Сабақ. Тақырыбы : Кіріспе. Еңбекті қорғау туралы жалпы түсініктер. Сағаттық деңгейі сағат. Еңбекті қорғау туралы жалпы түсініктер



бет1/87
Дата21.12.2021
өлшемі0,81 Mb.
#104596
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   87
Байланысты:
¦¦¦-¦¬¦¬TП ¦¬¦¦¦¦TЖ¦¬TП ¦ХTЪ 12
3-4 5-6 7-8 тусиник хат, Eng Plus gr 9 term 3 LP

1 Сабақ.

Тақырыбы: Кіріспе. Еңбекті қорғау туралы жалпы түсініктер.

Сағаттық деңгейі- 2сағат.

1.1 Еңбекті қорғау туралы жалпы түсініктер.

Еңбекті қорғау –бұл әлеуметтік-техникалық ғылым, өндірістік қауіпті жағдайларды және кәсіптік зиянды факторларды зерттейді, оларды болдырмау шараларын жасайды немесе оқыс жағдайлардың, кәсіптік аурулардың алдын алу тәсілдерін қарастырады. Толық қауіпсіз не зиянсыз кәсіпорындар мүлдем жоқ.. Еңбекті қорғаудың мақсаты – жұмыс істеушінің қауіпсіздігіне және ауырмауы үшін қолайлы жағдай жасап, еңбек өнімділігін барынша жоғары көрсете алатындай жағдайлармен қамтамасыз ету. Еңбек өнімділігін арттырумен қатар адамның денсаулығы және жұмыс істеу қабілетін сақтау, адам еңбегін, жұмыс уақытын үнемдеу,оның белсенді жұмыс істеу периодын ұзарту, өнімнің жоғары сапасын көтеріп, негізгі өндірістік қорларды қолдануды жақсарту , апаттар санын азайту және жасаған еңбегімен қоғамға пайдасын тигізу.


Еңбек жағдайларын жақсарту және оның қауіпсіздігі өндірістік жарақаттануды, кәсіптік ауруларды төмендетеді, бұл еңбекшілердің денсаулығын сақтайды және сонымен қатар қолайсыз жағдайларда жұмыс барысындағы төленетін жеңілдіктер мен қосымша ақша төлемдерін азайтады.. 

Соның бірі болып ғылыми – техникалық жетістіктің ең басты бағыттарының бірі электронды есептеуіш техника мен оның ғылыми – зерттеуде, конструкторлық – жобалау жұмысында, жобалық есептеу, өндірісте және басқару ортасында кеңінен қолданылуы жатады. Бағаның, габариттілігінің және электр тоғын үнемдеумен қатар есептеу мүмкіндігінің өсуі ЭЕМ-ді, бұрынғы есептеуіш техникаға қарағанда, үлкен ауқымда қолдануына және қызмет көрсетушілердің еңбек жағдайын жақсартуына мүмкіндік береді.

Еңбекті қорғау дегеніміз – тиісті заң және басқада нормативтік актілердің негізінде еңбек процессінде адамның қауіпсіздігін, денсаулығымен жұмыс қабілетін сақтауды қамтамасыз ететін әлеуметтік, экономикалық, ұйымдастыру, техникалық гигиеналық және емдеу алдын алу шараларын білдіреді. Еңбек қорғау пәні өндірістегі тазалық талаптары, техника қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуын, алдын ала шаралар қолдануын қадағалау мен қатар еңбек туралы заңдар негізінде актілер мен нормативтерге сәйкес жұмыскерлер мәселелерін қарастырады.

Сонымен қатар еңбек қорғау пәні бірнеше саланы қамтиды , оның бірі еңбекті ұйымдастыру, қызметкерлердің кәсіпорнында, мекемеде, ұйымда еңбек шарты бойынша жұмыс істеуден туындайтын еңбек қатынастарын және осыған байланысты білікті кадр даярлау, еңбек қорғау, еңбек дауларын шешу, қартайған, ауру және еңбек ету қабілетінен айырылған мүгедек адамдар үшін мемлекет тарапынан қаржылай қамтамасыз ету шараларын қарастырады.

Еңбекті қорғау алдына негізгі 3 мақсат қояды:


  • еңбек процессі кезіндегі зиянды және қауіпті өндірістік факторларды болдырмау, н/се оны алдын-алу;

  • еңбек ресурстарын дұрыс қолданудың жүйесін қалыптастыру және жұмыскердің еңбек қабілеттілігін жоғарылату;

  • еңбек өнімділігін арттыру және оның сапасын жақсарту.

Еңбекті қорғау пәнінде негізгі 4 тарау қарастырылады:

1.Еңбекті қорғаудың заң шығару жүйесі және оның іске асырылуы ;

Жұмысшы немесе жұмыс берушінің құқығы мен міндеттері,еңбек келісім шарттары,ана мен жасөспірімдер еңбегі және оларға берілетін жеңілдіктер, мүгедектер еңбегін қорғау, т.б.

2.Еңбек гигиенасы және өндірістік санитария;

Өндірістік орта мен еңбек процессінің адам ағзасына әсері,еңбек гигиенасы мен физиология және психологияның өзара байланысы т.б.

3.Қауіпсіздік техникасы, яғни қауіпті өндірістік факторларды жұмыс

істеушілерге тигізбеуге бағытталған ұйымдастыру шаралары.

4.Өрт қауіпсіздігі талаптары міндеттері.

Өрт қауіпсіздігінің талаптары өндірістегі жалпы қауіпсіздік талаптарымен тікелей байланыста, егер екеуінің бірі талапты орындамаған жағдайда қауіптіліктер туады.

Осы аталған 4 тарауды қадағалау мен бақылау қызметі еңбекті қорғаудың берілген және белгіленген ережелері мен нормаларына сәйкес қойылған талаптардың орындалуын тексеру немесе оған бағындыру болып табылады.

Еңбекті қорғауды дұрыс ұғыну үшін еңбек шартының еңбек процесіндегі факторлар жиынтығына толығырақ тоқталайық:

Еңбек қызметі кезіндегі адамдардың жұмысқа қабілеттілігіне және денсаулығына әсер етуші өндірістік орта мен еңбек процесіндегі факторлар жиынтығы еңбек шарты больш табылады.



Еңбек қызметі процесіндегі өндірістік факторлар болып келесілер табылады:

Санитарлық-гигиеналық талаптар. Ол- жұмыс орнындағы микроклимат, температура, жарық және т.б. қолданылытын жабдықтардың, шикізаттың, материялдардың, технологиялық процестердің әсерінің нәтижесі болып табылады;

Психофизиологиялық элементтер: жұмыстың қалпы, еңбек процесінде туындайтын физикалық ауырлық және т.б.

Эстетикалық элементтер: өндірістік бөлмелердің, жабдықтардың, жұмыс орнының және т.б. безендірілуі.

Әлеуметтік-психологиялық элементтер: бұл психологиялық климат дел аталатын сипаттаманың құрамды бөлігі болып табылады.

Еңбек шарттарын ұйымдастыру кезінде қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсері қыметкерлердің денсаулығының кенеттен нашарлауына немесе жұмысқа қабілет- тілігінің төмендеуіне әкеп соқтыратынын есте сақтау керек.

Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар 4 топқа бөлінеді: физикалық, химиялық, биологиялық және психофизиологиялык.



Жарақаттарды және кәсіби ауруларды, қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсерін болдырмау үшін, сондай-ақ, қызметкерлерге тигізетін әсерін төмендету мақсатында өндірісте оларды алдын алу шаралары жүзеге асырылады. Еңбек өнімділігінің және өндірістің экономикалық тиімділігінің, сондай-ақ, қызметкердің әрі қарайғы дамуындағы басты резервтерінің бірі-жұмыс орнындағы еңбек шарттарын ұйымдастыру және жақсарту больш табылады.

Адамның еңбекке қабілеттілігін ұзақ уақыт сақтап қалуда еңбек режимі мен демалыс уақытының мәні зор.

Еңбек режимі және демалыс уақыты деп адам денсаулығының жақсы сезінуі, еңбекке қабілеттілігінің және еңбек өнімділігінің жоғарылауына әкелетін жұмыс уақытының демалыс уақытымен алмасуы деп түсінеміз. Практика жүзінде бұл мәселе өндірістік, әлеуметтік, психологиялық, физиологиялық факторлармен бірге берілген өндірістің нақты шарттарына байланысты шешіледі. Әрбір өндірісте еңбек және демалыс режимі дұрыс құрылуы шарт.

2 Сабақ.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет