Өнімнің сапасы- кәсіпорынның маңызды бәсекелестікті қамтамасыз ететін көрсеткіштерінің бірі болып саналады. Өнімнің сапасын арттыру нарықтық экономикадағы кәсіпорынның алар орнын, ғылыми-техникалық прогресс жағдайын



Дата25.01.2022
өлшемі19,16 Kb.
#114233
Байланысты:
12 Өнімнің сапасы
Фармацевтикалық-тауартану, text4teacher3, Калменова Э ( Мен 20-1)

Өнімнің сапасы

Өнімнің сапасы- кәсіпорынның маңызды бәсекелестікті қамтамасыз ететін көрсеткіштерінің бірі болып саналады. Өнімнің сапасын арттыру нарықтық экономикадағы кәсіпорынның алар орнын, ғылыми-техникалық прогресс жағдайын, өндіріс тиімділігін арттыру жолдарын және кәсіпорында қолданылатын барлық ресурстарды тиімді пайдалануды анықтайды.

МСТ 15467-79 «Өнімнің сапасын басқару. Негізгі түсініктер. Терминдер мен анықтауларға» байланысты сапа –дегеніміз өнімнің белгілі бір сұранысты қамтамасыз ететін қасиеттерінің жиынтығы.

Сапа қасиеттерінің бірнеше көрсеткіштері бар.



Тағайындау көрсеткіштері өнімді белгілі бір бағыт бойынша қолданудан алынған экономикалық пайдалы тиімділікті көрсетеді. Өндірістік- техникалық өнімдер үшін негізгі көрсеткіш ретінде өнімділік көрсеткіші алынады. Ол бағаланатын өнімнің көмегі арқылы шығарылатын өнімнің жалпы көлемін анықтауға қажет.

Сенімділік көрсеткіштері өнімдердің төзімділігін, ұзақ уақыт сақталуын, жөндеуге жарамдылығын көрсетеді.

Технологиялық көрсеткіштер өнімдерді шығарудағы және жөндеудегі еңбек өнімділігін арттырудың конструкторлық-технологиялық шешімдердің тиімділігін көрсетеді. Бұл көрсеткіштер арқылы жаппай өнім шығаруға, өндірісті технологиялық дайындау, өнімді шығару және сату барысында материалдар мен еңбек құралдарын, уақытты тиімді пайдалануға жағдай жасайды.

Стандарттау және сәйкестенндіру көрсеткіштері шығарылған өнімдердің стандарттылығын және сәкестендірілген бөліктерінен тұрады.

Эргономикалық көрсеткіштер адамдар мен заттардың арасындағы арақатынастар, адамдардың заттарды қолданудағы психологиялық, физиологиялық, гигиеналық қасиее\ттерін көрсетеді. (Температураның, шудың, вибрацияның, газдың, будың және т.б. ылғалдылықтың әсерлері).

Эстетикалық көрсеткіштері өнімнің сыртқы орындалуын, формасын, тауарлық түрін қамтамасыз етеді.

Тасымалдауға шыдамдылық көрсеткіштері өнімнің тасымалдауға бейімділігін, шыдамдылығын көрсетеді.

Патенттік-құқықтық көрсеткіштер- патенттік тазалық, патенттік қорғалымдылықты, өнімдердегі жаңа техникалық шешімдерді, тауарлық белгі мен өндірістік үлгігі тіркеуді көрсетеді.

Экологиялық көрсеткіштер-өнімдерді іске қосқанда және қолданғанда қоршаған ортаға тигізетін кері әсерінің деңгейін көрсетеді.(Мысалы:өнімді сақтағанда, тасымалдағанда және іске қосқанда, қәуіпті қоспалардың, газдардың, радияциялық сәулелердің болу мүмкіндігі).

Қауіпсіздік көрсеткіштері (өнімді жөндеу, сақтау, тасымалдау, шығару, қолдану кезіндегі қәуіпсіздікті сақтау).

Осы көрсеткіштердің жиынтығы өнімнің сапасын құрайды. Сапаны жобалау, сақтау және қолдану процестері сапаны басқару жүйесіне кіреді.

Өнімнің сапасын басқару

Өнім сапасын басқару- сапа талаптарын қанағаттандыру, оның ішінде жобалау-конструкторлық және өзара шарттық талаптарға сай келуі үшән пайдаланылатын әдістер мен қызметтер жиынтығы.

Сапаны басқарудың нысанасына өнімнің сапасына әсер ететін процестер жатады. Олар өнімнің өмір сүру циклының өндіріске дейінгі, өндіріс сатысында және өндірістен кейінгі сатыларында кездеседі.

Кәсіпорындардың негізгі мақсаты- өндірілген өнім мен атқарылған қызметтердің сапасының сапа талаптарына сай болуы. Әрбір мекемеде сапаны басқару жүйесі құрылуы керек. Сапаны басқару жүйесі дегеніміз сапаны басқаруға қажетті процестер мен өнімдер, әрбір жұмыскердіңжауапкершілігін өз жұмысына қарауын қамтамасыз ететін ұйымдық құрылым.



Сапа саласындағы саясатқа:

  • -кәсіпорынның экономикалық -әлеуметтік жағдайын жақсарту;

  • -өнім сатудың нарығын нығайту және жаңа нарықтарға шығу;

  • -басты кәсіпорындар мен фирмалардың деңгейінен асып түсетін өнімнің технологиялық

  • деңгейіне жету;

  • -белгілі бір аймақтар мен өндіріс салаларының сұраныстарына сай қызмет ету;

  • -сапаның басты көрсеткіштерін нығайту;

  • -шығарылған өнімнің кемшіліктерін азайту;

  • -өнімге берілетін кепілдік мерзімін ұзарту;

  • -әр түрлі сервисті дамыту және т.б. жатады.

Мемлекеттік стандарттарға сай товардың өмір циклы анықталады. Ол 11 кезеңнен тұрады:

  • -маркетинг;

  • -жобалау және өнімді шығару;

  • -материалдық –техникалық жабдықтау;

  • -жоба бойынша өнімді дайындап, жасап шығару;

  • -дайындау;

  • -бақылау;

  • -безендіру және сақтау;

  • -сату;

  • -монтаждау және іске қосу;

  • -техникалық қызмет көрсету;

  • -кәдеге жарату.

Өнімнің сапасын басқаруда, сапа бағдарламаларын орындауда, сапаны басқару жүйелері мен қатар сапа үйірмелері де қолданылып жүр. Сапа үйірмелері жұмысшылардың сапаға деген көзқарасын қалыптастырып , қызықтырады және кәсіпорындардағы психологиялық климаттың өзгеруіне ықпал жасайды. Бұл үйірмелер арқылы кәсіпорындарда техникалық – психологиялық мәселелер шешіліп отырады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет