14.2 Жерге орналастырудың далалық жұмысы барысындағы техникалық қауіпсіздік және еңбекті қорғаудың негізгі іс-шаралары
Еңбекті қорғауға далалық жұмыстарда ерекше назар аударылады. Далалық жұмыстардың ерекшелігі, олардың ашық аспан астында температураның, ылғалдылықтың ауысымы барысында атқарылатындығы.
Далалық жұмыстар барысында санитарлық-техникалық, гигиеналық өртке қарсы және арнайы талаптар орындалуы керек. Далалық жұмысты бастамас бұрын, барлық жұмысқа қатысушылар техникалық қауіпсіздік бойынша нұсқаулықты оқып, техминимум тапсырады. Далалық жұмыстар барысында, инженер-техник, техникалық қауіпсіздікке жауапты болады.
Далалық жұмыс барысында жұмыс істеушінің жағдайына қоршаған ортаның ықпалы тексеріліп отырылады. Далалық жұмыстағы еңбек режимі және демалыс уақыты метеорологиялық жағдайға тәуелді болады. Яғни ашық күндері далалық түсірістер, бұлтты жауын-шашынды күндері камералдық жұмыстар атқарылады немесе демалыс беріледі.
Ең бір маңызды іс-шаралар жалпы гигиена, еңбектің санитарлы гигиенасы, тамақтану және тұрмыстық режимді сақтау, сонымен қатар келесі аталғандарды орындау қажет:
арнайы жұмыс киімі болуы;
дененің тазалығын, жеке гигиенасы ережесін сақтау;
жұмыстың қауіпсіздік әдісін оқу.
Өндірістік жұмыстың негізгі қауіпсіздік шарасы жобалау станциясында жасалынады. Детализация және нақтылау жүргізіліп, онан кейін еңбекті қауіпсіз ұйымдастырудың жобасы жасалынады. Қозғалыстың қауіпсіз бағыты таңдалынады. Тоқтау орындары мен базалар, радиостанцияны ортану орны, жанармай, азық-түлік қоятын орындар анықталынады. Арнайы медициналық зерттеу жүргізіледі. Егер қандай да бір жұқпалы ауру ошағы пайда болса, арнайы екпе егіледі. Арнайы жұмыс киімі, аяқ киімдер жергілікті жердің шарт-жағдайына сәйкесті таңдалынады. Жұмысқа шығар алдында, әрбір адамға жүрудің қауіпсіздігі, жергілікті жердің бағыты, бірінші медициналық көмек көрсету және өрт қауіпсіздігі үйретіледі.
Тұрмыстық және еңбек санитариясы. Далалық жұмыс әртүрлі климаттық жағдайда орындалатындықтан, үнемі жұмыс істеушілерге қоршаған ортаның әсерін тексеріп отырады. Ол үшін арнайы киім, бас киім, аяқ киім, температураның адамға кері (жел жаңбыр) әсерінен қорғайтындай болуы шарт. Экспедициялық жұмыс тұрмыс пен өмірден алшақ болмайтындықтан, далалық жұмысшылар нормалды тұрмыс шартын жасауға тырысуы керек.
Геоаспаптармен жұмыс істеу барысында техникалық қауіпсіздік міндетті түрде сақталуы керек, яғни жарықтық аралықты өлшегіш, лазерлі геодезиялық құралдарды пайдалануда, бақылау барысында жоғары жиілікті электромагнитті өрістің пайда болу қауіптілігіне назар аударуды міндеттейді.
Геодезиялық құралдарды жолдың өту бөлігіне, көшеге қараусыз қалдыруға болмайды.
Болат лента немесе рулеткамен электрленген теміржол рельсі арқылы аралықты өлшегенде, тигізбей аралықпен ұстау керек. Вагон астынан өтуге, оның астынан геодезиялық аспаптарды өткізуге, вагон арасындағы қуыстан, егер олардың арасы 5 метрден кіші болса өтуге болмайды.
Көлікпен жүру барысындағы техникалық қауіпсіздік. Көліктің барлық түрлерімен жүру барысындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін талаптар:
ауа райының шарт –жағдайына байланысты жарамдылығы;
көлік құралының техникалық жарамдылығы;
тәжірибелі, тәртіпті жүргізуші және оның денсаулығының бақылануы.
жол жағдайындағы көлікті жөндеуге артық бөлшектердің болуы мен слесарьлық құрал-жабдықтар жиыны болуы;
жанармай және майлау материалдарының жеткіліктілігі және жүргізушінің тамақтануының қамсыздандырылуы;
қауіпті апатқа және құрқарушы құралдарының болуы;
адамдар отыратын орындарының біртегіс, қауіпсіз қолайлы болуы;
қозғалыс ережесін сақтау;
баратын аралықтағы жол туралы нақты бағыттық мәліметтердің болуы, жүргізушінің білуі.
Көлікпен жүру барысындағы техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау, далалық жұмыстарда болатын травматизмді 70-80% азайтуға мүмкіндік береді.
Ормандарды немесе көріну аралығын ашуда кесілетін бұталарды кесу жұмысындағы техникалық қауіпсіздік. Ізденіс жұмыстарында, геодезиялық жұмыстарда орманды немесе бұталарды кесу жұмысы болады. Орман кесу барысындағы кездесетін кездейсоқ, бақытсыз жағдайлар көбінесе, бұтақтардың, қауіпті ағаштардың құлауы т.б. себебінен пайда болады. Сондықтан бірінші кезекте, алаң дайындау, қауіпті аймақты шектеу, ағаш құлайтын бағытты белгілеп қоршау т.б. шараларды ұйымдастыру керек.
Өрт қауіпсіздігі. Құрғаған шөбі бар жерлерде, пысқан егіндік және техникалық мәдениет орындарының жанында от жағу өте қауіпті. Құрылысқа, геодезиялық аспаптар және экспедицияның азық-түлік сақталған қоймасы маңында, машина, жанармай, жарылыс заттары қойылған жерлерде, ағаштан салынған елді мекен құрылыстарына жақын орындарда от жағуға болмайды. Өртке қауіпті заттар жеңіл от алатын заттар (бензин, бензол, эфир, ацетон және басқа). Мұндай заттардың температурадан қызу арқылы оталып кетумен қатар, олардың ашық от, ошақ, құрғатқыш электр пештері т.б. от көздеріне төгілген жағдайда да қауіпті болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |