I.Ұйымдастыру кезеңі
II.Ізденіс-ұйымдастыру
III.Рефлексия
|
- Тәрбиеші балалардан серуен кезінде не көргендерін сұрайды. Ағаштардың қысқы тіршілігіне назар аудартады.
(ағаштардың бұталары мен бүрлерінің орналасуына, түсіне қарайды)
- Ағаш қандай бөліктерден тұрады?
- Мына суретке қараңдаршы: бірінші жер астына ағашқа өмір беріп тұрған тамыры орналасқан. Мынау діңі. Діңінен жан-жаққа бұтақтары таралған, бұтақтары жіңішке, майысқақ. Бұтақтарынан жапырақтар өркен жаяды.
- Көрдіңдер ме, табиғаттағы барлық нәрсе бір-бірімен үндесіп байланысып жатады екен.
- Бұл ағаштардың бізге қандай пайдасы бар?
- Ағаштарды сындыруға, жапырақтарын жұлуға бола ма?
- Серуен кезінде ағаштардың түбіне қар үйінділерін үю керек.
- Табиғаттағы қыс кезіндегі өзгешеліктер жайлы әңгімелеседі.
- Олар қыста да тіршілік етуін тоқтатпайды.
- Тәрбиеші ағаштың бұтағын суға салып қояды, кейін ағаштың бүр жара бастағанын балалармен бақылайды.
- Балаларға жұмыс барысын түсіндіреді. Қағазды жұлмалап және қайшымен қию әдістерімен ағаш, бұтақтарды қиып жапсырады.
Балалардың жауаптары
- Тамыры, діңі, бұтағы, жапырағы
- Ағаштар сән береді, көлеңке береді, ауаны тазартады
- Жоқ, болмайды
- Ағаштың бұтақтарын қырау басқан. Дала аппақ. Күн суық.
- Бақылайды
Мақтадан қар, аспан бөліктерін әзірлеп жұмыс мазмұнын толықтырады.
Сабақты қорытындылау.Балалар өз жұмыстарын қызықтап, бір-біріне өз бағаларын береді.
Бағалау,мадақтау.
|
Тыңдайды,әңгімелеп айтады.
Тыңдайды,жұмысқа кіріседі.
|