Тілімізде өмірде көріп, қолмен ұстауға болатын заттарды деректі я конкретті зат



Дата31.03.2024
өлшемі4,22 Kb.
#200396
Байланысты:
Шпаргалка




Зат есім
Айналамыздағы қоршаған ортадағы зат пен жан жануар атаулыға, барша құбылыс пен уақиғаға атауыш болып келетін сөздер зат есім деп аталады.
Зат есім деп аталатын сөздердің өздеріне тән ерекшеліктері бар. Олар лексика семантикалық сипаттарына қарай сөйлемдегі өзге сөз таптарымен еркін қарым қатынасқа түседі және сол қатынастарға аса қажетті көптік, септік, тәуелдік, жіктік жалғауларын қабылдап түрленіп отырады. Зат есімдер тіліміздегі барлық сөзге ұйытқы болғандықтан, сөйлемнің барлық мүшелерінің қызметін атқарады.
Зат есімдердің қай қайсысы болсын заттық ұғымды білдіретіндіктен, олар негізінен біркелкі болғанымен іштей нақтылық және абстрактілік, жалпылық және жалқылық, даралық және жинақтық, жекелік және топтық сияқты семантикалық категорияларды қамтиды.
Тілімізде өмірде көріп, қолмен ұстауға болатын заттарды деректі я конкретті зат

есімдер дейміз


Сол сияқты Тілімізде ой арқылы сезілетін, яғни көзбен көріп, қолмен ұстауға келмейтін зат есімдерді дерексіз не абстракты зат есімдер дейміз
Тіліміздегі апа қарындас, төсек орын, шөп шалам сияқты қос сөздер белгілі бір ұғымдарды жинақтап, олардың тобының атын білдіреді. Ал мая мая шөп, тау тау астық деген сөздер даралау ұғымын көрсетеді.
Тіліміздегі зат есімдерді семантикалық және грамматикалық сипаты жағынан талдаған кезде олардың бір саласы адам атауларын, екінші саласы адамнан өзге жан жануарлар мен заттардың атаулары болып келеді. Бірінші топқа қатысты сөздер тек кім? деген сұраққа жауап береді. Жалпы адамға тән атаулар жатады. Мысалы: бала, қыз, шеше, әке, туыстық атаулары, мамандық атаулары, лауазым атаулары, кісі аттары жатады. Осы семантикалық ерекшеліктеріне қарай адамзат есімдері немесе персондық есімдер дейміз.
Не? деген сұрақ адамнан өзге барлық

жануарлар мен күллі заттардың атауларына қойылады. Осы семантикалық ерекшеліктеріне қарап ғаламзат есімдері дейміз.


Тіліміздегі әр алуан деректі және дерексіз ұғымдарды білдіретін зат есімдер жалпы есімдер деп аталады.
Ал заттар мен заттық ұғымдарды жалпылама түрде атамай, бір ғана затты арнай, даралай атайтын зат есімдерді жалқы есімдер дейді.
Затты жеке даралап атамай, оның жиынын тобымен атайтын зат есімдерді көптік мәнді есімдер дейді. Мысалы, ұн, алтын, жел, сұйық заттар: айран, сүт, шай, газ тектес заттар, озон, бу, ұнтақ заттар: шаң, тозаң т. б.
Лексикалық мағыналары бірде бүтіндей, бірде солғындап, морфологиялық жағынан зат есімдерше түрленіп отыратын сөздерді көмекші сөздер дейміз. Көмекші сөздер горизанталь және вертикаль бағыттағы қатынастарды білдіретін көмекші есімдер деп бөледі.
1.Горизанталь бағ: алды, арты, қарсы, жаны, маңы, тұсы, шеті


1.Вертикаль бағ: асты, үсті, беті, түбі

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет