1. Көңіл-күй және эмоционалдық жағдайдың рефлексиясы. Осы рефлексия түріне жататын бірнеше әдіс-тәсілдерге тоқталсам.
2. «Пейзаж–көңіл күй айнасы». Әр оқушыға табиғат пейзажы бар сурет таратылады. Мұғалім оқушыларға суретте өзі қалаған жерді көрсетіп, ағылшын тілінде бірнеше сөйлеммен түсіндіруді ұсынады.
3. «Түсті карточкалар». Оқушыларға көк және қызыл түсті екі карточка беріледі. Мұғалім сабақ басында және аяғында қалаған карточкасын көрсетуді сұрайды, бұдан оқушының көңіл күйінің өзгерген немесе өзгермегенін білуге болады.
4. «Смайликтер» арқылы көңіл-күйін білдіру.
5. «Күншуақ». Оқушылар барлығын түсінсе күнді, жартылай түсінсе – күн мен бұлтты, ештеңе түсінбесе – бұлтты таңдайды т.б.
Қорытындылай келгенде, рефлексия – көп қырлы, кіріккен әрекет. Бұл әрекет оқушының психикалық қызметінің өзгеруіне ықпал етсе, ал мұғалімнің кәсіби әрекетін жоғары шығармашылық деңгейде жүргізуіне көмегін тигізеді. Рефлексия, яғни кері байланыс – нәтижелі білімнің жоғары көрсеткіші екенін бүгінгі күндегі оқушылардың жеткен жетістіктері арқылы толық сеніммен айта аламыз.