ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Алматы қаласы Білім басқармасының
МКҚК «Алматы мемлекеттік политехникалық колледжі»
Бекітемін
Директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары
___________А. Бейсетбаев
___________ 2018 жыл
|
Бекітемін
Директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары
___________ Аты-жөні
«____»__________ 20__жыл
|
САБАҚ ЖОСПАРЛАРЫ
_______________________ Қазақ әдебиеті______________________________пәні
( атауы)
1304000 «Есептеуіш техника және бағдарламамен қамтамасыздандыру» __________ 1305000 – Ақпараттық жүйе; 1306000 ____________ мамандығы 1304043 -техник- бағдарламашы,_1305023-техник-бағдарламашы________біліктілігі
(шифр, атауы)
Оқыту түрі_______________________күндізгі________________________________
(күндізгі/сырттай)
Бақылау түрі_____________________сынақ________________________________
(сынақ/емтихан)
Келісілді
колледж әдіскері
Сапа жөніндегі сарапшы
_________________ Г.Толымбек
(қолы)
_________________ 2018 жыл
Құрастырған
оқытушы ___________ А. Дюсембекова
(қолы)
«Қазақ тілі мен әдебиеті»
кафедра отырысында қаралды
_______________ 2018 жыл
Хаттама №
кафедра төрағасы__________ А. Ахметова
(қолы)
№ 1 Сабақ жоспары
Пәні: Қазақ әдебиеті
Оқытушы: Дюсембекова Ардақ Қанатханқызы
Тобы: ____________, _________ , __________, __________ ,_________
Сабақтың өтілу күні:
Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Жалпы шолу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға сөз құдіреті, әдеби сөйлеу, әдебиеттің оқырман алдында алатын орны жайында түсінік беру.
Дамытушылық: ой- өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды елін, жерін, Отанын қадірлей білуге, адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: кіріспе сабақ
Сабақтың түрі: аралас
Оқыту технологиясы: Деңгейлеп, даралап оқыту технологиясының элементтері, модульдік оқыту технологиясының элементтері.
Оқыту әдістері: әңгімелеу,баяндау, түсіндіру, сұрақ- жауап.
Ресурстар:(көрнекіліктер) кестелер, үлестірмелер, тапсырмалар.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі,әдебиет
Пайдаланылатын әдебиеттер мен интернет ресурстар:
1.С.Ч.Тұрсынғалиева, А.Ж. Такишева «Қазақ әдебиеті» 10-сынып оқулығы,Арман-ПВ баспасы-2014
2.С.Ч.Тұрсынғалиева, А.Ж. Такишева «Қазақ әдебиеті» хрестоматия, 10-сынып, Арман-ПВ баспасы-2014.
3. Х. Сүйіншәлиев «ХІХ ғасыр әдебиеті», 1-том;
Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі: Студенттермен сәлемдесу, түгендеу, аудиторияны тексеру, назарларын сабаққа аудару.
3. Жаңа тақырып:
Кіріспе. Жалпы шолу
19 ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы, зерттелуі.
ХІХ ғасырда қазақ халқының жаңа әдебиеті қалыптаса бастады, әдебиет жанрлық, көркемдік шеберлік тұрғыдан іштей түлеп, тақырып аясын барынша кеңейтті, қоғамның тарихи құбылыстарына қарай күрделі көркемдік сипат алды. Әдеби процестің осындай заңдылықтары қазақ қауымының қоғамдық-әлеуметтік жағдайларымен бірегей сабақтастықта қарастырылды.
Қазақ әдебиеті тарихының ең бір құнарлы, дәстүрі берік, мазмұны бай кезеңі ХІХ ғасыр. Бұл ғасыр үлкен-үлкен құбылысты оқиғаларға да, күрделі де шиеленісті әлеуметтік тартыстарға да толы болғандығы дүние тарихының парақтарынан да белгілі. Ондай тарихи кезең құбылыстары қазақ даласына соқпай өткен жоқ. Қазақ елі бұл кезеңде де ауыр күндерді басынан кешті. Он сегізінші ғасырдың аласапыран дәуірінің зардаптары жалғаса түсті. "Ақтабан шұбырынды" атанған зарлы заманнан өткен қазақ жұрты, қазақ хандығы тағы да бір қилы заман, қиын кезеңге аяқ басты. Сол дәуірдің оқиғалары мен тарихи шындығы, негізінен, қазақ әдебиеті шығармаларында көрініс тапты. ХІХ ғасырдағы қазақтың ұлттық әдебиетін дәуір шындығынан бөліп қарау мүмкін емес. Бұл кезеңде әдебиет пен халық тарихы біте қайнасып, кірігіп кеткендей еді. Соған орай әдебиет те жаңа сапалық деңгейге көтерілді. Қазіргі әдебиеттануда "жаңа дәуір әдебиеті" деп атала бастаған бұл кезеңдегі әдебиет шынында да тарихи алғышарттары мен себеп-салдарларына орай дәстүрлі арнадан шығып жаңа сипаттарға ие бола бастады. Жыраулық әдебиеттің мектептері, әдеби дәстүр уақыт талаптарына сәйкес соны көркемдік соқпақтарға ойысты. Қоғамдық-әлеуметтік мәселелер, саяси тақырыптар, күнделікті қауым тірлігіндегі жақсылы-жаманды көріністер тікелей әдеби шығармалардың өзекжарды саздарына, көкейкесті сөзіне ұласып отырды.
Қазақ даласында ХІХ ғасырда патшалы ресей отарлаушылары жүргізген саяси-әлеуметтік өктемдік пен басқару жүйесіндегі реформалардың себеп-салдарлары сол кезеңдегі қазақ әдебиеті шығармаларынан да жан-жақты көрініс тапты. Көкірегі ояу ақын-жырау, сөз ұстаған би, шешендер ұлттың мұңын, ұлттың келешегін болжаған күңіреністі көзқарастарын толғады. Хандық басқару жүйесі ыдырағаннан кейін, үздік-создық ұлт-азаттық қозғалысына ұласқан наразылық жалпыхалықтық қуатты күшке айналып кетуге түрлі ішкі-сыртқы жағдаяттар кедергі болса да, халықтың мұң-мүддесі тарихи жыр, дастан, толғауларда буырқанып көрінді. Бұрқ етіп басталып, езіп-жаншылып, қайта бас көтеріп өршіп отырған ұлт-азаттық қозғалыс тарихының ұзақ мерзімді кезеңдерінде ақындардың сөзі, ұлттық әдебиет мұраты ғана өз жолынан да, жүрісінен де жаңылған жоқ.
Осы аласапыран кезеңдердегі қазақ әдебиетінің шығармаларын тереңдеп талдап тану, ұлттық әдебиеттің жаңа дәуірінің қалыптасуы мен даму заңдылықтарын тарихи сабақтастықта зерттеу ел тарихының қастерлі беттерін ашады. ХІХ ғасыр әдебиеті өткен ғасырлардағы ұлттық сөз өнерінің өрнегін, дәстүрін сақтаумен бірге көркемдік құралдарын байытты, жаңа сипаттар дарытты. Әдеби шығармалар жанрлық жағынан да, көркемдік бітімі турасында да, идеялық мазмұны жөнінен де көп ілгеріледі. Зерттеу барысында осы дәуірдегі көптеген әдеби мұралар жаңа қырынан қарастырылды, бұрын белгісіз болып келген, әлде арнайы талдауға түрлі себептермен мүмкіндік болмаған шығармалар мен ақын-жазушылар мұралары ғылыми айналымға қосылды. Дулат, Шортанбай мұраларына қазақ халқы тәуелсіздік алғаннан кейін ғана тереңдеп үңіліп, ашық жазуға мүмкіндік туды.
Соған орай қазақ әдебиеті тарихының ең бір тынысты, мазмұнға бай кезеңі - ХІХ ғасыр шығармаларын шартты түрде екі кезеңге бөліп қарауға тура келеді. Демек, ХІХ ғасырды еңсеріп ХХ ғасырдың советтік дәуіріне аяқ басқан алғашқы ширегін қамтитын ұлттық әдебиеттің жаңа дәуір әдебиеті кезеңі үш дәуірге сұрыпталып қарастырылмақшы. Бірінші кезең - ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет, екінші кезең - ғасырдың екінші жартысындағы әдебиет те, үшінші кезеңі ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі әдебиет деп желіленді. Ұлттық әдебиеттің бұл үш белесі негізінен қазақ ақын-жазушыларының, зиялы қауым өкілдерінің елдік құрылымды, мемлекеттік тәуелсіздікті, елдік әдебиетті көксеп, сол жолда жанын салып ізденіп жұмыс істеген, ашық саяси күреске бел шешіп кірген тұсы. Бір ғасыр бойы жүрген ұлт-азаттық күресі мен ұлттық азаттық аңсары ХХ ғасырдың басындағы Алаш қайраткерлерінің қозғалысына барып ұласты. Қазақ әдебиеті мен қазақ елінің тарихында бұрын-соңды мұндай азаматтық-саяси бағыты айқын тегеуірінді дәуір болған емес. Алашорда қайраткерлерінің саяси күресі есіл кетіп, қазақ елінің кейінгі тағдыры советтік заманға жалғасқандығы мәлім.
19- ғасырдағы қазақ елінің әлеуметтік, экономикалық жағдайы.Орыс патшалығының отарына айналған қазақ даласындағы қоғамдық өмірдің өктем де шұғыл өзгерістерге ұшырауы.Әкімшілік жүйесінің алауыздықты қоздырғыш сипаты.Қазақ даласына «Қара шекпенділердің» патша бұйрығымен ағылуы.Демократиялық сыншыл көзқарастармен ағартушылық ой – пікірлер.Елдің қамы үшін жұмсалған қару қайраты мен сөз қайраты.Шортанбай, Дулат, Мұрат шығармаларындағы заманалық сарындар.
4. Жаңа тақырыпты бекіту:
«Уақытша ереже» туралы түсінік беру.Халық ақындарының осындай өзгерістерге арналған өлеңдері.Шортанбай ақынның «Зар заман» өлеңінде: Мынау ақыр заманда
Алуан- алуан жан шықты
Арам,араз хан шықты,
Қайыры жоқ бай шықты.
Сауып ішер сүті жоқ
Ақша деген мал шықты.
Баяғыда құбылып, бұзылып келе жатқан заман өзге заман екен.Бұл арада дін ұғымы мен ескі қазақ көзқарасы бір араға қосылғандай болады.Ел өміріне бұрынғыдан өзгерген жаңалық, жаттық болса, барлығы да ақыр заман нысанасы сияқты болып көрінеді.Енді бұл заманды бұзған кім? Заманның зарын айтып, күңіреніп келгенде, сол қайғыға салып отырған себепті іздесек, ол орыс үкіметінің билігі болып шығады.
Мұрат ақынның: Тар шалбар, бешпент киді қынамалы,
Сусыннан шәйдан басқа сұрамады,-деуі
Әубәкір ақынның: Сауып ішер сүті жоқ,
Мініп көрер күші жоқ,- деуі неліктен?
19 ғасырда өмір сүрген Шортанбай, Дулат, Мұрат т.б ақындар да замана жайын отаршылдықтың зиянды кесірі деп қарап, ашына, түңіле күйіну сарынында жырлады.М.Әуезов бұл ақындарды «Зар заман» ақындары деп атады.
5.Сабақты қорытындылау.
Сұрақ қою арқылы сабақты қорытындылаймын.
Бағалау.
Берген жауаптарына қарай оқушыларды бағалаймын.
6.Үй тапсырмасы туралы ақпараттандыру:
19 ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы, зерттелуі.
7.Бағалау: студенттерді сабаққа қатысуына қарай бағалау.
8. Рефлексия:
№ 2 Сабақ жоспары
Пәні: Қазақ әдебиеті
Оқытушы: Дюсембекова Ардақ Қанатханқызы
Тобы: ____________, _________ , __________, __________ ,_________
Сабақтың өтілу күні:
Сабақтың тақырыбы: Абыл Тілеуұлы "Арғымақ атта сын болмас" өлеңі
Сабақтың мақсаты: оқушыларды ақынның шығармашылығы туралы деректермен таныстыру, туған әдебиет тарихына құрметпен қарауға, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: мәнерлеп оқу, ауызша тіл мәдениетін сақтау, шығарма талдау, топта жұмыс істеу дағдыларын дамытады.
Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау
Сабақтың типі:
Сабақтың түрі:
Оқыту технологиясы: Деңгейлеп, даралап оқыту технологиясының элементтері, модульдік оқыту технологиясының элементтері.
Оқыту әдістері: әңгімелеу,баяндау, түсіндіру, сұрақ- жауап.
Ресурстар:(көрнекіліктер) кестелер, үлестірмелер,оқулықтар, тапсырмалар
Пәнаралық байланыс: тарих
Пайдаланылатын әдебиеттер мен интернет ресурстар:
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.С.Ч.Тұрсынғалиева, А.Ж. Такишева «Қазақ әдебиеті» 10-сынып оқулығы,Арман-ПВ баспасы-2014
2.С.Ч.Тұрсынғалиева, А.Ж. Такишева «Қазақ әдебиеті» хрестоматия, 10-сынып, Арман-ПВ баспасы-2014.
3. Х. Сүйіншәлиев «ХІХ ғасыр әдебиеті», 1-том;
Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі: Студенттермен сәлемдесу, түгендеу, сыныптың тазалығын тексеру, назарларын сабаққа аудару.
2. Білімнің өзектілігі:
Білімнің өзектілігі:
ІІ. Қызығушылықты ояту.
Ой шақыру.
1. Жырау дегеніміз кім? (Жырау — жырды өз жанынан шығарып айтатын және эпикалық дастандар мен толғауларды орындайтын халық поэзиясының өкілі).
2. Жыршы деген кім? (Жыршы – жыр айтушы, таратушы. Жыршылар домбыраның не қобыздың сүйемелдеуімен мақаммен, әнмен айтады).
3. Дәстүр жалғастығы дегенді қалай түсінесіңдер?
1.19 ғасырдың екінші жартысындағы Қазақ елінің әлеуметтік, экономикалық жағдайы.
2.Осы кезеңдегі әлеуметтік жағдайды сипаттаңыз.
3.Қазақ ақындарының қоғамдағы өзгерістерге үн қосуы.
4.Шортанбайдың, Дулаттың, Мұраттың өлеңдерін оқып, мазмұнын айтыңыз.
5.Бір өлеңін жатқа айту.
6.Осы ақындардың өлеңдері туралы өз пікірлеріңді айтыңдар.
ІІІ. Ақпарат жинау.
1) Ассоциация.
ЖЫР - қазақ халық поэзиясындағы 7 - 8 буынды өлең өлшемі, поэзиялық шығарма жанры. Қазақ ауыз әдебиетіндегі батырлар жыры, тарихи жырлар, лиро - эпостық жырлар, жоқтаулар, жыраулар поэзиясы, толғаулар, термелер, тағы басқа түгелдерлік поэзияның осы өлшемдегі үлгісіне құрылған.
ТОЛҒАУ - толғауда терең азаматтық әуен, ірі қоғамдық, әлеуметтік, саяси философиялық тақырып ерекше орын алады. Негізгі бейнелеу тәсілі - дидактика. Толғауда кейде күрделі, көлемді лирикалық туынды, тіпті сюжетсіз поэма дерліктей сипат алады. Құрылысы тирада пішінді, буын саны аралас, кейінгі даму кезеңдерінде өзгеріске ұшырап, біртіндеп тұрақталған. Толғау ауызша дамып, біздің заманымызға ауызша жетті. Бір мақам мен музыкалық аспаптың сүйемелдеуінде орындалады.
3. Жаңа тақырып:
АБЫЛ ТІЛЕУЛЫ (1777 - 1864)
18 - ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген бұрынғы ақын - жыраулардың дәстүрін жалғастырушылардың бірі - суырып салма ақын - Абыл Тілеуұлы. Ол Маңғыстауда туып - өсіп, бүкіл Атырау аймағына танылған ақын. Әкесі Тілеудің тұрмысы төмен болған.
Абыл Атырау аймағын, қарақалпақ, түрікмен елдерін аралап, өзі тұтас ақындармен өнер сайыстырған.
Бұрын әдебиетте Абылдың «Арғымақ атта сын болмас»,«Ескерту» дейтін толғаулары ғана мәлім болатын. Ғалым Қ. Сыдиықов 1965 жылы оның өмір жолын, тағы екі - үш толғауын Сәттіғұл ақыннан жазып алған. Абылдың табылған жырлар түгел дерлік 1967 жылы «Қазақ әдебиеті хрестоматиясында», 1972 жылы «Ақберен» жинағында басылып шықты.
Абылдың көп өлеңдері ұмытылған. Бізге жеткені оның өмірінің соңғы кезеңіндегі шығарған арнау ретіндегі толғаулар мен бірлі - жарым нақыл сөз, термелері ғана. Осы бар азды - көпті шығармаларына қарағанда, Абыл өз заманындағы әдебиетке айтарлықтай үлес қосқан талант иесі екенін байқаймыз.
Абылды өзінен кейінгі көп ақындар жақсы білген, өздеріне ұстаз тұтқан. Мұрат, Нұрым, Қашаған, Ақтан, Сәттіғұл сияқты бір топ ақындар легі Абылдың талантына бас иген. Оның өлеңдері негізінен ауызша таралған. Алғаш баспа бетін көрген толғау - 1924жылы басылып шыққан «Арғымақ атта сын болмас» атты өлеңі.
Арғымақ атта сын болмас,
Қиған қамыс құлақсыз.
Азаматқа сын болмас,
Арты болса тұяқсыз.
Айдын көлде сын болмас,
Жағасы болса құрақсыз.
Асқар тауда сын болмас,
Бауыры болса бұлақсыз.
Ақ киікке сын болмас,
Арты болса лақсыз.
Жеті арнада сын болмас,
Аяғы болса тұрақсыз.
Тіршілікте артыңда із қалу керек деген ой айтады.
Өмірінің соңғы кезінде Баймағамбет, Қайыпалды сұлтандармен кездесіп, бетпе - бет айтқан батыл сөздеріне қарағанда, ол шындықты айтудан тайынбаған, хан алдында қасқайып тұрып, оның мінін көрсетуге батылы жеткен ақын. Баймағамбетке айтқаны:
Бопайдан туған әкең Айшуақ хан,
Табаның таймай тұр - ау мінген тақтан.
Дәлірек дажал сынды дәрежеңді,
Деп жүрсің Құдай қорып, қыдыр баққан...
Ер өлді деп етек бұлап жылайтұғын
Байеке - ау, қай ісің бар елге жаққан?!
Қайыпалдыға айтқаны:
Жүр едім, тақсыр, сені дара біліп,
Халыққа жазықсыздан салдың бүлік.
Бұланның бүиірінен жебе тисе,
Бұл оны қаиғырмаиды жара біліп.
Немесе:
Баймағамбет өзіңнен арт десе,
Ұстайды сонда сенің жының, тақсыр.
Қолдаған сол сұлтанды губернатор,
Өзгеден артық па еді дінің, тақсыр.
Хиуаның қонышына кіріп кеттің,
Бір уыс болмаса игі еді күнің, тақсыр?!
Ақын сұлтанның ісін жақтырмай, бар жайды бетіне басады.
Абылдың толғаулары көпке насихат ретінде айтылып, адамгершілік, ізгілік жолын меңзейді.
Дүниеде дертті кісі ойнап күлмес,
Ер білер қадіріңді, сұлтан білмес.
Кірпігі арғымақтың кіржік тартса,
Жабыдай ол жазылып көтерілмес.
Жадырап жаз шықпаса, күн жылынып,
Баласы шаруаның егін екпес.
Шалғысы лашынның салғырт тартса,
Ілер деп қаз баласы қайғы шекпес.
Абыл Тілеуұлы - айтыстың да шебері. Бізге «Балдай қызбен айтысы», «Сушы қызбен сөз жарыстыруы», «Нұрымды сынауы», «Шерниязбен кездесуі»деген айтыстары жетіп отыр.
Абыл - шешендікте алдына жан салмаған, тәжірибесі мол, көп жасап, сан - саналы өлең шығарып өткен саңлақ ақындардың бірі.
4. Мағынаны ажырату.
1. "Арғымақ атта сын болмас" өлеңін мәнерлеп оқыту;
2. Өлеңнің идеясын ашу;
3. Өлең құрылысына талдау (3 шумақ, 12 тармақ, 2 бунақ, 7 - 8 буын, а - б - а - б - шалыс ұйқас)
5.Теориялық білімді қайталау.
Шумақ – өлең сөзде бірнеше тармақтың белгілі ретпен топтасуы.
Тармақ дегеніміз – өлеңнің әрбір жолы.
Бунақ — өлең тармағының (жолының) ырғақтық құрылысы жағынан жекеленген бір бөлшегін құрайтын буындар тобы; сөз өлшемі, ырғақтық пауза.
Буын — сөйлеу мүшелерінің тұтастай қимылынан пайда болған бір немесе бірнеше дыбыстық тіркесі.
Ұйқас — өлең тармақтарындағы аяққы сөздердің дыбыстас естілуі, үндестігі. Ұйқас түрлері: қара өлең ұйқасы, шұбыртпалы, ерікті, кезекті, шалыс, егіз, аралас ұйқастар.
6. Бағалау. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.
7. Үйге тапсырма: "Арғымақ атта сын болмас" өлеңін жаттау, "Қырымның қырық батыры" толғауын оқу, мазмұнымен танысу.
8. Рефлекция
Ақынның туған жылы, өскен жері
Өлең - дастан, айтыстары
Көтерген мәселесі
Өлеңдерінің тәрбиелік мәні
№ 3 Сабақ жоспары
Пәні: Қазақ әдебиеті
Оқытушы: Дюсембекова Ардақ Қанатханқызы
Тобы: ____________, _________ , __________, __________ ,_________
Сабақтың өтілу күні:
Сабақтың тақырыбы: Д. Бабатайұлы. «Еспембет» поэмасы, «Аягөз» өлеңі
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Д.Бабатайұлының өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру.Оның сөз өнерінде ерекше дарын иесі екенін таныту,қазақ поэзиясын мазмұн,түр жағынан байыта түскен ақын екендігіне тоқталу, оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, сөздік қорын байыту.
2. дамытушылық: өтілген материалды тиянақты
меңгерту, жүйелі ойлауға, ойын әсерлі жеткізуге,
шығармашылық ізденістерін арттыруға ықпал жасау.
3. тәрбиелілік: : романдағы кейіпкерлердің бейнесі
арқылы үлгі-өнеге алуға шақыру,адами қасиеттерге
баули отырып,тәрбиелеу.
Сабақтың типі:
Сабақтың түрі : аралас
Оқыту технологиясы Қ.Бітібаеваның қазақ әдебиетін оқыту технологиясы, сын тұрғысынан оқыту.
Оқыту әдістері баяндау, әңгімелеу, сұрақ-жауап
Ресурстар:(көрнекіліктер):Д. Бабатайұлының портреті, сызба-кестелер, тест
тапсырмалары, қосымша материалдар.
Пәнаралық байланыс: тарих
Пайдаланылатын әдебиеттер мен интернет ресурстар:
1.С.Ч.Тұрсынғалиева, А.Ж. Такишева «Қазақ әдебиеті» 10-сынып оқулығы,Арман-ПВ баспасы-2014
2.С.Ч.Тұрсынғалиева, А.Ж. Такишева «Қазақ әдебиеті» хрестоматия, 10-сынып, Арман-ПВ баспасы-2014.
3. Х. Сүйіншәлиев «ХІХ ғасыр әдебиеті», 1-том;
Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушылармен сәлемдесу
ә) Дәрісхана тазалығына көңіл бөлу
б) Оқушыларды түгендеу
2. Білімнің өзектілігі:
1. Жырау дегеніміз кім? (Жырау — жырды өз жанынан шығарып айтатын және эпикалық дастандар мен толғауларды орындайтын халық поэзиясының өкілі).
2. Жыршы деген кім? (Жыршы – жыр айтушы, таратушы. Жыршылар домбыраның не қобыздың сүйемелдеуімен мақаммен, әнмен айтады).
3. Дәстүр жалғастығы дегенді қалай түсінесіңдер?
3.Жаңа тақырып
Дулат Бабатайұлының шығармашылығы біз «Зар заман әдебиеті» деп бөліп қарастырып жүрген әдеби ағымның көш басында тұр. Ол жасы жағынан да, әдебиетке келуі жағынан да осы ағымның өкілдері Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Әбубәкір Кердері, Албан Асан, Нарманбет Орманбетұлы сияқты марғасқалардың алдында болып есептеледі. Сондықтан оны ең бірінші ХІХ ғасырдағы қазақ қоғамын өз билігінен айырған Ресей патшалығының отарлаушыларына қарсы, қазақ даласындағы әлі де болса дербес хандық биліктің жойылуына қарсы алғаш үн көтерген, патша билеушілерінің шылауындағы аға сұлтан, ұлықтарды оңдырмай сынаған, сол дәстүрді қалыптастырушы жаңашыл ақын ретінде тануымыз қажет. Академик Р.Сыздықова: «Дулат – жыраулық мектептен шығып, ақындық мектепті күшейткен суреткер», – дей келіп, «Дулаттың өлеңдері бұрынғы жырауларды былай қойғанда, тіпті кешегі Бұқар толғауларынан, одан қалды өзімен тұстас ақындардың туындыларынан мүлде өзгеше дүниелер» – деп қорытындылайды. Міне, қазіргі алдыңғы қатарлы ғалымдарымыз осындай үлкен баға беріп отырған хас суреткердің туындыларындағы халықтық үлгілер, әлеуметтік үн, көркемдік шындық, көркемдік тәсіл, өлең құрылысындағы жаңалықтар өзінен кейінгі Абай Құнанбаев бастаған классикалық поэзияны дамытушы буынға айнымас алтын қазық іспетті болды. Сөз жоқ, Дулат Бабатайұлы өзінің алдындағы дәстүрдің қайнарынан қанып ішкен, өзінен кейінгі ақындық дәстүрді дамытушыларға тыңнан түрен салып берген қайталанбас тұлға.
Туған жері: қазіргі Семей обласы, Аягөз ауданы.
Қызметі: жыршы, заманы туралы терең толғаған ойшыл, әсем тілмен өрнектеген ақын. «Зар заман» ақындары аталған ағымның алып тұлғасы. Қазақ халқының қиын халін көрген, орыс отаршылдығын жаны ауыра жырлаған ақын.
Мұсылманша сауат ашып оқыған, өз кезіндегі көзі ашық, алдыңғы қатарлы адамдардың бірі. Оны Абай ақынның ұстазы деуге болады.
Шыққан тегі- найманның Қаракерей тобы.
Ақын жырлары 19ғ-дың 30-40 жж тарихи жағдайларға байланысты туған.
Дулаттың өзіне тән ерекшеліктері:
Поэзияда бірінші рет қазақ жұртын тұтас алып қарай отырып, оны елбасшысынан бұқара халықты айыра бөліп алып сөз етуі;
Патша өкіметінің отаршылық езгісін қоса сынау дәрежесіне дейін көтеру;
Ол сыпыра жамандап, түңілудің ақыны емес, әрі көзсіз дақпыртпен мадақтауға да жоқ;
Ол бұқара халықтың мұңын мұңдап, жыртысын жыртты.
Дулат өлеңдерін алғаш жеткізген- Байділда(1839-1919)
1880ж өлеңдері «Өсиетнама» деген атпен алғаш Қазанда басылып шыққан (баспаға даярлаған Мүлкен Сейілұлы). Жинақтағы жыр көлемі 800 жолдай.
«Еспенбет» атты поэмасы бар.
1939 ж құрастырылған хрестоматияда (С.Мұқанов, Қ.Бекхожин) ақын аты алғаш рет кездеседі.
Дулат өлеңдері еркін ұйқасты 7-8 буыннан тұратын жыр үлгісінде болып келед.Ақының кіргізген бір жаналығы кейбір толғауларынаң шумақтарында өзара қайталап отыратын заңдылығы бар.
Өлеңдері:
«О,Аяқтан жас,Ақтан жас»
«Аягөз,қайда барасың?»
«Тегімді менен сұрасаң»
«Кесеңбайға»
«Сүлейменге»
«Атаны бала алдады»
«Ақжайулау мен сандықтас»
«О, Сарыарқа!... »
«Ақтан жас»
«Ешенге»
«Саршымшық»
« Айтпасымды айтқызды»
«О, Барақ жас, Барақ жас»
« Еспенбет» поэмасы
Ақынның ел өмірінің ескі бір тақырыбына құрып, жазба әдебиет үлгісінде шығарылған бұл поэмасы 19- ғасырдағы қазақ әдебиеті үшін жаңалық еді.
Еспенбеттей ер қайда?
Еспенбеттей ер туса,
Ер күтетін ел қайда?-
Деген жолдармен аяқталады. Шығарма, міне, осы аңсардан, яғни ақынның күллі шығармашылығына ортақ елге тірек ер, көсем шықса , халық соның қасынан табылса деген идеядан туған.
«Еспенбет» поэмасы батырлар жырының үлгісінде жазылғанымен , онда, қиял- ғажайып оқиғалар, тылсым күштер, нанымсыз әсірелеулер атымен жоқ. Бас қаһарман Еспенбет те, оның Ақберте аты да, қазақ батырлары да –бәр-бәрі өмір шындығы аясында алынып суреттеледі.
«Еспенбет» поэмасында ұлттық психология, салт- сана, тарбие- өнеге үрдістері молынан көрінеді.Поэма көлемі шағын болғанымен, мазмұны бай, бөтен сөз, бөгде шумақтардан таза жинақылығымен де ерекшеленеді. Елге қорған тұлганы аңсаудан тұған «Еспенбет» поэмасы- ХІХ ғасыр әдебиетінде елеулі орын алатын көркем туынды.
4. Жаңа тақырыпты бекіту
1-тапсырма:
Оқулықтағы берілген материалдарға сүйене отырып, 19- ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ елінің тарихи-әлеуметтік жағдайы мен оның Дулат Бабатайұлы шығармаларына тигізген әсерін баяндап беріңдер.
Сырым Датов, Исатай Тайманов, Махамбет Өтемісұлы, Кенесары Қасымов бастаған күрестер мен олардың сол кезең әдебиетіндегі көрінісін сипаттап беріңдер.
Дулат Бабатайұыл мен Мұрат Мөңкеұлының қандай өмірді ұнатып аңсағанын немесе жек көріп жиренгенін тезис түрінде жазыңдар.(Егер қолдарыңда Мұрат Мөңкеұлы туралы деректер аз болса, оның орнына 19- ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген кез келген басқа ақынды таңдап алуға болады).
Кестені толтырып, оған әлеуметтік зерттеу жүргізіңдер. Қандай ұқсастықтар мен айырмашылықтар барын байқаңдар.
Тақырып
|
Кім қалай айтады?
|
Дулат
|
Шортанбай
|
Мұрат
|
Махамбет
|
|
|
|
|
|
Сенің ойың бойынша кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс, әлде бәрінікі де дұрыс па? Оқулықты пайдалана отырып, осы сұрақтарға жауап іздеп көріңдер.
2-тапсырма.
«Ақжайлау мен Сандықтас», «Тегімді менің сұрасаң», «Байғыз» деген өлеңдері бойынша Дулат Бабатайұлының автопортретін жазып беріңдер.
Сөз маржан(сөздікпен жұмыс)
мүйіс жер-құрлықтың теңізге,көлге сұғына еніп жатқан бөлігі
ебі кеткен ел- берекесі кеткен
қаламының қшын безеу- өлеңмен жазылған сын
Әдебиет теориясы
Аллитерация, ассонанс.
Түніменен түйіндік,
Таң атқанша тарандық.
Таң ағарып атқан соң,
Төңірек жаққа қарандық. (бірыңғай дауыссыз дыбыстарды қайталау-аллитерация)
Ашу деген-ағын су,
Алдын ашсаң, арқырар.
Ақыл деген-дария,
Алдын тоссаң, тоқырар. (Ассонанс-бірыңғай дауысты дыбыстарды қайталау)
5. Сабақты қорыту
Пысықтау сұрақтарын қою арқылы сабақты қорытындылау.
6. Бағалау
7. Үй тапсырмасы Д. Бабатайұлының «Аягөз» өлеңін жаттау, «Еспембет» поэмасын оқу,
теңеу,эпитет, метафораға мысалдар жазып келу.
8.Рефлекция
Оқытушы ___________________
(қолы)
\
№ 4 Сабақ жоспары
Пәні: Қазақ әдебиеті
Оқытушы: Дюсембекова Ардақ Қанатханқызы
Тобы: ____________, _________ , __________, __________ ,_________
Сабақтың өтілу күні:
Сабақтың тақырыбы: М.Өтемісұлы «Менің атым Махамбет», «Тайманның ұлы
«Исатай»
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: М.Өтемісұлының өмірі мен
шығармашылығынан мәлімет беру,өлеңдерін
талдап,мағынасын ашу.Оның сөз өнерінде
ерекше дарын иесі екенін таныту, оқушылардың
ой-өрісін кеңейтіп, сөздік қорын байыту.
ә) дамытушылық: өтілген материалды тиянақты
меңгерту, жүйелі ойлауға, ойын әсерлі жеткізуге,
шығармашылық ізденістерін арттыруға ықпал жасау.
б) тәрбиелілік:Тілін сүюге, адамгершілікке,ізгілікке
баули отырып,тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Оқыту технологиясы: Қ.Бітібаеваның әдебиетті оқытудың инновациялық
технологиясы
Оқыту әдістері : баяндау, әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Ресурстар:(көрнекіліктер): М.Өтемісұлының портреті, сызба-кестелер, тест
Тапсырмалары, қосымша материалдар.
Пәнаралық байланыс: тарих
Пайдаланылған әдебиеттер мен интернет ресурстар:
1.С.Ч.Тұрсынғалиева, А.Ж. Такишева «Қазақ әдебиеті» 10-сынып оқулығы,Арман-ПВ баспасы-2014
2.С.Ч.Тұрсынғалиева, А.Ж. Такишева «Қазақ әдебиеті» хрестоматия, 10-сынып, Арман-ПВ баспасы-2014.
3. Х. Сүйіншәлиев «ХІХ ғасыр әдебиеті», 1-том;
Сабақтың барысы:
1.Ұымдастыру кезеңі
а) Оқушылармен сәлемдесу
ә) Дәрісхана тазалығына көңіл бөлу
б) Оқушыларды түгендеу
2. Білімнің өзектілігі:
1Д.Бабатайұлының өмірі мен шығармашылығынан сұрақтар қою.
а) «Аягөз» өлеңін жатқа сұрау.
ә) Д.Бабатайұлының «Еспембет» поэмасы қандай идеядан туған?(Дулаттың ел өмірінің ескі бір оқиғасы жайындағы бұл поэмасы оның шығармашылығына ортақ елге тірек ер, көсем шықса, халық соның қасынан табылса деген идеядан туған )
б) Д.Бабатайұлының басқа ақындардан ерекшелігі неде?
с) Поэмадан үзіндіні жатқа сұрау.
Еспембет батыр образын талдау.
Достарыңызбен бөлісу: |