Сабақ жоспары. 10-сынып. Қазақстан тарихы. Сабақтың тақырыбы: Орта ғасырларда қазақ жерінде рухани мәдениеттің дамуы



Дата01.04.2017
өлшемі30,72 Kb.
#13155
түріСабақ
Атырау облысы

Мақат ауданы

Х.Санбаев атындағы орта

мектептің мұғалімі

Ескайрова Маржан

Тарих пәнінің мұғалімі
Сабақ жоспары. 10-сынып. Қазақстан тарихы.

Сабақтың тақырыбы: Орта ғасырларда қазақ жерінде рухани мәдениеттің дамуы.

Сабақтың мақсат- міндеттері: ҮІ-ХІІ ғасырлардағы қазақ жерінде мәдениеттің дамуын, оның бағыттарын көрсету. Қазақ жерінде жазу-сызудың пайда болуы туралы толық мәлімет беру. Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау қабілеттерін дамыту, ойға жетелеу. Тұлға ретінде жалпы дамыту. Оқушылар бойына рухани мәдениетті сіңіру.

Сілтеме: Оқулық, дидактикалық құралдар.

Жабдықтары: Карта, сызба-кестелер (слайд түрінде) постер, стикер, флипчарт

Технология: Дамыта оқыту технологиясы.

Оқыту әдісі: Топтық, жеке, жұптық жұмыстар, талдау.

Сабақтың жүрісі:1. Ұйымдастыру бөлімі.

2. Үй тапсырмасын тексеру. (алдыңғы сабақта қайталау болғандықтан жалпы сұрақтармен шолу жасап, ой қозғау жүргізіледі.)

Жаңа тақырыпты оқып-үйрену кезеңі.

Сабақтың жоспары:

1. Рухани мәдениеттің даму ерекшелігі, тілі, жазуы.

2. Көне жазулар, тұмардағы, тостағандағы жазулар.

3. Орта ғасырлардағы жазу-сызулар.Соғды жазуы.Көне түркі әліпбиі.

4. Руна жазуларының сипаты, «Күлтегін», «Білге қаған» ескерткіштеріндегіжазулар.

Жаңа тақырыпты ашу үшін оқушыларға қысқа түрде мағлұмат, бағыт-бағдар беріледі. Оқушылар өз бетімен жұмыс жасайды, түстер таңдау арқылы топқа бөлінеді.

Топтық тапсырмалар:


1-топ

Көшпелілердің рухани мәдениетінің өз даму ерекшелігі бар, қандай атап беріңдер.

2-топ

Тіл және жазу, сызу сөздеріне талдау жасаңдар, олардың арасында қандай байланыс бар.

Жұптық жұмыстар:

1. Көне жазулар-тұмардағы жазу, тостағандағы жазу, тибет, руналық жазулар жөнінде әңгімелеңдер

2. Орта ғасырлардағы жазу-сызу, соғды жазуы, түркі жазуындағы ұқсастықтармен өзгешеліктер қандай. (Венн диаграммасын құрыңдар)

3. Руна жазуының пайда болуы, зерттелуі, ерекшелігі, кейбір ғылыми пікірлер туралы талдау жасаңдар.

Жеке шығармашылық жұмыстар:



  1. Сызбаны толтырыңдар.

Материалдық мәдениет

Рухани мәдениет










  1. Кестемен жұмысты орындаңдар. (табылған жері, ерекшелігі)

Сақ жазулары б.з.д. 5-4-ғасырлар.






Түркі жазулары ҮІІІ ғасыр.








  1. Кестедегі рухани мәдениет жөніндегі сұрақтардың жауабын жазыңдар.

Мәдениет дегеніміз не?




Заттай мәдениет деген не?




Рухани мәдениет деген не?




Синкретті мәдениетті қалай түсінесіңдер?



Тарихи диктант. Көне түркі жазулары қай ғасырларда кең түрде пайдаланылған....................

Көне түркі жазуын қалай атайды.......................

Түркі жазуымен қатар қандай жазуды қолданған...........................

Түрік жазуын алғаш зерттеген ғалым....................атақты түрколог

Ғалымдар......................................

Көне түркі руна жазулары........ ......... ............. .............ойып сызып .............

Оқушылардың жұмысын бағалау көрсеткіші бойынша бағалау.



Үйге тапсырма: Оқу, тест құру, дереккөздерден материал іздеу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет