Проблемалық оқыту технологиясы



Дата07.02.2022
өлшемі5,38 Mb.
#89570
Байланысты:
c11d7cb3-cf39-4dd8-82b4-f9e4dccd12d4-7293d2e6-0cd4-4859-aed4-6af7564d536b-жанапедтех6

Проблемалық оқыту технологиясы

  • Орындаған: Жампоз Аяулым

С.Л.Рубинштейн, П.Я.Гальперин және т.б еңбектеріне сүйене отырып, орыс ғалымдары М. И. Махмутов, Т.В.Кудрявцев өткен ғасырдың 60-70 жылдарында проблемалық оқыту тұжырымдамасын жасады. М.И. Махмутов проблемалық оқытуды ғылыми дайын тұжырымдарды меңгеру барысында, өз бетінше жүйелі іздену әрекетімен байланыста болатын, дамыта оқытудың ерекше түрі деп есептейді. Мұндай жағдайда проблемалық оқыту дамытушылық, тәртіптілік, ізденушілік сияқты оқу процесі қызметтерінің негізі бөлшегі болады. Проблемалық оқыту теориясының негізін қалаушылар оқудағы ойлану қызметі тек қана жаңа білімді меңгеріп қана қоймай, сол мақсатқа жетудің жаңа тәсілдерін де үйрену деп есептейді.

Проблемалық оқытудың барлық міндеттерінің ішіне аса маңызды екі міндетті бөлу қажет. Біріншісі - оқытудың ғылыми дәрежесін артыру; екіншісі - ғылыми дүнеиетанымды қалыптастырудың тиімділігін арттыру. Проблемалық оқыту кезінде оқытудың ғылыми дәрежесін арттыру программаға ашылған жаңалықтар туралы материалды ендірумен ғана, ғылым негізері мен ғылымның логикалық құрылымдарын жақындатумен ғана емес, сондай-ақ, оның таным қайшылықтарын шешуге бағытталған методтарын оқып-үйренумен де қамтамасыз етіледі.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет