«Тәуелсіздік жолында»



Дата08.09.2022
өлшемі12,77 Kb.
#148974
Байланысты:
жансая эссе
8 сынып жаңартылған77777777-2021ж, Түсінік хат баскетбол, Авторлық бағдарлама 5 сынып, қмж, қмж, 000642ae-61f1c458, № 10 Шешендік және сөз мәдениеті, ҮНдістан, Табиғат

«Тәуелсіздік жолында»
Әрбір қазақстандық үшін Тәуелсіздіктің мәні де, маңызы да айрықша.Менің ойымша,бұл тақырыптың өзектілігі ,қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы қайтпас қайсарлығы мен жігері,тәуелсіздікке деген ұмтылысы,болашаққа деген арман-мақсаты. Тәуелсіздік дегеніміз- еркіндік пен дербестік,бұл кеудеңді көтере, мақтана айта алатын қасиетті ұғым.Талай ғасырлар бойы Ата- бабалар аңсаған тәуелсіздік жолындағы қазақ халқы талай ауыр күндерді, оқиғаларды басынан өткізсе де ,ештеңеге мойымай,ел егемендігі мен дербестігіне қол жеткізе алды. Тәуелсіздікке жету жолындағы бабаларымыздың жасаған ерен еңбектері қандай? Осы сұраққа өз эссемде жауап беретін боламын.
Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ.Бұл жолда талай айбынды азаматтарымыз бен батыр қыздарымыздан айырылдық.Біріншіден, Олар еркіндік үшін,азаттық үшін балғын бозбала шақтарын,болашақтарын қиды.Өлімнен қорықпай қайтпас қайсарлықтарын көрсете білді.Екіншіден,Егемендікке жету жолы қиын болса да еш мойымады.Олар болашақ ұрпақ үшін тырысты.Үшіншіден,өздері тәуелсіздік дәмін татпаса да Егемендік пен еркіндікті бізге сезіндірді,біздің қолымызға тәуелсіздік туын ұстатып кетті. Тәуелсіздік жолында қазақтың талай ұлтжанды азаматтары қыршынынан қиылды. Олар – қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдыздары, Тәуелсіздік үшін күрескен батырлар - қазақ елін лаулаған оттан да, тар қапастан да алып шыққан азаматтар.
Қорытындылай келе,биыл міне тас бұғаудан босап , еркіндігіміздің дәмін сүйсіне татып отқанымызға 30-жыл толып отыр.Тәуелсіздігіміз баянды,егемендігіміз мәңгілік болғай! Осы күнді көруімізге себепші болған ұлтжанды азаматтарымыз бен қыздарымыздың есімін ешқашанда ұмытпайық!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет