14 даладағы жұмыс кезіндегі сақтандыру техникасы (шаралары) Дәріс жоспары



бет1/2
Дата12.04.2023
өлшемі19,31 Kb.
#174313
  1   2
Байланысты:
14 Дәріс


14 ДАЛАДАҒЫ ЖҰМЫС КЕЗІНДЕГІ САҚТАНДЫРУ ТЕХНИКАСЫ (ШАРАЛАРЫ)

Дәріс жоспары:



  1. Геодезиялық жұмыстарды орындау барысында болатын қауіпті жағдайлар.

  2. Жерге орналастырудың камеральдық, далалық жұмыстары барысындағы техникалық қауіпсіздік және еңбекті қорғаудың негізгі іс-шаралары.

Геодезиялық жұмысты далада орындауға, қауіпсіздік техникасын оқыған, үйренген адамдарға рұқсат беріледі. Геодезиялық жұмыстар, жұмыс орындалатын аумақтағы мекеменің қауіпсіздік ережелеріне сәйкес орындалуы керек. Геодезиялық жұмысты басқарушы, жұмысты бастамай тұрып, жұмысшылардың, инженерлердің барлығын қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, журналға қол қойғызып алуы керек. Ай сайын ережені, жұмысшылардың, инженерлердің денсаулығын тексеріп, журналға қол қойғызып отыруы міндетті.


Топографиялық - геодезиялық жұмыстардың ізденіс жұмыстары әртүрлі шарт-жағдайда іске асырылады: атап айтқанда қала, елді мекен пункттері, иен жерлерде, орманда немесе ашық аймақтарда, теміржол бекеттерінде, оның ішінде өнеркәсіптік өндіріс орындарындағы жолдарда, автомобиль жолдарында, ашық, жер асты кеніштерінде т.б. аталған жұмыстардың түрлеріне байланысты сәйкесті еңбек қауіпсіздігі қарастырылады.


14.1 Жерге орналастырудың камералдық жұмысы барысындағы техникалық қауіпсіздік және еңбекті қорғаудың негізгі іс-шаралары

Жерге орналастыру жұмысы камералды және далалық болып бөлінеді.


Камералдық жұмыстарды орындау барысында арнайы ғимараттармен белгілі орын беріледі. Орын көлемі бір жұмыс істеушіге 15 м3 аз емес, ал алаң кеңдігі, құрылғыларды қоса есептегенде 4,5м2, төбенің биіктігі 3,2 м аз болмауы керек.
Камералдық жұмыс істелетін орын жарық, жұмыс істеушіге қолайлы болуы шарт. Жарықтандыру табиғи немесе жасанды жолмен болуы мүмкін. Қолданылған электр шамдарының құрылғысы адам ағзасына зиянсыз, өртке қарсы жабдықталған болуы шарт.
Жарықтандыруға қойылатын негізгі талаптар:

  • жасанды жарықтандыру көзі күн сәулесіне ұқсас спектральды құрамдас болуы;

  • жарықтандыру дәрежесі, көзбен қарап сызылатын жұмыстарды ескере отырып, гигиеналық нормаға сәйкес жеткілікті болуы;

  • көздің шаршауынан және қайта-қайта қалыптасуынан сақтану үшін жарықтандыру бір деңгейде бір қалыпты болуы;

- жарық жұмыс аумағын бір қалыпты анық жарықтандыру керек.
Ғимарат ішінде немесе жұмыс орнында өте жақсы метеорологиялық шарт жасалуы керек. Яғни адамға ұзақ және жүйелік әсерлер, ағзаның қалыпты функциясы мен жылу жағдайын, жылу реттегіш механизмнің кернеуінсіз қамтамасыз етуі қажет.
Ғимарат санитарлық нормалар талабына сәйкес ауа алмасу жүйелерінің кез келген бір түрімен (жалпы ғимараттық немесе кондиционер) жабдықталған болуы шарт.
Жұмыс орнындағы орындықтар, басқа қажетті құралдар, камералдық жұмыс атқарушының отыруына қолайлы және сәйкес болуы керек.
Жұмыс барысында қандай да бір электр қуатын пайдалану қажеттілігі барысында алдымен техникалық қауіпсіздік ережесімен танысу қажет.
Жерге орналастырудың геодезиялық жұмыстардың қандайда бір түрі, жоғары кернеулі электр қуаты маңында орындалса, міндетті түрде диэлектрлі аяқ киім, қолқап, диэлектрлі төсем, изоляциялы қондырғы т.б. пайдалану керек.
Жұмыс орнында шуыл болмауы және келесі шамадан аспауы керек:
Инженер-техник жұмыс істейтін ғимаратат ішіндегі зертханалық, аналитикалық немесе бақылау өлшемін жүргізетін жұмыс орнында, 60 дБ аспауы, ал ЭЕМ операторы орнында 65 дБ, есептеу машинасының ең шуылды агрегаттары орналасқан жерде —75 дБ.
Ғимаратта жұмыс істейтін әрбір адам, ең алдымен осы ғимараттың өрт немесе басқа да шұғыл жағдайларда пайдаланылатын оқшаулау сызбасымен танысқан және барлық шығу, кіру сатылары мен есіктердің орналасуын білумен қатар, электр энергия көзін ажыратуды, сигналдарды қосуды білуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет