Есепті тексеру. Әрбір карбонат күкірт қышқылымен әрекеттескенде бөлінген көмірқышқыл газының көлемін сәйкес теңдеулер бойынша есептеп алып, көмірқышқыл газының жалпы көлемін табамыз:
1) Na2CO3 + H2SO4 = Na2SO4 + CO2 + H2O
1моль 1моль
Реакция теңдеуі бойынша:
106 г Na2CO3 әрекеттескенде 22,4 л CO2 бөлінсе, 4,24 г Na2CO3 әрекеттескенде у 1 л CO2 бөлінеді.
4,24 •22,4
у1 = –––––––––––– = 0,896 л
106
2) K2CO3 + H2SO4 = K2SO4 + CO2 + H2O 1моль 1моль
Реакция теңдеуі бойынша:
138 г К2CO3 әрекеттескенде 22,4 л CO2 бөлінсе, 2,76 г К2CO3 әрекеттескенде у 2 л CO2 бөлінеді.
2,76 •22,4
у2 = –––––––––––– = 0,448 л
138
3) у = у 1 + у 2 = 0,896 + 0,448 = 1,344 л Нәтиже есептің шартында берілген газдың көлеміне сәйкес келеді.
Жауабы: ω(Na2CO3) - 60,57 % ,
ω (К2CO3) - 39,43 %.
ЕСЕПТЕР
1) Массасы 400 г натрий селитрасы айырылғанда 33,6 л оттек түзілді. Селитра құрамындағы қоспаның массалық үлесін (%) есептеңіздер.
Жауабы: 36 %.
2) Құрамында 16 % қосындысы бар 119 г ізбестастан қанша литр көмірқышқыл газы бөлінетінін есептеңіздер.
Жауабы: 22,4 л.
3) Көлемі 67,2 л ( қ.ж.) метан алу үшін жұмсалатын құрамында 3 % қосындысы бар техникалық көмірдің массасын есептеңіздер.
Жауабы: 37,1 г.
4) Көлемі 10 л этан мен этиленнің қоспасының құрамындағы этиленнің массалық үлесі 28 % . Бром суындағы бромның массалық үлесі 3,2 % . Этан мен этиленнің қоспасымен әрекеттесу үшін жұмсалатын бром суының массасын есептеңіздер.
Жауабы: 625 г.
5) Натрий карбонаты мен калий карбонатының 10 г қоспасы суда ерітіліп, оған артық мөлшерде алынған тұз қышқылымен әсер етілді. Реакция нәтижесінде бөлінген газ натрий пероксидінің ерітіндісі арқылы өткізілді. Нәтижесінде бөлінген оттек көлемі 1,9 л (қ.ж.) сутек газын жағуға жеткілікті болды. Реакция теңдеуін жазып, қоспаның құрамын (%) есептеңіздер.
Жауабы: ω(Na2CO3) - 56,5 % ,
ω (К2CO3) - 43,5 %.
6) Массасы 1,8 г натрий хлориді мен натрий иодидінің қоспасы суда ерітілді. Ерітінді арқылы хлордың артық мөлшері өткізілгеннен кейін, натрий хлоридінің массасы 1,3 граммға тең болды. Бастапқыда алынған қоспа құрамындағы натрий иодидінің массалық үлесін (%) есептеңіздер.
Жауабы: ω (Na І) - 45,6 %.
7) Құрамында фенол мен сірке қышқылы бар қоспаны нейтралдау үшін 20 %-қ 23,4 мл калий гидроксидінің ерітіндісі (р = 1,1 г/мл) жұмсалды. Бастапқыда алынған қоспа бром суымен әрекеттескенде массасы 16,55 г тұнба түзілді. Бастапқыда алынған қоспаның құрамын ( г) анықтаңыздар.
Жауабы: фенол 4,7 г, сірке қышқылы 28,6 г.
8) Мыс (ІІ) оксиді мен темір (ІІІ) оксидінің 31,9 г қоспасы сутегімен тотықсыздандырылды. Реакция нәтижесінде массасы 9 г су түзілді. Қоспадағы металдардың массалық үлесін есептеңіздер.
Жауабы: Сu - 22 %, Fe -78 % .
9) Жабық ыдыста көлемі 1,5 л (қ.ж.) күкіртсутек пен артық мөлшерде алынған оттектен тұратын қоспаны жақты. Реакция өнімі көлемі 49,2 см³ суда ерітіліп, нәтижесінде 1,64 % -қ қышқыл ерітіндісі алынды. Бастапқыда алынған қоспаның құрамын (л) анықтаңыздар.
Жауабы: Н2S - 0,22 л, O2 -1,28 л.
10) Темір мен күкірт ұнтағынан тұратын қоспа қыздырылып,тұз қышқылының ерітіндісінде толық ерітілді. Реакция нәтижесінде (қ.ж.) бөлінген 4,48 л газ қорғасын (ІІ) нитратының ерітіндісі арқылы өткізілгенде массасы 23,9 г тұнба түзілді. Бастапқыда алынған қоспаның құрамын (г) анықтаңыздар.
Жауабы: Fe - 11,2 г, S -3,2 г.
11) Массасы 16 г калий хлориді мен натрий хлоридінің қоспасын артық мөлшерде алынған концентрлі күкірт қышқылының ерітіндісімен өңдегенде көлемі 5,6 л хлорсутек газы түзілді. Қоспаның құрамын (г) анықтаңыздар.
Жауабы: KCІ -7 г, NaCІ - 9 г.
12) Күкірт қышқылы мен азот қышқылының қоспасынан тұратын массасы 630 г ерітіндіге барий хлоридінің артық мөлшерін қосқанда массасы 46,6 г тұнба түзілді.Түзілген тұнбаны бөліп алғаннан кейін қалған қышқыл ерітіндісін нейтралдау үшін 40 % -қ 100 мл калий гидроксидінің ерітіндісі (р = 1,4 г/мл) жұмсалды. Бастапқы ерітіндідегі азот қышқылының массалық үлесін есептеңіздер.
Жауабы: 6 %.
Достарыңызбен бөлісу: |