Құрамында қоспасы бар бастапқы зат пен реакция өнімі бойынша есептер



бет1/2
Дата20.12.2021
өлшемі22,1 Kb.
#103667
түріҚұрамы
  1   2
Байланысты:
sabaq-kz attachment dokument-microsoft-office-word-4-5300fb3439183
Л 5 УГиФС, юбилеи 2021 каз, 1621913962458

Құрамында қоспасы бар бастапқы зат пен реакция өнімі бойынша есептер

9-сынып


Құрамында қосындысы бар 400 г әктасты өртегенде 78,4 л көміртегі (ІV) оксиді түзілді. Әктастың құрамындағы қоспаның массалық үлесін (%) есептеңіздер.

Берілгені:

m (әктас) = 400 г

V (CO2) = 78,4 л

Т/к ω(қоспа)

Шешуі:

1) Реакция теңдеуін жазып,кальций карбонатының молярлық массасын есептейміз:

CaCO3 = CaO + CO2

1моль 1моль

М (СаCO3) = 40 +12+16•3 = 100 г/моль

2) Көмірқышқыл газының зат мөлшері арқылы реакцияға түскен заттың зат мөлшерін табамыз:


V 78,4 л

= ––––– ; (CO2) = ––––––––––––– = 3,5 моль

Vm 22,4 л/моль



(CO2) = (СаCO3) = 3,5 моль 3) Зат мөлшері бойынша кальций карбонатының массасын табамыз: m (CaCO3) = 3,5 моль •100 г/моль = 350 г 4) Әктастың құрамындағы қоспаның массасын анықтаймыз: 400 г – 350 г = 50 г 5) Әктастың құрамындағы қоспаның массалық үлесін есептейміз:

50 г


ω = –––––– = 0,125 ( немесе 12,5 %)

400 г


Жауабы: 0,125 немесе 12,5% .

Калий карбонаты мен натрий карбонатынан тұратын массасы 7 г қоспаны күкірт қышқылымен өңдеді. Реакция нәтижесінде көлемі 1,344 л (қ.ж.) газ бөлінді. Қоспа құрамындағы натрий карбонаты мен калий карбонатының массалық үлесін есептеңіздер.

Берілгені:

m (қоспа) = 7 г

V (CO2) = 1,344 л

(қ.ж.)


Т/к ω (Na2CO3)

ω (К2CO3)



Шешуі:

1) Реакция теңдеуін жазып,есептеуге қажетті қосылыстардың молярлық массаларын анықтаймыз:

Na2CO3 + H2SO4 = Na2SO4 + CO2↑ + H2O 1моль 1моль

K2CO3 + H2SO4 = K2SO4 + CO2↑ + H2O 1моль 1моль

М (Na2CO3) = 23•2+12+16•3 = 106 г/моль М (К2CO3) = 39•2+12+16•3 = 138 г/моль 2) Қоспадағы натрий карбонатының массасын х г деп белгілесек,қоспадағы калий карбонатының массасы (7-х) грамға тең болады. Яғни,

m(Na2CO3) = х г m(К2CO3) = (7- х) г Натрий карбонаты күкірт қышқылымен әрекеттескенде бөлінетін газдың көлемін у л деп белгілесек, ал калий карбонаты күкірт қышқылымен әрекеттескенде бөлінетін газ көлемі (1,344 - у) литрге тең болады: V1= у V2 = (1,344 - у) л 3) Реакция теңдеулеріндегі сәйкес заттардың формуласының үстіне белгіленген мәндерді қоямыз: х г у л Na2CO3 + H2SO4 = Na2SO4 + CO2↑ + H2O (1)

(7-х)г (1,344-у)л K2CO3 + H2SO4 = K2SO4 + CO2 ↑+ H2O (2)

х у  


––––––– = –––––– (1)

106 22,4


(7 - х)  

––––––– = ( 1,344 - у) (2)

138

Бірінші теңдеуде у-ті х арқылы өрнектейміз:



22,4•х  

у = –––––––– (3)

106

22,4 • х  



(1,344 - ––––––––– ) •138 = 22,4 •(7 - х) (4)

106 Теңдеуден х-тің мәнін табамыз: 185,472 - 29,16•х = 156,8 - 22,4•х 6,76•х = 28,672 х = 4,24 m (Na2CO3) = 4,24 г m (К2CO3) = 7 – 4,24 = 2,76 г

6) Карбонаттардың массалық үлестерін формула бойынша есептейміз:

m (Na2CO3 ) 4,24 г

ω (Na2CO3) = –––––––––––– = ––––––––– = 0,6057 ( немесе 60,57 %)

m (қоспа) 7 г

m (К2CO3 ) 2,76 г

ω (К2CO3) = –––––––––––– = ––––––––– = 0, 3943 ( немесе 39,43 %)

m (қоспа) 7 г



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет