Сапаны бағалау



бет1/4
Дата06.02.2020
өлшемі0,98 Mb.
#57256
  1   2   3   4
Байланысты:
Сапа
9 сынып 2 Жб (1), Биология 7 Тыныс алу Өсімдіктердің тыныс алуы, Қазіргі жасөспірімдердің денсаулығы және денсаулық сақтау бағытындағы технологиялар, Қазіргі жасөспірімдердің денсаулығы және денсаулық сақтау бағытындағы технологиялар, Сапа, Сапа, Сенімділік

Сапаны бағалау


Сапаны бағалау - объектінің қойылған талаптарды орындауға қаншалықты мүмкіндігі бар екендігін жүйелі тексеру (ИСО 8402). Егер тексеру кезінде талаптардың орындалмауы себепті сәйкессіздік анықталған болса, онда оны жою үшін мекеме түзету шараларын жүргізеді. Кез келген тексеру екі элементтен тұрады:

  1. объектінің нақтылы жағдайы жөнінде ақпараттар алу (өнім үшін оның сапалық және сандық сипаттамалары);

  2. алынған ақпаратты бұрыннан белгіленіп қойылған талаптармен салыстыру, яғни екінші түрде ақпарат алу.Өнім сапасын тексеру - өнімнің сапалық және сандық сипаттамаларын тексеру. Сапаны тексеру жұмыстарына өлшеу, талдау, сынау операциялары кіруі мүмкін.

Өлшеу дербес жұмыс түрі ретінде метрологияның объектісі болып табылады. Өнімді талдау - материалдар мен шикізаттардың құрамы мен құрылымын талдау сараптамалық әдістермен (химиялық талдау, микробиологиялық талдау, т.б.) жүргізіледі. Сынау - сынау объектісінің сапалық және сандық сипаттамаларын эксперименттік әдіспен анықтау. Сынау кезінде негізгі қажетті заттар - сынау құрал-жабдықтары, ал көмекші заттар - қажетті реактивтер, материалдар, т.б. Сынау кезінде өнім мен қызметтің сипаттамаларын анықтаудың әр түрлі әдістері қолданылады: өлшеу, сараптамалық, тіркеу (тоқтап қалу санын, зақымдалған өнімдердің санын және т.б.) органолептикалық (сипаттамаларды адамның сезім мүшелерінің көмегімен анықтау). Өткізу орнына байланысты сынаулар зертханалық, полигондық, табиғи болып бөлінеді. Тауарларды сынаудың негізгі түрі - зертханалық сынау. Сынау жүргізудің сапа көрсеткіші - дәлдік және нөтижелердің қайталануы. Бұл талаптарды орындау метрология ережелерін сақтауға тікелей байланысты. Қажетті сынаудың сапасын дәлелдеу үшін зертханалар тіркеуден өтуі керек. Зертханаларды тіркеу - сынау зертханаларын орган ретінде белгілі салада жұмыстарды жүзеге асыруға мекеменің құқықтылығын өкілетті мемлекеттік органның ресми мойындауы (ҚР СТ.7.0. 99). Қазақстан Республикасында сынау зертханаларын тіркеуден өткізу жүйесі құрылды. Елімізде сертификаттауды жүргізу ережелері бойынша нақтылы өнімді сынау жұмыстарын жүргізу құқығы тек қана тіркеуден өткен сынау зертханаларына беріледі.

Сапа жүйесі


Сапаны жақсарту мәселесін кесіпорында тұрақты түрде қолданылатын шаралар жүйесін енгізу арқылы ғана шешуге болады. Осындай сапа жүйелері көптеген жылдар бойы құрылып және жетілдіріліп келеді. Қазіргі кезде ИСО 9000 сериялы халықаралық стандарттарда белгіленген сапа жүйесі қабылданды. Бұл жүйенің негізгі принципі - сапаны басқаруда өнімнің өмірлік циклінің барлық сатылары мен кезеңдерін қамту. Өнімнің өмірлік циклі - өнімді жобалау, өндіру, пайдалану, сақтау, тасымалдау, өткізу, жою және кәдеге жарату процестері, яғни өнімді өндіргенде және пайдаланғанда болып отыратын өзгерістерге сай өзара байланыстағы процестер жиынтығы болып табылады. Өмір циклі маркетингтен басталады. Маркетинг деңгейінде - өнімге тапсырма берушілер және олардың талаптары анықталады. Жобалау деңгейінде тұтынушының барлық талаптарына сай өнімді жасау қарастырылады. Өндіру кезінде жобада белгіленген сапа деңгейі қамтамасыз етіледі. Айналым деңгейінде қалыптасқан сапа тасымалдау, сақтау, сатуға дайындау, сату кездерінде сақталуы керек. Пайдалану деңгейінде сапаны басқаруға тұтынушы кірістіріледі. Тұтынушының өнімді пайдалану жағдайы жақсы болса, онда оның қолдану мерзімі де артады. Қолданыстан шығару деңгейінде пайдаланылған өнімнің табиғи ортаға зиянды әсерін болдырмау керек. Кәсіпорынның іс-қимылы өнімді қолданыстан шығарумен бітпейді. Осы кезеңге қарай немесе одан да ертерек қажеттілік анықталады және маркетинг жүргізілгеннен кейін кәсіпорын жаңа өнім түрін жобалауға кіріседі. Осылай сапаны басқару саласындағы жаңа айналым басталады. Сапа жүйесінің қажетті элементтері: ұйымдық құрылымы, әдістемесі, ресурстар мен процестер. Сапа жүйесінің ұйымдық құрылымы кәсіпорын жұмысын басқару шеңберінде құрылады да, оның бөлімшелерінің және қызмет істеушілерінің арасында құқығын, міндеттерін және функцияларын бөліп беру болып табылады. Әдістеме - іс-қимылдарды жүргізудің белгіленген тәсілдері (ИСО 8402). Ресурстар - қызмет көрсетушілер, қызмет ету құралдары, құрал-жабдықтар, технология. Процесс (ИСО 8402) - қолданылатын элементтерді (өнімге қатысты - шикізаттар, материалдар) дайын өнімге айналдыратын өзара байланыстағы ресурстар мен іс-қимылдар. Сапа жүйесінің бар екендігін және оның қойылған талаптарға сөйкестігін осының барлығына тиісті құжаттар болғанда ғана дәлелдеуге болады. Құжаттар сапа жүйесін жасаушыларға, қолданушыларға және тексеру органдарына көрсетуге мүмкіндік береді. Сөйтіп, сапа жүйесі - сапаны жалпы басқаруды жүзеге асыру үшін қажетті ұйымдастыру құрылымы, әдістеме, процесс және ресурстар жиынтығы.
1. Сапа менеджменті жүйелерінің негізгі ережелеры.

 

ИСО 9000 стандарттар топшалары сапа менеджмент жүйелеріне талаптар және өнімдерге талаптар арасына өзгешеліктерді көрсетеді. Сапа менеджмент жүйелеріне талаптар ҚР СТ ИСО 9001 бекітілген. Олар қай категориядағы болмасын өнімнің өнеркәсіптің немесе экономиканың қандай да болмасын секторындағы ұйымдарға жалпы және қолданылатын болып табылады. ҚР СТ ИСО 9001 өнімге қандайда болмасын талаптар бекітпейды.



ИСО 9000 стандарттар жиынтығы барлық түрдегі және мөлшердегі ұйымдарға көмектесу және сапа менеджмент жүйелерінің енгізу және тиімді қызмет етуін қамтамасыз ету үшін әзірленген.

ИСО 9000 стандарттар 2008 жылда шыққан версиясы 4 стандарттардан турады.

 1 ҚР СТ ИСО 9000-2007 СМЖ. Негізгі ережелері және сөздік

(сапа менеджмент жүйелерінің негізгі ережелерін баяндайды және СМЖ үшін терминлогияны бекітеді).

  2 ҚР СТ ИСО 9001-2009  Талаптар. (тұтынушылар талаптарын қанағаттандыратын және міндетті талаптарға қолданатын өнімдерді ұсына алатын мүмкіндігін көрсету үшін ұйымға керек болған жағдайда СМЖ-не талаптарды анықтайды және тұтынушыларды қанағаттандыруды жоғарылатуға бағытталған).

  3 ҚР СТ ИСО 9004-2010 СМЖ. Ұйымның тұрақты жетістікке жетуі үшін менеджмент. Сапа менеджменті позициясынан тәсілдеме. (СМЖ-нің нәтижелігі, сонымен бірге тиімділігін қарастыратын нұсқаулықтарға ие. Осы стандарттың мақсаты болып ұйым әрекетін жақсарту және тұтынушылар мен басқа қызығушы тараптарды қанағаттандыру болып табылады.)

4 ИСО 19011-2002 СМЖ-ін және қоршаған ортаны қорғаудың аудиті (тексеру) бойынша әдістемеліәк нұсқаулықтарға ие.

 

2. Сапа менеджменті нысандарының эволюциясы



 

Сапаны басқару сапаға қойылатын талаптарды қанағаттандыру үшін пайдаланылатын әдістер мен қызметтер. Сапаны басқару процесі мен сапа ілмегінің белгілі бір сатысында қанағаттандырылмаған қызмет ету себептерін жоюға бірдей бағытталған әдістер мен шапшаң сипаттағы қызмет түрлерін қамтиды.

Сапаны басқарудың қазіргі заманғы концепцияларына  СМЖ, TQM, TQC, CWQC, ИСО негізгі түрлері  жатады.

TQC- деңгейі жоғары экономикалық тиімді және тұтынушының талаптарын толық қанағаттандыратын өнімдер мен қызметтерді қалыптастыру, қолдау және жақсартуды ұйымдастыру кезінде адамдардың әр түрлі топтарының үйлескен әрекеттері қамтамасыз ететін тиімді жүйе.

CWQC- жүйесі фирманың әр бір бөлімінде әрбір қызметкердің сапаны басқаруды іс жүзінде оқып игеруін және оған қатысуын қамтиды. Бұл жүйе TQC жүйесіне қатысты кезеңдерді өзінің құрамына ендіреді.

TQM- бұл кәсіпорын қызметінің барлық шеңберінде барлық деңгейдегі қызметкерлер мен басшылықтың қатысуымен және техникалық мүмкіншіліктерді ұтымды пайдалану кезінде зерттеулер мен жасап дайындаудан бастап сатудан кейінгі қызмет көрсетуге дейін сапаны басқару жүйелері мен әдістерін әр жақты бағытталған және тиімді үйлестірілген пайдалануды қарастыратын тұжырымдама.

TQM- бұл теориялық пән емес, үш құрамдас бөліктен тұратын сапаны арттыру процесін басқару технологиясы:

Түбірлік жүйе талдау және зерттеу үшін қолданылатын әдістер мен құралдар. Бұл әдістерде бақылау статистикалық  ыңғайға, белгілі математикалық аппараттарға негізделген, сол себептен барлық кәсіпорындарда пайдаланылады.

Техникалық қамтамасыздандыру жүйесі. Бұл қызметкерлерді осы құралдарды және оларды дұрыс пайдалану жолдарын үйретуді қамтамасыз ететін тәсілдер мен бағдарламалар. Бұл жүйе әр бір кәсіпорынның орналасқан елінің ерекшеліктерін белгілейді, осы елдің ұлттық мәдениетімен және дәстүрімен байланысты.

Сапаны жалпы басқаруды жетілдіру және даму жүйесі әр ел үшін өте ерекше болып табылады, оған ұлттық ерекшеліктер, экономикалық заңнамалар өте қатты әсер етеді.

СМЖ- бұл тікелей немеске жанама ықпал ететін компания қызметінің аспектісін басқару жүйесі.

СМЖ-  ИСО халықаралық ұйымының стандартарының формулаларымен жасалнады.

 СМЖ-ны құру үшін өнеркәсіп басшысының стратегиялық шешімі қажет, себебі бұл өнеркәсіпті басқаруда және жұмыстарды ұйымдастыруда маңызды ықпал етеді. СМЖ басқарушы жүйе, яғни бұл жүйені кәсіпорын басшысы мен кәсіпорын менеджменті ішкі басқару тапсырмаларын шешуде қолданады. Ол сол кәсіпорынға сай ұйымдасу структурасы, әдістемесі, ресурсы және процесі болуы керек.   СМЖ бұл басқа кәсіпорынға тәуелді емес және өзгеріске ұшырамайды. СМЖ кәсіпорынды басқару жүйесінің бір бөлігі, ол сол кәсіпорында жасалнып, кәсіпорынның өз ішінде өсуі, дамуы керек.  СМЖ жүйесін мұқият ойлап, жоспарлы түрде ұйымдасып дайындау керек.

СМЖ жүйесінің қазіргі таңдағы басты принципі  тұрақты жақсару, сонымен қатар сапа негізіндегі басқаруға философиялық көзқарасы. Талаптардың орындалуының қабілеттілік әрекетінің жоғарлауының қайтымдылығы тұрғысында түсіндіріледі.

Жақсару әрекеті:

Қалыптасқан жағдайды бағалау және анализдеу

Жақсартудың мақсаты және анықтау сферасы

Қойылған мақсатқа жету шешімін табу және оның ішінде оптималдысын таңдау

Таңдалынған шешімді орындау

Таңдалынған шешім орындағаннан кейін оны бағалау және анализдеу.

Процесті және процедурадағы өзгерістерді әзірлеу

Бұл принциптерді іске асырудың басты объектісі болып барлық бөлек процестің жиынтығы болуы керек.  Іске асыру жетістіктері басқа принципті қолдану болады. Ол сапа менеджменті жұмыскерлерді еліктіру. Олар үшін менеджмент өндірісінде барлық жағдайлар жасалнуы керек.

 Сапа менеджмент жүйесін ендіру ерекшеліктері мен  мақсаттары

- қызығушы жақтардың  қажеттіктерін есепке ала отырып  ұйымның нәтижелілігі мен тиімділігін үнемі жақсарту;

- кез келген жағдайда өнімнің  сапалы шығуына  ұмтылыс жасау;

-  өндірісте өнім сапасына ұдайы жақсартуды қамтамасыз ету;

-  алдыңғы жыл көрсеткіштеріне қатынасы бойынша өнімнің  деңгейін қадағалау;

- өнім шығаруда ұйымның  нәтижелілігі мен  тиімділігін  үнемі жақсарту үшін әзірленген  менеджмент жүйесін  үнемі жұмысшы  қалыпта ұстау;

 

3. Өнім сапасына әсер ететін факторлар. Жүйелі ыңғайдың пайда болуы

 

Өнімнің сапасы мен олардың қауіпсіздігі тікелей адам өмірі мен денсаулығына әсер етеді.



Соңғы жылдары өнім түрлері аса маңызда көбейді және олардың сапасы да жоғарылады сапаның ассортименті мен олардың сапасы сұранысқа жауап беретін болуы керек және бағасы қол жететіндей болуы қажет.

Өнім сапасының деңгейін – еңбек құралының, материалының және дайындау технологиясының сапасына қойылатын талаптар арқылы анықталады.

Сапаның деңгейі жоғары болуы тек – қана сұранысты ғана қанағаттандырып қоймай, кәсіпорынның әрі – қарай жұмыс жасауын қамтамасыз етеді.

Сапа – товардың бәсекеге шыдамдылығын қамтамасыз етеді (конкурентоспособность). Олар өнімнің техникалық деңгейінен және функционалдық, эстетикалық, эргономикалық, экологиялық құрамы бойынша сипатталатын тұтынушы үшін товардың қажеттілігі бойынша анықталады. Сапаның жоғарлығы сұраныс пен пайданы көбейтеді.

Жоғары сапалы өнім алу үшін сәйкес әр түрлі факторлар әсер ететін жоғары  деңгейдегі өндіріс қажет.

 


Сапаға әсер ететін негізгі факторлар

Сапаға әсер ететін негізгі шарттар

Машиналар мен құрылғылардың сапасы

Өндірістік процестің мінездемесі, оның интенсивтілігі, ритімділігі, ұзақтылығы

Қызметкерлердің профессионалдық шеберлігі, білімі, тәжірибесі, психофизикалық денсаулығы

Қоршаған ортамен өндірістік бөлмелердің жағдайы.

Интерьер және өндірістік дизайн, маральдық және материалдық стимулдарының жүйесі.

Өндірістік коллективте моральды психологиялық

ауа – райы.

Ақпараттық қамтамасыз ету қызметтік ұйымдастыру түрі және қызметтік орындарды жасақтау деңгейі.

Қызметкерлердің әлеуметтік және материалдық ортасының жағдайы. 



    

Машиналардың сапасының төмен болуы өндірісте шығындар көбейеді. Мысалы ауыл шаруашылығындағы машиналар ескі болса (комбайн, машина, трактор) олардың сенімділігі төмендеп, қайта – қайта жөндеу жүргізіп, осы машиналарды бастапқы бағасын арттырады, ал ол шығынға әкеп соғады.

Жоғары сапалы өнімді қамтамасыз ету үшін келесі факторларды есепке алу керек. Мысалы ауыл шаруашылығы өнімнің сапасы, ауа райына да байланысты.

Қызмет көрсету барысында (дәнді егу) оларды уақытылы суғаруы, дәрі - дәрмек беру.

Сапаны қамтамасыз ету өндірістік процесте дәнді тазалау, дайындау, дұрыс сақтау. Осылардың бәрі сапаға әсер етеді.

 

4. Жүйе сапалары: БИП, СБТ, КАНАРСПИ, НОРМ, КСУКП. Жетістіктері мен кемшіліктері.

 

1950 жылдары Саратовтық жүйені ұйымдастыру дамыды. Ол БИП жүйесі. БИП - жүйесі негізіне орындаушы еңбегінің өзіндік бақылауы жүргізілді. Орындаушы дайындалған өнімнің сапасына жауап берді, яғни өнімді ақаусыз дайындау жүйесі деп аталды. Бұл жүйенің мақсаты өндірісте қолайлы жағдай туғызу, техникалық құжаттамадан ауытқусыз жұмыс өнімдерін дайындауды қамтамасыздандыру. ОТК ұсынған және жұмысшы дайындаған жалпы партия саны еңбек сапасын сандық бағалауда қолданды, партия саны прценттік қатынаста есептелінді, партия бірінші көрсеткіштерден ақ қабылданды.



Өндірістік жүйеге БИПті ендіру мыналарға мүмкіндік берді: технологиялық тәртіп және технологиялық операциялар қатаң орындалуы қамтамасыздандырылды, сапалы еңбек нітижесін алу үшін бірінші буында басшылықтың және жұмысшылардың жеке жауапкершілігін көтеру, еңбек сапасын жақсарту үшін жұмысшыларды моралды және материалды ынталандыру; өнім сапасын жоғарлатуда кең қадамдар жасау үшін алғы шарттар дайындау.

Онымен қоса БИП жүйесі негізгі өндірістің тек қана жұмысшы цехтарына кеңінен таралдып, әсер ету шеңбері аз болды. Бұл жүйе кері факторлардың әртүрлілігі және кәсіпорын шығаратын өнім сапасына әсер етудің әртүрлі дәрежесін ескермейтін « ақау бар- ақау жоқ» принципі бойынша іске асты. Сонымен қатар бұл жүйе бір кәсіпорын шеңберінде шектеліп, бұйым сапасы олардың жұмысқа пайдалану және тұтыну салаларын ескермейтін статистикалық мәнде болды. БИП ң негізгі принциптері ақаусыз еңбек жүйесінің негіздеріне жатады. Оның мақсаты өнім сапасын жоғарлатуы қамтамасыздандыру, сенімділігі және ұзақ өмір шеңдігі.  



ББССР (бірінші бұйымның сапа сенімділік ресурсы) жүйесі машина құрылыс өндірісінде бірінші болып жасалынды және 1957- 1958 жылдары Горькии қаласында ендірілді. Бұл жүйеде өндірісте технолог жұмысшылар және сапаны басқару жұмысшылары техникалық дайындауды жақсарту үшін бұйым сенімділігін жоғарлату негіз болды. ББССР - жүйесі өз кезеңіндегі үздік жүйенің бірі. Мұнда инженер технолог және ұжымдық ұйымдастыру шаралар  жиынтығын құрады. Бірінші өндірістік үлгіде ақ ол өнімнің жоғарғы сапалығымен сенімділігін қамтамасыз етті. Эксплуатациялау, жобалау және зерттеу барысында көптеген жұмыс түрлері қамтылды және ол ББССР  жүйесінің сипаттамасы болып табылды. Зерттеу және жобалау барысындағы тәжірибелі үлгі дайындауда көп көңіл қабыл алмау мен жойылу және өндірістік период себептерін анықтауға бөлінді. Бұл тапсырманы шешуге зерттеу және экспрементальды базаны дамыту, унификациялық коэффициентті жоғарлату, модельдеу және макеттеу әдістерін кеңінен қолдану, сынауды жылдамдату, соны мен қатар өндірісті технологиялық дайындау процесінде өнімді конструкторлық технологиялық өңдеу есептелінді.      

ББССР - дің мінездемелік ерекшеліктері;

- өнімнің жиынтық сапалылыгын қамтамасыз ету.

- мекемеде конструкторлық, технологиялық және сынайтын қызметтің дамуы.

-ұйымдық жұмыстың обьективті және уақытылы ақпарат шығарудың спа өнімі.

- Бұйым сапасын төмендететін себептерді анықтауға  өндірісті дайындау және интенсивті кезеңді қолдану.

- Процесте сериялы үлгіні шығарарда конструкциялық технологиялық жұмыстарды жүргізу.

- Эксплуатациялау кезінде бұйым құрылымын  шыңдау мен жоғарлату технологиялық деңгейін көтеру.

ББССР   қазірде кең қолданыс табуда.

Сапаны жақсартудың барлық назары өнімнің өмірлік циклы жүйесінде дамыды. Бірінші болып Ярославск мотор заводында 1960 жылы МАҒЖҮ қолданылды. Жүйенің мақсаты шығарылған двигательдердің ұзақөмірлігін және сенімділігін жоғарлату болып табылады.



МАҒЖҮ (моторесурстарды арттыру жұмыстарын ғылыми ұйымдастыру)  - жүйесінің негізіне моторесурс деңгейін жүйелі және бірізді бақылау және двигателдің бірінші күрделі жүйеге дейінгі моторесурсын шектейтін бөлшектер мен бөлшектер жиынтығынын сенімділігі мен ұзақмерзімділігін мезгіл мезгіл арттыру принциптері қойылған.

Жүйеде жұмыстарды ұйымдастыру циклдік принцип бойынша құрылған. Моторесурсты арттыру бойынша әрбір жаңа цикл өндірісте моторесурстың алдын ала жоспарланған деңгейіне жеткен соң басталады және моторесурсты шектейтін бөлшектер жиынтығын анықтауды, оның нақты деңгейін анықтауды қарастырады; моторесурсты арттырудың тиімді деңгейін жоспарлау; моторесурстың жоспарланған деңгейін қамтамасыз ету бойынша инженерлік ұсыныстарды жасап дайындау және тексеру; өндірісте двигателдің жаңа ресурсын игеру бойынша конструкторлық технологиялық іс шаралардың кешенді жоспарын жасап дайындау; конструкторлық технологиялық шаралар және тәжірибе кешенді жұмыстарын жүргізу; өндірісте қол жеткен ресурстарды тұрақтандыру; жұмысқа пайдалану кезінде қол жеткен деңгейді тұрақтандыру. 



МАҒЖҮ жүйесін жасауда БИП жүйесінің тарауларын , ал оны жоспарлауда КАНАРСПИ жүйесінің негізгі ережелерін қамтиды.

ӨСБКЖ  (өнім сапасын басқарудың кешенді жүйелері) стандартқа базаланған жүйелі комплексті принципіне құрылған жұмыстар. ӨСБКЖ басқару теорисының жалпы принципіне және сол уақыттағы өнім спасы моделінің принципіне негізделген. мы ӨСБКЖ надай бес формада жасалынды:

Біріншіден: жүйенің ең басты мақсаты формаланды.

Екіншіден: жүйенің барлық әрекеттері арнайы функцияларға топтастырылды.

Үшіншіден: басқару ұйымы көп деңгейде қарастырылды: кәсіпорын, цех, қызмет, жұмыс орны деңгейлерінде.

Төртіншіден: спаны техникалық ұйымдастыру үшін кәсіпорын стандарттарын негізгі жүйе ретінде қолданды.

Бесіншіден: жүйені құру үшін жалпы басқару теориясының өзара қатынасын дамытуда және енгізуде қолданды.



ӨСБКЖ ғылыми әдістемелік жұмыстың үлкен қорытындысы, ол өткен жүз жылдықтың жылдарының басына барады. Ол ВНИИС ғылыми жұмыстарын ретке келтіруде қолданылды, КСРО МЕМСТ және оның төрағасы ғ.т. д. Профессор В.В.Бойцов жұмысшыларды тікелей ұйымдастыруда және әдістемелік қолдау көрсетті. Көптеген ғалымдардың жұмыстары Украинада Львовской облысында  үлкен масштабты өндірістік тәжірибеде тексерілді. Осы тәжірибеде алынған нәтижелер өнім сапасын басқарудың комплексті жүйесін құруда ЦК КПСС жылы тамыз айында арнайы шешім қабылдап енгізді.

ӨСБКЖ бұл өнім сапасын басқарудың бірінші жүйесі, бұл сапаны негізгі техникалық ұйымдастырудың стандарты болды. Бұл өнәм сапасын әдістемелік басқарудың принциптік жетістігінің өте маңызды жетілгендігі. Ол кәсіпорында өнім сапасын басқару жұмыстарын жүргізуді жаңа ұйымдастыру сатыларына көтерді. ӨСБКЖ жұмыстарын бастауда Мемлекеттік стандарт жүйелері кәсіпорын стандарты түрінде құжат қабылданып заңдастырылды. Ол сапаны басқаруда негізгі стандарт болып қалды. Кәсіпорын стандарттары регламенттейді, дәлірке айтсақ, шығарылатын өнім сапасын жоғарлатуда жоспарлы жұмыстарды ұйымдастырады. Жоғары техникалық деңгейге жетуде атқарушы жұмысшылар және бөлімшелер тәртіпті әрекетті орнатуын және жауапкершілігін, ұзақ мерзімділігін және сенімділігін орнатады. Кәсіпорын стандарты еібек реурстарын және материалдарын үлкен тиімділік пен қолдануға мүмкіндік береді.

 Мына нәрсе анық болды: жүйені құру үшін жобалау жұмыстарын жүзеге асыру. Кәсіпорындарға консультативтік және әдістемелік көмек көрсету үшін арнайы ұйымдарды құру керек деген ұсыныс туды. Тез арада басқарушы әдістемелік құжат жасап шығару тиіс еді. КСРО мемлекеттік стандарттарының тапсырмасы бойынша жұмысшы рекломендациясы жасалынып, енгізілеп және кәсіпорында сапаны басқарудың комплексті жүйесі орнатылды.

70 жылдардың аяғында КСРО өндірістерінде, ЦК КПСС шешімімен келісе отырып, ӨСБКЖ жұмыстары жедел және қарқынды жүргізілді. Оған мыңдаған өнеркәсіптер қосылды.

1979-1983 жылдар аралығында басқарудың комплексті әдістемесі мәнін меңгеру жұмыстары дамыды. Бірінші нәтижелер көріне бастады. Шығарылатын өнім номенклатурасы және ассортименті тез жаңартылып тұрды, сенімділігі жоғарлады, эстетикалық сапасы жақсарды. Сонымен қоса кемшіліктерде болды. Кәсіпорын басшысының жай ғана жұмыс істеуі емес, тез арада рапортты қабылдау қалауы кемшіліктің бірден бір себебі болды. Сапаны жаңа экономикалық қарқында өсірудің жұмыстарын іздестірді. Мұның барлығы сапаны басқарудың жаңа жолдарын ашуға итермеледі.    1989 жылы МЕМСТ институттарына және оны ұйымдастырушыларына сапаны басқаруда ӨСБКЖ жүйесін ендіруде кәсіпорындарға қандай да бір көмек көрсетуге тыйым салынды. Осылайша отандық жұмыстар және басқарудан жиналған тәжірибелер талқыланылып, олардан бас тартылды. Сапаны басқару үшін қолданылған бұл жүйе   90   жылдардың аяғында қолданыстан шықты.  Себебі сол уақытта сапаны басқару үшін ИСО стандарттары жариялана бастады. Бұл стандарттың бір бөлігі КСРО ға тиісті еді.     

  1978 жылы ойлары, принциптері, міндеттері және құрылымы едәуір тарихи ғылыми әдістемелік және практикалық қызығушылық  тудыратын өнім сапасын мемлекеттік басқарудың біріңғай жүйесінің ( ӨСМБ БЖ ) негізгі принциптері жасалып дайындалып Мемстандартпен бекітілді. Басқарудың кешенділігі өнім спасының халықтың және халықшарушылығының қажеттілігі сәйкестігін жүйелі талдауға және өнімнің тіршілік циклын құрайтын процестердің өзара байланысын ұйымдастыруға негізделеді. Ал негізгі принциптерінің бірі техникалық, ұйымдастыру, экономикалық және әлеуметтік шараларды бір бірімен үйлестіруді қамтамасыз ететін  өнімнің сапасын басқару проблемаларын шешудің кешенділігі болып табылады.

 

5. TQM (тотальды сапа мененджментінің) принциптері

 

Сапаны жалпы басқару (ағылшынша Total Quality Management, TQM) – барлық ұйымдық процестердің сапасын үзбей жоғарлатудың жалпы ұйымдастырушы әдісі.

Total Quality Management – бұл көп жылдар бұрын Жапония мен АҚШ-та сәтті бастаған сапаны жалпы басқарудың философиясы. TQM-нің басты идеясы – компания тек өнімнің сапасын жоғарлату мақсатында ғана емес, сонымен қатар жалпы жұмыстың сапасын да, қызметкерлердің жұмыс сапасын да жоғарлату мақсатында жұмыс істейді. Осы үш негіздің үнемі жақсарып отыруы (өнім сапасы, процесстерді ұйымдастыру сапасы және қызметкерлердің квалификациясының жоғарлауы), бизнестің жылдам және тиімді дамуының негізі бола алады. Сапа клиент талаптарының іске асу дәрежесі, компанияның қаржылық көрсеткіштерінің өсуі және қызмет ететін компаниялардың өз жұмыстарының жақсару категорияларымен анықталынады.

TQM екі механизде жұмыс істейді: Quality Assurance (QA) – сапаны бақылау және Quality Improvements (QI) – сапаны жоғарлату. Бірінші – сапаны бақылау – сапаның керекті деңгейін ұстанады және тауар немесе қызмет сапасындағы клиентке берілетін сенім туралы анықталған кепілдіктегі компания ұсынысымен қорытындылады. Екінші – сапаны жоғарлату – бұл сапа деңгейін тек қолдау ғана емес, сонымен бірге оны жоғарлату, соның ішінде кепілдік деңгейін де көтеру мақсатында жұмыс істейді. Бұл екі механизм – әрдайым бизнесті дамытуға, жақсартуға мүмкіндік береді.



TQM принциптері

  1. Кәсіпорынның тапсырыс берушіге жобалауы. Кәсіпорын өзінің тапсырыс берушілеріне өте байланысты, сондықтан да тапсырыс берушіні түсінуге, оның талаптарын орындауға және оның күткен нәтижелерін орындауға тиіс. Клиенттің талаптарын орындаудағы жүйелік жол арыздарды талдау мен тапсырыс берушінің талаптары туралы ақпаратты жинаудан басталады. Өздеріне TQM-ді ендіріп жатқан кәсіпорындарда барлық ақпараттар бүкіл кәсіпорын бойынша таралуы керек.

  2. Басшылықтың жетекші роль атқаруы. Кәсіпорын басшылары бірдей мақсаттар және іс-әрекеттердің негізгі бағыттарын, және мақсаттарды жүеге асыру әдістерін бекітеді. Олар кәсіпорында қызметкерлердің қойылған талаптарына жету процесіне максимальды қызығу микроклиматын орнату керек.

  3. Қызметкерлерді қызықтыру. Жоғары басшылықтан жай жұмысшыға дейін – барлық қызметкерлер сапаны басқару әрекетіне жұмылдыруы керек. Қызметкерлер кәсіпорынның ең негізгі байлығы ретінде есептелінеді, және олардың шығармашылық дәрежелерін максимальды ашуға және пайдалануға барлық керекті жағдайлар жасалады. Қызметкерлер өздеріне жүктелетін міндеттер бойынша квалификацияға сәйкес болу керек. Сонымен қатар басшылық өз қызметкерлерінің мақсаттары кәсіпорынның мақсаттарына сай келуі үшін барлық жағдайларды жасау керек. Бұл жерде материальды және моральды көмек үлкен роль атқарады. Қызметкерлер командада істеу әдістерін игере білу керек.

  4. Процестік жол. Жақсы нәтижеге жету үшін бұл мәселені процесс ретінде қарау керек, яғни кез келген процесті бақылау қалай жүрсе, сапаны жалпы басқару да сол сияқты қатты бақылауда болуы тиіс.

  5. Басқарудың жүйелік жолы. Кәсіпорын TQM принциптеріне сәйкес нәтижелілік пен тиімділікке қол жеткізуі үшін, қызмет немесе өнім процестерінің жүруі мен тапсырыс берушінің сұранысы бойынша өнім немесе қызметтің сәйкес келуінің бақылауын біріктіруі тиіс.

  6. Үнемі жақсару. Бұл облыста кәсіпорын тек қана кездесетін мәселелерді қадағалап отырмау керек, сонымен қатар келешекте тағы да осындай мәселелерге кездеспеу үшін басшылық тарапынан талдау жасалынғаннан соң да тиісті ескертетін іс-әрекеттер жасау керек.

  7. Фактке негізделіп, шешім қабылдау. Тиімді шешімдер тек сенімді анықтамаға негізделеді. Мұндай анықтамалардың түбірі сапа жүйесін ішкі тексеруінің шешімдері, ескерттетін әрекеттер, тапсырыс берушінің арыздары және ұсыныстары және т.б. болуы мүмкін. Сонымен қатар ақпарат кәсіпорын қызметкерлерінен келіп түсетін ұсыныстар мен идеялардың талдауына негізделуі мүмкін.

  8. Жеткізушілермен қарым – қатынас. Кәсіпорынның жеткізушілермен тығыз жұмыс істеуіне байланысты, олар келешекте бірге жұмыс істеуі үшін де барлық жағдайларды қарастырады. Бұл этапта құжаттық процедура бекітіледі.

  9. Сапасыз жұмыспен байланысты ең аз шығын. Сапасыз жұмыспен байланысты ең аз шығын өнімді қандай да тең шарттарда болсада ең аз бағаға ұсыну мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

TQM маңызы

Кез келген басқару стилінде қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді пайда болады. Сапаны жалпы басқару қысқа мерзімді пайданы береді, бірақ бұл жолдың көптеген пайдасы қысқа мерзімділікте, және олардың тиімділігі де реализациялаудан кейін байқалады. Ұзақ мерзімді пайдалар тиімділігін беру үшін үлкен кәсіпорындарда бұған бірнеше жылдар кетуі мүмкін.

Сапаны жалпы басқарудағы күтетін ұзақ мерзімді пайдалар – бұл жоғары өнімділік, ұжымның моральды жағынан жоғарлауы, шығындардың азаюы және тапсырыс берушілер сенімділігінің өсуі. Бұл пайдалар компанияның көпшілік алдындағы дәрежесін жоғарлатуға және абыройлы болуына алып келеді.

Қателердің ауытқу және дұрыс әрекеттер ең алдымен уақыт пен ресуртарды сақтап қалады, сол кезде жиналған ақша қызмет көрсету (өнім шығару) саласына жұмсалынса болады немесе қызмет көрсету саласын жоғарлату мақсатында қызметкерлерге беріледі.

Сапаны жалпы басқаруда көбіне командалық жол пайдаланылады, ол бір жағынан, жұмысшыларға өз әріптестерімен бірге мәселені шешу тәжірибесін береді, екінші жағынан, оларға бірге жұмыс істегенде өз білімдері мен тәжірибелерін пайдалануға мүмкіндік береді. Қызметкерлер мәселелерді шешуде командалық жолдан тәжірибе алғандықтан, олар локальді топтардың мүмкіндіктерінен шығатын мәселелерді шешу үшін секциялық мега-командаларға қатыса алады. TQM кәсіпорындарға мәселелерді шешу жолында үлкен жол көрсетеді және барлық қызметкерлер үшін жұмыс істеу талаптары сапасын жоғарлатады.

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет