Сабақ жоспарлары қазақ әдебиеті пәні ( атауы)



бет2/5
Дата31.12.2019
өлшемі338,81 Kb.
#54094
түріСабақ
1   2   3   4   5

3.Жаңа тақырып

  1. Махамбеттің есімі- өмірдегі қасіретт.ің синонимі, өнердегі қасиеттің символы.Махамбет өлеңі- қазақ сөзінің қайталанбас құдіреті: әрбір буыны мен бунағы, тармағы мен шумағы мұншалық тап-таза қорғасыннан құйылған ап-ауыр асыл сөз қазақтан басқа жер бетіндегі ешбір елдің өлең жырында жоқ, оның өзге тілге оңай аударылмайтыны да сондықтан.

З.Қабдоллов.

М.Өтемісұлы 1803 жылы қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданында дүниеге келді. Еділ мен Жайық арасындағы бұл аймақ тарихи әдебиетте Бөкей ордасы немесе Ішкі орда деп аталған. Осы өңірді жайлаған іргелі ауылдардың бірі- Өтеміс ауылы болыпты. Ақын «Біз ер едік» өлеңінде шыққан әулеті туралы:... « Санаулы сәнді орданың бірі едік»,- дейді. Бұдан Махамбеттің өнегелі ортада өскен текті атаның баласы екені көрінеді.

Ақынның:

Біз Өтемістен туған он едік,

Сол онымыз жүргенде,

Мың сан әскер қол едік,- дегені де шындыққа сәйкес келеді.

Өтемістің он баласы да кілең көкжалдар болып өседі. Сегізі 1836-1837 жылдардағы көтеріліске қатысқан.

Ерлік жырлары. «Ереуіл атқа ер салмай».

«Ереуіл атқа ер салмай» толғаулары көтерілістің алғашқы өрлеу тұстарын бейнелейді.1837 жылы(қараша) жұлдызының 12-сінен 13-іне қараған күні Исатай мен Махамбет Жайықты жарып өткен соң,далаға қонады.Күн суық боран екен.Далаға қонып тұрған жұрттың көбі жылы үй,жұмсақ төсек,қызыл шайды аңсаған кезде Махамбет жолдастарын жұбату үшін осы өлеңін шығарған екен.Махамбет елінің ертеңін ойлады. «Ереуіл атқа ер салмай»деген өлеңінің құрылымы күрделі.Бұл өлең ақынды- эпик ақын ретінде таныта түседі Бірақ өлең құрылымы өте қысқа жазылған.Өлең мұңды да қайғылы,елін-жерін ойлаған ақынның ащы зары естіледі.Ақын шұбыртпалы ұйқаспен, мағыналы ойлар бере отырып,сөз тіркестері арқылы,ереуіл атқа ер салмай,ерлердің ісі бітпейтінін ашық айтады.Мұндай адуынды өлең тек Махамбетке ғана тән.

Өлең жолдарында ереуіл ат,егеулі найза,тебінгі жер,терлі май,алты малта ас, ат үстінде,өзегі талып,түн қатып,темір қазық,қу толағай сияқты сөз тіркестері бар. Бұл өлең халықты ерлік күреске шақырып тұр. Бұл өлең бір ғана бағыныңқылы сабақтас сөйлемнен тұратын,шұбыртпалы өлең ұйқасымен, 19 тармақ,1 шумақ,17 дыбыстық қайталау үлгісінде жазылған өлең.

Махамбет ерлік тақырыбын қай ақыннан да асыра, жеріне жеткізе жырлаған.Оның ұғымынша, ерлік- елін сүйген адал перзенттің азаматтық қасиеті.Бұл оның «Ереуіл атқа ер салмай» деген өлеңінде жеріне жеткізе жырлаған.

Ереуіл атқа ер салмай,

Егеулі найза қолға алмай,

Еңку-еңку жер шалмай,

Қоңыр салқын төске алмай,- дейді ақын.

Ең ауыр қиын күндерде шығарылса да , өлеңде уайым, түңілістің нышаны жоқ. Онан жігер жалыны сыртқа теуіп тұр.Ақынның басқа да ерлік тақырыбында жазған жырлары «Қара нар керек біздің бұл іске», «Исатай деген ағам бар», «Есіл ер», «Ұл туса», «Тарланым» және т.б жырлары да жетерлік.
Махамбет өлеңдерінде қолданылатын сөздер:жер-су атаулары,туыстық атауы,қару-жарақ,қоғамдық-әкімшілік мәнге ие атаулар,кірме сөздер ,жаңа,ерекше сөздер,сөз тіркестері. Өлеңдерінің тақырыбы: ел,халық жайы,замана және адам.Түр жаңалықтары: шұбыртпалы ұйқас,кезекті ұйқас

Өтемістен туған он: Бекмағанбет,Махамбет,Тоқтамыс,Қожахмет,Ыбырайым,Әйіп,Хасен Ысмайыл, Сүлеймен,Досмайыл.

5. Сұрақтар мен тапсырмалар

1.Махамбет өлеңдерінің негізгі тақырыбы не? Жауаптарыңды өлеңдеріне сүйене отырып, дәлелдеңдер.

Берілген өлеңдерден Махамбеттің өз бейнесі қалай көрінеді?

2. Ақынның күйзелген кезі суреттелген өлең жолдарын тауып ,дәптерлеріңе жазыңдар.

3.Қолына найза алып , ата жауына қарсы шығар ұлдардың қандай болуы керектігі қай өлеңінде айтылған? Елін , жерін қорғау дегенді қалай түсінесіңдер.

4. Ішкі Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісінің басталуына не себеп болады? Қазақстан тарихы пәні бойынша алған білімдерің негізінде әңгімелеңдер.

5. Махамбет өлеңдерінің денін кімге арнайды? Ол неге “Исатай басшы , мен қосшы” дейді?

Міндетті деңгей

Махамбеттің Исатайға арналған өлеңдерін атаңдар. Онда көрініс тапқан батырға деген асқан сүйіспеншілік пен сыйластықты өлең жолдарынан тауып, дәптерлеріңе жазып алыңдар.



Мына өлең кімге арналған?

Ежелгі дұшпан ел болмас,

Етектен кесіп кең болмас.

Хан баласы ақсүйек,

Байеке , сұлтан сен болып,

Сендей нар қоспақтың баласы

Маған оңаша жерде жолықсаң,

Қайраңнан алған шабақтай

Қия бір соғып ас етсем,

Тамағыма қылқаның кетер демес ем.



4. Сабақты бекіту

6.Шығармашылық жұмыс. «Махамбет рухымен сырласу» тақырыбында өлең немесе ойтолғау жазу.

7.«Поэзия минуты» (Ақын өлеңдерін мәнерлеп жатқа айту)

8. М.Шаханов «Әке үкімі» Мұғалім жатқа оқиды.

Пысықтау сұрақтарын қою арқылы сабақты бекіту.

5.Сабақты қорытындылау

Тапсырма

Махамбет Өтемісұлының өлең жолдарын толықтырыңдар.

Ереуіл атқа ер.....,

Егеулі найза қолға....,

Еңку- еңку жер....,

Қоңыр салқын төске ....,

Тебінгі терге ....,

Терлігі майдай ...,



Әдебиет теориясы: Әдебиеттің қоғамдық мәні, Ассоннанс, аллитерация- дыбыстардың қайталануы

(Дәптерге жаздыру)



Тест сұрақтары

1.Махамбет Өтемісұлы қай жылы дүниеге келді?

а) 1803

ә)1801


б)1843

в)1856


г)1845

2. Қай жерде туған?

а)Шығыс Қазақстан облысы

ә)Құсмұрын ауданы

б)Жәнібек ауданы

в)Абай ауылы

г)Семей Облысы

3.Махамбет кіммен Орыңборға кетеді?

а) Жәңгір ханмен

ә) әкесімен

б)Исатаймен

в) Зұлқайнармен

г) Өзі жалғыз

4. Өтемістің әкесі қай жылы қайтыс болады?

а)1846

ә)1856


б)1876

в)1855


г)1817

5.Махамбет елге оралған соң Жәңгір хан оны кім етіп тағайындайды?

а) сұлтан

ә)старшина

б)би

в)кеңесші



г)ханның көмекшісі

6.Қай жылы Жәңгір хан жерлерді сұлтандарға бөле бастайды?

а)1871

ә)1862


б)1817

в)1830


г)1846

7.1829 ж. Қай бекіністе Махамбетті тұтқынға алады?

а) Семей бекінісі

ә)Бұхара бекінісі

б)Орынбор бекінісі

в)Түркісиан бекінісі

г) Қалмық бекінісі

8.Қай өлеңді М.Өтемісұлы жазды?

а) «Хал-ахуал»

ә) «Нарын»

б) «Аякөз»

в) «Ескендір»

г) «Залым төреге»

9.Махамбетті кім өлтірді?

а) Жәңгір хан

ә) Баймағанбет сұлтан

б) Исатай

в) Зұлқайнар

г)Сырым батыр

10.Қай жылы және қай жерде Махамбет қайтыс болды?

а)Қалмық бекінісінде 1817 ж.

ә)Батыс Қазақстанда 1876 ж.

б)Қарой ауданында 1846 ж.

в)Жәнібек ауылында 1803 ж.

г)Абай ауданында 1784 ж.

Жауаптары:

1.а, 2.б, 3.в, 4.г, 5.ә, 6.в, 7.г, 8.ә, 9.ә, 10.б.


  1. Бағалау


6.Үй тапсырмасы туралы ақпараттандыру:

М.Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы.М. Өтемісұлы өмір сүрген кезеңдегі Бөкей Ордасының жайы туралы «Қазақстан тарихы» пәнінен алған білімдеріңе сүйене отырып, баяндап келіңдер. «Менің атым Махамбет», «Тайманның ұлы «Исатай», «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңдерін жаттау.



7.Бағалау: студенттерді сабаққа қатысуына қарай бағалау.

8. Рефлексия:
Оқытушы ___________________

(қолы)


5 Сабақ жоспары
Пәні: Қазақ әдебиеті

Оқытушы: Дюсембекова Ардақ Қанатханқызы

Тобы: ____________, _________ , __________, __________ ,_________

Сабақтың өтілу күні:



Сабақтың тақырыбы: С. Аронұлы. «Бөрілі менің байрағым», «Ту алып жауға шапсаң сен»,өлеңі «Сүйінбай мен Қатаған» айтысы.

Сабақтың мақсаты:

С. Аронұлы.туралы тың деректер ала отырып, өмірі және шығармашылығымен таныстыру. Жаңа мағлұматтар,жаңа деректермен таныстыру.



Білімділігі:

С. Аронұлының қазақ әдебиетіндегі орнын анықтап шығармаларына талдау жасау, Өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын айқындау



Дамытушылығы:

Өлеңдеріне тілдік және құрлысына талдау жасай отырып, теориялық білімдері беки түседі. Талдау дағдылары жетілдіріледі, шығармашылық қабілеттері шыңдалады, ойлау, таным белсенділіктері арттырылады.



Тәрбиелігі:

Ұлттық рухани құндылықтарды бағалай білуге, адамгершілік қасиеттерін ұштай отырып бірін-бірі сыйлауға, пікіріне құрметпен қарауға қалыптасады.



Сабақтың типі: Білім, білік дағдыны бекіту

Сабақтың түрі: Іздендіру сабағы.

Оқыту технологиясы:

Оқыту әдістері: әңгімелеу,баяндау, түсіндіру, сұрақ- жауап.

Ресурстар:(көрнекіліктер) Таратпа кестелер.

Пәнаралық байланыс: Тарих.

Пайдаланылатын әдебиеттер мен интернет ресурстар:
1.С.Ч.Тұрсынғалиева, А.Ж. Такишева «Қазақ әдебиеті» 10-сынып оқулығы,Арман-ПВ баспасы-2014

2.С.Ч.Тұрсынғалиева, А.Ж. Такишева «Қазақ әдебиеті» хрестоматия, 10-сынып, Арман-ПВ баспасы-2014.

3. Х. Сүйіншәлиев «ХІХ ғасыр әдебиеті», 1-том;

Сабақ барысы:

1Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушыларды түгендеу

ә) Оқушы назарын сабаққа аудару

2. 2. Білімнің өзектілігі:

1. Балалар М.Өтемісұлы турала не айта аласыңдар? М.Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы.М. Өтемісұлы өмір сүрген кезеңдегі Бөкей Ордасының жайы туралы «Қазақстан тарихы» пәнінен алған білімдеріңе сүйене отырып, баяндап беріңдер.



Сұрақ.

2. Олай болса М.Өтемісұлы өз шығармаларында нені жырлады?

Заман сипатынан түңілген, халық үшін жаны күйінген жанның толғанысы өз заманына мысқалдап кіре бастаған сал-дәстүрімізге жат, ұлттық рухымызға тән емес қылықтар еді.

Сұрақ.

3. Махамбет поэзиясының тақырыбы мен идеясы туралы ойларыңды ақын өлеңдерінің мазмұнын негізге ала отырып, дәлелдеуге тырысыңдар.

4.Жатқа айтатын өлеңдерін сұрау.

Үй тапсырмасын даналық сөзбен қорытындылаймын:

Махамбет бұрын-соңғы қазақ ақындарының ішіндегі ең бір күштісі саналуға тиіс... Махамбет эжырлары өз заманындағы ең қанды, ең әсерлі сөз, көпшіліктің өз үні, өз тілі, өз арман-талабы. Бүкіл 19-ғасыр әдебиетінде қимыл мен күрес жырын Махамбеттей қып жырлаған ақын болған емес.Алды да, арты да бір өзі.



3. Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

Біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз С. Аронұлының «өмірімен танысу, «Әділеттік арнасы» шығармасын талдау»



4.Жаңа сабақ.
Сұрақ.

1. Балалар С. Аронұлының өмір сүрген кезіндегі тарихи жағдайлар турала не айта аласыңдар?

Міне , балалар, С. Аронұлының ақындық, азаматтық кезеңі осындай қиын кезеңмен тұспа-тұс келген екен.

Сұрақ.


2. Олай болса С. Аронұлы өз шығармаларында нені жырлады?

Заман сипатынан түңілген, халық үшін жаны күйінген жанның толғанысы өз заманына мысқалдап кіре бастаған сал-дәстүрімізге жат, ұлттық рухымызға тән емес қылықтар еді.


Сүйінбай Аронұлы (1815, Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарақастек ауылы – 1898, сонда) – айтыс ақыны.

Жасынан жыраулығымен елге танылған. Жамбыл ақын “Менің пірім – Сүйінбай, сөз сөйлемен сыйынбай” деп оны ұстаз тұтқан. Арғы атасы Күсеп Жиенқұлұлы (1701 – 1791) жауынгер ақын, жыршы, күйші, қобызшы болған. “Өтеген батыр” жырын шығарып, “Мың бір түн”, “Шаһнама”, “Көроғлы”, “Тотының тоқсан тарауы” дастандарын жырлаған. Күсептің үлкен ұлдары Жаңбыршы мен Жаманақ қазақ арасына жыршы, қобызшы, күйшілігімен белгілі болса, кенже баласы Арон (1750 – 1835) жастайынан өткірлігімен, мәмілегер шешендігімен ел аузына іліккен. Атадан балаға жалғасқан ақындық, шешендік өнер Сүйінбайға дарыған. Сүйінбайдың өзінен үлкен Жаманшал, Жұмық деген ағалары, Оспан атты інісі сыншыл, бірқақпай өлеңдерімен ауыл арасына танылған. Бұл жөнінде Жаманшал Сүйінбайға: “Отбасында мен жүйрікпін, шаршы топта сен жүйріксің” дейді екен.

Аумалы-төкпелі қоғамда өмір сүргендіктен, Сүйінбай сал-серіліктен гөрі қоғамдық-әлеуметтік істерге белсене араласқан.

Сүйінбай Аронұлының азаттыққа, ерлік пен елдікке арналған шығармасының бірі «Бөрілі менің байрағым» атты өлеңі.Бұл өлеңде жауға қарсы аттанған қазақ халқының батырлық бейнесі көрсетілген.

Бөрілі байрақ астында,

Бөгеліп көрген жан емен.

Бөрідей жортып кеткенде,

Бөлініп қалған жан емен!

Жау тисе жапан далада,

Бөрілі найза атамыз.

Сүйінбай ақын жырынан қасиетті даламыз-қазақ жерін мекен еткен ата-бабаларымыздың айбынды жорықтары, қанды майдандарының дабылды дауысы мен соғыс көріністері елестейді.

«Ту алып жауға шапсаң сен» өлеңінің көлемі шағын болса да, мазмұны өте бай бір ғана оқиғаны көрсетсе де оқиға желісі ширақ әрі екпінді.

Ел шетіне жау кірсе,

Беліне алмас ілетін.

Қызыл қырғын қан көрсе,

Тайсалмай барып кіретін.

Деп, өткенге көз жүгіртіп, ел басына күн туған заманда халық қорғаушысы бола білген батырларға сұрақ тастайды. Ел қиналған кезде ханға, сұлтанға, ақыл айтып, бұрынғы мен бүгінгіні салыстыра суреттеген.

«Сүйінбай мен Қатаған» айтысы.

Сүйінбайдың қырғыздың арқалы ақыны Қатағанмен айтысы – исі қазақтың мәртебесін көтерген шын мәніндегі патриоттық сезімінен туған шығарма. Бұл айтыс 1852 жылы қырғыздың Алыбай деген манабына берілген аста өтеді. Айтысар алдында Сүйібай «Екі елдің әруағын жарысқа сап, түспесін ортасына шаңырақтары» деп ескерту жасайды. Себебі Кенесарыға байланысты оқиғаның болып өткеніне небары төрт – бес жыл өткен еді. Қатаған қырғыз елін көп деп мақтағанынан ұсталады. Есесіне Сүйінбай қазақтың үш жүзге бөлінетін бүкіл елін, оның ерлігін, байлығын мадақтап мақтан етеді. Ал Қатаған мақтаған қара Бәйетіктің патшадан алған медалін Сүйінбай түкке тұрғысыз етеді.

Сүйінбай – сыншыл, мін таққыш өткір тілді өжет ақын. Оның шығармалары сатираның тамаша үлгісін таныта алады. Ащы мысқылы салмақты сарказммен ұласады. Сүйінбайдың поэтикалық тілге, шешендік өнерге жетіктігі, өткір кекесін сынға да лайық тіл тапқырлығы тамаша. Ол осылайша, халқына адал қызмет етіп өткен азамат ақын болды. Ел – жұрты үшін бар күш – қуатын жұмсады. Өзі сүйген халқымен оның пікірлері әр тұста да үндесіп, табысып жатты.
Кезінде Жамбылға ұстаз болған Сүйінбай ақындығы — өз бедері, өз сипатымен оқшау тұрған мәнді шығарма. Ол біз үшін алатаудай асқақ, сарқырама өзендей екпінді, нәрлі, саялы салқын, жанға жайлы, мәнді рухани азық.

Ой қозғау.

Ойымызды қозғайық.

Толғаныңдар әріден.

Бір-бірімізге деген сыйластық

Жоғары тұрар бәрінен

Оқушылардың түсініктерін тексеру мақсатында сұрақтар қоямын.

1.Ақын өлең арқылы нені мақсат етті?

2. «Жаманның көкірегі – көр, көзі соқыр» дегенді қалай түсінесің?


Оқушылар нақты күнделікті өмірден мысалдар келтіре отырып, ойларын ортаға салады.
Сабақты қорытындылау

1.С. Аронұлы өлеңдерінің мазмұны мен негізгі тақырыптарын көрсет.




Өлеңдерінің негізгі тақырыптары, мазмұны


Өлең атауы



«Бөрілі менің байрағым»




«Ту алып жауға шапсаң сен»





«Әділеттік арнасы»

Сүйінбай — халқымыздың поэтикасына жетік шебер тілді, жүйрік ақын. Бұған оның билер мен төрелердд сынап, мысқылдап айтқан өлеңдерінің өзі дәлел. Ақынның „Кәріілік" атты өлеңін еске алсақ, бұл да оның адамның қартая бастаған өмір белестерін айқын бейнелеп, шендестіре сөйлеуге ұста екенін танытады. 

Ақын боп жиырмада желдей болдым,

Отызда асқар биік белдей болдым.

Отыз асып қырыққа келгеннен соқ,

Қаптаған жердін, жүзін селдей болдым. 



Оқушыларды бағалау

Оқушыларды берген жауабына қарай бағалаймын.


Үйге тапсырма:

«Бөрілі менің байрағым», «Ту алып жауға шапсаң сен»,өлеңдерін жаттау. «Сүйінбай мен Қатаған» айтысын оқып, талдау.


Пайдаланылған әдебиеттер:

1.С.Ч.Тұрсынғалиева, А.Ж. Такишева «Қазақ әдебиеті» 10-сынып оқулығы,Арман-ПВ баспасы-2014

2.С.Ч.Тұрсынғалиева, А.Ж. Такишева «Қазақ әдебиеті» хрестоматия, 10-сынып, Арман-ПВ баспасы-2014.

3. Х. Сүйіншәлиев «ХІХ ғасыр әдебиеті», 1-том;

4.С.Қирабаев, Қ.Мырзағалиев «Қазақ әдебиеті» 10-сынып оқулығы, Алматы «Мектеп» 2003.

Оқытушы ________________

(қолы)


6 Сабақ жоспары

Пәні: Қазақ әдебиеті

Оқытушы: Дюсембекова Ардақ Қанатханқызы

Тобы: ____________, _________ , __________, __________ ,_________

Сабақтың өтілу күні:

Сабақтың тақырыбы: Шығарма .19-ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті
Сабақтың мақсаты:

Білімділік Студенттердің алған білімдерін практи-

калық жолмен бекіту, білімдерін тексеру.



3. Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын тек-

серу, ойлау, есте сақтау,көру қабілеттерін дамыту;

ойын түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеу-

ге жұмылдыру, ой-өрістерін кеңейту.



2. Тәрбиелігі: Ақыл-ой еңбегіне баулу,есте ұқыптылыққа,

таза, қатесіз жазуға тәрбиелеу.


Сабақтың әдісі: практикалық, жеке - ізденіс, мәселелік зерттеу.

Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.Дәрісхананың

гигиеналық талапқа сай болуын қадағалау.Оқушы-

ларды сабаққа дайындау.
2.Бақылау жұмысы: Бүгінгі күннің ретін, жазба жұмысының тақырыбын

жаздыру.


Жоспардың үлгісін тақтаға жазып түсіндіру.
Эпигрофқа қандай тақырып алу керектігін түсіндіру.
Жазба жұмысын жазып болғаннан кейін жинап аламын.


Оқытушы ___________________

(қолы)

7 Сабақ жоспары
Пәні: Қазақ әдебиеті

Оқытушы: Дюсембекова Ардақ Қанатханқызы

Тобы: ____________, _________ , __________, __________ ,_________

Сабақтың өтілу күні:



Сабақтың тақырыбы: Қашаған Күржіманұлы «Есқали сұпыға айтқаны», «Осы күні жолдас болдым сексенменен» өлеңдері, «Адай тегі» дастаны.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: 1. Ақын , жырау туралы, оның шығармашылығы жайында кеңінен мәлімет беру.

Дамытушылығы:Ақын өлеңдерін мәнерлеп оқуға дағдыландыру, жатқа айтуға үйрету, өлеңді талдауға шыңдау.

Тәрбиелігі: .Ақын шығармалары бойынша оқушыларды адамгершілік  қасиеттерге шақыру,  үлкенге ізет, кішіге қамқор болуға дағдыландыру, адами қасиеттерін бірінші орынға қоюға үгіттеу.Ұлттық рухани құндылықтарды бағалай білуге, адамгершілік қасиеттерін ұштай отырып бірін-бірі сыйлауға, пікіріне құрметпен қарауға қалыптасады.

Сабақтың типі: Білім, білік дағдыны бекіту.

Сабақтың түрі: Іздендіру сабағы.

Әдіс-тәсілдері: Тапсырмамен жұмыс, сұрақ жауап.

Көрнекіліктер: Таратпа кестелер.

Пәнаралық байланыс: Тарих.



Пайдаланылатын әдебиеттер мен интернет ресурстар:

1.С.Ч.Тұрсынғалиева, А.Ж. Такишева «Қазақ әдебиеті» 10-сынып оқулығы,Арман-ПВ баспасы-2014

2.С.Ч.Тұрсынғалиева, А.Ж. Такишева «Қазақ әдебиеті» хрестоматия, 10-сынып, Арман-ПВ баспасы-2014.

3. Х. Сүйіншәлиев «ХІХ ғасыр әдебиеті», 1-том;

4.С.Қирабаев, Қ.Мырзағалиев «Қазақ әдебиеті» 10-сынып оқулығы, Алматы «Мектеп» 2003.

Сабақ барысы:

1Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушыларды түгендеу

ә) Оқушы назарын сабаққа аудару

2. 2. Білімнің өзектілігі:

Сұрақ.


1. С. Аронұлы өз шығармаларында нені жырлады?

2.Сүйінбай мен қатаған айтысында қандай мәселелер көтерілген?

3. «Бөрілі менің байрағым» өлеңінің идеясын анықтаңдар?

4. «Сүйінбай-айтыс өнерінің алтын діңгегі» деген пікірді ақын шығармашылығына сүйене отырып дәлелдеңдер.


3. Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

Біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз С. Аронұлының «өмірімен танысу, «Әділеттік арнасы» шығармасын талдау»



4.Жаңа сабақ.
Қ.Күржіманұлының өмір  жолы тұралы төмендегідей мәліметтер  беріледі:

Ақын 1841 жылы 7 қаңтарда Түрікменстан Республикасының Ташауыз қаласына шектес қазақ ауылында дүниеге келген. Кіші жүздегі Байұлы ішінде Адай руынан, оның Қосай деген бөлімінен шыққан.

Әкесі Күржіман – кедейлікпен күн кешкен шаруа адамы. Жастайынан  әкеден жетім қалған Қашаған қабырғасы қатып, бұғанасы бекіместен кедейлік, жоқшылық тауқыметін көреді. Бірақ жетімдік болашақ ақынды тұмшалай алмады. Өмірдің ауыр тауқыметі  талапты жасты шыңдай түседі. Әкесі Күржіманның көзін көрген адамдар Қашағанның бойындағы жылт еткен ұшқынды байқап, оған қолұшын береді.

Жастай немере ағасы Сәрсенбайдың тәрбиесінде болады. Хиуа хандығының жергілікті әкімдерінен қысым көрген қазақ  ауылдарымен бірге Сәрсенбай да отбасымен Каспий сағасындағы Қараөзекке көшіп келіп орналасады. Бұл уақытта Қашаған 14-15 жаста болатын. Жағдайдың ауырлығы Қашағанды қатты толғандырады. Күн көрудің амалын ойлап, Көкжар жәрменкесіндегі Сергей деген саудагерге жалданып, Орынборға мал айдайды, мал соңында жүріп күн көреді. Бұл тұрмыс болашақ ақынды өжеттік пен қайсарлыққа тәрбиелейді.



Қашағанға ақындықтың қонуы туралы мынадай естелік бар:

«Жаздыкүні мал соңында арып-ашып жүрген Қашаған таяғын жерге шаншып, шапанын күрке етіп жата қалса, түс көреді. Түсінде бір қара кісі келіп, баланы қолынан тартып  тұрғызып:

– Дорбалап аласың ба, қапшықтап аласың ба? – деп сұрайды.

– Бергеніңді аламын, – дейді Қашаған. Қара кісі қолын жайып бата береді.

– Өнер бердім, елге шаш. – дейді. Сол уақытта оянып кетіп, жүрегі аузына тығылып, кеудесін бір нәрсе керіп бара жатады. Сөйтсе қой алыстап кеткен. Алқына жетіп мал соңына келгенде, алдынан жел айдаған бір түйеқарын малды дүрліктіре үркітіп, ұзатып әкетеді.  Ызаланған Қашаған осы жерде іле-шала өлең шығарады:

–Ассалаумағалейкум,  Түйеқарын!

Ақылыңнан адасқан сен бір жарым.

Қиыр шеттен келдің де қойды үркіттің,

Алдыңда білмейсің бе қойдың барын? – дейді де , іле түйеқарын боп жауап береді:

-Уағалейкумассалам, Түйеқарын,

«Ақылыңнан адасқан, – дейсің, – жарым»

Жол жүріп алыс жолдан келе жатсаң,

Алдыңда білер ме едің ненің барын?!

Ел аузындағы әңгімелерге қарағанда, Қашағанды жастай жиын-тойларға апарып, ақындық өнерге баулыған  – Қалнияз ақын. Сол өнеге ақын соңына көп мұра қалдырады. Адай, түрікмен, қарақалпақ елдеріне кең тараған халық әдебиет нұсқалары – соның айғағы.Ақын  бағзы заман дәстүрімен көп елді аралайды. Маңғыстау, Хорезм  аймағы мен Еділ, Жайық, Жем, Сағыз елдерінде болып, Құрманғазы мен Нұрым, Ақтан мен Мұрат, бала Ораз бен Қоспақ, Құлмамбет пен Жаскілең, Қашқынбай мен Ізімшайыр, Өмір мен Ығылман сияқты өнер саңлақтарымен кездескен.

Қашаған өлеңдерімен қоса «Атамекен», «Адай тегі», «Топан» атты дастан-хикаяларын да шығарған. Оларда  ақын бұқара өмірін суреттейді.

Нұрыммен, Ізбаспен, Ізіммен айтыстары өзіндік ерекше.

Ақын мұралары халық арасына ауызша тараған.

Ақын 1929 жылы 25 тамызда Маңғыстаудағы Құлат деген жерде дүние салған. Бейіті сол маңдағы Қырықкез деген жерде.

1991жылы Маңғыстауда ақынның 150 жылдығы  аталып өтті.

І.Жансүгіровтің «Көбікшашқан» поэмасы  осы Қашағанға арналған.

Шығармаларын талдау.

«ЕСҚАЛИ СҰПЫҒА АЙТҚАНЫ» – Қашаған Құрманғазы секілді серіктерімен қысты күні бір ауылға келіп түнемекке бекінгенде, малшы жігіттер үйіне адам қабылдамайтын Есқали деген сұпының үйіне сілтейді. Өйткені Есқалиды Қашаған арқылы сөзбен түйреп алу болатын. Ақындарды Есқали сұпы қабылдамайды. Оны келін-баласы өңменінен итеріп қарға құлатып тастайды. Оның домбырасын ұстап жатқан немересіне  «шайтанның ағашын ұстама» деп ұрысып,  ақынның домбырасын боқтайды. Сондағы Қашағанның Есқали сұпыға жауабы осы өлеңде өріледі. Домбыраның ағаштан жасалғанын айта келе, ағаштың пайдаға асар тұстарын, оның ішінде діни саладағы қызметтерін тілге тиек ете келе, «Өзіңді халық сұпы дейді, боқтағаның қай ағаш?» деп түйреп өтеді.

«ОСЫ КҮН ЖОЛДАС БОЛДЫМ СЕКСЕНМЕНЕН» – Ақын бұл өлеңде жасының шау тартып, кәрілік меңдеген кезеңін суреттейді. Ештеңеге пайдасыз қалғандығына налиды. Өлең  шіркіннің де қартайғаннан соң қашқандығын айтады. Баяғы қаумалаған көп достың бірде-біреуінің кездеспеуіне өкінеді. Өмірдің өткінші екендігін, сондықтан сол өмірді мәнді өткізу керектігін  өлең идеясына сыйғызған.

Қорытынды:   «Қашаған – қалқан қағыстырып, найза сілтемесе де, бүкіл ғұмыры күреспен өткен

ақын. Ол көргенсіз әдепсіздікпен, қаскөй қасиетсіздікпен,  дарақы даңғойлықпен,

қараңғы надандықпен, таңқы дүмшелікпен, қомағай тоғышарлықпен, алакөз

алауыздықпен, бетімен кеткен жүгенсіздікпен күрескен»                                                                                                                  (Т.Медетбек)



Сергіту минуты:  Қашағанның термесі «Тойбастар» орындалады.

Мұғалімнің сөзі: Ә.Кекілбаевтың мынадай ақын туралы әңгімесі бар:



  • «Қашекем Қырықкездегі ақ шаңқан кесененің астында жатпаған секілді. Ол қартайған шағында ат үсті, ер соқты жүрісті ауырсынып, шудасы тізесіне түскен, екі өркеші баладай атанға мініп, ел аралайды екен. Сол әдетімен желмая мініп жерұйық іздеп кеткен Асан бабасының артынан сол сары атанын сар желдіріп, елге ынтымақ, ерге ынсап, жалқыға парық, жалпыға пәтуа іздеп кеткен сияқты»

Ой қозғау.

Ойымызды қозғайық.

Толғаныңдар әріден.

Бір-бірімізге деген сыйластық

Жоғары тұрар бәрінен

Оқушылардың түсініктерін тексеру мақсатында сұрақтар қоямын.

1.Ақын өлең арқылы нені мақсат етті?

2. «Жаманның көкірегі – көр, көзі соқыр» дегенді қалай түсінесің?


Оқушылар нақты күнделікті өмірден мысалддар келтіре отырып, ойларын ортаға салады.


Сабақты қорытындылау

1.Қ.Күржіманұлының өлеңдерінің мазмұны мен негізгі тақырыптарын көрсет.


Өлеңдерінің негізгі тақырыптары, мазмұны


Өлең атауы



«Осы күн жолдас болдым сексенменен»






Қашаған Күржіманұлы — халқымыздың поэтикасына жетік шебер тілді, жүйрік ақын. Бұған оның билер мен төрелердд сынап, мысқылдап айтқан өлеңдерінің өзі дәлел. Ақынның „Кәріілік" атты өлеңін еске алсақ, бұл да оның адамның қартая бастаған өмір белестерін айқын бейнелеп, шендестіре сөйлеуге ұста екенін танытады. 

Ақын боп жиырмада желдей болдым,

Отызда асқар биік белдей болдым.

Отыз асып қырыққа келгеннен соқ,

Қаптаған жердін, жүзін селдей болдым. 



Оқушыларды бағалау

Оқушыларды берген жауабына қарай бағалаймын.


Үйге тапсырма:

Қашаған Күржіманұлы «Есқали сұпыға айтқаны», «Осы күні жолдас болдым сексенменен» өлеңдерін жаттау, «Адай тегі» дастанын оқу.



Оқытушы ________________

(қолы)


8 Сабақ жоспары

Пәні: Қазақ әдебиеті

Оқытушы: Дюсембекова Ардақ Қанатханқызы

Тобы: ____________, _________ , __________, __________ ,_________

Сабақтың өтілу күні:

Сабақтың тақырыбы: М. Мөңкеұлы «Үш қиян», «Шәлгез» «Қарасай - Қази»
Сабақтың мақсаты: Мұрат Мөңкеұлы туралы тың деректер ала отырып, өмірі және шығармашылығымен танысады. Оқулықпен қарама – қайшы келетін тұстарын салыстыру. Жаңа мағлұматтар, деректер алады.
Сабақтың міндеті:
Білімділігі: Мұрат Мөңкеұлының қазақ әдебиетіндегі орнын анықтап шығармаларына талдау жасайды. Өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын айқындайды. Зар заман ақындарының қоғамдағы орны, тыныс - тіршілігі жайлы түсіндіру.
Дамытушылығы:
Мұрат Мөңкеұлының өлеңдеріне тілдік және құрылысына талдау жасай отырып, теориялық білімдері беки түседі. Талдау дағдылары жетілдіріледі, шығармашылық қабілеттері шыңдалады, ойлау, таным белсенділіктері арттырылады.
Тәрбиелігі:
Ұлттық рухани құндылықтарды бағалай білуге, адамгершілік қасиеттерін ұштай отырып бірін - бірі сыйлауға, пікіріне құрметпен қарауға қалыптасады.
Сабақтың типі: Білім, білік дағдыны бекіту.
Сабақтың түрі: Іздендіру сабағы.

Оқыту технологиясы:

Оқыту әдістері: Тапсырмамен жұмыс, сұрақ жауап.

Ресурстар:(көрнекіліктер) Оқулық, ғаламтор мәліметтері
Пәнаралық байланыс: Тарих

Пайдаланылатын әдебиеттер мен интернет ресурстар:

1.С.Ч.Тұрсынғалиева, А.Ж. Такишева «Қазақ әдебиеті» 10-сынып оқулығы,Арман-ПВ баспасы-2014

2.С.Ч.Тұрсынғалиева, А.Ж. Такишева «Қазақ әдебиеті» хрестоматия, 10-сынып, Арман-ПВ баспасы-2014.

3. Х. Сүйіншәлиев «ХІХ ғасыр әдебиеті», 1-том;

4.С.Қирабаев, Қ.Мырзағалиев «Қазақ әдебиеті» 10-сынып оқулығы, Алматы «Мектеп» 2003.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушыларды түгендеу
ә) Оқушы назарын сабаққа аудару
3. Жаңа сабақ.
Мұрат Мөңкеұлы (1843 - 1906) - айтыскер ақын, жырау. Қазіргі Атырау облысы Қызылқоға ауданы Қарабау ауылында дүниеге келген. Жасынан жетім қалып, ағасы Матайдың қолында тәрбиеленген. Ауыл молдасынан білім алған. Есет би мен Абыл ақыннан өнеге алып, өзі Мұрын жырау Сеңгірбайұлына ұстаздық еткен. Мұрат Мөңкеұлы 17 жасында Жылқышы, 20 жасында бала Ораз, 25 - інде Жаскелең, Жантолы, Шолпан, Тыныштық сынды ақындармен айтысып, жеңіп шыққан. Ол өзінің өжет мінезі, қағытпаға жүйріктігі, тапқырлығымен әрдайым жеңіске жеткен.
Мұрат Мөңкеұлы елінің тәуелсіздігін аңсап, бодандыққа қарсы жыр толғады. Зар заман ақыны атанды. Ата қонысының отарлаушы талауына түскеніне налыған ақын өзі туып өскен даланың кешегі күнін сағынышпен еске алған. Оның «Әуелі жеңіп орыс Еділді алды, Сарытау, Аштарханның жерін алды. Тәмамы су мен нуды орыс ұстап, Қазақтың мұнан жұтап шалынғаны», «Қазақтың жер - мұрасы», «Кең қоныс қайдан іздеп таптырады?» деген жыр жолдары ақынның отаншылдық рухына дәлел болады.
«Үш қиян» шығармасы бойынша талдау жұмыстары.
Ақынның басты шығармасы - «Үш қиян». Мұнда ақын ескі дәстүрдің іргесі шайқалғанын, адамдар ниетінің бұзылуын сөз етеді. Құнарлы қоныстарды тартып алған отарлау нәтижесінде тұрмысы нашарлап, тығырыққа тірелген ел тағдыры ақынды тебірентпей қоймайды. «Үш қиян» толғауымен «Сарыарқа», «Әттең, қапы дүние - ай», «Қазтуған» жырлары үндес. Мұнда айтылатын басты нәрсе - жер, құтты қоныс жайы. Ол «Қарасай - Қази», «Шәлгез», «Ғұмар Қазиұлына айтқаны» атты жырларына діни аңыздарды негіз еткен. Білімді игермейінше елінің өркендемейтінін «Оқудан қайтқан азаматқа» өлеңінде аңғартады. Ақын мұрасының бір шоғыры - би - болыстарға айтқан арнау өлеңдері.
Мұрат Мөңкеұлы майталман жыршы, термеші ретінде де танылған.Термелерінде заман сырына үңіліп, өмір мен өлім, жастық пен кәрілік, сұлулық хақында толғанады.

Оқулықпен жұмыс жасау. Үзінділерді талдау.
Сабақты қорытындылау:
Шығармаларын Х. Досмұхамедұлы, С. Сейфуллин, М. Әуезов, С. Мұқанов, А. Тоқмағанбетов, Қ. Жұмалиев, Б. Омарова, Қ. Мәдібай, тағы басқа ғалымдар зерттеген. Кейбір шығармалары орыс тіліне аударылған.
Қазақ поэзиясының алтын қорынан өзінің лайықты орнын алатын Мұраттың «Үш қиян», «Сарыарқа», «Қазтуған», «Қарасай - Қази», «Шалкез жыраудың айтқаны» сияқты әйгілі шығармалардың біздің заманымызға жетуіне зор үлес қосты. Кейінгі зерттеушілер, қазақ әдебиеті үлгілерін жинақ етіп құрастырушылар Халел Досмұхамедұлының осы еңбектерін пайдаланды.
5. Сабақты қорытындылау:

6.Үй тапсырмасы туралы ақпараттандыру: Зерттеу жұмыстарын жүргізу.

7.Бағалау: студенттерді сабаққа қатысуына қарай бағалау.

8. Рефлексия:

Оқытушы _____ __

(қолы)

9 Сабақ жоспары


Пәні: Қазақ әдебиеті

Оқытушы: Дюсембекова Ардақ Қанатханқызы

Тобы: ____________, _________ , __________, __________ ,_________

Сабақтың өтілу күні:



Сабақтың тақырыбы: Шоқан Уәлиханов. «Ытыққөл күнделігі», «Жоңғар очергтері», «Қазақ халық поэзиясының түрлері»

Сабақтың мақсаты: Тақырыпты түсінуіне мүмкіндік жасай отырып, сыни тұрғысынан ойлай келе саралап, қорытындылай білу қабілетін дамыту.
1. Білімділік: Топтық жұмыста тиімді іс-әрекет пен ізгілік қарым-қатынасқа бейімдеу.
2. Дамытушылық: Логикалық тапсырмаларды орындату арқылы оқушылардың ойлау шеберлігін арттыру, өзіндік танымын кеңейту.
3.Тәрбиелік: Талантты және дарынды балалардың алға ұмтылуы;
Формативті бағалауды толыққанды жүргізе алу
Көрнекіліктер: Оқулықтар, Плакаттар, Маркер, стикер, Power Point таныстырылымы.
Сабақтың түрі: топтық жұмыс.
Сабақтың типі: жаңа сабақ

Оқыту технологиясы:

Оқыту әдістері: әңгімелеу, топпен жұмыс, сұрақ-жауап, түсіндіру.

Ресурстар:(көрнекіліктер)

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих,орыс тілі мен әдебиеті, географ

Пайдаланылатын әдебиеттер мен интернет ресурстар:

1.С.Ч.Тұрсынғалиева, А.Ж. Такишева «Қазақ әдебиеті» 10-сынып оқулығы,Арман-ПВ баспасы-2014

2.С.Ч.Тұрсынғалиева, А.Ж. Такишева «Қазақ әдебиеті» хрестоматия, 10-сынып, Арман-ПВ баспасы-2014.

3. Х. Сүйіншәлиев «ХІХ ғасыр әдебиеті», 1-том;

4.С.Қирабаев, Қ.Мырзағалиев «Қазақ әдебиеті» 10-сынып оқулығы, Алматы «Мектеп» 2003.

1.Ұйымдастыру кезеңі.
Сабаққа дайындықтарын тексеру және жағымды орта қалыптастыру.(2 мин)
Мұғалім: Сәлеметсіздер ме,балалар.
Мен сіздерге жақсы көңіл-күй тілеймін. Ал, сендер ше,балалар өз сыныптастарыңа қандай тілектер айтар едіңіздер. Қанеки, тілектерімізді, жылы лебіздерімізді ортаға салайық.
Оқушылар: Бір-бірімен еркін жүріп сәлемдеседі, бүгінгі сабақта бір-біріне сәттілік тілейді.
– Бүгінгі сабақта сәттілік тілеймін.
– Денсаулығымыз мықты болсын.
– Заманымыз тыныш болсын.
– Білімді болайық.
– Аспанымыз ашық болсын.
– Барлығымыз тату тәтті болайық.
(Оқушылар өз қалаулары бойынша стикерлер таңдайды(жұлдызша мен гулдер) осы сикерлер арқылы екі топқа бөлінеді)
Мұғалім: Рахмет,орындарыңызға жайғасыңыздар.
Сабақтың мақсатын жеткізу: Қазақтың тұңғыш әскери ғалымы, белгілі қайраткер

Ш. Уәлиханов туралы білімдеріңді толықтыра отырып,оның өмірі мен шығармашылық жолына, зерттеу жұмыстарына шолу жасаймыз.



2. Білімнің өзектілігі
1.М. Мөңкеұлы «Үш қиян», «Шәлгез» «Қарасай - Қази» шығармаларын сұрау.
2.«Үш қиян» толғауында қандай мәселе қозғалды?

3.М. Мөңкеұлының шығармаларын қандай ғалымдар зерттеген.



Жаңа сабаққа көшу
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Нысанбай Жаманқұлұлының «Кенесары- Наурызбай» дастанындағы Кенесары Қасымұлы (1802-1047) – мемлекет қайраткері, әскери қолбасшы, қазақ халқының 1837-1847 жылдардағы ұлт- азаттық қозғалысының көсемі, Қазақ хандығының соңғы ханы. Кенесары Шыңғыс ханның 27 ұрпағы, Абылай ханның немересі. Ендеше, сол, Абылайханның тағы бір ұрпағы, шөбересі дана Шоқан, дара Шоқан туралы не білесіңдер сол жайлы қағаз бетіне түсіріңдер. Сендер Шоқан туралы бұрында қазақ әдебиеті, тарих, география пәндерінен алған білімдеріңді ары қарай дамытыңдар.
1- топ суреттеу арқылы теңеу жазады
2- топ кластер арқылы Шоқанның кім екенін айтады.

-Балалар, қай заманда, қай ғасырда болмасын мәңгі өлмес тұлғалар болады. 19 ғасырдың 2- жартысында өмір сүрген, қазақтың дана да дара тұлғасы, артына өшпес мұра қалдырған ұлы ғалымы – Шоқан Уәлиханов.


Қазір біз сендермен ары қарай да Шоқан жайлы сөз қозғайтын боламыз.

Жаңа сабаққа көшпес бұрын сергіту сәтін жасаймыз. (Көз жаттығуы)


Балалар, ең бірінші адамға не керек?
– Әрине, денсаулық керек, сондықтан да жас кездеріңнен денсаулықтарыңды күтіп,шымыр да мықты болып өсу үшін салауатты өмір салтын ұстанып, жаман әдеттерден аулақ болуларың керек.

3.Жаңа сабақ
Шоқан туралы қысқаша тұсаукесер арқылы мағлұмат беру.

Шоқан Уәлиханов
(1835 -1865)
Шоқан (Мұхаммед-Ханафия) Шыңғысұлы Уәлиханов 1835 жылдың қараша айында қазіргі Қостанай облысы, Құсмұрын бекінісінде дүниеге келіп, 1865 жылдың сәуір айында Кербұлақ ауданы, Алтынемел жотасының етегінде Көшентоған мекенінде дүниеден өтті.
Атақты ғалым , кемеңгер ойшыл, от –жалынды азамат, ержүрек саяхатшы Шоқан Уәлихановтың есімі жұртшылыққа мәлім.Ол Орта Азия мен Қазақстанды зерттеудегі ұлы еңбегімен дүние жүзіне аты шықты.
Шоқан Уәлихановтың ұлы қасиеттерінің бірі – өмірін де,білімін де,асқан дарынды талантын да туған халықының игілігіне жұмсағандығы. Ол қараңғы даланың аспанынан сәуле түсірген шам-шырақтай аз уақыт жанды да, тез сөнді.Өз басы кішіпейіл, еңбекқор,елгезек,жарқын жүзді адам болды.
Шоқан 1847 жылы,12 жасында Омбының кадет корпусына түскенде,орысша бір ауыз сөз білмеген.Өзінің зеректігі,алғырлығы арқасында орысшаны тез үйренген.Корпустың соңғы кластарында Шоқан ғылым,философия,көркем әдебиет кітаптарын оқып,әлеуметтік тіршілікке көңіл аударған.
1854 жылы Шоқан генерал Госфортпен бірге ұзақ саяхатқа шығып, Аягөз, Тарбағатай, Қапал тауларын аралады. Алматы,Қарқаралы,Баянауыл,Көкшетау жерлеріне соғып, Омбыға оралады.
1856 жылдан бастап Шоқан қырғыз халқының тұрмысын, Ыстықкөл жағасын, Күнгей Алатау, Сарыжаз , Алматы, Қапал тауларын кезіп, халықтың әдет-ғұрпын, тұрмыс-салтын, әдеби мұраларын зерттеп, бай мағлұмат жинады.
1856 жылы Шоқанның Қашқарға жасаған саяхаты оның ғалымдық атағын көкке көтерді. Шоқанның бұл күнделік дәптері КСРО Ғылым академиясының мұражайында осы күнге дейін сақтаулы.
Шоқан Уәлиханов шығармалары ең алдымен, өз халқының тарихын, этнографиясын және фольклорын зерттеуге арналған.
Шоқан дүние жүзі әдебиеттерін көп оқыған шығармаларына пікір айтқан, зерттеген. Ағылшын, француз, неміс, орыс және түрік тілін жетік білген.

Мәтінмен жұмыс

Тындалым.


1. Іштей оқу
2. Дауыстап оқу,мәнерлеп оқу.(1-2 оқушы)
3. Мәтін астындағы жаңа сөздерді оқиды. (1 оқушы)
Мұғалім: Мәтінде не туралы айтылады?
Топпен жұмыс
1-топ Мәтіннің ішінен қырғыз халықтарының өмірі туралы айтады
2- топ Мәтінді оқи отырып Шоқанның Ыстықкөлге сапарының картасын сызады.

Ыстықкөл сапарының күнделіктері
19 мамыр. Бірінші Мерке өзені.
Біз Алатауды Қуулық жотасымен көтерілген кезде, алдымыздан биік жартасты сай шыға келді. Сайдың түбінде ағыны едәуір қатты Мерке жылғасы жатыр екен. Жоғарыдан қарағанда, өзеннің ағыны тамаша. Көк майса, оның жағалауларын екі жақтан жиектеп тал өскен…
Түп Ыстықкөлге құяды. Түпті бойлай шырша орманы қаптаған Таспа деп аталатын аласа таулар кетеді.
Таспаның арғы жағында Жырғалаң дейтін жылға ағады, ол да Ыстықкөлге құяды.
Санташ- «сансыз тас» деген сөз. Бұл асудың аты бір қорғанға үйілген толып жатқан тастан шыққан.
Тау қырғыздары Санташты жоңғар-қалмақтарды жеңу үшін қазақтың ханы Есім хан үйдірген дейді. Есім ханның бұл жерде болғаны да рас, қоңтайшыны жеңгені де рас.
…Орайы келгенде айта кетелік, Қарқара жылғасының аты жайында мынандай бір аңыз бар: « Қалмақтарға шабуыл жасаған кездерінің бірінде қазақтар осы өзеннің бойында Зайсанның екі қызын тартып алады. Қалмақтардың ауылы жаңа ғана көшіп кеткен екен. Қыздар жұртта жуынып – таранып, көш қонатын жерге сән – салтанатпен бармақшы болып аялдап қалған. Олардың сәукелесіне қадаған үкілері, қауырсындары бар екен. Қазақтар сол қауырсынды қарқара деген» Жылғаның Қарқара аталуы жайындағы аңыздың шығу тарихы осындай.
29 мамыр. Қарабатпақ жылғасының қасына түнедік.
2 маусым . Бұғы руындағы Боранбай Бекмұратов манаптың Тұлпарташтағы ауылына келдік. Бізге арналған үй биік жерге тігілген екен, ертеңгісін сол биіктен қарап тұрып, айналаны шола бастадық. Төмендегі сайда қырғыз ауылдары бар екен. Қырғыз ауылдарындағыдай, әдеттегі айқай- шу, иттердің үрісі, жұрттың әрлі- берлі жүрісі жоқ, бәрі де байсалды, жым- жырт. Ауылдың ішінде биелер сауылып жатыр. Бірнеше әйелдер үйлерінің жанында құрт қайнатып отыр. Мен манаптың өз үйін көргім келді. Боранбай әуелі үйім тар, бар мүлкімді тонап кетті деді. Бірақ мен қайта-қайта айтып қоймаған соң, ол райынан қайтты. Ақырында ол бізді үйіне шақырды. Мен зор сақтықпен тау етегіне түсіп, Боранбайдың ордасына аман- есен жеттім. Мен үйдің төріне барып отырдым. Үйде біздің қазақтарда болатын кереует те, сандық та, кілем де жоқ, бір сөзбен айтқанда, толып жатқан киізден басқа түкте жоқ. Менің астыма бір ғана тәуір кілем төселіпті. Үйдің ішіне от жағылады екен. Сол екі арада әйел аяқ қаптан кесе алып, қымыз құйды. Қызметші қырғыз қымызды алып, әуелі өзі ішіп көріп, бір кесені маған, екіншісін Боранбайдың өзіне әкеліп берді.Менің тау қырғыздарын көрсем деген тілегім орындалды…
Июльдің … күні. Ыстықкөлден кетуге бел байладым. Көріп, білмек болған нәрселерімнің бәрі бітті.
Алдымда Чат асуы тұрды. Турист есебінде, мен ғажайып оқиғалар іздедім.

Оқушыларға стикерлер беру арқылы 3 деңгейге бөлу. PISA тапсырмасын орындату.

І – деңгей


Жылғаның Қарқара атануы
ІІ – деңгей
Қыстың көзі қырауда ,Зайсанның екі қызы жуынып жүріп көштен қалып қояды.
Әрі қарай өрбітіңдер
ІІІ – деңгей
1. Аңызда айтылған жылғаның аты:
А) Тасқара
Б) Қарқара
В) Санташ

2. Шабуыл кімдерге жасалған


А) қазақтарға
Б) қалмақтарға
В) қырғыздарға

3. Зайсан өзенінің бойында қай жердің қыздарын тартып алады?


А) Зайсанның
Б) Меркенің
В) Қытайдың
4. Қыздар сәукелесіне не қадаған
А) үкі, қауырсындар
Б) көз моншақ
В) шолпы
5. «Қарқара» деп нені атаған
А) қауырсынды
Б) шолпыны
В) көз моншақты
Аңыз
Қарқара жылғасының аты жайында мынандай бір аңыз бар: « Қалмақтарға шабуыл жасаған кездерінің бірінде қазақтар осы өзеннің бойында Зайсанның екі қызын тартып алады. Қалмақтардың ауылы жаңа ғана көшіп кеткен екен. Қыздар жұртта жуынып – таранып, көш қонатын жерге сән – салтанатпен бармақшы болып аялдап қалған. Олардың сәукелесіне қадаған үкілері, қауырсындары бар екен. Қазақтар сол қауырсынды қарқара деген» Жылғаның Қарқара аталуы жайындағы аңыздың шығу тарихы осындай.
Жылға- ложбина
Қауырсын- перо птицы
Үкі- перья филина
Шабуыл- наступление, атака, нападение

Мұғалім: Күнделік туралы мәлімет беру


Күнделік – публицистикалық шығарма түрі. Қаламгердің өз көзімен көрген- білген жайларын есте сақтау үшін жазатын жанр.
Жаңа сабақты бекіту:

– Ал, балалар, көңіл- күйлерің қалай? Сонымен бүгінгі сабақта кім туралы айттық? Нені ойға тоқып, жадымызға сақтауға тиіспіз? Сол жайлы күнделік жазамыз.


5. Сабақты қорытындылау:

. Оқушылар бірін-бірі бағалайды.
Мұғалімнің қорытынды сөзі.
– Балалар, бүгін барлықтарың сабақта тамаша жұмыс істедіңдер. Сендерге үлкен рахмет! Шығыста «Сау дене, озат ақыл, адал көңіл- үшеуімен бақытты болады өмір»деген нақыл сөз бар екен. Сол айтқандай, дені сау,құрыш білекті, батыл жүректі, салауатты өмір салтын орнықтыруға дайын тұратын ұрпақ болып өсіңдер!
– Шоқандай шоқтығы биік, нар тұлғалы азамат болу әрқайсыңның қолыңнан келетін іс. Шоқанның көрегендігі сол, сонау 19 ғасырдың өзінде көп тіл білу, білімнің шыңына апаратын жол екенін білген.
Біздің Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Тұғырлы үш тіл туралы айтқан, айтып келеді, әліде айта бермек. Қазақ тілі, біздің мемлекеттік тіліміз деп қана қоймай, тек орыс тілінде сөйлеумен шектелмей , қазақ және ағылшын тілін қатар алып жүрсек, дұрыс болар еді.

6.Үй тапсырмасы туралы ақпараттандыру:«Мен- Шоқан болғым келеді…» тақырыбына эссе жазу. «Жоңғария очергтері» еңбегін оқып келу.

7.Бағалау: студенттерді сабаққа қатысуына қарай бағалау.

8.Рефлексия. Ой толғаныс.
Оқытушы ___________________

(қолы)


10 Сабақ жоспары

Пәні: Қазақ әдебиеті

Оқытушы: Дюсембекова Ардақ Қанатханқызы

Тобы: ____________, _________ , __________, __________ ,_________

Сабақтың өтілу күні:

Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин.Өлеңдері, әңгімелері.

«Азған елдің билері», «Жаз», өлеңдері «Атымтай Жомарт», «Мейірімді бала», «Қазақ хрестоматиясы» оқулығы.



Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ыбырай ағартушылық қызметінің, шығармаларының қыр-сырларын меңгертіп, мазмұнына , тереңдей бойлату,өлеңдеріне жан-жақты талдау жасай отырып тақырыбын ашу.

Дамытушылық: Оқушылардың ауызша және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыру,шығарманың мазмұнын аша білу қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: оқушылардың әдебиетке деген сүйіспеншілікиерін оята отырып, еңбек сүйгіштікке, табиғатты қорғауға, елжандылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Оқыту технологиясы:СТО технолоиясының элементтері

Оқыту әдістері: баяндау,әңгімелеу,сұрақ-жауап

Ресурстар:(көрнекіліктер) электронды презентация, интерактивтік тақта, , суреттер, Ыбырайдың шығармалар жинағы, баспасөз материалдары

Пәнаралық байланыс: тарих, география

Пайдаланылатын әдебиеттер мен интернет ресурстар:

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.С.Ч.Тұрсынғалиева, А.Ж. Такишева «Қазақ әдебиеті» 10-сынып оқулығы,Арман-ПВ баспасы-2014

2.С.Ч.Тұрсынғалиева, А.Ж. Такишева «Қазақ әдебиеті» хрестоматия, 10-сынып, Арман-ПВ баспасы-2014.

3. Х. Сүйіншәлиев «ХІХ ғасыр әдебиеті», 1-том;

Ы.Алтынсарин «Кел балалар оқылық»
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.

Оқушылардың назарын сабаққа аударып, оқу-құралдарын түгендеу.



2. Білімнің өзектілігі

«Мен- Шоқан болғым келеді…» тақырыбына жазған эссені оқыту, «Жоңғария очергтері» еңбегін сұрау.



3.Жаңа сабақт


  1. Ыбырай Алтынсарин кім?


Ақын ағартушы педагог


Ыбырай Алтынсарин


Жазушы оқулық авторы


Ғұлама шағын әңгіме шебері
1. Оқушылардың Ыбырай Алтынсариннің өмір жолы жайлы не білетіндіктерін сұрап, толықтыру.

2. Ыбырай Алтынсариннің қандай әңгімелері мен өлеңдерін білетіндіктерін еске түсіріп, мазмұнын айтқызу.



3. Балқожа би жайлы мәліметтер беру.


  1. Ыбырай Алтынсариннің өмір жолына шолу жасау.

Жылдар

Маңызды оқиғалар

1841 жылы 20 қазанда

Қостанай облысы Затабол ауданында туған.

1850 жылы

Орынбордағы қазақ балаларына арнап ашылған жеті жылдық орыс-қазақ мектебіне барған.

1857 жылы

«өте жақсы» деген бағамен бітірген.

1859 жылы

Орынбордағы шекаралық комиссияға тілмаш болған.

1859 жылы

Орынбордағы шекаралық комиссияның төрағасы, Шығысты зерттеуші белгілі ғалым,профессорВ.В.Григорьевпен жақын танысады.

1860 жылы

Торғай мектебіне мұғалім болып тағайындалады.

1864 жылы

Торғайдағы мектепті ашады.

1876 жылы

Петербург, Қазан қалаларына барады.

1876 жылы

«Қазақ хрестоматиясын» жазуға кіріседі.

1879 жылы

«Қазақ хрестоматиясы» Орынборда басылып шығады.

1879 жылы

Торғай облысы мектептерінің инспекторы қызметіне тағайындалады.

1881 жылы

Орск қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылады.




1879-1883 жылдары

Торғай қаласының төрт уезінде (Торғай,Ырғыз,Троиц,Ақтөбе) мектептер ашылады.

1983 жылы

Торғайда қолөнер мектебі ашылады.

1983 жылы

«Мұсылмандық тұтқасы» оқу құрал жазып шықты.

1887 жылы

Ырғызда тұңғыш қыздар мектебі ашылады.

1987 жылы

Қостанай уезінің Обаған және Жетіқара болыстарынан бір сыныптық мектептер ашылды. Жанынан қазақ балалары жататын 25 орындық интернат салдырды.

1889 жылы

Ауыр науқастан 48 жасында қайтыс болады.


Ы. Алтынсарин –«Қазақ хрестоматиясы оқулығының авторы.

1. «Қазақ хрестоматиясына енген тақырыптар қандай бөлімдерден тұрады?

А/ Балалар өмірінен алынған әңгімелер. Бұлар түрлі орыс хрестоматиясынан, көбінесе И.Паульсонның хрестоматиясынан алынды.

Ә/ Әр түрлі жинақтардағы адамдар өмірінен алынған әңгімелер.

Б/ Қазақ ақындарының ең таңдаулы өлең -жырларынан үзінді.

В/ қазақтың мақал –мәтелдері.


1. Білімге шақырған өлеңдері

«Кел,балалар,оқылық!» , «Өнер, білім бар жұрттар»

Табиғат туралы «Өзен», «Жаз».

2. Әлеуметтік теңсіздік:

«Залым төреге», «Әй, жігіттер», «Азған елдің хандары», «Азған елдің хандары», «Азған елдің билері», «Азған елдің билері»



3. Орыс жазушыларының аудармалары:

И.Б.Паульсонның «Книга для чтения и практических упражнений в русском языке», К.Д.Ушинский «Родное слово», Л.Н. Толстой, Крылов.


4. Қазақ ауыз әдебиеті «Лұқман хакім», «Жиренше шешен», Таза бұлақ», «Қар батыр», «Тазша бала», «Алтын айдар», «Қобыланды батыр»

Ыбырайдың өлеңдерін оқып, мазмұнын талдау.

«Жаз», «Өзен» -табиғат туралы

«Азған елдің билері, хандары,байлары», «Залым төреге»- ел ішіндегі теңсіздік, келеңсіздіктерді жырлайды.

«Әй, достары» атты өлеңінде қолдан келсе жас жеткіншектерге қолдан келсе жақсылық жаса, кең пейілді бол, өз еңбегіңмен күн көрге шақырады.

«Араз бол кедей болсаң ұрлықпенен» өлеңінде адал еңбекті, шындықты жырлайды
Ыбырай өлеңдеріне байланысты кестелер толтыру

Ыбырай сөзі

Қандай қасиеттерді айқындайды?

Араз бол кедей болсаң ұрлықпенен

Телмірме еш адамға мұңдықпенен






Оқысаңыз балалар,

Шамнан шырақ жағылар

Тілегенің алдыңнан,

Іздемей-ақ табылар.






Өнер-білім бар жұрттар,

Тастан сарай салғызды.

Айшылық алыс жерлерден,

Жылдам хабар алғызды.






Ақылсыз жанды досым деп,

Басыңды қосып, сыр айтпа.

Күндердің күні болғанда,

Ол жаман айғақ болар басыңа.






Кім сендерді, балалар, сүйетұғын,

Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын.

Түн ұйқысын төрт бөліп,кірпік қақпай,

Шешең байғұс дамылсыз жүре-тұғын.






Ы.Алтынсаринге қатысты сөздерді талдау.

1. «Ыбырай Алтынсарин –қазақ арасынан шыққан тұңғыш кемеңгер адам еді, ол өзінің қараңғы, көшпелі халқының ішіне еуропалық мәдениеттің жарық сәулесін таратты»

«Оренбурский листок» газетінен

2. «Қазақ халқы қарапайым, өнері жоқ халық, бірақ біз қарапайымдылықтың өзінен де көп жақсылық табамыз» Ы.Алтынсарин.



Сабақты қорытындылау

6.Үй тапсырмасы: Ы.Алтынсарин шығармашылығын оқу, талдау.

7.Бағалау: студенттерді сабаққа қатысуына қарай бағалау.

8.Рефлексия. Ой толғаныс.

Оқытушы ___________________

(қолы)


11 Сабақ жоспары

Пәні: Қазақ әдебиеті

Оқытушы : Дюсембекова Ардақ Қанатханқызы

Тобы: ____________, _________ , __________, __________ ,_________

Сабақтың өтілу күні:

Сабақтың тақырыбы׃ Абайдың поэзиясы. «Жаз», «Күз», «Желсіз түнде жарық ай», «Мен жзбаймын өлеңді ермек үшін», «Жігіттер ойын арзан күлкі қымбат», «Сегіз аяқ», «Адасқанның алды жөн, арты соқпақ» өлеңдері.

Сабақтың мақсаты: Абай Құнанбаевтың өмірі, шығармашылығы туралы түсініктерін пысықтай отырып, өлеңдерімен таныстыру.
Сабақтың міндеттері:
1. Білімділік: халқымыздың дана ақыны, ғұлама ойшылы, сазгер Абай Құнанбаевтың өлеңдері мен әндерінің таралуын насихаттау. Өлеңнің мазмұнын түсіндіру.
2. Дамытушылық: тақырып бойынша алған білімдерін пысықтау және тереңдету. Оқушының дүниетанымын кеңейту, өз ойларын тиянақты жеткізе білуге дағдыландыру.
3. Тәрбиелік: оқушыларды жақсы қасиеттерді бойға сіңіріп, адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, туған табиғатқа қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдістері: сұрақ - жауап, әңгімелеу, топтық жұмыс «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту»технологиясы
Сабақтың көрнекілігі: Абайдың портреті, өлеңдері, интерактивті тақта(түрлі - түсті слайд)
Пәнаралық байланыс: ән, қазақ тілі, орыс тілі.

Пайдаланылатын әдебиеттер мен интернет ресурстар:

1.С.Ч.Тұрсынғалиева, А.Ж. Такишева «Қазақ әдебиеті» 10-сынып оқулығы,Арман-ПВ баспасы-2014

2.С.Ч.Тұрсынғалиева, А.Ж. Такишева «Қазақ әдебиеті» хрестоматия, 10-сынып, Арман-ПВ баспасы-2014.

3. Х. Сүйіншәлиев «ХІХ ғасыр әдебиеті», 1-том;

4.С.Қирабаев, Қ.Мырзағалиев «Қазақ әдебиеті» 10-сынып оқулығы, Алматы «Мектеп» 2003.

5. Абай шығармаларының толық жинағы. 1-том, Алматы «Жазушы» баспасы 2005.


Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу.
II. Білімнің өзектілігі

1. Ы.Алтынсырин қандай оқулықтың авторы?

2. «Қазақ хрестоматиясына енген тақырыптар қандай бөлімдерден тұрады?

3. Білімге шақырған қандай өлеңдері бар?

4. Тұңғыш қыздар мектебін қай уақытта ашты?( 1887 жылы )

5.Ы. Алтынсарин өмір сүрген заманда білім беру ісі кімдердің билігінде болды?



III. Жаңа сабақ: Оқушылар екі топқа бөліп отырғызылған. I. Қызығушылықты ояту сатысы:
1 - слайд
• Бұл кімнің өлеңі? Қалай ойлайсыңдар?
2 - слайд
Дұрыс, Абай атамыздың өлеңі.
Басқа қандай өлеңдерін білесіңдер?
Қандай өлеңдерін жатқа білесіңдер? Кім айтады?
Оқушылар өлеңдерді мәнерлеп жатқа айтады.
Абай Құнанбаевтың өлеңдері туралы не білеміз?
II. Мағынаны ажырату сатысы:
ББҮ сызбаны толтыру.

Абай Құнанбаевтың өлеңдері туралы не білеміз? Оқушылар өз ойларын сызбаның «Не білемін?» бөлігіне жазады
4 - слайд
Енді Абайдың өлеңдеріне тоқталайық. Балалар, Абай Құнанбаев өлеңдерін әр түрлі тақырыпта жазған,топталып алынған.
Интерактивті тақтаға қарайық. Топқа бөлінген өлеңдерімен таныстыру.
5 - слайд Табиғат лирикасы
6 - слайд Өнер - білім туралы өлеңдері
7 - слайд Маххабат лирикасы
8 - слайд Көңіл күй лирикасы

Еңді әр өлеңге жеке - жеке тоқталайық. Жеке - жұппен - топпен жұмыс істейміз. Әр топтан бір оқушы өзіне берілген өлеңді мәнерлеп оқып шығады. талдайды.
Сұрақ - жауап:
Бұл өлеңдердің тақырыптары не?
Не туралы айтылған?
Ақын жас ұрпаққа не айтқысы келді?
Өлеңнің құрылысына қарай талдаймыз. Әр топтан бір оқушы шығып, өлең жолдарын талдайды. Жауаптарының дұрыстығын 11 - 12 слайд бойынша тексереміз.
11 - слайд
I топ
3 бунақты, 4 тармақты, бір шумақты, аралас буынды қара өлең ұйқасы.
12 - слайд
II топ
3 бунақты, 4 тармақты, бір шумақты, аралас буынды қара өлең ұйқасы.
III. Ой толғаныс сатысы
Тақтамен жұмыс
Абай Құнанбаевтың өлеңдерімен таныстық.
Енді сызбаның (4 - слайд) «Не білдім?» бөлігін толтырамыз. Оқушылар өз ойларын дәптер бетіне түсіріп, оқып шығады.
Абай атамыздың өлеңдері туралы не білгіміз келеді? Сызбаның «Не білгім келеді?» бөлігін толтырамыз.
Сабағымызды қорытындылай келе, Абай атамыздың алғашқы өлеңдер жинағының сақталған данасын көрейік.
13 - слайд
Семейдегі Абай мұражайы
Қорытынды: Автор орындығы «Мен ақын болсам қандай тақырыпта өлең жазар едім»
IV. Үй тапсырмасы туралы ақпараттандыру: Өлең жаттау. Сызбаның «Не білгім келеді?» бөлігіндегі сұрақтарға жауап жазамыз.
V. Бағалау: Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалау.
Рефлексия

Сабағымызды «Желсіз түнде жарық ай» әнімен аяқтайық
Оқытушы ___________________

(қолы)


12 Сабақ жоспары

Пәні: Қазақ әдебиеті

Оқытушы: Дюсембекова Ардақ Қанатханқызы

Тобы: ____________, _________ , __________, __________ ,_________

Сабақтың өтілу күні:

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаевтың қарасөздері. «Бірінші сөз», «Алтыншы сөз», «Он сегізінші сөз», «Он тоғызыншы сөз», «Жиырма бесінші сөз», «Жиырма тоғызыншы сөз».

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік. Қарасөз туралы теориялық түсінік беру, Абай қарасөздерінің сипатына тоқталу, тақырыптық жағынан талдау, өзіндік ерекшеліктерін, мағынасын ашу;
2. Дамытушылық. Оқушылардың ой - өрісін, өмірлік көзқарасын, сыни
ойлау, байланыстыра сөйлеу дағдыларын жетілдіру;
3. Тәрбиелік. Абай қарасөздерінің тәрбиелік мәніне назар аударту,
адамгершілікті, ізгілікті дәріптеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: ізденіс сабақ

Оқыту технологиясы: модульдік оқыту технологиясының әдістері

Оқыту әдістері: проблемалық ізденіс, талдау, ойын, топпен жұмыс,

Ресурстар:(көрнекіліктер)

Пәнаралық байланыс:тарих, музыка

Пайдаланылатын әдебиеттер мен интернет ресурстар:

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.С.Ч.Тұрсынғалиева, А.Ж. Такишева «Қазақ әдебиеті» 10-сынып оқулығы,Арман-ПВ баспасы-2014

2.С.Ч.Тұрсынғалиева, А.Ж. Такишева «Қазақ әдебиеті» хрестоматия, 10-сынып, Арман-ПВ баспасы-2014.

3.С.Қирабаев, Қ.Мырзағалиев «Қазақ әдебиеті» 10-сынып оқулығы, Алматы «Мектеп» 2003.



Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сабаққа назар аудару.
2. Білімнің өзектілігі.
Үйге А. Құнанбаевтың жатқа айтып келген өлеңдерін сұраймын.
3. Өткен тақырыпты пысықтау кезеңі.
а) «Сен - маған, мен - саған» ойыны. Топтар бір - біріне өткен тақырып бойынша сұрақ қояды.
ә) «Бөшкеден шыққан бас қатырғылар»
Абайдың қазақ әдебиетіндегі орны туралы ғалымдардың қандай пікірін білесіңдер?
Абайдың ән өлеңдерін атаңдар.
Реалистік сипаттағы шығармаларына қандай өлеңдері жатады?
Абайдың алғашқы өлеңі қандай?
Махаббат лирикасына жататын шығармаларын атаңдар.
Ақынның «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» деуінің мәні неде?
Ақын өлеңдерінің өміршеңдігі туралы айт.
4. Жаңа сабаққа даярлық кезеңі.
Күн ретін, сабақ тақырыбын хабарлау. Абайдың шығармаларын топтастыру арқылы оның қарасөздерін арнайы бөліп алып қарастыру мақсат етіп қойылады.
Жаңа сабақ.
а) Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Қарасөз туралы теориялық түсінік беру.
Қарасөз (проза) – көркем әдебиеттің үлкен бір саласы. Өлең сөзден бір айырмашылығы – онда сөз ырғағы еркін, өлеңдегідей қандай да бір белгілі өлшемдер болмайды. Қарасөздер саясат, публицистика, философия тұрғысында жазыла береді. Қара сөзбен жазылған көркем шығармада өмір құбылыстарын, әр түрлі уақиғаларды баяндау тәсілі айрықша болады.
Ал Мұхтар Әуезов қарасөз туралы: «Жалпы алғанда Абайдың қарасөз дейтін мұралары көркем прозаның өзінен бөлек, бір алуаны болып қалыптасады. Бұлар сюжетті шығармалар емес. Стиль, мазмұн жағынан алғанда осы шығармалар Абайдың өзі тапқан, бір алуаны көркем сөз түрі. Кейде бұлар сыншылдық, ойшылдық және көбінше адамгершілік, мораль мәселелеріне арналған өсиет, толғау тәрізді» [М. Әуезов. 20 томдық шығармалар жинағы 20 - т., 218 - 219] деп пікір айтқан. Демек, Абайдың қарасөздерінің өзіндік ерекшелігі – олар нақыл, өсиет түрінде келеді.
ә) Абайдың қарасөздері.
Абайдың толық жинағында 1890 - 1898 жылдар аралығында жазылған шығармалары «қарасөз» деп аталады. Абайдың қарасөздері – философиялық шығармасы. Жалпы саны - 45. Бұған «Бірер сөз қазақтың түбі қайдан шыққандығы туралы» деген тарихи мақаласы да қосылады.
Абай қарасөз жазудағы мақсатын өзінің 1 - сөзінде былай деп береді:
«... Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде - кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ». Бұл - ел қамын ойлаған ұлы ойшылдың өмір, қоғам, тіршілік, адамдар арасындағы қарым - қатынас жөніндегі көзқарасының жиынтығы, философиялық ой топшылауы еді.
1956 жылы Абайдың қарасөздерін алғаш жеке зерттеу обьектісі ретінде қарастырып, оны ХІХ ғасырдағы жазба әдебиетте үлкен орны бар прозалық шығарма деп бағалаған –

Х. Сүйінішәлиев. Бұдан бөлек С. Мұқанов, Қ. Бейсенбиев, Т. Әлімқұловтардың зерттеу еңбектері бар. Ұлы ақынның бұл философиялық мұраларын шет тілдеріне аударған Ғ. Мұқанов, С. Санбаев. 1933 жылы М. Әуезов қарасөздердің мағынасына қарай өзінше жүйелеп орналастырған.
Мәтінмен жұмыс. Топтарға Абайдың қарасөздерін бөліп оқыту.
1 - топ тапсырмасы: Абай қарасөздерінен қандай ерекшеліктерді байқадың?
Тұжырым жасау.
Сөйлемдері қысқа, мағынасы терең;
Оқушыға ой саларлық, ғибрат беруді көздей құрылған;
Қарасөздерінің көпшілігінде философиялық сұрау беріп, сол сұрауға өзі жауап беруге тырысады;
Кейбір қарасөздері өзімен - өзі кеңесу, ой - пікір білдіру үлгісінде құрылады. Бұл – Батыс, орыс ойшылдарының көп қолданған әдісі. Ғылым, көркемөнер, этика мәселелері туралы өз көзқарастарын білдіруде олар осы әдісті кеңінен пайдаланған.

2 - топ тапсырмасы: Абай қарасөздерінің тақырыптары қандай?
Қарасөздерін оқу, тақырыбына қарай топтастыру.
Өмірбаяндық: 1 - сөз.
Халықтарды салыстыру: 2 - сөз.
Қазақ сахарасын билейтін әкім, тергеуші, соттар жайында: 3 - сөз.
Күлкі туралы ойлаған ойы, сыны. 4 - сөз.
Қазақтың мақал - мәтелдері туралы: 5 - сөз, 29, 24 - сөз.
Ел мінезін суреттеу: 6, 8, 9, 10, 14, 19, 21, 22, 23, 26, 29, 30, 33, 39, 40, 41, 42, 43 - сөздер.
Жас баланың психологиясын еске алып талдаған сөз: 7 - сөз.
Білім, ғылым, өнер туралы: 18, 25, 31, 32 - сөздер.
Дін, мораль, тәрбие жайындағы ойлар: 12, 13, 16, 27, 28, 35, 36, 38, 45.
Адамгершілік, ар - ұят мәселелері: 11, 15, 17, 18 - сөз.
Өмір туралы толғаныстары: 20 - сөз, 34 - сөз
Нақыл сөздерден ғана тұратын қарасөзі: 37

3 - топ тапсырмасы: берілген қарасөздердің түйінін тауып оқыңдар.
Үлгі: 18 - сөзінде өзекті ой мына сөйлемдер арқылы берілген:
«... Тегінде адам баласы, адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі де - ақымақтық».
Дәптермен жұмыс.
Абайдың тек афоризмнен тұратын 37 - сөзін дәптерге түсіру, мағынасын ауызша түсіндіру.
Өмірмен байланыс.
1. Берілген нақыл сөзді қандай мақал - мәтелмен байланыстыра айта аласың?
2. Осы нақылға деген өмірлік көзқарасың қандай?
«Өзің үшін еңбек етсең, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың, адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, алланың сүйген құлының бірі боласың».
«Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес».
«Қайратсыз ашу - тұл, тұрлаусыз ғашық - тұл, шәкіртсіз ғалым – тұл».
5. Жаңа сабақты бекіту.
«Кім тапқыр?» ойыны арқылы бүгінгі сабақты қорытындылаймын.
1. Абайдың қарасөз жазудағы мақсаты не?
2. Қарасөз деген не?
3. Абайдың қарасөздерінің тақырыптары?
4. Қарасөздерінің ерекшеліктерін атаңдар.
5. Абайдың қарасөздерін зерттеген, шет тілдеріне аударған кімдер?
6. Қандай нақыл сөздерін білесің?
7. Абай қарасөздерін қай жылдар аралығында жазған?
8. Абай қарасөздерінен қандай тәлімдік ой түйдің?
6. Білімді бағалау.
Бағалау белгішелері арқылы оқушылардың өзін - өзі бағалауы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет