Лексика-грамматикалық тест тапсырмаларын орындауға нұсқау



Дата12.03.2018
өлшемі78,36 Kb.
#39269
Лексика-грамматикалық тест тапсырмаларын орындауға нұсқау:

1) Берілген 4 тапсырмаға жауапты 4 нұсқадан (А, В, С, D) табыңыз. 


Үлгі: 
1. Маржан қазақша жақсы жаза, ... А) оқу 
2. Сен мына кітапты ... В) оқи алады 
3. Дастан мына журналды ертең ... С) оқиды 
4. Жақсы ... міндетің D) оқыдың ба? 
Жауаптары: 1 – В; 2 – D; 3 – С; 4 – А. 
Жауаптарын оң жақ нұсқадан таңдайсыз.

Дұрыс жауабын таңдаңыз.

1. Жақында біз .... бардық. 
2. ... әдемі скульптуралар бар. 
3. Мен саған ... баруға кеңес беремін. 
4. Маған ..... ұнайды. 
1. – ... 2. – ... 3. – ... 4. – ...

А) жазғы бақ 


В) жазғы баққа 
С) жазғы бақта 

5. Менің досым ... келді. 


6. Ол бұрын ... тұрған. 
7. Ол маған ... айтты. 
8. ... метро жоқ. 
5. – ... 6. – ... 7. – ... 8. – ... А) осы қалада 
В) осы қала туралы 
С) қаладан 

9. Жылдың ең қысқа айы ... . 


10. Біз ... Астанаға барамыз. 
11. Менің туған күнім 23 ... . 
12. ... күн суық болды. 
9. – ... 10. – ... 11. – ... 12. – ... 
А) ақпанда 
В) ақпан 

13. Осы театрды ... салды.

13. – ... А) өткен жыл 
В) өткен жылы 
С) өткен жылда 

14. Көрме ... ашылады.

14. – ... А) келесі ай 
В) келесі айда 
С) келесі айдың 

15. Метро ... пайда болды.

15. – ... А) ХХ ғасыр 
В) ХХ ғасырда 
С) ХХ ғасырдың 

16. Сабақ ... басталды. 


17. Үзіліс ... бітеді. 
18. Сабақ ... аяқталады. 
19. Оқытушы сабақты ... түсіндірді. 
16. – ... 17. – ... 18. – ... 19. – ... А) 15 минут 
В) 15 минуттан кейін 
С) 15 минут бұрын 
20. Жеңіс өзінің ... хабарласты.

20. – ... А) досқа 


В) досына 
С) өзінің досының 
21. Мына көрші менің ... келген. 
22. Мен ... жақсы көремін. 
23. Жақында ... барамын. 
21. – ... 22. – ... 23. – ... А) туған еліме 
В) туған елімнен 
С) туған елімді 
D) туған елден 
24. Мен Айжанның ... келмегенін түсінбедім. 
25. Мен ОНЫҢ ... келетінін білмеймін. 
24. – ... 25. – ... А) кімнің 
В) неліктен 
С) қайда 
26. ... әншілік қабілеті бар. 
27. ... халық әні ұнайды. 
28. ... филармонияда жиі кездесеміз. 
29. Кеше мен тағы да ... кездесіп қалдым. 
30. Мен ... концертке билет алдым. 
26. – ... 27. – ... 28. – ... 29. – ... 30. – ... А) Назымға 
В) Назымды 
С) Назымның 
D) Назыммен 
31. Менің ... көп. 
32. Көптеген ... Астанада оқиды. 
33. Екі ... Еуразия университетінің студенті. 
34. ... үшеуі басқа жоғары оқу орнында оқиды. 
35. Ең жақын ... Алматыда оқиды. 
31. – ... 32. – ... 33. – ... 34. – ... 35. – ... А) досым 
В) достарымның 
С) достарым 

36. Оқытушы сабақта бізге ... әңгімеледі. 


37. Бұрын ол ... жиі баратын. 
38. Біз ... өз көзімізбен көруді армандадық. 
39. Біз ... танысқанымызға ризамыз. 
40. Кеше біз Тараздан ... келдік. 
36. – ... 37. – ... 38. – ... 39. – ... 40. – ... А) Астанаға 
В) Астанамен 
С) Астананы 
D) Астана туралы 
Екі сөйлемді байланыстырыңыз. 
41. Жанна қазақша жақсы сөйлейді, ... Виктор әлі қазақша сөйлей алмайды. 
42. Кітап қызық, ... оны оқуға менің уақытым жоқ. 
41. – ... 42. – ... А) және 
В) мен 
С) ал 
D) бірақ 
43. Назым ауырып қалды, ... дәрігерге барған жоқ. 
43. – ... А) бірақ 
В) және 
С) мен 
44. Қазір ... қайда екенін білмеймін. 
45. Менің ... білмеймін. 
46. Оның ... білмеймін. 
44. – ... 45. – ... 46. – ... А) қайдан хат алғанын 
В) досымның қайда кеткенін 
С) досымның 
Д) менің досым қызықты 
47. Мен сізге хабарласпадым ... , сіздің телефон номеріңізді жоғалтып алдым. 
48. Ол оның телефон номерін ұмытып қалды, ... оған хабарласпады. 
49. Біз сұрақты түсінбедік, ... оған жауап бермедік. 
47. – ... 48. – ... 49. – ... А) сондықтан 
В) себебі 
50. Балалар ... ... , қыдырмады. 
50. – ... А) ауа райы жаман болса да 
В) ауа райы жақсы болса да 
51. Ол ауырып қалса да, ...

51. – ... А) осы өлеңдерді жаттамады 


В) осы өлеңдерді жаттап алды. 
52. Біз өте шаршасақ та, ... .

52. – ... А) біз осы тапсырманы орындадық. 


В) біз осы жұмысты орындамадық. 
53. Дастан дүкенде фотоаппаратты ұзақ ... .

53. – ... А) таңдау 


В) таңдады 
С) таңдайтын 

54. Ертең біз үй тапсырмасын ... .

54. – ... А) орындадық 
В) орындаймыз 
В) орындау 

55. Бүгін ауа райы нашар, ... біз қыдырмаймыз. 


56. Менің сөздігім жоқ, ... мен кітапханаға барамын. 
57. Менің әпкем әнді жақсы айтады, ... ол консерваторияға түсті. 
58. Маржан үйіне жиі хат жазады, ... ол үйін сағынады. 
55. – ... 56. – ... 57. – ... 58. – ... А) себебі 
В) сондықтан 

59. Егер ол мәтінді оқыса, ... . 


60. Егер ол мәтінді оқитын болса, ... . А) жақсы жауап беретін еді. 
В) жақсы жауап беретін болады. 
С) ол жақсы жауап берді. 

61. Егер саған бұл кітап ұнаса, ... . 


62. Егер де саған бұл кітап ұнайтын болса, ... . 
61. – ... 62. – ... А) мен оны саған сыйлаймын. 
В) мен оны саған сыйлар едім. 
С) мен оны саған сыйладым. 

63. Есеп қиын ... ол оны шығарды. 


64. Ол есепті шығармады, ... қиын болды. 
63. – ... 64. – ... А) себебі 
В) болса да 
С) егер

Оқылым бөлігі

Оқыңыз. 
«Қазақ вальсі» - қазақ биі. Биді қойып, алғаш сахнаға шығарған – Шара Жиенқұлова. Музыкасы Латиф Хамидидікі. Ырғағы жеңіл, әрі екпінді. Бидің екі нұсқасы бар. Алғашқы нұсқасын автордың өзі кезінде одақтың және шетел сахналарында биледі. Бір топ қыздардың билеуіне арналған екінші нұсқасы 1958 ж. Мәскеу қаласында өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігінде Үлкен театрда көрсетілді. 


Қазақ халқының алғашқы кәсіби бишісі Шара Жиенқұловадан бастау алған би өнері бірнеше ұрпақтың рухани байлығына айналды. Шара Жиенқұлова 1936 жылы Мемлекеттік филармония жанынан би ансамблін құрды. 
(«Қазақ мәдениеті» 
энциклопедиялық анықтамалықтан, 76 сөз)

65. Мәтіннің бірінші бөлігі – ...туралы 


А) вальс 
В) композитор 
С) «Қазақ вальсі» 
D) би

66. Мәтіннің екінші бөлігі – ... туралы 


А) би өнері 
В) өнер 
С) бишілер 
D) билеу

*** 
Бесік жыры – тұрмыс-салт жырларының көне түрінің бірі. Әлемде бесік жырын айтпайтын халық жоқ. Халық педагогикасының негізіне айналған. Бесік жырында халықтың төл тарихының, дәстүрлі мәдениетінің, ежелгі наным-сенімінің, дүниетанымының көрінісі бар. Бесік жырының басты қызметі – сазды әуен, ырғақты сөзбен баланы тербете жұбата отырып, оның санасына ұлттық тәрбиенің алғашқы нәрін сіңіру. Бесік жыры баланың сәби кезінде, яғни 1-5 жас аралығында, баланың жанына жағымды әуенмен айтылады. Қазақ бесік жырының үлгілерін алғаш Ә.Диваев хатқа түсіріп жариялаған. Бесік жыры – қазақ әйелінің жан дүниесін танытатын жанр. Бесік жыры кәсіби қазақ музыкасында ән жанры ретінде дамыды. 


(Қазақ мәдениеті энциклопедиялық анықтамалықтан, 123-бет, 90 сөз)

67. Мәтін ... туралы 


А) ән жанры 
В) әндер 
С) әншілер 
D) ән айтатын ана

68. Сөйлемді аяқтаңыз. 


Бесік жырының негізгі мақсаты .... . 
А) баланы әнмен тәрбиелеу 
В) ән үйрету 
С) ойнату 
D) ән салу

***


Ростислав Викторович Петров, «Простор» журналының редакторы: 
- Мен әр күнімді жоспарлайын. Әр күні әртүрлі жоспар жасауға тура келеді. Өйткені күндер бір-біріне ұқсамайды ғой, өз міндеті бар. 
Күннің алғашқы жартысында менің жоспарым өзгермейді. Бұл уақытта мен номерге жіберілетін барлық материалдарды оқимын. Түске дейінгі тәртіпті қатаң сақтаймын, тіпті телефон тұтқасын да көтермейтін кездерім болады. Олай етпесем жұмысым, демек, журналдың жұмысы тоқтап қалады. Күннің екінші жартысында авторлармен сөйлесем, келушілер бар, телефон соғушыларға жауап берем. Жоспарланған жұмысымның бәрін орындауға мүмкіндік бола бермейді. Күтпеген жағдайлар кедергі келтіреді. Оларды ертеңгі жоспарға енгізуге тура келеді. Жұмыс барысында көп уақытымды алатын жағдайлар – келіп-кетушілер, телефон қоңыраулары, авторлармен сөйлесу, негізінен менің көп уақытым номерге жіберілетін материалдарды оқуға кетеді. Сондықтан бұл жағынан жұмысымды ақсатпауға тырысам. 
(Баспасөз беттерінен, 115 сөз)

69. Мәтін мазмұн ... туралы 


А) жұмыс күні 
В) жұмыс уақыты 
С) күн тәртібі 
D) жоспар

70. Асты сызылған сөзге сәйкесін табыңыз. 


Күннің алғашқы жартысында менің жоспарым өзгермейді. 
А) жартысы 
В) түске дейін 
С) күні бойы 
D) күннің алғашқысында

71. Асты сызылған сөзге сәйкесін табыңыз. 


Жұмыс барысында көп уақытымды алатын жағдайлар – келіп-кетушілер, телефон қоңыраулары. 
А) жұмыс істегенде 
В) жұмыс кезінде 
С) жұмыста 
D) жұмыстарда

Үлкендер жапон туралы ең жақсы әңгімесін ең алдымен балаларға, жастарға айтады. Олар бүгінге бас ауыртпайды, болашақты ойлайды. Жаны тыным таппай, жаңалық іздейді. Қысқасы, мұнда бәрі де жастар үшін жасалады. Ал жастар оған жанкештілігімен, адал еңбегімен жауап береді. 


Бұл елдің жастары өзін биік ұстайды, биікке ұмтылады екен. Токионың қақ ортасында жастар көшесі, жастар алаңы бар. Бұл жердегінің бәрі жастарға арналған. Тамақ та, киім де арзан. Үкімет болашақтан үміт үзбес үшін жастарға бар жағдайды жасап қойған. Жастар осы жерде өзін қызықтырған, толғандырған шаруалармен айналысады. Провинцияда тұратын жастар, мектеп оқушылары жастар көшесін бір көруді армандайды. Сол үшін де мектеп оларға жағдай жасап, жақсы оқыған жастардың арман-тілектерін орындап отырады. 
Жастардың арманы орындалар жер осы. Мұнда түрлі мерекелер, ата-анаға, бауырға қайырымды болу, оларды басың жерге тигенше сыйлау күндері өтеді. Жастардың алдында ең ақылды данагөй шешен шалдары, Нобель сыйлығының иегерлері, жазушылар, ақындар, актерлер жүректен шыққан сөздерін айтады. Үлкен кісілер мен жастар көп пікірлеседі, сырласады. Жапон жастары бүгінгімен қанағаттанбайды, болашақ үшін, мемлекеттің гүлденуі үшін жұмыс істейді. 
Қазақ халқы да жастарына «Ақыл жастан» деп, үлкен үмітпен қараған. «Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан шықсын!» - деген А.Байтұрсыновтың дана сөзі де жастарға ел тарапынан, мемлекет, үкімет тарапынан үлкен қолдаудың әрқашан керектігін есімізге түсіреді. 
Бес жасқа дейін баласын патшадай көретін қазақ 15 жасқа дейін аямай еңбекке баулып, үйрете білген, 15 жастан кейін жастарға сенім артып, біліктілігін бөліскен, үлкен өмірге шыңдаған. 
(Қазақстан-Заман, 1.01.2002 ж. 223 сөз)

72. Мәтіндегі басты ақпарат ... туралы. 


А) жастар туралы 
В) жапон елі және жастары 
С) жастар және қарттар 
D) жастар көшесі

73. Асты сызылған сөзге мағынасы жақын сөзді табыңыз. 


Мұнда түрлі мерекелер, ата-анаға, бауырға қайырымды болу күндері өтеді. 
А) үлкенге 
В) үлкендерге 
С) іні-сіңіліге 
D) досқа

74. Асты сызылған сөзге мағынасы жақын сөзді табыңыз. 


Жазушылар, ақындар, актерлер жүректен шыққан сөздерін айтады. 
А) шынайы 
В) көп 
С) дана 
D) ақыл
75. Асты сызылған сөзге мағынасы жақын сөзді табыңыз. 
Үлкен кісілер мен жастар көп пікірлеседі, сырласады. 
А) толғанады  В) ойланады  С) сырласады  D) пікір береді

76. Мақалдың жалғасын табыңыз. 


Ақыл жастан, .......... 
А) жастардан 
В) асыл тастан 
С) жақсылық жасаудан 
D) даналықтан

***


Әлемдегі мемлекеттің рәміздеріне қарап отырсаңыз, қызыл түсті туларды жиі кездестіресіз. Ақ, көк, сары, қара, жасыл түстер де бар. Мемлекеттік тудың негізгі элементі – оның түсі. Әр түрлі түстердің мағыналары бар. 
Қызыл түс – өмір түсі. Қанды, отты, махаббатты, батылдықты, күшті білдіреді. Ол бостандық пен тәуелсіздік жолын бейнелейді. 
Ақ түс – бұл тазалық, жарық, даналық, үміт. Ақ ту – келісімді, бейбітшілікті білдіреді. Түріктер үшін қасиетті ақ түс. Ананы кейіптейді, бейнелейді. 
Көк түс – аспан мен теңіздің түсі, биіктік пен тереңдікті бейнелейді, сондай-ақ тұрақтылық, әділдік, ерлікті білдіреді. Ежелгі египеттіктер бұл түсті шындықты білдіру үшін пайдаланған. Бұл түс грек, рим құдайлары – Зевс пен Гераның түсі. Көк түстің саяси мәні – азаматтық бірлік, ынтымақ. 
Сары түс – Күн түсі, даңқты, тәңірлік билікті, сенімді, тұрақтылықты, бірлік, тұтастықты білдіреді. Бұл өмір түсі. Қытайда сары түс – императорлық түс болып саналады. Сары ту сонымен қатар карантинді білдіреді. 
Қара түс – жер мен түннің түсі, сақтықты, тұрақтылықты, мойындамауды, торығу, үмітсіздікті білдіреді. Христиандарда қара түс қайғыны білдірсе, жапондарда қуанышты білдіреді. 
Жасыл түс – көктемнің түсі, табиғаттың жаңаруын, қуанышты, үмітті, сенімді, молшылықты, гүлденуді, қайта өркендеуді білдіреді, бұл өмір белгісі. Жасыл түс – исламның қасиетті түсі. ХХ ғасырдың екінші жартысында жасыл түс экологиялық қозғалыстың символы болды. 
(Түрік тілдес мемлекеттердің рәміздері кітабынан, 187 сөз)

77. Мәтін мазмұны ... туралы 


А) түстер туралы 
В) түстер және оның мағыналары 
С) түстер және олардың мақсаты

78. Асты сызылған сөзге сәйкес сөзді табыңыз. 


Ежелгі е

гипеттіктер бұл түсті шындықты білдіру үшін пайдаланған. 


А) көне кездегі  В) бұрынғыдай  С) бұрын  D) көне

79. Келісім, бейбітшілікті қай түс білдіреді? 


А) көк  В) жасыл  С) ақ  D) көгілдір

80. Жаңаруды, молшылықты, үмітті қай түс білдіреді? 


А) көк  В) ақ  С) жасыл  D) қызыл 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет