11. Мүмкіншілігі шектеулі пайдаланушылар үшін интернет-ресурстағы ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету талаптары
52. Ақпараттық метариалдарды орналастыру кезінде веб-контенттің қолжетімділігі жөніндегі нұсқаулық - WCAG.2.0 есепке ала отырып мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолжетімділік нормаларын міндетті сақтау.
53. Нашар көретін және көзі көрмейтін адамдар үшін интернет-ресурс қолжетімділігін нашар көретін және көзі көрмейтін адамдар үшін интернет-ресурстың баламалы нұсқасын құру арқылы қамтамсыз етуге болады.
Нашар көретін және көзі көрмейтін адамдар үшін Интернет-ресурстың бұл нұсқасына өту үшін бас парақта гиперсілтеме орналастыру қажет. Интернет-ресурстың баламалы нұсқасы. Нашар көретін және көзі көрмейтін адамдар үшін интернет-ресурстың балама нұсқасы болмаған жағдайда интернет-ресурста на WCAG 2,0 талаптарының орындалуын қамтамасыз ету қажет.
54. Нашар көретін және зағип адамдарға интернет-ресурстың толыққанды қолжетімділігі үшін барлық негізгі ақпарат онда мәтін түрінде көрсетілуі тиіс.
55. Интернет-ресурста графикалық код орналастырылған жағдайда көзі көрмейтін пайдаланушылар үшін графикалық суретте келтірілген растау кодын енгізуді талап етпейтін баламалы авторлануды қарастыру қажет. Бұл үшін көлемі 50 килобайттан аспайтын, дыбыстық нұсқадағы сол кодты құрайтын файлға мәтіндік сілтеме қарастырылуы қажет.
56. Интернет-ресурста ақпаратты спамдардан қорғау үшін графикалық кодтар қолданылған жағдайда көрмейтін пайдаланушылар үшін баламалы дыбыстық код орналастыру қажет.
57. Интернет-ресурста on-line режімде толтыру үшін арналған электрондық нысан орналастырылған кезінде, пайдаланушының ақпаратты қате енгізген кезіндегі жіберілген қате туралы автоматты мәтіндік хабарлама қарастырылуы қажет.
58. Графикалық файлдар суретті түсіндіретін мәтінмен сүйемелденуі тиіс, яғни интернет-ресурс парақтарында графикалық ақпарат орналастырылған кезде оны барлық пайдаланушылардың түсінуі үшін баламалы қолтаңба тегін қолдануы қажет.
HTML графикалық файлына сілтемелердің баламалы мәтіні болуы тиіс (ALT анықтауышын түсіндіретін мәтін (ағылш. alternate — ауыстыру, кезектеу, компьютер пернетақтасындағы клавиша, негізгі міндеті – басқа клавишалардың мағынасын өзгертуге арналған).
ALT анықтауышын түсіндіретін мәтін суреттің өзі беретін сол мағынаны беруі тиіс. Интернет ресурстың дизайнының элементтері болып табылатын шағын декоративтік элементтер немесе парақшаға орналастырылған мағыналық жүктемесі жоқ және ақпаратты қабылдауға кедергі жасамайтын суреттер қосылмайды
60. Интернет-ресурста маңызды ақпаратты flash-сурет орналастырған кезде бұл объектілер жоқ параққа өту мүмкіндігін қарастыру қажет. Бұл мүмкіндік flash-объектілермен парақта сәйкесінше мәтіндік гиперсілтеме орналастырумен іске асырылуы мүмкін.
61. Интернет-ресурста оны қабылдауды қиындататын және ақпаратты бұрмалайтын фондық сурет пайдаланнылмауы тиіс.
62. WCAG 2.0 сәйкес, көруінде бұзушылығы бар адамдарға интернет-ресурстың оқылуын арттыру үшін мәтін немесе фонға қатынасы бойынша мәтін және суреттің қанықтылығы коэффициенті 4,5:1 кем емес болуы қажет.
63. Горизанталды айналдыруға бармай-ақ веб контентті немесе интернет-ресурстың функционалдығын (титрді және мәтіннің көрсетілуін болдырмай-ақ) жоғалтпай-ақ 200% дейін шрифтің өзгерту мүмкіндігі.
64. Мәтінді титрға конверциялауға көмектесетін, сосын аудио, видеоконтентпен синхрондайтын SMIL (интерактивті мультимедиалық тұсаукесерлерді құру үшін таңбалау тілі) қолданумен аудио-видео контент үшін сәйкес синхрондалған титрларды беру.
65. Видео-контентке скринридермен оқылатын мәтіндік сипаттама қосу.
66. Пайдаланушыны интернет-ресурстағы мекен-жайы туралы ақпараттандыру үшін ағымдағы ашылған параққа дейін интернет сайттың бас парағының тараулары бойынша ілеспе жолды құрайтын навигациялық тізбек пайдалану қажет.
67. Интернет-ресурст парақшасында үлкен көлемдегі мәтіндік ақпаратты орналастыруда парақшаның түрлі тарауларына ішкі сілтемелер (зәкір) қолданылу қажет. Өз кезегінде пайдаланушыға парақша басына қайтып келуге мүмкінджік беретін, парақшаның әр тарауында «Жоғарыға қайтып келу» сілтемесі болуы қажет.
68. Үш секундтан аса автоматты түрде ойналатын аудио веб-контент үшін тоқтау, үзіліс немесе дыбысты ажырату механизмдерін беру.
67. Интернет-ресурстың парақтары экранның жылтылдауы 2 Гц-тен жоғары және 55 Гц-тен төмен жүргізілмеуі нұсқасында жасалған болуы тиіс.
Егер бұл талаптар басқа ешбір жолмен қанағаттандырылмаса, онда жылжитын, жылтылдайтын, айналатын, автоматты түрде жаңаратын элементтер үшін аялдатуға, тоқтатуға, жасыруға немесе кез келген автоматты ақпараттың жаңару жиілігін өзгертуге; элементтердің қозғалысын/жарқылдауын/айналуын тоқтатуға немесе жасыруға мүмкіндік беретін пайдаланушыға тетік беру ұсынылады;
69. Жедел клавиштердің толық жұмыс істеуін қамтамасыз ету (ТАВ, Shift+TAB және т.с.с.).
Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын ақпараттық
толтыру және олардың мазмұнына талаптар қағидаларына қосымша
Электрондық ақпараттық ресурстар мазмұнына қойылатын талаптар
№р/с
|
Параметр
|
Өлшемдер
|
1
|
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
|
Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба
|
2
|
Мемлекеттік орган туралы жалпы ақпарат
|
1. Почталық мекенжайы
2. Электрондық почтаның мекенжайы
3. Анықтамалық қызметтердің телефондары
4) Мемлекеттік органның ережесі (Өкілеттіктерінің сипаттамасы);
5) Өкілеттіктерін, міндеттері мен функцияларын анықтайтын заңдардың, нормативтік актілердің тізбесі
6) Т.А.Ә., телефондардың нөмірлерін және электрондық пошта адрестерін көрсетумен графикалық схема түріндегі мемлекеттік органның бағыныстылық ұйымдастырылуын көрсететін орталық аппараттың құрылымы;
7) басшылардың Т.А.Ә., телефондардың нөмірлерін және электрондық пошта адрестерін, интернет-ресурстарға сілтеме (бар болғанда кезде) көрсетумен ведомствоға бағынысты және аумақтық бөлімшелердің тізбесі
|
3
|
Мемлекеттік қызметтің имиджі
|
1) Қазақстан Республикасы Елбасының жыл сайынғы жолдауы;
2) Елбасының жыл сайынғы Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарлары;
3) Елбасының жыл сайынғы Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралар Жоспарын іске асырудың нәтижелері;
4) Мемлекеттік органдар басшыларының дербес блогы (вебкүнделік);
5) Мемлекеттік қызмет, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасының ережелері туралы позитивті имиджді қалыптастыру және нығайту туралы ақпарат;
6) Сыбайлас жемқорлық іс-қимылына қарсы қабылданатын шаралар туралы ақпарат.
|
4
|
Норма шығару қызметі
|
1) Мемлекеттік органмен шығарылған нормативтік-құқықтық актілер;
2) Нормативтік-құқықтық актілер жобаларының мәтіндері.
3) Нормативтік құқықтық актілер жобаларын талқылау функционалының болуы.
|
5
|
Мемлекеттік органның ағымдағы қызметі туралы ақпарат
|
1) Мемлекеттік органның стратегиялық жоспары;
2) Стратегиялық жоспарды орындау туралы есептер;
3) Орындаушысы мемлекеттік орган болып табылатын мемлекеттік бағдарламалар (салалық бағдарламалар, аумақты дамыту бағдарламалары);
4) Мемлекеттік бағдарламаларды (құзыреті шегінде) салалық бағдарламаларды, аумақты дамыту бағдарламаларын орындау туралы есептер;
5) Мемлекеттік органның құзыретіне қатысты бөлігінде саланы дамытудың жай-күйі мен серпінін сипаттайтын статистикалық деректер мен көрсеткіштер;
6) Мемлекеттік органның қызметі туралы ақпараттық сипаттағы талдамалық баяндамалар мен шолулар;
7) Халықаралық шарттарды, ведомствоаралық шарттарды және халықаралық ынтымақтастық бағдарламаларын (қызметіне мемлекеттік орган қатысатын халықаралық ұйымдардың тізбесі; мемлекеттік органның басшысымен жасасылған (қол қойылған) халықаралық шарттар мен келісімдердің тізбесі және мәтіндері) (Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі үшн толтыру міндетті) іске асыруда мемлекеттік органның қатысуы туралы мәлімет.
|
6
|
Бюджетті орындау
|
1) Мемлекеттік органның жылға жұмыс істеуіне бөлінген бюджет қаржылары туралы ақпарат;
2) Бюджеттің орындалуы туралы ақпарат
|
7
|
Конкурстар, тендерлер өткізу
|
1) Мемлекеттік сатып алу жүргізу тәртібін реттейтін нормативтің құқықтық актілер;
2) Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары;
3) Мемлекеттік органмен, сондай-ақ ведомствоға бағынысты ұйымдармен өткізілетін ашық конкурстар, аукциондар, тендерлер туралы, оларды өткізу шарттары; оларға жеке және заңды тұлғалардың қатысу тәртібі; конкурстық комиссиялар отырысының хаттамалары; конкурс нәтижесінде қабылданған шешімдерді қайта қарау тәртібін қоса алғандағы мәліметтер;
4) Электрондық нысандағы конкурстар өткізілген жағдайда электрондық мемлекеттікк сатып алулар порталының сәйкес парағына сілтеме орналастыру
|
8
|
Жұмыс тәртібі
|
1) Мемлекеттік органмен жүзеге асырылатын рұқсат беру әрекеттерінің тізбесі көрсете отырып, мемлекеттік органның бақылау-қадағалау функциясы туралы ақпарат (бар болғанда кезде);
2) Мемлекеттік органмен рұқсат беруді жүзеге асырудың тәртібі;
3) оларды жүктеу және баспаға шығару мүмкіндіктерімен, заңмен және басқадай нормативтік актілермен сәйкес қарауға органмен қабылданған мәлімдемеленген құжаттардың нысандары;
4) Мемлекеттік органмен тексеру жүргізу кестесі (бар болғанда кезде);
5) Тексеру нәтижелері туралы ақпарат;
6) Бизнесті мемлекеттік қолдау туралы ақпарат (мемлекеттік орган жанынан құрылған Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сарапшылық кеңесі туралы, кәсіпкерлікті қолдауғақабылданған нормативтік актілер туралы мәліметтер (құзыреті аясында);
7) Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру туралы (құзыреті аясында)
|
9
|
Мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде электрондық форматта көрсету
|
1) Мемлекеттік орган көрсететін мемлекеттік қызметтер, электрондық нысандағысын қоса алғанда тізбесі;
2) Мемлекеттік қызметтер паспорты (атауы, орны және көрсету тәсілі, қажетті құжаттар тізбесі, типтік бланктер нұсқалары және оларды жүктеу мүмкіншілігі, мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі, мемлекеттік баж салығы мен алым төлеу үшін деректемелер туралы ақпарат, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі, оған шағымдану тәртібі. Электрондық түрдегі қызмет көрсетілетін жағдайда «электрондық үкімет» веб-порталына өту сілтемелерін орналастыру)
3) Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарының бар болуы;
4) Мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерінің бар болуы (электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің мемлекеттік органда бар болған кезінде);
5) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі мемлекеттік органның қызметі туралы жыл сайынғы есебі
|
10
|
Кадрлық қамтамасыз ету
|
1) Азаматтардың мемлекеттік қызметке кіру тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілер;
2) мемлекеттік органдағы бос лауазымдар туралы мәліметтер;
3) бос лауазымдарға орналасуға кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары ;
4) Бос орындарды баса тұру мәселелері жөніндегі консультация беруге уәкілетті тұлғалардың Т.А.Ә. телефон нөмірлері, электрондық пошта адрестері
|
11
|
Халықпен жұмыс жасау
|
1) Мемлекеттік органның азаматтарды қабылдау және олардың өтінішін қарау тәртібін регламенттейтін нормативтік құқықты актілер;
2) Азаматтарды қабылдау кестесі;
3) Азаматтарды қабылдау және олардың өтініштерін қарау мәселелері жөніндегі ақпаратты алу мүмкіндігі олар арқылы берілетін уәкілетті тұлғалардың байланыс телефондары;
4) Азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін шолулар (түскен өтініштер және оларды қараудың нәтижелері туралы толық ақпарат);
5) Өтініштер қарау нәтижелері бойынша қабылданған шешімдерді жауапты тұлғалардың байланыс деректерін көрсете отырып шағынудың тәртібі;
6) Кері байланыс функциялары («Сұрақ-жауап», онлайн-қабылдау);
7) өиту сілтемесін орналастырумен «электрондық үкімет» порталы арқылы электрондық өтініштер беру мүмкіндігі туралы ақпарат;
8) Азаматтардың қабылдау кестесіне сәйкес online қабылдауға жазылу мүмкіндігімен мемлекеттік орган басшысының және оның орынбасарларының «электрондық қабылдауы» ;
9) blogs.egov.kz блог-тұғырнамасында басшының ресми блогына өтудің бар болуы.
|
12
|
Ақпараттық қолдау
|
1) Жаңалықтардың өзекті тізбегі (жаңалықтар мұрағатын құрумен);
2) Мемлекеттік органның алдағы ресми оқиғаларының аңдатпасы;
3) Мемлекеттік органның, оның ведомствоға бағынысты және/немесе аумақтық бөлімшелері саласының бірі қалмастан бәріне түгел қатысты тікелей ақпараттық сипаттағы басқадай материалдар және мемлекеттік орган бірінші басшыларының ресми мәлімдемелерінің және сөз сөйлеулерінің мәтіндері
4) Өту сілтемесін орналастырумен ақпараттық жүйелердің міндеті туралы және оларды пайдалану тәртібі туралы қысқаша ақпарат;
5) пайдалы сілтемелер (ресми үкіметтік интернет-ресурстар, «электрондық үкімет», заңнама деректер);
6) мемлекеттік қызмет көрсету және рұқсат беру заңнамасының өзгерістері бөлігіндегі интернет ресурстағы соңғы жаңартулар туралы пайдаланушыларды ақпараттандыратын бас парақта айдардың бар болуы;
7) Әдістемелік және консультациялық қолдау (мемлекеттік органның құзыреті аясында)
|
13
|
Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдамасы шеңберіндегі мемлекеттік органның қызметі
|
1) «Жасыл экономикаға» көшу мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері.
2) Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі шараларды іске асыру бойынша мемлекеттік органнң қызметі туралы ақпарат (құзыреті шеңберінде)
|
Достарыңызбен бөлісу: |