Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау университеті жанындағы көпсалы колледжінің есеп және аудит мамандығының 2-ші курс студенті, ҚР, Көкшетау қаласы Аннотация. Мақалада маркетингтің ұйымдастыру қызметі – маркетинг бойынша өздеріне жүктелген міндеттер мен қызметтерді орындайтын бөлімдер мен бөлімшелердің жиынтығы ретінде көрсетілген. Маркетингті ұйымдастырудың әр түрлі формалары бар, оларды таңдауға кәсіпорын мақсаттары, ресурстары болуы, басқарудың қалыптасқан құрылымы, өндірілген өнімнің, нарықтың және маркетингтік ортаның ерекшеліктері сияқты факторлары әсер етеді. Маркетингтік қызметті ұйымдастыру белгілері ұсынылған.
Аннотация. В статье представлена организационная функция маркетинга-как совокупность отделов и подразделений, выполняющих возложенные на них задачи и услуги по маркетингу. Существуют различные формы организации маркетинга, на выбор которых влияют такие факторы, как цели предприятия, наличие ресурсов, сложившаяся структура управления, особенности производимой продукции, рынка и маркетинговой среды. Представленыпризнакиорганизациимаркетинговойдеятельности.
Annotation. The article presents the organizational function of marketing-as a set of departments and divisions that perform the tasks and marketing services assigned to them. There are various forms of marketing organization, the choice of which is influenced by factors such as the goals of the enterprise, the availability of resources, the existing management structure, the characteristics of the products, the market and the marketing environment. The signs of the organization of marketing activities are presented
2024
Жоспар: Кіріспе
Маркетинг түсінігі
Маркетингтік жоспар
Қорытынды
Кіріспе Маркетинг – тауар өндіру және өткізу, сауда жасау қызметін ұйымдастыру мен басқару жүйесі. Маркетинг нарық дамуының жай-күйі мен келешегін зерделеуге негізделеді, тұтыну мен өндіріс өніміне сұранымды қалыптастырады, табыс алу мақсатымен рынакта тауарлардың өткізілуін тездетуге басғытталады. Маркетинг сұранымды жан-жақты зерделеп, болжау, жарнаманы пайдалану, өндірісті ынталандыру, сақтау және тасымалдаудың осы заманғы тәсілдерін, тауарлардың тұтынушыларға жетуіне жәрдемдесетін технологиялық және басқа түрлерін қолдану негізінде кәсіпорынның жаңа өнімді әзірлеу, өндіру мен өткізу жөніндегі ұйымдық-техникалық, қаржы, коммерциялық және басқада қызмет түрлері жатады. Маркетинг мәні –экономиканы, жарнаманы, инженерлік істі, психологияны, жоспарлауды, болжауды оңтайлы ұштастыру, яғни маркетинг – тауарларды өндіру мен өткізу туралы ғылым. Оның негізгі мақсаты барынша көп пайда алумен қатар айырбас, тауарлардың тұтынушыларға жеткізілуін тездету және өндірістік коммерциялық қызметтің тиімділігін арттыру нарықтың тауарларға сұранымын қанағаттандыру.
Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық және қоғамдық өмірінде жүріп жатқан өзгерістер шаруашылық іскерліктің жаңа жолдарын іздеумен қатар экономикалық тиімділікті қамтамасыз ету үшін кәсіпорындар алдына бірқатар маңызды мәселелер қояды. Осыған байланысты іс жүзінде өте маңызды және құнды мәселе ретінде маркетинг жүйесінің қалыптасуын атап өтуге болады. Еліміздегі халық шаруашылығы құрылымын қайта құру процесінде болып жатқан өзгерістер, өндіруші еркіндігі мен нарықтық ортаны игеру кезінде кәсіпорынды басқару маркетинг тұжырымдамасын қолдануды талап етеді.Маркетинг тұжырымдамасы нарықта кәсіпорынның белсенді басымдық саясатының стратегиясы мен тактикасы, шаруашылық іскерлігі және барлық өндірістік ресурстар түрлерін тиімді қолдану нәтижелеріне әсер ететін маңызды құрал. Еліміздегі экономикалық реформаны әлем экономикасымен интеграциялау үшін нарық механизмін, нарықты зерттеу әдістерін және принциптерін, экономикалық конъюнктураны, стратегиялық жоспарлаудың негіздерін, кәсіпорындардың нарықтық жағдайдағы бәсекелестік мүмкіншіліктерін терең білу қажет. Мұндай білімді нарықтық басқару концепциясын зерттейтін маркетинг ғылымы береді.Қазіргі замандағы маркетингтің мәні тұтынушының қажеттілігін кәсіпорынның пайдасына айналдыратын кәсіпкерлік қызметте көрініс алады. Қазақстанда маркетинг экономикалық сала ретінде біршама жақын уақыттан бастап қолданыла бастады, ал бұған дейін бұл капитализмге ғана тән теориялық түсінік және тәжірибелік әрекет ретінде саналып келді.Қазіргі кезде маркетинг кәсіпорындардың шаруашылық қызметін жоспарлау, өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың барлық жақтарын қамтуы тиіс. Бұл жағдай осы замандағы маркетингтің рөлі мен маңызы туралы көзқарастарға сәйкес келеді. Кәсіпорын қызметін басқару үшін қазіргі замандағы маркетинг біртұтас және жүйелі бағытта дамуы қажет.