Кәсіпорында маркетингтік қызметті ұйымдастыру


Маркетингтік жоспар және талдау



бет3/4
Дата10.05.2024
өлшемі25,24 Kb.
#201927
1   2   3   4
Байланысты:
Маркетинг статья

Маркетингтік жоспар және талдау
Маркетингтік бағдарлама және стратегиялық жоспар жасау кәсіпорынды дамыту жолдарын анықтайды және ол келесі тәртіп бойынша орындалады:
· кәсіпорынның сан және сапа көрсеткіштері анықталады
· нарықтық шарттарды болжау және талдау жолымен қол жеткізуге болатын көрсеткіштер бағаланады.
Маркетингтік зерттеу, талдау, бағдарлама дайындау жұмыстарымен кәсіпорында маркетинг бөлімі айналысады. Экономикалық басқарудың нарықтық тұжырымдамасы ретіндегі маркетинг қазіргі даму деңгейлері әркелкі елдерде кеңінен қолданылуымен қатар, нарық жүйесін, тауар-ақша қатынастарын, ұйымдастырушылық техникалық кешенді коммерциялық жұмыстарды, өндіріс тауар өткізу процестерін, сондай-ақ баға мен коммуникациялық саясаттарды зерттеу және іске асыру құралына айналып отыр. Қазіргі кездегі өндіріс дамуында маркетинг, тек қана нарықтық саясатты ғана емес, сонымен қатар кәсіпорынның өндірістік саясатын анықтайтын, басқарудың негізгі функциясы ретінде қарастырылады. Маркетинг принциптеріне негізделген басқарудың кешенді жүйесінің мақсаты – қолда бар ресурстарды ескере отырыпкәсіпорынның алдына қойылған мақсаттардың шешілуін қамтамасыз ету.Кәсіпорынның экономикалық және тиімді өсуі кәсіпорынның басқару құрылымының тиімділігіне байланысты. Ал өз кезегінде басқарудың құрылымы болып табылатын маркетинг қызметінбасқарудың тиімділігімен сипатталады. Кәсіпорындағы маркетингті басқару мақсаттары мыналар:
1. өндіріспен және сұранысқа ие болмайтын тауарларды шығарумен байланысты шығындарды болдырмау;
2. кәсіпорынның мақсатына жету үшін сұранысты ынталандыруға байланысты шығындарды минималдау;
3. тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандырған жағдайда ресурстарды оңтайлы пайдалану;
4. нақты тұтынушылардың және еңбек коллективінің сұранысы мен қажеттілігін ескеретін әлеуметтік бағыттағы жағдайларды құру;
5. тауарлар мен қызметтерді кеңінен өндіруге жағдай жасау және өз имиджін көтеру;
6. кәсіпорынның барлық бөлімшелерінің қызметкерлерінің маркетинг қызметті жүзеге асыру үшін белсенді ат салысу.
Нарықтық қатынастардың дамуына орай, экономикалық субъектілердің қызметін басқарудың нарықтық тұжырымдамасы негізінде маркетингті қолданудың объективтік қажеттілігі туындады.Қазақстан Республикасындағы кейбір мекемелердің маркетинг ерекшеліктері қазіргі заманға беймәлім. Жалпы Қазақстандағы кәсіпорындардың дамуына кедергі болып тұрған негізінен макроэкономикалық факторлар, атап айтқанда:
1. Қаржы немесе ресурстардың жеткіліксіздігі, инвестициялық белсенділіктің әлсіздігі;
2. Бюджеттің әлеуметтік тұрғыдан алғандағы қатаң жобасы, жұмыссыздықтың жоғары деңгейі, өнімді өткізу қиындықтары;
3. Импорттық өсу жағдайында ұлттық тауардың бәсекелік қабілетінің төмендеуі;
4. Салық жүйесінің жетілмегендігі атап көрсетіледі.
Шетелдік деректерге сүйенсек, олар нақты бір фирмаға жан-жақты жасалған талдау арқылы құралған ғылыми негіздемесі болған жағдайда ғана, маркетингті табысты түрде қолдануға болады деп, тұжырым жасайды. Өткізіліп отырған реформалардың бір ізділік дәрежеде болмауынан, нарыққа өту кезеңінде маркетинг қызметімен айналысу тәжірибесінің аздығынан жағдай қиындай түседі. Сондықтан маркетингті іс жүзінде ұйымдастыру және оның тиімділігі мен сапалылығын көтеру маңызды мәселе болып табылады.Қазіргі кездегі қазақстандық компаниялар маркетингілік қызметін дәрежелі түрде іске асыра алмайды, осыған себеп қаржының жетіспеушілігі. Жалпы компания мүмкіншілігінде маркетинг шығындарын жоғарылатуы керек, өйткені экономикалық дағдарыс жағдайында тек қана маркетинг қызметі айтарлықтай дәрежеде көмек көрсете алады. Ф. Котлер 1998 жылы қыркүйек айында өткен халықаралық Мәскеулік маркетинг конференциясындағы сөзін мысалға келтірейік: «Дағдарыс жағдайында компания дамуы үшін шығындарды төмендету керек. Бірақ маркетингке кеткен шығындарды не болса да азайтудың қажетіжоқ. Өйткені тек қана маркетологтар ғана жаңа резервтерді таба алады. Егер қарапайым күнделікті жағдайларды маркетинг өсіп өнуі үшін қажет болса, ал дағдарыс жағдайында фирманың өмір сүруін қамтамасыз ететін жалғыз ғана механизм».
Маркетингтік мақсаттар және стратегиялық бағдарламасы осымен қатар ескірумен байланысты екендігін де ескірген жөн. Шетелдік маркетинг жолдарын қазіргі Қазақстан экономикасына енгізуді қолға алған жөн. Оның арасындағы біздің мемлекеттің өндіріс, коммуникация және техникалық ерекшеліктерін ескеруіміз керек. Сондықтан еліміздің экономикасын нығайту жолында маркетингті тек қана қолдап, дұрыс шешімдер қабылдауға тиіспіз.Мұнай өнімдердің маркетингтік қызметтерінің негізгі – маркетингтік саясаттың дұрыс жүргізілуі болып табылады, соның ішінде мұнайды тасымалдау және экспорттау ерекше орынға ие.Маркетинг қызметін басқару басқа да басқару қызметі сияқты оны құраушы негізгі элементтерден тұрады:
· Маркетингтік талдау және аудит;
· Стратегиялық және ағымдағы жоспарлау;
· Маркетинг қызметін басқаруды ұйымдастыру.
Маркетингтік талдау және аудит – компанияның ішкі және сыртқы ортасын, яғни оның күшті және әлсіз жақтарын зерттеу және компанияны қажетті ақпаратпен қамтамасыз ететін маркетингті басқару қызметін құрайтын негізгі элемент. Маркетингтік анализ бен аудиттің негізгі: кәсіпорынның техникоэкономикалық көрсеткіштерін талдау, макро және микро ортасын талдау, SWOT талдау, нарықты маркетингтік зертеу.Кәсіпорын қызметін жан – жақты талдау барысында алынған ақпарат жоспарлау кезінде қолданылады. Компания жоспардың үш түрін құрастырады: жылдық, ұзақмерзімді және стратегиялық. Стратегиялық жоспарлау, жоспарлау процесінің ең алғашқы баспалдағы болып табылады және өзінің құрамына компания миссиясын, мақсаттары мен міндеттерін және функционалдық жоспарларын қамтиды.Жоспарлау процесі және қажетті ресурстарды аяқтағаннан соң компанияда маркетинг қызметін ұйымдастыру процесі орын алады. Әрбір бөлімшелердің маркетинг қызметін нақты анықтамағанда және кәсіпорындағы маркетинг қызметін басқару орталығының болмайынша бұл процесс іске аса қоймайды. Жалпы бұл қызмет компания қызметінің ерекшелігі мен міндеттеріне және мақсаттарына сай ұйымдастырылатын әртүрлі маркетингілік бөлімшелерге жүктеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет