Сабақ жоспары Сыныбы 6 (алтыншы) Пәні: Информатика



Дата27.07.2017
өлшемі97,82 Kb.
#22131
түріСабақ
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Аққұм бекеті

Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебінің

информатика пәнінің мұғалімі

Садыбаева Назкен Жақсылыққызы


Сабақ жоспары

Сыныбы – 6 (алтыншы)

Пәні: Информатика

Мерзімі: 03.02.2016 жыл




Сабақтың тақырыбы:

Нөмірленген және таңбаланған тізімдер

Негізгі идея:

Word мәтіндік процессорында мәтін жазу кезінде нөмірленген және таңбаланған тізімдер жасау жолдарын үйрену.

Сабақ мақсаты:

Барлық оқушылар

Тізім жасау бұйрықтарымен танысу

Оқушылардың көпшілігі

Қосымша тізім жасау батырмаларын қосуды үйрену

Жекелеген оқушылар

Word мәтіндік процессорында мәтінді пішімдеу кезінде нөмірленген және таңбаланған тізім құру жұмысын жасау

Құндылықтар:

Қауіпсіздік ережесін сақтау, өзгенің пікірін тыңдау, құрметтеу, ұйымдасқан іс-әрекет

Лексика:

Нөмірленген, таңбаланға тізімдер,




Табыс критерилері

Барлық

оқушылар

Топтық жұмысты орындай отырып, тізім жасау бұйрықтарымен танысады

Оқушылардың көпшілігі

Жұптық жұмыс кезінде қосымша тізім жасау батырмаларын қосуды үйренеді

Жекелеген оқушылар

Топтық, жұптық, жеке жұмыстар барысында мәтінді пішімдеу кезінде нөмірленген және таңбаланған тізім құру жұмысын жасайды.

Сабақ кезеңдері

іс-әрекеттер

кезеңдер

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

Ресурстар

Сабақты ұйымдастыру

- Оқушылармен сәлемдеседі.

- Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырып, жағымды ахуал тудырады.

- Сыныпты топқа бөледі.


- Мұғаліммен сәлемдеседі.

- «Көңіл күй» шеңбері

- «Атақты сиқыршы» ойыны көмегімен сынып 2 топқа бөлінеді





Үй тапсырмасын пысықтау

Алдыңғы тапсырмаларды еске түсіреді. «Серпілген сауал» ойыны арқылы оқушылардың үй тапсырмасына дайындықтарын тексереді.


Эллипс
«Серпілген сауал» ойыны арқылы үй тапсырмасына дайындығын көрсетеді.

1. Пішімдеу сызғышы не үшін керек?

2. Мәтіндік процессордың терезесіндегі пішімдеу сызғышын қалай қосып/өшіруге болады?


Доп

Білімді тиянақтау, жинақтау

Оқушылардың білімін жинақтап, қорытындылау үшін «Суреттер сөйлейді» тақтада суреттер беріледі. Нәтижесі жаңа сабаққа бағытталады.

Оқушылар тақтада берілген суреттерге жан-жақты түсініктемелер береді.

Суреттер

Жаңа сабаққа бағыттау, сілтемелер

Жаңа сабаққа кіріспе бағыт береді. Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбын ашу үшін сұрақтарға жауап береді.

Сұрақтарға жан-жақты жауап беру арқылы жаңа тақырыпқа келеді

1. Тізім не үшін құрылады?

2. Абзац тіркеме парағындағы тізім құратын батырманы таба аламыз ба?

Инт. тақта




Жаңа білімді игеру

Топтық тапсырма беріледі.

Оқушылар өздеріне берілген тапсырмаларды орындау арқылы жаңа сабақты меңгереді. (Топтар бір-бірін критерий арқылы бағалайды)

1-топқа: Практикалық тапсырма

2-топқа: Постер қорғау


Ноутбуктер, компьютер, инт. тақта

Алған түсінік-терін тексеру, нақтылау

Жұптық тапсырма беріледі. «Қатесін тап!» жалған мәтін жазылған тапсырма беріледі.

«Қатесін тап!» жалған мәтіндегі қате сөздерді тауып, жөндеп жазу арқылы жаңа сабақты түсінгендерін тексереді.

Жұптық жұмыс

«Қатесін тап» ойыны

1. Мәтіндік процессорда тізімдердің үш түріне қол жеткізуге болады: маркерленген, көлденеңінен және көпдеңгейлі.

2. Тізімнің келесі элементін алу үшін Shift пернесін басамыз.

3. Тізімді аяқтау үшін Delete пернесімен артық нөмірді жою жеткілікті.



4. Тізім құратын бұйрықтар Қаріп тіркеме парағында орналасқан.

Дұрыс жауап: 1..................................................

Үлестірме қағаздар, бағалау парағы

Жаңа білімді бекіту

Жеке жұмыс беріледі. Оқушылардың алған білімдерін бекіту үшін деңгейлік тапсырмалар беріледі.

Оқушылар деңгейлік тапсырманы орындай отырып, өздерінің бүгінгі сабақты қаншалықты меңгергендіктерін көрсетеді.

1. Берілген кестені толықтыр:


2. Word мәтіндік редакторын іске қосу жолдарын көрсет:

3. Абзац тіркеме парағы мен Қаріп тіркеме парағын салыстыр.



Кеспе қағаздар

Үй тапсырмасын орындауға нұсқау, шығармашылық бағыт беру

Қосымша тапсырмалар беріледі. «Жеделхат» ойыны арқылы оқушыларға үйде орындауға жеке тапсырмалар береді.

Бір оқушы пошташының ролін ойнап, оқушыларға мұғалім жазған хатты таратып береді. Оқушылар тапсырмаларды үйде орындауға алады.

Хаттар, пошта сөмкесі

Сабақты қорытындылау (кері байланыс)

«Блум гүлі» арқылы кері байланыс жасау үшін оқушыларға жапырақтар үлестіріп береді.

Оқушылар бүгінгі сабақты қорытындылайды.

«Блум гүлі»



(Кері байланыс)


Гүл жапырақтары



Пән мұғалімі: Н.Садыбаева

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет