Сабақ жоспарлары қазақ әдебиеті пәні ( атауы)


Үй тапсырмасы туралы ақпараттандыру



бет3/5
Дата31.12.2019
өлшемі338,81 Kb.
#54094
түріСабақ
1   2   3   4   5

6. Үй тапсырмасы туралы ақпараттандыру Абайдың 10 қара сөзін жатқа оқу.

7.Бағалау

8.Рефлексия Ой толғау


Оқытушы ___________________

(қолы)


13 Сабақ жоспары

Пәні: Қазақ әдебиеті

Оқытушы: Дюсембекова Ардақ Қанатханқызы

Тобы: ____________, _________ , __________, __________ ,_________

Сабақтың өтілу күні:
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасы
Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Поэманың мәтіні арқылы идеясын ашу, кейіпкерлеріне

мінездеме жасау.



Дамытушылығы: Оқу, талдау, жоспар құру, мінездеме беру арқылы

оқушылардың ойын дамыту.



Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, іскерлікке, ізденіске, таным

белсенділігін арттыруға тәрбиелеу


Сабақтың әдісі: топтық , талдау,сұрақ-жауап

Сабақтың типі:

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту, аралас.

Оқыту технологиясы: Қ.Бітібаеваның әдебиетті оқытудың инновациялық технологиясы

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың көрнекілігі: Абай суреті, буклет, кітаптары, слайдтар

1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың назарын сабаққа аударып, оқу-құралдарын түгендеу.



2. Білімнің өзектілігі

1.Абай қара сөздерінің басты тақырыптары қандай?

2. Оқып келген қара сөздеріне талдау жасау.

3.Сатиралық образ деп қандай образды айтамыз? Абай жеке адам және оның келеңсіз жақтары жайында: «Әрбір жалқау кісі қорқақ, қайратсыз тартады, әрбір қайратсыз қорқақ, мақтаншақ келеді; әрбір мақтаншақ қорқақ, ақылсыз, надан келеді; әрбір ақылсыз, надан арсыз келеді; әрбір арсыз жалқау, жаннан сұрамсақ,өзі тойымсыз, өнерсіз, ешкімге достығы жоқ жандар шығады»,- деп түйеді.

Ұлы ойшылдың бұл қағидасы тек қазақ психологиясына ғана тән емес, адамзат дүниесіне, соның ішінде жағымсыз қылықты, мінез-құлықты жандарға тән.Ал нағыз қазақтың өзіне тән керенаулық пен арамзалығын Абай қалай әшкерелеген?

4.Жаңа сабақ

“Ескендір ”поэмасы – Абай поэмаларының ішіндегі елеулісі, ақынның гуманистік ой- пікірлерін тереңірек танытатыны.

Шығыс елдерінде Ескендір Зұлқарнайын деген атпен тараған, Еуропа Александр Макендонский деген атпен белгілі қолбасшының өмірі жайлы аңыздар негізінде жазылған. Ескендір тақырыбын Еуропа ақындарымен қоса, Шығыстың Фирдоуси, Низами, Жәми сияқты ақындары да жыр еткен.

Поэманың мәтінін алты топқа бөліп,мазмұнын баяндату

А) Патшаның жорығы

Ә) Бұлаққа кездесу

Б) Ескендірдің бұйрығы

В) Қақпаға кездесу

Г) Күзетшінің сөзі мен сыйы

Ғ) Өсиет(ақыл сөз). Өсиет – көпшілікке айтылатын уағыз, келелі кеңес түріндегі өлең

Ескендірдің іс-әрекеті : Әскер жиып қарулану

Жауға аттану

Қырып жою

Қаласын тартып алу

Мінездеме жасау

Баққұмар

Көрсеқызар Ескендір

Ел жаулағыш

Зұлым патша Тойымсыз

Бақпен озған патшадан, мимен озған қара артық”.

Хан ақымақ болса, жұртың ылаң болар”


Кешенді талдау

Шығарма аты:

Авторы:

Тақырыбы(идеясы):



Жанры:

Оқиға дәуірі:

Кейіпкерлері:

Шумақ :

Әр шумақ:

Бунақ саны:

Буын саны:

Ұйқас түрі:


5.Сабақты бекіту:

1.Әлемді қаһарымен сескендірген Ескендірге кімнің сөзі тосқауыл болды?

2.Тарихи тұлға әрекеттерін алға тартуда Абай нені айтпақ болған?Бүгінгі заман үшін өнегелік жағы неде?

3.Сюжет дегеніміз не ?



6. Қорытынды:

Поэмада Абай жауыздықты, ынсапсыздықты әшкерелей отырып, өмірдегі, жеке адамдар басындағы ондай қан құмарлық, көрсеқызарлық сияқты адамгершіліккке жат пиғыл мен жауыздық іс-әркеттерді ақылдың, білімнің, парасаттың, адамгершіліктің жеңіп шығатындығын, білек күшінен білімнің, парасат пен даналық күшінің артықшылығын көрсете білді.


«Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс»

Н.Ә.Назарбаев



7.Үй тапсырмасы: Аристотельге мінездеме жазу, поэмадан үзінді жаттау, кейіпкерлердің мінезін ашатындай мақал-мәтелдер жазып келу.

8. Бағалау
Пайдаланылған әдебиеттер:

1.С.Ч.Тұрсынғалиева, А.Ж. Такишева «Қазақ әдебиеті» 10-сынып оқулығы,Арман-ПВ баспасы-2014

2.С.Ч.Тұрсынғалиева, А.Ж. Такишева «Қазақ әдебиеті» хрестоматия, 10-сынып, Арман-ПВ баспасы-2014.

3. Х. Сүйіншәлиев «ХІХ ғасыр әдебиеті», 1-том;

4.С.Қирабаев, Қ.Мырзағалиев «Қазақ әдебиеті» 10-сынып оқулығы, Алматы «Мектеп» 2003.

Оқытушы ___________________

(қолы)


14 Сабақ жоспары

Пәні: Қазақ әдебиеті

Оқытушы : Дюсембекова Ардақ Қанатханқызы

Тобы: ____________, _________ , __________, __________ ,_________

Сабақтың өтілу күні

Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Жастарға», «Дүние мен өмір», «Ақындарға», «Кәрілік туралы» өлеңдері

Cабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларға Шәкәрім шығармашылығының табиғатын таныту, Шәкәрім тұлғасын толыққанды қарастыруға күш салу. «Жастарға», «Дүние мен өмір», «Ақындарға», «Кәрілік туралы» өлеңдерімен танысу.

2.Тәрбиелік: Оқушыларды ұлтжандылық рухқа, ізгілік пен ізденімпаздыққа үндеу.

3. Дамытушылық: Оқушылар дүниетанымын кеңейту,ой ұшқырлығына баулу.

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту

Сабақтың типі: аралас сипатта

Оқыту технологиясы: Модульдік технология, сын тұрғысынан оқыту технологиясы

Оқыту әдістері: әңгіме сұхбат, түсіндірмелік, өзіндік жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта, слайдтар.

Жабдықталуы: 1.Шәкәрімтану мәселелері. 2 том. Алматы. 2007 жыл.

Пәнаралық байланыс:

2.Өміріне байланысты суреттерді слайдтардан көру.( 5 слайд)

3.Оқушыларды «Сіз білесіз бе?» ақпараттық мағлұматтармен таныстыру.(Слайдтар арқылы) 2. «Ш. Құдайбердиев» (журнал)

«Қазақ тілі мен әдебиеті» журналдары.



Пайдаланылатын әдебиеттер мен интернет ресурстар:

1.С.Ч.Тұрсынғалиева, А.Ж. Такишева «Қазақ әдебиеті» 10-сынып оқулығы,Арман-ПВ баспасы-2014

2.С.Ч.Тұрсынғалиева, А.Ж. Такишева «Қазақ әдебиеті» хрестоматия, 10-сынып, Арман-ПВ баспасы-2014.

3. Х. Сүйіншәлиев «ХІХ ғасыр әдебиеті», 1-том;

4.С.Қирабаев, Қ.Мырзағалиев «Қазақ әдебиеті» 10-сынып оқулығы, Алматы «Мектеп» 2003.
Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу.

Дәрісхана тазалығына көңіл бөлу

Оқушыларды түгендеу

Шәкәрім қажының өмірі бойынша өткен материалдарға пысықтау жүргізу.

- Балалар, қазақ халқының рухани, мәдени, әдеби өмірінде өзіндік із қалдырған асыл тұлға, сөз өнерінің өрен жүйрігі,даналық ойдың дара зергері, әмбебап талант иесі Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі, шығармашылығы туралы қандай мағлұматтар білесіңдер?( оқушылардың жауабын тыңдау).



3.Жаңа тақырып.

1. Компьютерден Шәкәрім қажының өміріне байланысты гипермәтінді тыңдау.

1- слайд. Шәкәрім - Меккеге барып, қажы атанған адам.

2- слайд.Шәкәрім өз заманында ойшыл азаматтардың бірі атанған. Мекке сапары Шәкәрім үшін діни сапар ғана емес, ілім іздеу жолы болды. Ол аса бай Стамбул кітапханасында болады. Египеттегі Александрия кітапханасына қызмет еткен ғалымдардан сұрап, керекті кітаптарды жаздырып алады.

3- слайд. Шәкәрім тарихпен де айналысады. « Меккенің де, Мединенің де тарихтарын ақтардым», - дейді өзі. Бұл саладағы басты еңбегі – «Шежіре»

4- слайд. Шәкәрім түйеқарын өсімдігін қайнатып, қойылтып, оған ашудас қосып, қолдан сия жасай білген, өзі сол сиямен жазған.

5- слайд. Шәкәрім төрт тілге жетік болған: орыс, араб,түрік, парсы.

6- слайд. Шәкәрім өз тұсындағы құсбегі, мерген, аңшы болған.

7- слайд. Шәкәрім геометрия заңдарын үйренген, тік үшбұрыштың есебін білген.



8-слайд. Шәкәрім Л. Толстойды өзіне ұстаз тұтқан, онымен хат алысып тұрған.

4. Шәкәрімнің жұмбақтарын шештіру.

1. Тамам сөзді сөйлейді, сөйле десе,

Етінен ет кесемін сөйлемесе

Айт десем, айтпайтұғын жауабы жоқ,

Сүйгенімді сөйлеттім әлденеше.

2. Бір нәрсе жұртқа мәлім, көзден ғайып,

Ұстауға еш болмайды, қолдан тайып.

Не сынап, не түстеуге ұқсамайды,

Кейде көп, кейде кетер тіпті азайып.



5.Деңгейлік тапсырмалар орындау 1, 2, 3, 4 – деңгейде беріледі. 1 – деңгейдегі тапсырма мемлекеттік стандарттық деңгей, бұны орындауға барлығы міндетті. 2 – 3 – деңгей бірте – бірте күрделенеді және бұл тапсырманы орындауға оқушылар құқылы, ал 4 – деңгейді шығармашылықпен жұмыс істей алатын оқушылар орындайды. Әрине, барлық оқушылар 4 – деңгейді түгел орындап шығады деген артық. 1 – 2 деңгейді түгел жуық орындайды да, озат оқитындар алға кетеді.

4. Деңгейлік тапсырмалар:

І. Шәкәрімнің өмір жолы.Бірінші деңгей – білімнің минималдық шегі.

ІІ. Алгоритмдік саты. Өлеңін талдау.Екінші деңгей – оқушының шығарманы түсінуі, ұйқас, тармақ, бунақ, буын,троп түрлеріне талдау.

ІІІ. Эвристикалық саты. Өлеңдерін жатқа айту.Үшінші деңгей – осы өлең ұйқасына салып, өлең құрау.

ІV. Шығармашылық сатысы. « Мен таныған Шәкәрім» ( шағын ой толғау).

Төртінші деңгей – дарынды, ізденімпаз, қабілетті оқушыларға арналған.Мұнда оқушылардың сөздік қоры, ой ұшқырлығы бағаланады.

5. Сабақты бекіту.

Ұлы Абай әйгілі «Ескендір» поэмасын «Осы жұрт Ескендірді біле ме екен?» деген жолмен бастағаны белгілі. Біз бүгінгі сабағымыздың қортындысында осынау өлең жолын «Біз осы Шәкәрімді білеміз бе?» деп, сәл – пәл өзгерте қолдансақ... Білсек, кім деп білеміз?



«Топтастыру» стратегиясымен жұмыс:

5.Сабақты қорытындылау. Иә, Шәкәрім, ең алдымен, ақын. Ақын болғанда да, XІX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті тарихында Абайдан кейінгі тұлғалы ақын. Өз халқының болашағы үшін жанын ауыртып, тұйықтан шығар жол іздеумен болған.Келешек жастарға үлкен үмітпен қарап, сенім білдірген.

«Адам үшін – еңбегім,

Өмірден барлық тергенім.

Қалағанын қалап ал,

Мұрам сол, жастар,бергенім!»

6.Үй тапсырмасы туралы ақпараттандыру: Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығы туралы оқу, жатқа

7.Бағалау: студенттерді сабаққа қатысуына қарай бағалау.

8. Рефлексия:

Оқытушы ___________________

(қолы)


15 Сабақ жоспары
Пәні: Қазақ әдебиеті

Оқытушы: Дюсембекова Ардақ Қанатханқызы

Тобы: ____________, _________ , __________, __________ ,_________

Сабақтың өтілу күні



Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлының поэмалары «Еңлік -Кебек» дастаны
І. Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік. Шәкәрім мұрасын тереңдей

оқытып үйрету,дастанның мазмұнын

меңгерту, көркемдік

ерекшелігін ашу.



2.Дамытушылык. Логикалық ойлау

қабілеттерін, шығармашылық белсенділіктерін

шыңдау,көркем мәтінмен жұмыс істеуді дамыту.

3.Тәрбиелік Кейіпкертағдырына ортақтастыра

білу, қауымдасып жұмыс істеуге,

бір-бірінің пікірін дамыта отырып,

өзара сыйластыққа үйрету


Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың типі: аралас сипатта

Оқыту технологиясы: Модульдік технология, сын тұрғысынан оқыту технологиясы

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, пікірлесу, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, ақын портреті, интерактивті тақта.

Пәнаралық байланыс:

Пайдаланылатын әдебиеттер мен интернет ресурстар:

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.С.Ч.Тұрсынғалиева, А.Ж. Такишева «Қазақ әдебиеті» 10-сынып оқулығы,Арман-ПВ баспасы-2014

2.С.Ч.Тұрсынғалиева, А.Ж. Такишева «Қазақ әдебиеті» хрестоматия, 10-сынып, Арман-ПВ баспасы-2014.

3. Х. Сүйіншәлиев «ХІХ ғасыр әдебиеті», 1-том;

4.С.Қирабаев, Қ.Мырзағалиев «Қазақ әдебиеті» 10-сынып оқулығы, Алматы «Мектеп» 2003.
Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

2. Білімнің өзектілігі

3. Өткен сабақты қорыту.
4.Жаңа тақырып.

Топ оқушыларын 3 топқа бөлу.Топтық тапсырмалар беру.

1 топ Шәкәрім кім? Ол туралы не білесіңдер? Шәкәрім қандай өлең, дастандар жазған?

2 топ «Еңлік-Кебек» поэмасы кімнің ақыл- кеңесімен жазылған?Абайдың Шәкәрім

шығармашылығына тигізген әсері жайлы баянда.



3 топ «Еңлік - Кебек» поэмасының оқиға желісі қандай? Бұл поэманы қандай жанрға

жатқызуға болады? Өлең құрылысы жайлы баянда.

Оқушылар төмендегі тірек - кестелер бойынша тапсырмаларды айтып шығады
1 кесте

Ш.Құдайбердіұлы (1858-1931)

Туған жері - бұрынғы Семей облысы, Абай ауданы.

Абай басшылығымен араб, парсы, түрік, орыс тілдерін жетік меңгерген.

1905-1906 жылдары Меккеге қажылыққа барған.

Поэмалары: «Нартайлақ-Айсұлу», «Қалқаман-Мамыр», «Ләйлі-Мәжнүн», «Еңлік-Кебек», «Мұтылғанның өмірі».


2 кесте

«Еңлік –Кебек » 1891 жылы жазылған.

Оқиға болған жер – Шыңғыстау өңірі, 18 ғасырдың сексенінші жылдары.

Жанры – эпикалық-ғашықтық дастан.

Тақырыбы – екі жастың махаббат трагедиясы.

Идеясы – қоғамның әділетсіздігіне, озбырлығына қарсылық.

Өлең құрылысы –11 буынды, қара өлең ұйқасымен жазылған





3 кесте Поэманың композициялық – сюжеттік құрылысы

Р/с

Оқиға желісі

Оқиға өрісі

1

Экпозиция

Кебектің Нысан абызға бал ашқызуы

2

Оқиғаның басталуы

Кебектің аңға шығуы. Еңлікпен кездесуі.

3

Оқиғаның дамуы

Кебек пен Еңліктің байланысы

4

Оқиғаның шиеленісуі

Кебектің Еңлікті алып қашуы, сәбилерінің дүниеге келуі

5

Оқиғаның шарықтауы

Екі жасты өлтіруге шешім қабылдауы

6

Оқиғаның шешімі

Екі жастың өлімі, сәбидің тауда қалуы


4. а) Топтық тапсырма.

Әр топ оқушыларына кейіпкерлерге мінездеме бергізу.

І-топ

Еңлік-сұлу, намысшыл, қайсар, өз теңін іздеуші, антына адал, ақылды.

ІІ-топ

Кебек-батыр, сөзге берік, ержүрек т.б.

ІІІ-топ

Кеңгірбай-мінезі қатты кісі, қатыгез, ескі салтты қорғаушы .


ә) Пікірталас ұйымдастыру

«Еңлік пен Кебектің өліміне кім кінәлі?»деген тақырыпта пікірталас жүргізу

І-топ. Ру басылары кінәлі.

ІІ-топ. Екі жастың өздері кінәлі (Әр топ өз пікірлерін қорғап шығады).

ІІІ-топ. Сарапшы – қазылар ( қай топ ұтымды пікір айтады, соларға баға береді, қорытынды

шығарады).



Оқушылар пікірі:

1-оқушы : Екі жастың өліміне, менің ойымша, ру басылары кінәлі. Себебі, ру басылары екі жастың жалындаған махаббатына қарсы болып, оларға келісім бермейді. Ру басылардың пікірінше, екі жастың бұл ісі қылмыс, қателік болды және оларға өз ризашылықтарын бермеді.Егер ру басылары келісім бергенде бақытты да баянды өмір сүрер еді және жас сәбидің өліміне де себепкер болмас еді.

2-оқушы: Менің пікірімше, бұған екі жас кінәлі деп ойлаймын. Өйткені екі жас ата-анасының келісімінсіз алты айдай кездесіп жүріп, тауға қашып кетіп, балалы да болады.Ата-анасының келісімін алмай, нәтижесінде олардың зардабын сәбилер тартты.Әрбір адам дүниеге келген соң ата-анасының үмітін ақтап, ризалығын алу керек.Сонда ғана барлығы жақсы болады деп ойлаймын.

3-оқушы: Менің пікірімше, екі жастың өліміне ру басылары кінәлі.Себебі олар әрбір сүйген жандарды қоспай, қарсылық танытты. Бұл меніңше дұрыс емес. Шын сүйген жандарға ақ батасын беріп келісімін беру керек еді.Еңлік пен Кебекті ру ақсақалдары өлтіргенше, олар нағыз махаббаттың қандай екенін біліп, бақытты ғұмыр кешті.

5.Сабақты қорытындылау үшін берілетін сұрақтар:

Шәкәрімнің «Еңлік-Кебек » поэмасында қандай мәселе көтерілген?

Автор шешімімен келісесің бе? Егер сен автор орнында болсаң шығарманы қалай аяқтаған болар едің?

Шәкәрімнің осы поэма арқылы айтпақ ойы не ? Дастанды оқи отырып қандай ой түйдің?



6. Үйге тапсырма: « Ғашықтың тілі- тілсіз тіл» тақырыбында шығарма жазып келу.

«Еңлік-Кебек» поэмасы


7. Оқушыларды бағалау.

Оқытушы ___________________

(қолы)


16 Сабақ жоспары
Пәні: Қазақ әдебиеті

Оқытушы: Дюсембекова Ардақ Қанатханқызы

Тобы: ____________, _________ , __________, __________ ,_________

Сабақтың өтілу күні:



Сабақтың тақырыбы: Шәңгерей Бөкеев «Бұл дүние пәнилығын етеді екен», «Қайран жерім», «Қашқын» поэмасы

Сабақ мақсаттары:

а) білімділік: Шәңгерей Бөкеевтің өмірі, шығармашылығы, әдебиеттегі орны жөніндегі алған білімдерін жүйеге келтіру, ғылымиландыру.

ә) дамытушылық: оқушыларды ғылыми ізденіске дағдыландыру, әдеби талдау, жобалау, құрастыру, іскерлік қабілеттерін дамыту, біріге жұмыс алгоритмін атқаруға дағдыландыру.

б) тәрбиелік: мәнді, маңызды әрі адал өмір сүруге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту сабағы.

Сабақтың түрі: жобалау, оны дәлелдеу, қорғау сабағы.

Оқыту әдістері: көркем мәтінмен, ғылыми материалдармен жұмыс, проблемалық зерттеу, жүйелеу, модельдеу, жобалау.

Ресурстар:(көрнекіліктер) ақын портреті, баспасөз материалдары жинағы, оқулық, хрестоматия, кесте, сызбалар.

Пәнаралық байланыс: қазақстан тарихы

Пайдаланылатын әдебиеттер мен интернет ресурстар:



  1. С. Қирабаев, Ұ. Асыл, т.б. «Қазақ әдебиеті» 10-сынып оқулығы, Алматы: «Мектеп», 2010.

  2. З. Ахметов, Ұ. Асыл. «Қазақ әдебиеті» хрестоматиясы 10-сынып, Алматы: «Мектеп», 2010.

3. Н. Манаев «Шәңгерей өмірі жайлы деректер»;

4. Х. Сүйіншәлиев «ХІХ ғасыр әдебиеті», 1-том;

5. М. Тәжімұратов «Шәңгерей», Алматы

6. Б.Омаров «Зар заман поэзиясы». Алматы.



Оқушылардың дайындаған ғылыми проектісі:

Мақсаты: Шәңгерей Бөкеевтің өмір және шығармашылық жолы, әдебиеттегі орны мен зерттелуі туралы зерттеу, зерделеу, жобаға салу.

Міндеттер:

  • Автор туралы мәліметтерді тыңдау, жинастыру, жинақтау, модуль құрастыру;

  • Шығармашылық жолын зерттеу, талдау жасау, модульге түсіру;

  • Замандас ақындармен үндестігін табу, талдау, модульге түсіру;

  • Материалдарды жүйелеу арқылы шағын проект жасау, рәсімдеу;

  • Проектіні қорғау.

Жоспар:

  • Автор туралы оқулықтардағы материалдарды оқып танысу;

  • Қосымша зерттеу материалдарынан қажетті мәліметтерді теру;

  • Материалдарды талдау, теориямен дәлелдеу, модульдерге түсіру;

  • Жинақтаған барлық материалдарды жүйелеу, сызбаларға түсіру, проект жүйесіне келтіру;

  • Проект жасау, тексеру, рәсімдеу;

  • Проектіні қорғау.

Өзектілігі: қоғамдағы кертартпа қылықтардан бойларын аулақ ұстауды және экономикалық нарық саясатын түсіну арқылы өзін заманға пайдалы тұлға ретінде тәрбиелей, қалыптастыра білу.

Болжам: ақынның қоғамдық өмірдегі салмағын, жаңашыл өмірден алған тәжірибесін, көзқарасы мен мақсатын біліп-тану арқылы адамның тіршіліктегі маңызын түсінеді.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

- оқушылармен амандасу, көңілдерін сабаққа аудару, жұмысқа сәттілік тілек білдірту;

- жаңа сабақ тақырыбымен таныстыру, сабақ мақсатын айқындау.

2.Білімнің өзектілігі

Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығы.

Жатқа өлеңдерін сұрау.

3. Жаңа сабақ:

1. Мұғалім: автор және оның өмір сүрген заманы туралы қосымша әдебиеттер арқылы ақпарат көздерін береді, оқулықтағы материалдармен жұмыс істеуге нұсқау жасайды.

2. Оқушылар топтық негізде жұмыс жасайды:

І топ: «Шәңгерей кім?» бағыты бойынша жұмыс жасайды.

«Шәңгерей кім?» бағыты:

«Қазақтың адамгершіл, сыршыл, мәнді де мәнерлі

поэзиясының аты әйгілі ақыны».

Х. Сүйіншәлиев.



  • Көрнекті ақын

  • Қайталанбас қаламгер

  • Лирик

  • Кәсіби жазушы («Қара мұрт» әңгіме-роман, аяқталмаған)

  • Асыл сөздердің авторы

  • Жазба әдебиет дәстүрін орнықтырушы

  • Тегі – ақсүйек (Жәңгір ханның немересі)

  • Саятшыл (аңшылық, құсбегілік)

  • Көркемөнерді қадір тұтушы ( батыстық өлкеге мәлім бөкейлік әуен)

  • Меншікті шаруашылық үлгісін жасаушы (Көлборсы)

  • Ағартушы (мектеп ашты, өзі оқытты, мұғалім жалдады)

ІІ топ: «Шәңгерей өмірі» бағыты бойынша жұмыс жасайды.

«Шәңгерей өмірі» бағыты:

  • 1847 жылы Орал облысы, Орда ауданында, Жасқұс деген жерде дүниеге келген.

  • 1852 жылы әкесінен жетім қалып, әкесінің інілерінде тәрбиеленген.

  • Білімі: Ордадағы «Ай белгілі ақ мешітте» тәлім алады, сауат ашқан.

Астраханьдағы реальды училищесінде оқыған.

Орынбордағы Кадет корпусында оқып, орыс тілін үйренген, әдебиеті мен мәдениетін таныған.



  • Қызметі: Самар губерниясында бітімші сот болып істеген.

Сартау, Орал, Қазан, Уфа қалаларында жергілікті ұлықтар қатарында болған.

  • Атағы: дворян, Самар губерниясындағы дворяндар тізіміне тіркелген.

  • Иелігі: Көлборсы жерін жеке меншікке алып, жаңа үлгідегі тұрақжай жасайды.

  • 1872 жылы шаруашылықты басқа адамдарға тапсырып, таза өнермен айналысады. Сауық-сайран, саятшылық, аңшылық, өнерпаздық, өз бетімен оқу, жетілу, көркемдік өнердің түрлерімен шұғылданған.

  • 1911-1913 жылы. Оралда қазақ зиялыларының ұйымдастыруымен шыққан «Қазақстан» газетіне қаржылық көмек көрсеткен.

  • 1917 жылы өз қонысын тастап, Тайпақ ауданы, Төре төбесіндегі туыстарына келеді, оқшау өмір сүрген.

  • 1920 жылы Қаратөбеге қарасты Ақбақай деген жерде 73 жасында сүзек ауруынан дүние салған.

ІІІ топ: «Шәңгерей туралы сөз» бағыты бойынша жұмыс жасайды.

«Шәңгерей туралы сөз» бағыты:

  • «Шәңгерей – осындай қандыбалақ төрелерден шыққан, озбыр ортаның түлегі»

Х. Сүйіншәлиев «ХІХ ғасыр әдебиеті», 234-бет.

  • «Шәңгерей зар заман ақындары секілді көшпелі өмәрге жат жаңалықтарға қарсы болған жоқ. Қайта жаңа нәрсені ұлттың игілігіне пайдалануға үндеді. Ұлттың жаңа сапаға өтуінің негізі өнер-білімде деп санады».

Б.Омаров «Зар заман әдебиеті», 131-бет.

  • «Ақынның ой-сезім талғамы, қиялға негіздеме бейнеленіп, қоғам қайшылықтары, дәулет тексіздігінің сырын қарастырудан гөрі, жеке адамның өмірін, тіршілік жайларын дүниенің пәнилігіне ұштастыра, терең толғана суреттейді. Ақын қоғамдағы адамдарды топтарға бөлмей, бәріне ортақ ой түйер образдар жасауға шебер».

Б. Беспаева «ҚазҰУ хабаршысы», филилогия №1, 143-бет.

  • «Шәңгерей «Ел ауадан» соң халық боп қызынған әуелгі ес ала, ақыл шала көңіл-күй саябырсып, мұнан соң қазақ өлеңі де жуасып, «Зар заманға» аққұла ойысқан».

М. Тәжімұратов «Шәңгерей», Алматы, «Өлке», 1998, 74-бет.

3 топ біріге «Заман үні» бағыты бойынша ұжымдық жұмыс істейді, бірақ әр топтың өз тапсырмасы бар.



І топ: « Шәңгерей» туралы:

Ақынға сипатттама

Қазақ жазба әдебиетінің дәстүрін орнықтырушы, өз заманының қыр, сырын аңғартатын күрделі ойлар, көркем топшылауларды жыр еткен ақын.

Мақсаты

Оқығандарын өзінің ой елегінен өткізе отырып, жанына жақын, рухына сай ішкі нәр мен сыртқы сыр – бояуын таныту. Мысалы: «Жалғыздық жанға батса шер тарқатқан,

Қобыздай күңіренген қайран тілім!»,

«Бұл дүние пәнилығын етеді екен»... (335-бет).


Ерекшелігі

Филисофиялық топшылауы, образдардың саналылығы, эстетикалық талғамының нәзіктігі, ғылымға ерекше мән береді. Мысалы: «Мұхитта нән балықтай кезген көңілім,

Тұмсығың тимей тасқа неге алжастың?

Шұлғанып жүн-жабағы, қыл-қыбырға

Бұрынғы өз жолыңнан неге адастың?

«Бір күнде жас көңілім»... (335-бет).


Зерттелуі

Н. Манаев «Шәңгерей өмірі жайлы деректер»;

М. Әуезов «Уақыт және әдебиет» 11-том;

Х. Сүйіншәлиев «ХІХ ғасыр әдебиеті», 1-том;

М. Тәжімұратов «Шәңгерей», Алматы, «Өлке», 1998;

Б.Омаров «Зар заман поэзиясы». Алматы, 1999 ж.




ІІтоп: « Махамбет» туралы:

Ақынға сипатттама

Бостандық пен құлдық, ерлік пен ездік, өмір мен өлім, ел мен жер, халық пен билік, достық пен дұшпандық, адалдық пен арамдық, табандылық пен тайғайтық т.б. туралы терең ой-сезімдерін көтеріліс тақырыбына сыйғызып жіберген ақын.

Мақсаты

«Қорлықта жүрген халқына бостандық алып беруге» арналған. Мысалы: «Ереулі атқа ер салмай,

Егеулі найза қолға алмай,

Еңку-еңку жер шалмай,

Қоңыр салқын төске алмай,

Ерлердің ісі бітер ме?»

«Ереулі атқа ер салмай» (21-бет).



Ерекшелігі

Таза қазақы тілдің негізінде поэтикалық тіл жасауы, асқақ романтизмге, өкініштің оптимизмге ұласуы, өрлік, ерлік, патриотизмге толы айбарлы үні, бостандық гимні.

Мысалы: «Ту түбінен ту алған,

Жауды көріп қуанған,

Мен - Өтемістің баласы

Махамбет атты батырмын!»

«Еңселігім екі елі» (-бет).



Зерттелуі

С. Мұқанов «Халық мұрасы». Алматы, «Қазақстан», 1974 ж.;

Ә. Қоңыратбаев «Қазақ әдебиеті тарихы». Алматы, 1994 ж.;

З. Қабдолов «Ерлік пен елдіктің өшпес рухы». «Егеменді Қазақстан» газеті, 7.08.2001 ж.



ІІІ топ: « Шернияз» туралы:

Ақынға сипатттама

Жас кезінен бастап суырып салма өлең шығарған, 15 жасында «ділмар Шері» атанған, Махамбет рухында жыр толғап, шаруалар көтерілісіне үн қосқан, халықтың шерін өлеңмен шерткен өткір тілді өрен жүйрік.

Мақсаты

«Қызыл тіл сөйлесем безерілген».

Мысалы: «Үйшінің үскісіндей өткір тілім

Өрді-ойды білмей шауып қасқарарсың.

Хан жамандап қанымды төгіп алып,

Шығарма, қызыл тілім, масқарасын.

Түтуге мен сорлыны бас саларсың.

Шыдамай Шерің қозғап, шынын айтса,

Қылышпен алтын сапты басты аларсың».

«Баймағамбетке айтқаны» (27-бет, хрестом.).


Ерекшелігі

Тек шешендік, даналыққа ғана құрылмай, мысқыл, әжуа, келемеж, сатираға құрылуы, шыншылдық сипаты.

Мысалы: «Орамды» қызыл тілді орағым

Шерің де одан-бұдан қосып алды». (33-бет);

«Күнелткен қызыл тілдің ұшын безеп

Жан едім өтірік айтпай, қылмай ұрлық» (26-бет).


Зерттелуі

С. Мұқанов «Қазақтардың ХҮІІІ-ХІХ ғасырдағы әдебиет тарихының очерктері». Алматы, 1942 ж.;

Ә. Қоңыратбаев «Қазақ әдебиеті тарихы». Алматы, 1994 ж.;

Қ. Жұмалиев «Мақалалар жинағы». Алматы, 1957ж., 1 том.



Ұжымдық түйін: «Ортақ белгі»:

  1. ХІХ ғасырда өмір сүрген Шәңгерей, Махамбет, Шернияз да Қазақстанның батыс өңірінің тумалары.

  2. Ата тектері – Кіші жүз.

  3. Тума табиғаттары – жауынгер, ұрандары – «Қолына найза беріп, жауға қой».

  4. Бірі ауқатты әулеттен шықса, енді бірі ауқатты әулетке қызмет істеген тұлғалар.

  5. Қарапайым халықтың жағдайын өзгертуге күш салған, күрескерлік пен тура айтудан қайтпаған өткір тілді шешен сөзді патриоттар.

  6. Бірі үгіт арқылы, бірі күрес арқылы, бірі жаңашыл тұрмыс жағдайын жасау арқылы тарихта із қалдырған қайраткерлер.

  7. Өзіндік тіл көркемдігі, ерекшелік сипаты басым, қайта тумас ақындар.

Ақынның шығармашылығы бойынша орындалатын жұптық тапсырмалар мынадай бағыттармен жүргізіледі:

  • Басты тақырыптар

  • Лиризм

  • Бірлестік

  • Көңіл-күй

  • Философиялық тереңдік

  • Көркемдік ерекшелік.

ІІІ. Қорытынды:

Оқушылар алған білімдері негізінде ойларын жинақтайды, әр топ дайындаған

бағыттағы жұмыстарын жинастырып, «Шәңгерей Бөкеев өмірі мен шығармашылығы» атты модельді құрастырады.

«Шәңгерей Бөкеев өмірі мен шығармашылығы» атты модель

5. Үй тапсырмасымен ақпараттандыру:

1. Пікірлерін жазып келу:

А). Міндетті деңгей: «Ақын қандай өмірді аңсады?».

Ә). Мүмкіндік деңгей: «Ақын дарашылдыққа ұшырады ма?».

2. Ақын шығармаларын оқу, өлеңдерін жаттау.

6. Бағалау:

Әр топ өздерінің жұмыстарын және басқа топтардың жұмыстарын бағалау парағы

бойынша бағалайды.

7.Рефлекция
Оқытушы ___________________

(қолы)

17 Сабақ жоспары
Пәні: Қазақ әдебиеті

Оқытушы: Дюсембекова Ардақ Қанатханқызы

Тобы: ____________, _________ , __________, __________ ,_________

Сабақтың өтілу күні



Сабақтың тақырыбы: Мәшһүр Жүсіп Көпеев өлеңдері «Шайтанның саудасы», «Сарыарқаның кімдікі екендігі», «Тірлікте көп жасағандықтан, көрген бір тамашамыз».

Сабақтың мақсаттары:

а) Білімділік: Мәшһүр Жүсіп Көпеев туралы мәлімет беріп,өлеңдерін талдата отырып,мазмұнын ашу.

ә)Дамытушылық:Топтажұмыс жасату арқылыоқушылардың   танымдық қызығушылығын,шығармашылық қабілетін, өзіндік ізденісін дамыту.

Оқушылардың ой тұжырымдарын, әдеби тіл байлықтарын, есте сақтау қабілеттерін, көркем сөз оқу шеберлігін дамыту.



б) Тәрбиелік: Жақсы мен жаманды ажырата отырып,жамандықтан аулақ жүруге,сабырлы болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа  сабақ

Сабақтың типі:Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдісі: Сұрақ–жауап, сатылай кешенді талдау,модульдік талдау,екі жақты күнделік,еркін жазу стратегиясы

Ресурстар:(көрнекіліктер) Слайд, үлестірмелі қағаздар, бағалау парағы,плакат

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, әдебиет теориясы,өмірмен байланыс

Пайдаланылатын әдебиеттер мен интернет ресурстар:

1.С.Ч.Тұрсынғалиева, А.Ж. Такишева «Қазақ әдебиеті» 10-сынып оқулығы,Арман-ПВ баспасы-2014

2.С.Ч.Тұрсынғалиева, А.Ж. Такишева «Қазақ әдебиеті» хрестоматия, 10-сынып, Арман-ПВ баспасы-2014.

3. Х. Сүйіншәлиев «ХІХ ғасыр әдебиеті», 1-том;



Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Амандасу,түгендеу.

2.Танысу.Балалар,бүгін топпен жұмыс жасаймыз.Топ басшысын сайлаңыздар.Топ басшысы бағалау парағы бойынша өз тобының мүшелерін бағалап отырады.Әр тапсырма сайын топтан бір оқушыдан сөйлейді.

3.Білім туралы мақал-мәтел айтқызу арқылы оқушылардың назарын сабаққа аудару.

2.Білімнің өзектілігі: Шәңгерей Бөкеевтің өлеңдерін жатқа сұрау.

«Қашқын» поэмасының мазмұны.



3.Жаңа сабақ

1.Тақырыпты ашу.Слайдта көрсетілген сурет пен өлең жолдары арқылы ашу.

2.Сабақ мақсатын айтқызу.

3.Мәшһүр Жүсіп Көпеев туралы не білесіңдер?Оқушылар жауабы тыңдалады.



Қосымша мәлімет беру.Мәшһүр Жүсіп Көпеев туралы слайд көрсету.

Топпен жұмыс.Балалар,бүгін біз топпен жұмыс жасай отыра ,ақынның «Шайтанның саудасы», «Ғибратнама» өлеңдерін талдаймыз.

1-топ. «Шайтанның саудасы» өлеңі

2-топ . «Ғибратнама» өлеңі

1.Рөлге бөліп оқыту.

2.Өлеңге жоспар құру.

3.Модульдік талдау.

Өлеңнің тақырыбы:

Элементтері (кейіпкерлері):

Элементтердің қасиеттері:

Элементтер арасындағы байланыс:

Нәтиже:


4.Сатылай кешенді талдау.  

Өлең атауы

Шайтанның саудасы

Әдебиет тегі

Поэзия

Жанр түрі

Мысал өлең

Бунақ,буын

10-13буын,2-3 бунақ

Ұйқас

а-а-ә-а қара өлең және а-а-а-а шұбыртпалы ұйқас

Көтерілген мәселесі

әлеуметтік мәселе

Идеясы

Жақсылық пен жамандықты ажырата білу.

Әдеби теорялық ұғымдар (троп пен фигуралар)

 

Өлеңнің тәрбиелік мәні

Жамандықтан аулақ жүру.

 

Өлең атауы

Ғибратнама

Әдебиет тегі

Поэзия

Жанр түрі

Мысал өлең

Бунақ,буын

11-12буын,2-3 бунақ

Ұйқас

а-а-ә-а қара өлең және а-а-а-а шұбыртпалы ұйқас

Көтерілген мәселесі

әлеуметтік мәселе

Идеясы

Жақсылық пен жамандықты ажырата білу.

Әдеби теорялық ұғымдар (троп пен фигуралар)

Эпитет:

Теңеу:


Метафора:

Кейіптеу:



Өлеңнің тәрбиелік мәні

Сабыр сақтау

 

5.Екі топқа да өлеңнен антоним сөздер мен омоним болатын сөздерді теріп жазғызу.

6.Сабақты қорытындылау.Жеке-дара жұмыс.  Еркін жазу стратегиясы.

Тапсырма:шағын ой толғау жазу.

-Сіздің ойыңызша, Мәшһүр Жүсіп Көпеев өлеңдеріндегі көтерілген тақырыптар біздің қоғамда өзекті ме және Сіз оны шешу үшін қандай іс-әрекет  жасап жүрсіз?

8.Үй тапсырмасымен ақпараттандыру:

1-деңгей.Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің қалаған өлеңін жаттау.( Шайтанның саудасы)

2-деңгей. «Сарыарқаның кімдікі екендігі» тарихы

3-деңгей.Оқушылардың қалаған өлеңіне сатылай кешенді талдау жасап келу. («Тірлікте көп жасағандықтан, көрген бір тамашамыз».



9.Бағалау

Оқушының аты-жөні

1

2

3

4

5

 

Қорытынды

баға

Толық орындаса - «5»

Толық емес - «4»

Жартылай орындаса - «3»

Мүлдем орындамаса – «0»



Резервті тапсырма:

Осы өлеңнің маған  әсер еткен шумағы

Неліктен?

 



7.Рефлексия: (мақсатқа оралу)

Менің көңіл-күйім өте жақсы.

!

Өмірде өзімнің керектігімді сезінемін.

!!

Көп нәрсе білдім,өмірде қолдануға тырысамын.

??

Менде көп сұрақтар бар.

Мен шаршадым.




Оқытушы ___________________

(қолы)


18 Сабақ жоспары
Пәні: Қазақ әдебиеті

Оқытушы: Дюсембекова Ардақ Қанатханқызы

Тобы: ____________, _________ , __________, __________ ,_________

Сабақтың өтілу күні:



Сабақтың тақырыбы: «Ақан сері Қорамсаұлының, Біржан сал Қожағұлұлының шығармашылығы, лирикасы мен айтыстары»

Мақсаты:

Білімділік: Сал-серілер поэзиясы туралы ойларын тереңдету,серілерге тән ортақ қасиетті танып білу,өлеңдерімен және әндерімен таныстыру.

Дамытушылық: Ақан сері, Біржан сал өлеңдерін талдау барысында сұлулыққа, әсемдікке лайық бейнелі сөз кестелерін табу, оқушыны шығармашылық ізденіске баулу.

Тәрбиелік: Оқушыны өнерді сүюге, бағалауға, әдемілікке, әдептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Оқыту технологиясы: Модульдік технология, сын тұрғысынан оқыту технологиясы

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,талдау,дамыта оқыту,топтастыру стратегиясы.

Ресурстар:(көрнекіліктер) Сал-серілердің портреті ,шығармашылық жинақтары.

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы,музыка.

Пайдаланылатын әдебиеттер мен интернет ресурстар:

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.С.Ч.Тұрсынғалиева, А.Ж. Такишева «Қазақ әдебиеті» 10-сынып оқулығы,Арман-ПВ баспасы-2014

2.С.Ч.Тұрсынғалиева, А.Ж. Такишева «Қазақ әдебиеті» хрестоматия, 10-сынып, Арман-ПВ баспасы-2014.

3.С.Қирабаев, Қ.Мырзағалиев «Қазақ әдебиеті» 10-сынып оқулығы, Алматы «Мектеп» 2003.

4.Сәкен Жүнісов «Ақан Сері», Алматы- «Жазушы» баспасы, 2011

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

а) сәлемдесу

ә) түгендеу

б)сабаққа бейімдеу.



2. Білімнің өзектілігі.

Деңгеймен берілген тапсырмаларды сұрау



3. Жаңа сабақ.

«Үш жүзге атым мәлім Ақан сері»

Жүйелі жоспар- сабақ өзегі

1.«Сырымбет- биік адыр,қатар кезең»

2. «Жігітке ең керек іс- білім деген»

3.Ақан лирик ақын.

4. «Құлагер .әкең- тұлпар,шешең- сұңқар...»

5. «Мың кісіге татитын Ақан- ай,бір адамның өлімінде кеттің- ау!» Үнтаспадан «Маңмаңгер» әнін тыңдату.





Біржан сал -19 ғасырдың екінші жартысындағы сал-серілердің ең басында тұратын есім.Ол ақындық пен сазгерлікті, сазгерлік пен әншілікті ұштастыра отырып, қазақ өнерінің үш бірдей саласын жаңа биікке шығарып, ерекше даңққа бөленді.Әншілік өнерде «Біржан мектебі» деген дәстүр қалыптасты. Біржан бойындағы үш өнердің қай-қайсысы болсын көркемдік сапа,эстетикалық қуаты, өнегелік мәні тұрғысынан бірінен -бірі кем түспейді.Соның бірі- оның ақындығы.

Көркемдік ерекшелігіне талдау.


Өлең жолдары

Лирикалық қаhарман

Теңеу

Шендестіру

1.«Жайықтың ақ түлкісі аралдағы, Алдымнан сен бір шыққан ақ маралдағы Қараймын томағамды ашып- жауып, Тауыңнан ақиықша Оралдағы» 2.«Құлагер,жаз жайладым, қыс жайладым, Артына қызды ауылдың көп байладым. Жеріңе қамшы тимес, пышақ тиіп, Құшақтап қу басыңды ойбайладым»

3. «Етегін ақ көйлектің алтындаған, Ажарың ақ жамбыдай жарқылдаған. Сексен қыз серуенге шықса дағы,

Ішінде сен қоңыр қаз қаңқылдаған. Болғанда сен аққу құс көлде жүзген, Лашын құс не болады талпынбаған»












Семантикалық картаны толтыру.

Өлең жолдары

Мінезі

Естісем бұрын даңқын Көк неменің,

Алтайдың жүйрігі онан жоқ дегенін.

Жалықпай иесіне жүрген болса,

Осы жол Көк шолақты бүктіремін.

2.Алтайдың кәрі жынындай бақылдаған,

Көк сақал азбансынған,бұл кім өзі?

Би болсаң,би шығарсың Алтайыңа,

Тілімді терезем тең тартайын ба?

Көгіңді бүктірмесем атым сенікі,

Шапса да әкең мініп байталына.








5.Ақан серіге сипаттама күнделігін толтыру.

«Мылтық пен мергеншілік» өлеңінен тауып оқы.

1.Аң ату үстіндегі мергеннің ішкі сезімі;

2.Аң атқан мергеннің көңіл күйін суреттеуі;

3.Жақсы мылтықты сипаттауы;

YI.Жаңа сабақты бекіту.



1.Топтастыру әдісі


Сал-серілер


6.Шығармашылық жұмыс.

«Елімнің еркесі еді Ақан сері» тақырыбында ойтолғау жаз.

Қорытынды.

Жүрегін ән тербеген бабаларымыздан қалған өлмес өнер заманнан заман өткізіп,бүгінгі күнге де жетіп отыр.Қазақ музыка өнерінде аттары алтын әріппен жазылған Біржан сал,Ақан сері әндері құстай ұшып барып,қонған жерінде шырқала береді.Міне,сайын дала театрының өнерпаздары болған сал-серілеріміздің әсем де көркем туындылары халық жадында мәңгі қалмақ.Сөз өнерін,ән өнерін сүйіп, бағалап,құрметтеп өтейік.



6.Үй тапсырмасы туралы ақпараттандыру: «Үш жүзге атым мәлім Ақан сері» атты ойтолғау жазып келу.Біржан сал Қожағұлұлының «Біржан мен Сара» айтысынан үзінді жаттап келу.

7.Бағалау: студенттерді сабаққа қатысуына қарай бағалау.

8. Рефлексия:
Оқытушы ___________________

(қолы)


19 Сабақ жоспары

Пәні: Қазақ әдебиеті

Оқытушы: Дюсембекова Ардақ Қанатханқызы

Тобы: ____________, _________ , __________, __________ ,_________

Сабақтың өтілу күні:

Сабақтың тақырыбы: Шығарма .20-ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиеті өкілдері
Сабақтың мақсаты:

Білімділік Студенттердің алған білімдерін практи-

калық жолмен бекіту, білімдерін тексеру.



3. Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын тек-

серу, ойлау, есте сақтау,көру қабілеттерін дамыту;

ойын түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеу-

ге жұмылдыру, ой-өрістерін кеңейту.



2. Тәрбиелігі: Ақыл-ой еңбегіне баулу,есте ұқыптылыққа,

таза, қатесіз жазуға тәрбиелеу.


Сабақтың әдісі: практикалық, жеке - ізденіс, мәселелік зерттеу.

Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.Дәрісхананың

гигиеналық талапқа сай болуын қадағалау.Оқушы-

ларды сабаққа дайындау.
2.Бақылау жұмысы: Бүгінгі күннің ретін, жазба жұмысының тақырыбын

жаздыру.


Жоспардың үлгісін тақтаға жазып түсіндіру.
Эпигрофқа қандай тақырып алу керектігін түсіндіру.
Жазба жұмысын жазып болғаннан кейін жинап аламын.


Оқытушы ___________________

(қолы)


20 Сабақ жоспары
Пәні: Қазақ әдебиеті

Оқытушы: Дюсембекова Ардақ Қанатханқызы

Тобы: ____________, _________ , __________, __________ ,_________

Сабақтың өтілу күні:



Сабақтың тақырыбы: Ахмет Байтұрсынов шығармалары. «Маса» жинағы,

«Әдебиет танытқыш» зерттеу еңбегі



Сабақтың мақсаты: а) білімділік: А.Байтұрсыновтың өмірі мен

шығармашылығынан мәлімет беру.Оның сөз өнерінде ерекше дарын иесі екенін таныту, оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп,

сөздік қорын байыту.

ә) дамытушылық: өтілген материалды тиянақты

меңгерту, жүйелі ойлауға, ойын әсерлі жеткізуге,

шығармашылық ізденістерін арттыруға ықпал жасау.

б) тәрбиелілік: : кейіпкерлердің бейнесі

арқылы үлгі-өнеге алуға шақыру,адами қасиеттерге

баули отырып,тәрбиелеу.



Сабақтың типі: аралас

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Оқыту технологиясы: Модульдік технология, сын тұрғысынан оқыту технологиясы

Сабақтың әдісі: баяндау, әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Ресурстар:(көрнекіліктер) А.Байтұрсыновтың портреті, сызба-кестелер, тест

тапсырмалары, қосымша материалдар.



Пәнаралық байланыс: тарих

Пайдаланылатын әдебиеттер мен интернет ресурстар:

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.З.Қабдоллов С.Қирабаев, Х.Әдібаев «Қазақ әдебиеті» 11-сынып оқулығы,Алматы «Мектеп» 2007

2.С.Қирабаев, Қ.Мырзағалиев «Қазақ әдебиеті» 10-сынып оқулығы, Алматы «Мектеп» 2003.

3.Ж.Ысмағұлов Ахмет Байтұрсынов. Қазақ әдебиетінің тарихы.6-том. Алматы. 2007.


Сабақтың барысы:

1.Ұымдастыру кезеңі.

а) Оқушылармен сәлемдесу

ә) Дәрісхана тазалығына көңіл бөлу

б) Оқушыларды түгендеу



2. Білімнің өзектілігі.

1.Ақан серінің өмірі мен шығармашылығынан сұрақтар қою.

а) «Үш жүзге атым мәлім Ақан сері» атты жазып келген ойтолғауларын оқыту.Біржан салдың айтысынан үзінді тыңдау.

ә) Қосымша тапсырмалар беру арқылы үй тапсырмасын қорытындылау.



3.Жаңа сабақ

  • Ахмет Байтұрсынов 1872 жылы 5 қыркүйекте Қостанай облысының Торғай өңірінде дүниеге келген.

  • "Мен Торғай уезінің Тосын болысындағы №5 ауыл қазағының баласымын. 1886-1891 жылдары екі кластық Торғай училещесінде оқыдым.1891- 1895 жж.Орынборда оқыдым. 1895 жылдан Торғайдың әр жерінде, бастауыш училищелерде, мектептерде жұмыс істедім",- деп жазған екен.



  • Ахмет Байтұрсынов - Ұлтың ұлы ұстазы

  • Ағартушы-ұстаз

  • Тілші-ғалым

  • Аудармашы

  • Ақын, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы.

  • Ахмет Байтұрсынов өз халқың сүйген патриот адам

Ахметтің 13 жасында оның әкесі Байтұрсын ауылына келіп, зорлық- зомбылық көрсеткен уезд бастығын сабап, 15 жылға бас бостандығынан айырылып, Сібірге қаторгалық жұмысқа айдалады.Осы оқиға Ахметтің ертерек күрес жолына түсуіне себеп болады

Ахмет Байтұрсынов- қоғам қайраткері -



  • Патша отаршылдығына қарсы күрестегі белсенді іс-әрекетіне байланысты А.Байтұрсынов 1909 жылы Семей түрмесінде бір жыл отырып, екі жылға жер аударылады 1913 жылы Орынборда "Қазақ" газетін шығара бастады.Газет қазақ халқының ұлттық санасын оятып, азаттық күреке шақырды.

А. Байтұрсынов 1917 жылы өз пікірлестерімен бірге "Алаш" атты партия құрды.

А. Байтұрсыновтың шығармашылық мұрасы мол

  • Әліппе

  • "Сауат ашар"

  • "Оқу құрал"

  • "Әдебиеттанытқыш"

  • "Қырық мысал"

  • "Маса"- төл тума және аудармалар.

Қалайда халықты ояту, оның санасына, жүрегіне, сезіміне әсер ету жолдарын іздеген ақын айналып келгенде, ұлы Абай тапқан соқпақ, орыс әдебиеті үлгілерін пайдалану, аударма жасау дәстүріне мойынсынады. Бұрынғы ескі-ертегі, химия үлгілері емес, енді жаңа өлеңдік форма мысал арқылы, көшпелі елдің жақсы білетін стихиясы – жан-жануар өмірінен алынған шығармалар арқылы әлеуметтік ойға ықпал ету мақсатымен Иван Андреевич Крылов туындыларын аударып, “Қырық мысал” деген атпен 1909 жылы Петербургтен бастырып шығарды.
Маса” кітабына енген өлеңдерде жеке бастың мұң-шері, тұрмыс-салт суреті емес, негізінен әлеуметтік, қоғамдық ойлар, азаматтық идеялар айтылады. Өзін-өзі күйттеген, байлық үшін, мансап үшін ар- абыройын сатқан “жақсылығы өз басынан артылмаған”, “бос белбеу, босаң туған бозбала”, “бір тойғанын ар қылмаған шалдар”, “қайырсыз кеще сараң байлар”, “мәз болып құр түймеге жарқылдаған оқығандар” сыналады. “Туысыма”, “Досыма хат”, “Қазақ қалпы”, “Қазақ салты”, “Көк есектерге”, “Жұртыма”, “Қарқаралы қаласына” өлеңдерінде ұлы Абай сатирасын еске түсіретін сарындар, ойлар, образдар бар.

Екі жинақ – “Қырық мысал”, “Маса” – қазақ әдебиетін жаңа тақырыптармен, идеялармен, ойлармен, өрнектермен байытты; Абайдың ақындық дәстүрі ілгері жалғасты, заман талабына сай жігерлі поэзия туды, бұдан кейін талантты ақындардың жаңа буыны тарам-тарам жүлгелерді тереңдетіп, жалғастырып әкететін болады.



«Әдебиет танытқыш» зерттеу еңбегін 1926 жылы кітап етіп бастырып шығарды.Сөз өнерінің болмысы мен бітімін жүйелі байыптайтын қазақ қоғамындағы тұңғыш теориялық зерттеу еңбегі.Қазақ әдебиетінің алғашқы әліп-биі.

Өлеңді мәнерлеп оқып талдау жасау.

"Жұртыма"
Бiрлiк қып iс етуге шорқақ, жұртым, 
Табылса оңай олжа ортақ, жұртым. 
Сияқты қара қарға шуылдаған 
Үрейсiз қоян жүрек қорқақ, жұртым. 
Бiлмейсiң жөнiң менен терiсiңдi, 
Ел болып iс етпейсiң келiсiмдi. 
Үмiт қып бәйге атындай талай қосып, 
Байқадық шабыс түгiл, желiсiңдi. 
Ахмет Байтұрсынұлының шығармалары бойынша кестені толтыр.

Өлеңдері

Мысалдары

Аудармалары



Ахмет Байтұрсынұлы – азаттық үшін күрескер, ақын, ғалым, журналист, аудармашы, қоғам қайраткері.

Кестені толтырыңдар:

Цитата

Комментарий

А. Байтұрсынов - аудармашы






А. Байтұрсынов – публицист




А. Байтұрсынов – қазақ алфавитінің реформаторы





А. Байтұрсынов – қоғам қайраткері





5. Сабақты бекіту.

Пысықтау сұрақтарын қою арқылы сабақты бекіту.



Сұрақтарға жауап беріңдер:

    1. «Аққу, шортан, һәм шаян» мысалының негізгі тақырыбы неде?

    2. Мысалдың кейіпкерлерін атаңдар.

    3. Аққу, шортан, шаянның істері неге нәтижесіз болып шықты?

4.Мысалдан өздеріңе қандай қорытынды шығардыңдар?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет