түрде малдэрігерлік пункт, изолятор мал соятын пункт, малдэрігерлік санитарлық өткізгіш, дезинфекциялағыш ванна және де малдәрігерлік-профилактикалық емдеу шараларын өткізу кезінде малды кіргізіп ұстап тұратын бөренеден немесе темірден жасалған қақпан болуы шарт. Сол сияқты 1 шақырым жерде, жаңадан әкелінген малдарды, 1 ай каратинде ұстау үшін арнайы қора болуы керек. Мал шаруашылығының қайта өркендеуіне, сондай-ақ жекеменшік көшірілуіне байланысты малмен айналысатын, жеке қожалықтардың территорияларында және жайылымдарында жұқпалы індеттердің әсіресе сарып ауруының қадағалайтын мал дәрігерлік ережелерді қатаң сақтап, фермаларда зоогигиеналық-санитарлық жұмыстарды әрдайым уақтылы жоғарғы санада жүргізіп отыру қажет. Сүт өндірумен айналысатын қожалықтарда сарып ауруының алдын алуда дезинфекциялық шараларға ерекше талап қойылады. Дезинфекцияны ЛСД-2, ВДМ, АДТ, ДЧК сияқты стационарлық немесе көшпелі дезинфекциялау қондырғыларының көмегімен жүргізіледі.


Сарыптан сау шаруашылықтарында жылына бір рет барлық малдарды осы ауруға серологиялық (РА, РСК, РДСК) немесе аллергиялық реакциялармен тексеріп отырады. Ал, қажетті болса ірі қара малдарды оданда жиі тексеру керек[27].



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет