Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын ақпараттық толтыру және олардың мазмұнына талаптар қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 201 жылғы № «Ақпараттандыру туралы»



бет1/3
Дата12.03.2018
өлшемі473,25 Kb.
#38473
  1   2   3



Мемлекеттік органдардың

интернет-ресурстарын ақпараттық

толтыру және олардың мазмұнына

талаптар қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «___» ____ 201__ жылғы № ___ «Ақпараттандыру туралы» Заңының 7 бабы 15) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын ақпараттық толтыру және олардың мазмұнына талаптар қағидалары бекітілсін.

2. «Мемлекеттік органдар туралы электрондық ақпараттық ресурстардың тізбесін және оларды мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 89 (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеуге алу тізілімінде № 10395 тіркелді, 2015 жылы 14 наурызда «Казахстанская правда» газетінде жарияланды № 49 (27925) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетіне (Т.Б.Қазанғап):

1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықты белгіленген заңнама тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, күнтізбелік он күн ішінде көшірмесін ресми жариялауға мерзімді басылымдарға және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталдарында орналастырылуын;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың
3 тармағының 1), 2) және 3) тармақшасында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2016 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму

министрі



Ә. Исекешев


Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму

министрінің

2015 жылғы «____»

__________________

№ ______ бұйрығымен бекітілген

Мемлекеттік органдар интернет-ресурстарын ақпараттық толтыру және олардың мазмұнына талаптар қағидалары


  1. Жалпы ереже

1. Осы Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын ақпараттық толтыру және олардың мазмұнына талаптар қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына электрондық ақпараттық ресурстарды әзірлеу, ұсыну және орналастырудың, сондай-ақ олардың жаңарту мерзімдерінің негізгі тәртібін айқындайды және Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңы 7-бабының 15) тармақшасына сәйкес әзірленді.

2. Осы Қағидалардың әрекеті орталық және жергілікті атқарушы органдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарға (келісім бойынша) таралады.

3. Интернет-ресурстарға электрондық ақпараттық ресурстарды әзірлеу, ұсыну және орналастыру тәртібі, жоспарлау, құру, құрылымдау, сақтау сатыларын қоса алғанда және қате болғанда ақпаратты өшіру реттемесі белгіленуі тиіс.

4. Интернет-ресурстарға электрондық ақпараттық ресурстарды әзірлеу және орналастыру реттемесі мемлекеттік органмен әзірленеді және мемлекеттік органның жауапты хатшымен немесе аппарат басшысымен, ал жауапты хатшы және аппарат басшысы лауазымы енгізілмеген мемлекеттік органдарда мемлекеттік органның басшысымен бекітіледі.

5. Мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарындағы электрондық ақпараттық ресурстар мазмұнына талаптар осы Қағидаларға 1 және 2 қосымшада ұсынылған.

5. Осы Қағидаларда мынадай негізгі терминдер мен ұғымдар пайдаланылады.

1) атрибут – HTML тілінің түрлеріне, алаңдарына, әдістеріне, ерекшеліктеріне және басқа да кейбір құрылымына жазылатын қосымша ақпарат;

2) түпнұсқалық – орналастырған ақпараттың барлық мәлімделген тіл нұсқаларындағы сәйкестігі;

3) веб-контент – электрондық ақпараттық ресурстың мәтіндік, мәтіндік емес немесе медиа мазмұны;

4)  серпінді ақпарат – мемлекеттік органның ағымдағы қызметін көрсететін уақытша сипаттағы ақпарат (перспективалық даму, өзекті оқиғалар, басым бағыттар);

5) интернет-ресурс – Интернетте жұмыс істеп тұрған және аппараттық-бағддарламалық кешенде орналастырылған, бірегей желілік мекенжайы және (немесе) домендік атауы бар, көрінетін мәтіндік, графикалық, аудиовизуальдік немесе басқа да түрдегі электрондық ақпараттық ресурс;

6) инфографика – ақпаратты графикалық әдіспен ұсыну, яғни тек көлемді ақпаратты реттей қоймай, сондай-ақ зат пен деректердің байланысын, олардың үрдісін көрсете алатын әдіс;

7) статикалық ақпарат - мемлекеттік органның ішкі және сыртқы қызметін бейнелейтін, тұрақты (анықтамалық) сипатқа ие ақпарат (нормативтік құқықтық актілер, мемлекеттік органның құрылымы, ережесі, бюджеттің игерілуі бойынша ақпарат);

8) тег – интернет-ресурстың веб-бетіндегі мәтіннің көрінісін өзгертетін HTML тілінің элементі;

9) балама мәтін – тек мәтінді көрсететін құрылғыларды пайдаланған кезде мәтіндік емес веб-контенттің мазмұнын және функциясын түсінуге мүмкіндік беретін мәтін;

10) эргономикалық дизайн – алғашқы мәліметтерді дайындау, өндеу және алынған нәтижелерді бағалау бойынша пайдаланушылардың әрекеттерін азайтуға мүмкіндік беретін дизайн стилі;

11) Html – Интернет желіде құжаттарды белгілеудің стандарттық тілі;

12) WebContentAccessibilityGuidelines (бұдан әрі - WCAG.2.0) – әртүрлі пайдаланушылардың барынша қалың тобы үшін, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолжетімді веб-контентті құрудың қазіргі заманғы ережелері мен қағидаттарын сипаттайтын веб-контентке қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі нұсқалық.

2. Мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсының құрылымы және орналастырылатын электрондық ақпараттық ресурстардың құрамы
6. Мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсының құрылымы және орналастырылатын электрондық ақпараттық ресурстардың құрамы Қазақстан Республикасы заңнамасымен қолжетімділігі шектелген ақпаратты қоспағанда, сәйкес мемлекеттік органның қызметіне қатысы бар басқа да ақпараттарды осы Ережеге қосымшаға

Мемлекеттік органның интернет-ресурсының құрылымы және орналастырылатын электрондық ақпараттық ресурстар құрамы, осы Қағидаға қосымшаға сәйкес, орналастырылуы үшін міндетті электрондық ақпараттық ресурстардың болуын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасымен қол жеткізу шектелген ақпаратты қоспағанда, мемлекеттік органның қызметіне қатысты өзге де ақпараттарды қарастыруы қажет.

7.Орталық атқарушы органдардың құрылымдық және аумақтық бөлімшелері орталық атқарушы органның доменге бағынысты аймақта өзінің интернет-ресурсы болады және онда келесі ақпараттарды орналастырады және функционалдарды ұсынады:

байланыс мәліметтері, басшылық туралы мәліметтері, функциялары мен міндеттер, бөлімшенің құрылымы, ведомвтволық бағынысты ұйымдар тізбесі, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізбесі, осы құрылымдық бөлімшенің қызметін сипаттайтын статистикалық көрсеткіштер, осы бөлімшемен әзірленген нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер;

бөлімшенің өз құзыреті саласындағы қызметін көрсететін талдау шолулары;

өтініштермен жұмыс жөніндегі заңнамаға сәйкес жауабы міндетті орналастырылатын басшыға өтініш беру мүмкіндігі;

қолданыстағы заңнамаға сәйкес қолжетімділігі шектелген мәліметтерді қоспағанда бөлімшенің қызметтері туралы өзге де ақпараттар.

8. Жергілікті атқарушы органдар республикалық маңызы бар Алматы және Астана қалалары, жергілікті облыстық атқарушы органдардың доменге тәуелді аймағындағы өзінің интернет-ресурсы болады және оларда келесі мәліметтерді орналастырады:

Байланыс мәліметтері;

аудан басшылығы туралы мәліметтер;

әкімдердің тұрғындар алындағы есептері, кездесу барысында айтылған ескертулер мен ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарлары, оларды іске асыру туралы ақпараттар;

пошталық және электрондық мекен жайлар, сондай-ақ осы мекемелер туралы анықтамалық ақпаратты алуға болатын телефон нөмірлері көрсетілген ведомствоға бағынысты ұйымдардың тізбесі;

өңірдің әлеуметтік-экономкиалық паспорты, осы жергілікті атқарушы органмен әзірленген нормативтік құқықтық актілер, тұрғындарды және аумақтарды төтенше жағдайлардан қорғау жәнеолардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар туралы, болжалды және болған төтенше жағдайлар туралы, олардан тұрғындарды қорғау амалдары мен тәсілдерді туралы ақпараттар;

жолданымдармен жұмыс жөніндегі заңнамаға сәйкес жауапты міндетті орналастырумен жетекшіге жүгіну мүмкіндігі;

қабылдау қорытындысын жариялаумен қабылдау кестесіне сәйкес азаматтарды қабылдауға жазылу мүмкіндігінің болуы;

мемлекеттік органдардың азаматтар мен ұйымдардың назарына жеткізуге тиісті басқа да ақпараттар.

Жолданымдармен жұмыс жөніндегі заңнамаға сәйкес жауабы орналастырылуы міндетті басшыларға өтініш беру мүмкіндігін азаматтарға беру үшін Қазақстан Республикасы бірінші басшыларының ресми блог-тұғырнамасында (blogs.egov.kz) жергілікті атқарушы органдардың әкімінің блогы болады.

9. Құрылымдық бөлімшелердің интернет-ресурстарында орналастырылатын электрондық ақпараттық ресурстар негізгі интернет-ресурстардың мазмұнын қайталамауға тиіс.



3. Ақпараттық қамтамасыз ету

10. Информационные источники официального интернет-ресурса составляют материалы, разработанные и представленные соответствующими структурными подразделениями в соответствии с регламентом ведения и информационного сопровождения интернет-ресурса, утвержденным государственным органом.

11. Мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарына ораналастырылатын кез келген ақпарат нормативтік құқықтық актілерді дәлме дәл түсіндіруден шығуы және сәйкесінше нормативтік құқықтық актіге сілтемені құрау керек.

4. Ақпаратты жаңарту мерзімі
12. Мемлекеттік органдар интернет ресурстарында орналастырылған электрондық ақпараттық ресурстар серпінді және статисткалық ақпараттарға бөлінеді.

13. Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарындағы статикалық ақпарат қажеттілігіне қарай жаңартылады. Нормативтік құқықтық актілер қайта қабылданғанда немесе қолданыстағы нормативтік құқықтық акті редакциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы №213-I «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 30 бабына сәйкес, нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау олар күшіне енгеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде жүзеге асырылуға тиіс.

14. Нормативтік құқықтық актілердің ескірген редакциялары өрескел бұзушылық деп саналуы керек.

15. Серпінді ақпарат жаңалық хабарламалдардан басқасы, жаңа ақпарат түсуіне қарай жаңартылады, бірақ бір аптадан кем болмауы керек.

16. Жаңалық хабарламалар күн сайына орналастырылады. Жаңалық хабарламалардың тақырыбы мемлекеттік орган қызметі саласына сай келуі тиіс. Жаңалық хабарламалар мәнін ашатын, қысқа және барынша нақты сөйлемдерден тұруы қажет. Жаңалық мәтінінде оқиғаның күні, болған орны, мағынасы, нәтижесі туралы ақпарат болуы тиіс.
5. Мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсының тиесілілігі
17. Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстары Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарына арналған (gov.kz және мем.қаз) Интернет желідегі қазақстандық сегменттің домендік аймағын тіркелуі тиіс. Домендік атаудың құқығы мемлекеттік органға тиесілі болу қажет. Интернет-ресурс gov.kz және мем.қаз домендік аймақтарында ұқсас болуы қажет.

18. Мемлекеттік органның интернет-ресурсының домендік атауы нақты мемлекеттік органмен ассоцияланатын, жазуға және айтуға қарапайым есте сақталатын қысқа аттардан, немесе мемлекеттік органның қысқартылған атауынан тұруы керек. gov.kz домендік аймағында атау мемлекеттік органның атауы бойынша немесе ағылшынша қысқартылған атауы бойынша, ал мем.қаз домендік аймағында – мемлекеттік тілде қалыптастырылады.



6. Мемлекеттік орган интернет-ресурсының міндеті
19. Мемлекеттік органның интернет-ресурсы келесі міндеттерді шешуі тиіс:

Азаматтарға мемлекеттік органның қызметі саласы туралы әлеуметтік маңызы бар ақпаратты толық, сенімді және жедел беру;

мемлекеттік органның имиджін қалыптастыру және азаматтарға елдің мемлекеттік саясаттағы орнын түсіндіру;

мемлекеттік органмен және азаматтардың арасындағы тиімді екіжақты өзара іс-қимыл жасасуды қамтамасыз ету;

интернет-ресурсты пайдаланудың қолайлылығын қамтамасыз ету.

7. Мемлекеттік орган интернет-ресурсын пайдалану қолайлылығын қамтамасыз ету
20. Мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурсын оңтайлы ұйымдастырудың басты талаптары пайдаланушыға қолайлы бағытталғандығы болуы тиіс.

21. Интернет-ресурсты пайдалану жайлылығы ақпарат түсінуге және қабылдауға барынша оңтайлы ұсынылуы тиістігін білдіреді:

Навигациялық панель. Интернет-ресурсты ұйымдастыру тәжірибесі пайдаланушыға да жайлы болуы қажет. Басты бетте веб-парақшағы алғаш рет кірген пайдаланушыға ресурстың құрамын жедел әрі анық бағалауы үшін айдарлар тізбесі (навигациялық панель) нақты құралған болуы тиіс, сондай-ақ алдыңғы қатарлы маңызды ақпараттар: көрсетілетін қызметтер тізбесі, заңнамалардың өзгеруі (жаңалықтар таспасында), байланыс ақпараттары және т.с. болуы қажет.

Ақпараттың артық жүктемелік эффектісінің болмауы. Сипаттама бас парақтағы негізгі терезеде соңғы жаңалықтар тақырыптары, билік органы басшының қысқаша таныстыру жазбасы және т. б. орналастыруды білдіреді. Ақпаратты қабылдау үдерісін қиындататын басты беттегі мәтіндік және суреттік материалдарды көбейтпеу.

«Сайт картасы». Сайт картасы интернет-ресурстың мазмұнына жылдам бағытталуға мүмкіндік береді, өйткені ақпараттық ресурстардың толық каталогы болып қана табылып қоймайды, және де нақты материалға тікелей қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

«Интернет-ресурс бойынша іздеу». Опция іздеу сұранымына максимальды орынды материалдар тізбесімен танысуға мүмкіндік беретін арнайы іздеу тетігінің болуын білдіреді.

«Пайдалы сілтемелер». Субөлшем осы мемлекенттік органның қызметіне қызығушылық білдірген азаматтарға пайдалы ретінде қарастырылатын басқа мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына, электрондық үкімет веб-порталына, Интернет желісіндегі заңнама дерекқорына және басқа да интернет-ресурстарға сілтемелер каталогы бар болуын білдіреді.

Қате гиперсілтемелердің болмауы. Интернет-ресурста қолданылатын гипермәтін жүйесін дұрыс қайта жолдау функциясы болып табылады. Әрбір гиперсілтеме жұмыс істеуі керек және пайдаланушыны күтілетін ресурсқа әкелуі тиіс. Гиперсілтеме сыртқы интернет-ресурсқа берілетін жағдайда бұл туралы пайдаланушыға алдын ала ескертіледі. Осындай гиперсілтеме көрсететін парақшалар веб-браузердің жаңа терезесінде ашылуы тиіс. Егер гиперсілтеме файлды жүктеуге пайдаланылатын болса оның типі және көлемін көрсету ұсынылады.

Жүктелетін құжаттардың нысаны. Интернет-ресурстағы ресми құжаттардың (өтінім, үндеу және т.б.) түрлі нысандарының (бланктердің) болуы. Сонымен қатар оларды орналастыруда пайдаланушы компьютеріне құжатты дұрыс жүктеуді қамтамасыз ететін құжат нысанын немесе құжат үзіндісін көшіру мүмкіндігін қарастыруы тиіс.

Көлемді құжаттар бойынша навигация. Айтарлықтай үлкен құжатты құру барысында пайдаланушылардың барлығының жылдамдығы жоғары интернетке қолжетімділігі болмауын ескеру қажет.


Мұндай жағдайда құжатты тауарлар бойынша жеке парақтарға бөліп, бірдей шрифт, батырма, түс, тақырып қолданып оларды бір стильде орындап және сілтемелер көмегімен араларында навигация ұйымдастыру оңтайлы шешім болмақ. Бұл үлкен көлемде мәтіндік ақпарат орналастыруға және оны қызықтыратын пайдаланушыға дәл сол ақпаратты іздеуді барынша жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Оқылымдылығы. Ақпарат мүмкіншілігіне қарай аббревиатурасыз және шектеулі мамандық терминдерінсіз, қарапайым және түсінікті тілде жазылуы қажет. Тараулар атауы жинақы, пайдаланушыға түсінікті және мазмұнына сай келуі тиіс.

8. Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай құрылымына қойылар жалпы талап
22. Мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарының басты парақтары графикалық бөлікті, навигациялық мәзірді, сондай-ақ контенттік облысты құрауы тиіс.

23. Мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарының бірыңғай құрылымы уәкілетті органмен бекітіледі. Оны қалыптастыру мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының ресми парақтары құрылымына бірыңғай жолмен анықталған.

24. Графикалық бөлік жарияланатын осы контентке қатысты сурет түрінде ұсынылуы тиіс, және мағыналық жүктемені алып жүреді.

9. Электрондық ақпараттық ресурстарды орналастыру нысанына қойылар жалпы талаптар
25. Мемлекеттік органның интернет-ресурсы және ондағы барлық электрондық ақпараттық ресурстар пайдаланушыларға бірдейлестіру рәсімдерін өткізусіз қолжетімді болуы қажет.

26. Барлық электрондық ақпараттық ресурстар іздестіру мүмкіндігін және веб-шолушы құралдарымен мәтін үзіндісін көшіруді қамтамасыз ететін гипермәтіндік нысанда ұсынылуы қажет.

27. Нормативтік құқықтық және өзге де актілер, актілер жобалары, сот қаулылары, баяндамалар, есептер, шарттар, шолулар, болжамдар, хаттамалар, қорытындылар, статистикалық ақпарат, нысандар нұсқалары және өзге де гипермәтіндік нысанға қосымша құжаттар мемлекеттік органның интернет-ресурсында пайдаланушылардың техникалық құралдарында оларды сақтау мүмкіндігін қамтамасыз ететін нысандағы файлдар түрінде ұсынылуы мүмкін.

28. Нормативтік құқықтық және өзге де актілер мемлекеттік органның интернет-ресурсында олардың түпнұсқаларының суреттерінен сканерленген сурет түрінде графикалық нысанда қосымша орналастырылуы мүмкін.

29. Ресми интернет-ресурстағы барлық нормативтік актілер олардың түрлері, күндері және өзге міндетті міндеттемелері көрсетіле отырып ұсынылуы қажет және дер кезінде жаңартылады.

30. Мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында мазмұндық тараулармен және нормативтік құқықтық дерекқоры арасында қиылыс сілтемелерін пайдалану қажет, өйткені мемлекеттік органның және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттері мен шешімдері сәйкесінше құқықтық актілерді көрінеді.

Осындай тәсіл (ақпараттың көзіне сілтеме бар болғанда) олардың ресми интернет-ресурсындағы мемлекеттік органдардың қызметі туралы ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігін барынша жеңілдетеді.

31. Мұрағаттық деректердің ұзақтығы (есептер, мәліметтер, баяндамалар және т.т.) 3 жылдан кем болмауы тиіс.

32. Мемлекеттік органның басшысы, басшысының орынбасары, аумақтық органдардың құрылымдық бөлімшелері, шетелдік өкілдіктері, ведомствоға бағынысты ұйымдардың басшылары; консультациялық және кеңесші органдардың басшылары мен мүшелері, сол және өзге де жұмыс учаскесіне жауапты мемлекеттік органның өзге жұмысшыларының тегін, атын, әкесінің атын көрсеткен кезде олардың толық тегін, атын, әкесінің атын көрсету қажет.

33. Мемлекеттік органның кез келген факс, телефон нөмірлерін көрсеткенде оларды қала (облыс, район) кодтарымен бірге беру қажет.

34. Ресми интернет-ресурста кез келген пошталық мекен жайды көрсеткенде пошталық индесті көрсету қажет.

35. Пайдаланушыға ақпараттың орналастырған күні мен уақытын, сондай-ақ ресми интернет-ресурстағы ақпараттың соңғы өзгертілген күні мен уақытын анықтау мүмкіндігін ұсыну.

36. Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес қолжетімділігі шектелген электрондық ақпараттық ресурстар мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында орналастырылмайды, алайда мемлекеттік орган интернет-ресурс пайдаланушыларына бұл туралы ақпараттандыруға міндетті.

10. Мемлекеттік органның интернет-ресурсына қойылар талаптар
37. Мемлекеттік орган интернет-ресурсының басты дизайны көлемі бойынша графикалық белгілермен артық жүктелмеуі тиіс және:

веб-парақтың жоғары жылдамдығын;

ресми интернет-ресурстың графикалық бөлігін әрлеуде графикаларды және анимациялық құралдарды (флеш) минимальды қолданылуын қамтамасыз етеді. Әлемдік стандарттарға сәйкес мемлекеттің және мекеменің ресми бейнелемесін бірнеше ірі емес тақырыптық суреттерде орналастыру рұқсат етіледі деп саналады.

38. Интернет-ресурстың бас парағына тікелей және еркін қолжетімділік қамтамасыз етілуі тиіс. Әдепкі қалып бойынша интернет-ресурстың мемлекеттік тілдегі нұсқасы ашылуы тиіс. Интернет-ресурстың тілі өзгертілгенде сол қаралудағы парақ ашылуы тиіс.

39. Интернет-ресурсқа кіруге өрнекі сурет қолдану құпталмайды, өйткені:

Интернет-ресурсқа «тікелей кіруді» қиындатады және төмен трафик себебіне айналуы мүмкін;

графика өшірілген жағдайда қолжетімсіз болуы мүмкін және осылайша мәнін жоғалтады;

айрықша функциональдық міндеті жоқ, өйткені орналастырылған өрнекі суретте тілдік нұсқаларды ауыстыру панелі интернет-ресурстың әрбір ішкі парағында кездеседі.

40. Мемлекеттік органдардың басты парақтары графикалық бөліктен, навигациялық мәзірден, сондай-ақ контенттік облыстан құрауы тиіс.

41. Графикалық бөлік графикалық «тақырыпша», баннерлерден және бірнеше ірі емес тақырыптық суреттен тұрады. Графикалық «тақырыпша», экрандық терезенің төрттен бір бөлігінен аспауы тиіс және көлемі 100х100 px-ден аспауы тиіс, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын суретінен тұрады.

42. мемлекеттік органның ресми логотипін (ол болған жағдайда) орналастырған кезде логотип көлемі мемлекеттік елтаңба көлемінен аспауы керек.

43. Графикалық «тақырыпшада» интернет-ресурс мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсы болып табылатындығын көрсететін нұсқау болуы тиіс.

44. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының түсі (мата және символика элементтері), егер оны интернет-ресурста қолданған жағдайда 988-2008 ҚР СТ бойынша атлас түсі [3]: көгілдір мата түсі - № 3125 U, шуақты күн, бүркіт және ұлттық оюлы тік жолақ - № 102 U-ға сәйкес келуі тиіс.

45. Орналастырылатын баннерлер бір көлемде болуы тиіс және тұрақты және уақытша сипатта болуы мүмкін. Осыған байланысты мемленкеттік органмен бекітілген ақпараттық толтыру регламентінде баннерлердің ресми интернет-ресурста орналасу мерзімдері анықталған болуы тиіс.

46. Интернет-ресурстың навигациялық мәзірі интернет-ресурстың негізгі тарауларына жылдам өтуіді қамтамасыз етуі тиіс, жетістікте интернет-ресурстың кез келген парағына қолжетімділікке үш рет басудан аспайды. Навигациялық белгілер интернет-ресурстың барлық парақшаларында белгілі бір жерде орналасуы тиіс. Интернет-ресурстың құрылым және ашылған парақтың осы құрылымдағы орны туралы пайдаланушыға көрнекі ақпарат берілуі тиіс. Навигацияның бірдей белгілері (түймелер, нұсқарлар және басқалары) бірыңғай стильде болуы қажет.

47. Бас парақшаның контенттік облысы мыналарды құрауы қажет:

Нысандағы жаңалық: күні, тақырыбы, қысқаша мазмұны;

қысқаша байланыс ақпараты – мемлекеттік органның пошталық мекен-жайы, телефон және e-mail;

іздеу жолы – интернет-ресурс бойынша толық мәтіндік іздеуге арналған;

тілді таңдағау жолы – қазақша\орысша\ағылшынша;

интернет-ресурсқа келушілер санақшысы.

48. Бас парақшаға сілтеме интернет-ресурстың кез келген парақшасында қолжетімді болу қажет.

49. Парақтағы тақырыптар мен қолтаңбалар осы парақтағы мазмұнды (міндетті), ағымдағы тараудың атауын және көрсетілген құжатты сипаттауы тиіс. Тақырыптарды курсивпен жазу, мәтін астын сызуға болмайды, өйткені мұны пайдаланушы сілтемеге нұсқау деп түсінуі мүмкін.

50. Интернет-ресурс шаблоны анықтығы 72 dpi-дан артық емес суретті жылдам жүктеу үшін оңтайландырылуы қажет ((егер басқаша қарастырылмаған болса, мысалы, арнайы басып шығаруға арналған суреттер) ағылш. Dots per inch — суреттің анықтығын көрсету үшін қолданылатын дюймдегі нүктелер саны).

51. Интернет-ресурстың жүктелетін бір стандартты парақшасының көлемі орташа алғанда 170 килобайттан аспауы тиіс. Графикалық суреттер 30 килобайттан аспауы тиіс. Флэш-көркем суретті көлемі 300 килобайттан аспауы тиіс.


Каталог: sites -> default -> files -> pages
pages -> Конкурс жариялайды Конкурс жариялаған орган атауы : Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы
pages -> Шетелдегі және еліміздегі ғылым және технологиялардағы қызықты оқиғалар
pages -> 1 Әлемдегі инновациялар
pages -> Әлеуеттік қауіп жағдайларында немесе террористік акт жасалғанда, сондай-ақ терроризмге қарсы операция жағдайларында азаматтардың іс-қимылына
pages -> Конкурс туралы хабарландыру Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет