Тапсырма: Эпостық жырлар және оның зерттеулері жайында жазылған бақ материалдарына шолу жасау



Дата26.12.2023
өлшемі16,65 Kb.
#199533
Байланысты:
5 апта тапсырма (копия)


Тапсырма: Эпостық жырлар және оның зерттеулері жайында жазылған БАҚ материалдарына шолу жасау

Тексерген: Шынар Сакеновна


Орындаған: Бектегенова А.Б
Лиро-эпостық (ғашықтық) жырлар – халық ауыз әдебиетінің мол рухани қазынасы. Лиро-эпос жырлары ауыз әдебиетінің классикалық дәрежеге көтерілген нұсқасы.
Лиро-эпостық жырларға «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан», «Күлше қыз» шығармалары жатады. Лиро-эпостық жырлары мен батырлар жырының өзіне тән ерекшеліктері бар.

Батырлар (эпостық) жыры

Лиро-эпостық (ғашықтық) жырлар

1.Батырлар халық мүддесі жолында күресіп, ерлік, батырлық көрсетеді.
2.Рулық қарым-қатынас, халықтың тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы жыр оқиғасына енбейді.
3.Кейіпкерлері шындықтан алыс, шартты түрде алынады.

Екі жастың бақытқа жету жолындағы қасірет-зары, махаббаты, бас бостандығы үшін күресі жырланады.
Рулық қарым-қатынас, халықтың тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы ғашықтық жырлардың негізгі өзегі болып келеді.
Образдары реалистік түрде сипатталады, іс-әрекеттері өздеріне тән суреттеледі.

Лиро-эпостық лирика мен эпикалық тектер элементтерін бірдей қамтитын шығармалар деген ұғымды білдіреді. 
Лиро-эпостық жырлардың басты тақырыбы – жастардың бас бостандығы, екі жастың арасындағы махаббат, сүйіспеншілік. Кейіпкерлері батырлар емес, қарапайым адамдар. Ғашықтық жырларында көшпелі қазақ тіршілігі, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар, әдет-ғұрып, салт-сана кең түрде жырланады. Мысалы, «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырында қазақ халқының өте ертедегі «еже-қабыл» салты (ата-аналары әлі өмірге келмеген сәбилерді атастырып, белқұда болып қояды), «Қыз Жібек» жырында қазақ халқының көшпелі өмірі мен әмеңгерлік, «Айман-Шолпан» жырында барымта салты көрініс тапқан.
«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры – ел арасына ең көп тараған, қазақ лиро-эпостық жырлар арасындағы көне ғашықтық жыр. Жырда тұрмыс-салт жырларының үлгілері – жар-жар, қоштасу, естірту, жоқтау – сияқты түрлері кездеседі.
Мысалы, жырда Сарыбайдың өлімін Тазша өзінің түсі арқылы естіртеді. Жыр кейіпкерлері Ай мен Таңсық әкелері Қарабай көшкенде ел-жұртымен, ағайын-туыспен, атамекенімен жыр арқылы қоштасады. Тазша Сарыбайдың өлімін естірте келіп, жыр соңында Сарыбайдың бәйбішесіне өлеңмен көңіл айтады. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының оқиғасы екі топтың арасындағы тартысқа – жақсылық пен жамандықтың тартысына құрылған. Соған орай жыркейіпкерлерін екі топқа бөлуге болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет