1. Кестеде берілген кері байланыстың тиімді əдістеріне «Қос жазба күнделігі» арқылы ұсыныстар тізбесі мен сабақ үдерісінің кезеңдерінде қолданылуын талдау жасаңыз. р/с Кері байланыс әдістері Сабақ үдерісінде қолдануы
2. Рефлексияның 3-4 түрін айқындап, талдау жасаңыз. Рефлексия талдау
«Қос жазба күнделігі»
р/с
Дәйексөз
Түсініктеме
1
«Бірсөзбен »
Оқушылар өздеріне берілген 12 сөздің ішінен, өздерінің бүгінгі сабақтағы жағдайын сипатайтындай 3 сөзді таңдап айтады.
*Төзімсіздік, *Ашу, * Қуаныш, * Немқұрайлылық,*Қанағаттану, *Шабыт,
*Зерігу,* Алаңдау, * Тыныштық, * Сенімділік, * Сенімсіздік, *Рахаттану.
- Екі қолын түсіріп тұру –қанағаттанарлық баға, сабырлы болу;
- Қолды шынтақтап көтеру –жақсы баға, оң көзқараста болу;
-Қолды жоғары көтеріп, шапалақтап аяқтың ұшымен тұру –өте жоғары баға,қуанышты болу.
3
«Бес саусақ»
Оқушылар қағаздың бетіне өз саусақтарын айналдыра сызады. Әр саусақтың – өзінің орны /позициясы/ бар, солар бойынша өз ойларын айтады.
Бас бармақ – мен үшін маңызды және қызық.
Сұқ саусақ – маған қиын болды.
Ортаншы саусақ – маған жеткілікті болмады.
Төртінші саусақ – менің көңіл күйім.
Бесінші саусақ – менің ұсынысым.
Кері байланыс - обратная связь/feedback/-белгілі бір әрекетті немесе оқиғаны түсіну ,игеру, онымен келісіп ,келіспейтіндігін көрсететін,белгілі бір әрекет немесе оқиға туралы пікір , баға беру ,жауапты реакция
Кері байланысты түрліше өткізуге болады: топтық рефлексия түрінде, әңгімелесу түрінде т.б. Кері байланысты ауызша, жазбаша және графикалық түрде де жүргізуге болады.
Кері байланыс оқушының оқыту үрдісі қалай өткені және қандай нәтижеге қол жеткізгендігі туралы ой-пікірін тыңдауға негізделеді. Кері байланыс сабақтың соңында ғана емес, сабақ барысында оқушылардың өз бетімен орындайтын тапсырмаларының соңында жүргізіліп отыруы керек.
Мақсатқа жетелейтін нақты әрекет , ситуация,талас тудыратын сұрақтар мен мәселелер бойынша түсінік алу және түсінік беру үдерісі.Тиімді кері байланысты ұйымдастыру сапалы оқытудың негізі болып табылады.
Оқу үдерісінің барысы туралы түсінік қалыптастырудың бірден бір құралы,оқу міндеттері мен мақсатына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді, мұғалімді оқушының жетістіктері мен қиындықтары туралы хабардар етеді.