Қызылорда облысы
Жаңақорған ауданы
Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебі
Мектепалды даярлық сыныбының мұғалімі: Маханова Динара
Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлімнің аты: Көркем әдебиет
Сабақтың тақырыбы: Жыл мезгілдері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Балаларға жыл мезгілдері туралы, ондағы өзгерістер мен ерекшеліктер жайлы мағлұмат беру.
Тәрбиелік: Табиғаттың әсем көрінісін қызықтай білуге, қоршаған ортаны сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Балаларға жыл мезгілдері жайлы мағлұмат бере отырып дүниетанымын, ой-өрісін, сөздік қорларын дамыту.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, түсіндіру, жұптық, жеке жұмыстар, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: үлгі суреттер, интерактивті тақта, үлестірмелі материалдар
Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту, Жапсыру
Іс -әрекет кезеңдері
Мұғалімнің іс әрекеті
Балалардың іс әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық
І.Ұйымдастыру кезеңі:
1) Оқушылардың оку-құралдарын түгендеу.
2) Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Балаларды шеңбер жасауға шақырады:
- Біздің шеңберіміздің көлемі қандай болды?
- Ол неге ұқсайды?
- Ендеше біз шар сияқты шеңберімізді үрлеп, үлкен шеңбер жасайық. Кәне, бәріміз бірдей үрлейік.
- Жақсы, енді «Деніміз сау болсын!» деп өз-өзімізді емдейік.
-Олай болса, «Сиқырлы айна» деген ойын ойнаймыз.
Шарты: Балалар кезектесіп айнаға қарап тұрып өз-өздеріне тілек айтады.
- Бүгінгі күніміз жақсы болсын, көңілді болайық, деніміз сау болсын, татулықпен, достықпен бәріміз сабақ барысында бір-бірімізге тек жақсы көңіл сыйлайық.
Қызығушылық танытады.
- Шеңбер кішкентай.
- Ол допқа және шарға ұқсайды.
«Шеңберді үрлейді»
Балалардың жауаптары тыңдалады
Ұйымдастыру -ізденушілік
ІІ. Жаңа сабақты меңгерту.
«Суреттер сөйлейді»
-Балалар аққала жасап, шанамен сырғанау үстінде. Бұл- қыс.
-Балалар құстарға ұя жасап жатыр, ағаш отырғызуда. Бұл – көктем.
-Күн шығып тұр. Айнала жап-жасыл. Балалар суға шомылуда. Бұл-жаз.
-Жаңбыр жауып тұр. Дала сары түске боялған. Бұл-күз.
-Дұрыс айтасыңдар балалар, қыс, көктем, жаз, күз мезгілдерін бір сөзбен қалай айтатынын білесіңдер ме?
-Өте жақсы, олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Жыл мезгілдері» деп аталады.
-Сурет бойынша жыл мезгілдеріне жеке-жеке тоқталу. (интерактивті тақтада тірек сөздер арқылы түсіндіру: ауа-райының ерекшелігі, табиғаттағы өзгерістер, адамдардың еңбегі, адамдар қандай киім киеді.
-Бір жылда төрт мезгіл бар. Олар қыс, көктем, жаз, күз.
Қыста айнала аппақ қар, балалар сырғанап ойнайды. Су қатып мұз болады. Көктемде жер көктеп, бәйшешектер гүлдейді. Күн қызып, көбелектер ұша бастайды. Жазда күн жылынып жемістер піседі. Құстар ән салып ағаштарға қонады. Күзде күн салқындайды, жапырақтар сарғайып, жеміс - жидек көкөністер піседі.
Жұптық жұмыс
Мақсаты: Балаларды жұпта бір-біріне көмектесіп, ақылдасып жұмыс жасауға, ой қорытындылауға үйрету.
«Ойлан тап» ойыны
Бағалау: Балалар бағдаршам арқылы бағалайды
Сергіту сәті
Қыс мезгіліне арналған физминутка
-Балалар тақтадағы суреттерге қарап ойларын айтады.
-Жыл мезгілдері
Балалар мұғалімді мұқият тыңдап, ойларын айтады
Балалар жұптаса отырып тапсырманы орындайды.
Балалар қимылмен орындайды
Кері байланыстылық-
түзетушілік
Сабақты қорытындылау:
Жеке жұмыс
Мақсаты: Баланың ойын арқылы өз бетінше жұмыс жасауына, өзі шешім қабылдауына, ойлануына дағдыландыру.
Артық затты тап
Мақсаты:
Жуан-жіңішке сұрақтар:
-Күз мезгілінде ауа райы қандай болады?
-Қыс мезгілінде қандай киімдер киеміз?
-Көктем мезгілінде қандай мерекелерді тойлаймыз?
-Жаз мезгілінде адамдар қалай еңбек етеді?
Балалар белсенділік танытады
Балалардың жауаптары тыңдалады
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Жыл мезгілдері жайлы жалпы түсінік алады. Оларды ажыратады.
Қандай түсініктерді игерді: Әр жыл мезгілінің өзіне тән ерекшелігі болады.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Ойларын еркін жеткізе алады, жұптық, жеке жұмыс жүргізуге дағдыланады.
Сабақтың тақырыбы: Күзде
Сынып: 2 сынып»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: «Күз» тақырыбы бойынша білімді қалыптастыру. Сауатты жазуға, айтуға үйрету. Сөз құрамын ажырата білу. Ойын арқылы өткен тақырыптарды қайталау
Дамытушылық: Жалпы қабілеттілікті дамыту. Қисынды ойлау қабілеті, танымдық қызығушылықты дамыту. Шығармашылықпен жұмыс жасау белсенділіктерін арттыру.
Тәрбиелік: Табиғат көріністерімен сұлулыққа, табиғатты қорғауға тәрбиелеу. Қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру. Сабақ арқылы оқушыларға адамгершілік ақыл - ой, еңбек, салауаттылық тәрбиесін беру.
Сабақтың түрі: Қорытынды қайталау сабағы.
Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер: түрлі ойын элементтері, тестілеу, көрнекілік.
Сабақтың көрнекілігі: техникалық құрал, лексикалық, грамматикалық кестелер, тақырыптық суреттер, үлестірмелі материал.
Сабақтың барысы.
Сабақ кезеңдері
Уақыт
Модуль
Мұғалімнің іс - әрекеті
Оқушының іс - әрекеті
І. Ұйымдастыру кезеңі
Топқа бөлінеді
Психологиялық ахуал
Кезекшімен диалог
Ой шақыру стратегиясы
ІІ. Өткенді қайталау
ІІІ. Операциялық кезең
5. Сергіту сәті
3мин
1мин
1мин
3мин
3мин
5мин
5мин
1мин
5мин
ЖЕСО
ОЖТ
СТОү
ОЖТ
АКТ
СТОү
ОүБжОБ
Амандасады.
Түрлі түсті жапырақтар арқылы үш топқа бөлінеді.
Көңіл-күйлерін қалай?
Жақсы енді орнымызға жайғасайық.
Осындай алуан түрлі түсті жапырақтар қай мезгілде болады?
Доппен ойын өткізу («Күз» тақырыбы бойынша сөздерді тексеру)
Жарайсыңдар, балалар!
1.Интербелсенді тақтада жұмыс
2.Бәйге сайысы.
Сөз тіркестерінен сөйлем құрастырады.
3.Маңыздылығына қарай ретімен қойып, монолог жазу (7-8 сөйлем)
4. Блум тұймедағы
Тұймедақтағы сұрақтар бойынша берілген мәтінге сұрақ құрастырады. Диалог
Оқушылар 3 тілде амандасады.
Түрлі түсті жапырақтарды таңдау арқылы үш топқа бөлінеді
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз
Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз
Мақсатымыз – білім алу,
Міндетіміз еңбектену
Еңбектену арқылы
«5»-ке қолды жеткізу
Оқушылар күз тақырыбы бойынша сөздерді тізбектеп айтып, допты бір-біріне беріп тұрады.
1.Әр топтан оқушылар шығып, сөздерді сәйкестендіреді.
2.Жасаған сөз тіркесін қолданып, сөйлем құрастырады.
3. Сөйлемдерді ретімен қойып монолог құрастырады.
4. Сұрақтарды қолданып диалог құрастырады.
Грамматикалық тапсырма
5мин
АКТ
Оқушылар дәптерде орындайды. Зат есімнің тәуелдік жалғауын есіне түсіреді.
Ережені айтады.
Берілген сөздерді 3 бағанға бөліп жазады.
Топ бойынша тексеріп шығады.
Тест
«Күз» суретін сөйлетейік
5мин
5мин
Оқушылар тест жұмысын орындап, кілт бойынша бір бірінін жұмысын тексереді.
Сурет бойынша әр топтан оқушылар шығып сөйлем құрастырады.
Бағалау парағына баға ұпай қояды.
Рефлексия
3мин
Оқушылар бағалау парағында өздерін бағалайды, ұпай қояды нәтижесін шығарады.
Тақтаға шығып, смайлик арқылы «Баспалдақ табысында» өз орнын көрсетеді.
1.Барлығы түсінікті.
2. Әлі де сұрақтарым бар.
3. Қиын болды, түсініксіз.
Ашық сабағының тақырыбы: «Жыл мезгілдері»
Мақсаты: Балалардың жыл мезгілдері туралы білімдерін жүйелеу,қорыту,әр жыл мезгілі туралы ұғымдарын жетілдіру, әр мезгілдің ерекшеліктерін салыстырып айтып беруге жаттықтыру. Сөз тіркестері мен сөйлем құрау дағдыларын арттыру. Сурет бойынша әңгіме құрап айтуға үйрету;
2. Жыл мезгілдері туралы айта келіп,оқушылардың ойлау,есте сақтау қабілеттерін жетілдіру,сөздік қорынларын молайту.Берілген сұрақтарға нақты,дұрыс жауап беруге дағдыландыру.
3.Тәрбиелік: Табиғаттың әсем көрінісінқызықтай білуге,қоршаған ортаны сүюге,оны аялай білуге,өз денсаулығын шыңдауға пайдалана білуге тәрбиелеу.
Түрі:қайталау-қорытынды сабақ
Әдісі: сұрақ-жауап, ой қозғау,диалог ,оқу,аудару,кәртішкемен жұмыс,деңгейлік тапсырмалар,топпен жұмыс,әңгімелеу.
Көрнекілігі: кәртішкелер, тірек-сызба,венн даграмма,слайдтар,
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:Сәлемдесу
2.Кезекшімен сөйлесу,сыныпты түгелдеу,айдың аты,күннің санын айтады.
3. Деңгейлік тапсырмалар:Кім «5», «4», «3» алғысы келеді. Үш оқушы тақтаға шығып ,кәртішке бойынша тапсырма орындайды ,уақытын айтып береді,3-4 минут ішінде орындап шығу. Конверт ішінде тапсырмалар жазылған.
4.Үй жұмысын тексеру .Үйге қандай тапсырма берілді.Жазбаша,ауызша сұрау. 126 бетіндегі 1-тапсырма ауызша,сөздікті жаттап алу.
Деңгейлік тапсы-ды тексеру,бағалау
5. Сөздікті қайталап шығайық: Өткен тақырыптар бойынша қайталаймыз
Егемен - Отан,туған жер, атамекен - қандай сөздер?
Мамандық – нөсер -? Мақтаныш етемін-? Сүйемін-?
Орналасқан-? Пайдалы қазбалар -? Көктем мерекелері-? Жыл мезгілдері-?
6. Балалар,біз ВОУД-қа мен ҰБТ-ға дайындалуымыз керек,сондықтан грамматикалық ережелерін еске алайық:
1.Зат есім дегеніміз не? 3. Зат есімнің сұрақтары?
2.Зат есім сөздер сөйлемде қандай қызмет атқарады?
4.Сын есім дегеніміз не? Сын есімнің сұрақтары? Сын есім сөздер сөйлемде қандай қызмет атқарады? Сын есімнің неше шырайы бар?
5.Сан есім дегеніміз не? Сан есімнің неше түрі бар?
6.Етістік дегеніміз не?
Сұрақтары? Етістік сөздер сөйлемде қандай қызмет атқарады?
7. Енді балалар сабақ тақырыбына көшейік.
1-ші слайд:
Интерактив тақтаға назар аударыңыз: Сабақ тақырыбы : «Жыл мезгілдері»
Сабақты қайталау-қорытынды ретінде өткіземіз.
Сабақтың эпиграфы: «Әр жыл мезгілі өзінше тамаша!»
2-ші слайд:Жыл мезгілдерінің суреттері:
Қандай жыл мезгілдерін білесіңдер?
Қазір қандай жыл мезгілі?
Бір жылда неше ай бар?
Көктем айлары қандай?
Жаз айлары ?
Күз айлары?
Қыс айлары?
3-ші слайд: Көктем суреті: «Көктем» тақырыбына диалог құрастырыңдар:
Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойып,сөйлемді аяқтаңдар
4-ші слайд:Грамматикалық тапсырманы орындаңдар:
Сөйлемдерді қазақшаға аударыңдар:
Пришла весна. Весенние месяцы: март,апрель,май. Дни стали теплые. Птицы прилетели с теплых краев. Весна- очень красивое время года!
9. Бой сергіту сәтін орындайық
Орнымыздан тұрайық,
қолды белге қояйық,
Басты оңға бұрайық,басты солға бұрайық,
Бір тұрып,бір отырып,
Біз демалып қалайық
10. «Жаз» жыл мезгіліне көшейік
5-ші слайд: «Жаз»
1-ші тапсырма «Жаз» тақырыбына әңгіме құрастырыңдар
5-6 сөйлемнен кем болмасын.
Оқушылар әңгімелейді. Балалар, «Жаз» туралы қандай өлеңді білесіңдер? Ануарбек пен Анжела өлеңді жатқа айтып береді
6-шы слайд. «Күз» тақырыбына сұрақ қойып,әңгімелеңдер.
Бір-біріне сұрақ қояды,жауап береді.Бірінші қатардан,екінші қатарға,үшінші қатарға.
7-ші слайд: «Қыс»
Жұмбақты шешіңдер.
Бұл кезде аяз болады,көп қар жауады, боран соғады, Бұл қай кезде болады? Қыста
Дұрыс балалар біз қазір қыс туралы әңгімелейміз.
Суретке қарап, Қыс туралы әңгімелеңдер
Балалар бір-бірден сөйлем құрастырады.
11.Балалар,Енді Топпен жұмыс орындайсыңдар:
1-ші топ: «Жаз» тақырыбына сөзжұмбақ құрастырасыңдар 5 -6 сөзден кем болмасын 2-3минут ішінде. Тез,жылдам орындау керек.
2-ші топ: « Көктем» тақырыбына сөзжұмбақ құрастырасыңдар .
Мұғалім жеңімпазды атайды.
12. Балалар,қазіргі заманда көп тіл білу-өмір талабы. Біздің мектепте қазақ тілінен басқа қандай тілдерді меңгеріп жүрсіз?
Орыс тілін, ағылшын тілін .Сондықтан ,қазір ағылшын тілінде сабақты жалғастырамыз.
13-ші Елена Анатольевна ға сөз.
РЕФЛЕКСИЯ:
14-Сонымен балалар,біз бүгін қандай тақырыппен жұмыс істедік?
Қандай жыл мезгілдерді қайталадық?
Әр жыл мезгілі өзінше қандай?
Анжела,саған қандай жыл мезгілі ұнайды?
Наташа?Ануарбек?Вадим?
Сондықтан ,барлық жыл мезгілдері өзінше мамаша,солай ма?
Солай!
15-ші:Бүгінгі сабақ аяқталды.Сабақта өте жақсы жұмыс істеген:Ануарбек,Анжела,Наташа.бағалайды.
Үй жұмысын айтады;
Қоштасады.
Достарыңызбен бөлісу: |