Сабақ 8-сынып Тақырыбы: " Интернет ресурстарына қол жетімдік. Интернет қызметтері"



бет1/3
Дата26.08.2017
өлшемі2,21 Mb.
#28007
түріСабақ
  1   2   3
"Малайсары жалпы орта білім беретін мектеп"

мемлекеттік мекемесі



АШЫҚ САБАҚ

8-сынып
Тақырыбы:

" Интернет ресурстарына қол жетімдік. Интернет қызметтері"

Өткізген: Информатика пәнінің мұғалімі

Жанагуль Толеуовна Аубакирова

Малайсары

25.04.2016ж




Сабақтың тақырыбы: Интернет ресурстарына қол жетімдік. Интернет қызметтері

Мақсаты: Компьютерлік желілер туралы ұғым қалыптастыру, интернет ресурстарын қолдана білуге үйреті

Білімдік Интернет желісімен таныстыру. Интернеттің мүмкіндіктерін және түрлерін түсіндіріп, оларды пайдалануды үйрету. Ақпараттық іздестіру порталдарымен таныстыру. Интернетте ақпаратты іздеуді үйрету. Интернетті қолдануды практикада пайдалануды дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық – Компьютерлік желілер туралы түсінік бере отырып, оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін толықтыру, ой - өрістерін дамыту, өзіндік іс әрекетін, шығармашылығын, пәнге деген қызуғышылығын арттыру.

Тәрбиелік – жауапкершілікке, адамгершілікке, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу
Көрнекілік: слайдтар, компьютер, проектор

Жұмыс түрлері: Жаңа материалдарды түсіндіру, презентацияларды демонстрациялау, тапсырмалармен компьютерлік жұмыс.

Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру бөлімі. Сабаққа алғашқы дайындық (2 минут).

  2. Үй жұмысын тексеру

  3. Жаңа материалды түсіндіру. (15 минут).

  4. Жаңа материалды бекіту. (2 минут).

  5. Копмьютердегі практикалық жұмыс. (20 минут).

  6. Рефлексия . (3 минут).

  7. Бағалау


Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі: Шеңберге тұрып сұрақтарға жауап беріп сыныпта жағымды ахуал қалыптастырып амандасады. Топқа кампиттер арқылы оқушыларды бөлу.

2. Үй жұмысын тексеру: Доп лақтыру әдісі арқылы үй жұмысын сұрау ( Оқушыларға сұрақ қоямын олар, ақиқат немесе жалған деп жауап беру керек)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет