5-тақырып. Өндіріс теориясы
1.Өндіріс функция сипаты және оның қасиеттерін атаңыз. Шекті өнімділіктің азаю заңын мысалмен түсіндіріңіз.
Өндіріс функциясы дегенміз өндіріс факторларының жиынтығымен, осы жиынтық арқылы өндірілетін өнімнің барынша көп көлемінің арасындағы өзара қатынасын айтамыз.Жалпы айтқанда, Q-ді анықтайтын математикалық өрнек. Өндірістік функция, қашан болмасын, тек белгілі технологиялық құрылым үшін жасалады. Мысал ретінде, өндіріс процесінде екі фактор: каптиал және еңбек қоланылады делік, онда өндірістік функцияны төмендегідей жазсақ болады:
Q=F(L,К)
Өндірістік функцияның мынандай қасиеттері бар:
Бірінші қасиеті: Басқа жағдайлар бірдей болғанда, бір ресурстың шығынын көбейтіп. өндірістің көлемін өсірудің шегі болады. Айталық, фирмада станоктар мен өндірістік ғимараттардың саны берілген болса, онда жұмыскерлердің санын қосымша көбейту арқылы өндірістің шамасын өсірудің шегі болады. Жұмысшылардың саны өскендіктен болған арту бірте-бірте нольге жақындай бастайды.
Екінші қасиеті:Өндіріс факторларының өзара алмасуы, немесе, бірінің орнына бірі жүре алатындығы болады. Бұл жағдайда өндіріс факторларының бірінін, орнына бірі жүргенде өндірістің көлемі төмендейді. Мысалы, егер жұмыскерлер өндірістік құралдармен қамтамасыз етілген болса, олардың еңбегі тиімді болады. Бұл жәйтта бір ресурс басқа ресурспен алмастырылады. Өнімді шығаруды азайтпай, еңбекті одан коп капиталмеі алмастырудың шегі болады. Осы сияқты, жабдықтарды қолданбай қол еңбегін пайдаланудың шегі бар. Мысалы, фирмада машиналарды қолдануды қысқартып, қол еңбегінің санын өсіруге болады Бірақ, машиналардың саны аз, жұмысшылар саны көп болғанда машиналардың бір жұмыс сағатын өтеу үшін, жұмыскерлердің көп сағат еңбегі қажет болады. Қандай өндіріс болмасын, ол өзінің негізгі мақсатына-неғұрлым көп пайдаға жеткен жағдайды, өндіріс тепе-тендігі де атайды.
2. Изокванта қисығын нақты мысал негізінде тұрғызыңыз. Изокванталар картасы нені сипаттайды. Тұрақты және айнымалы өндіріс факторларын нақты мысал арқылы түсіндіріңіз.
Изокванта дегеніміз - өнімнің бірдей мөлшеріне сәйкес келетін факторлар жиынтығын қамтитын қисық сызық. Изокванттың көлбеуі теріс. Бұл өнімнің көлемін өзгертпеу үшін қолданылған бір фактордың мөлшері азайтылса, екінші фактордың мөлшері өсуі керек екенінен көрінеді. Белгілі өнім мөлшерін шығару үшін керекті факторлар жиынтығының көпшілігін өндірістік Изокванталар көрсетеді шығарылатын өнім деңгейі бірдей Q = 5 бірлік болады. Изокванталар картасы өндірістік функцины анықтайды . Көріп отырғандай , изоквантасынан -ге және әрі қарай жыла берсек өндірілетін өнім мөлшерінің өскендігін байқаймыз . А нүктесі бір жылда өндірілетін өнімнің 40 бірлігіне сәйкес , Оны капиталдың 15 және еңбектің 10 бірлігін пайдаланғанда шығаруға болады . Дәл осындай өнім мөлшерін шығару үшін капиталдың 5 бірлігін және еңбектің 30 бірлігін пайдаланса болады . Бұл жағдайға D нүктесі сәйкес . Сонымен , изоквантасы жылына өнімнің 40 бірлігін шығару мүмкіндігін беретін капитал мен еңбектің әртүрлі жиынтықтарын қамтиды.
3. Өндірістің айнымалы факторларының жалпы, орташа және шекті өнімдерін анықтаудың формуласын түсіндіріңіз
X = f (F1 F2, ... Fn) деген өндірістік функция бар болсын. Тағы, осы функция сипаттайтын өндірістік процесте F1 ден басқа барлық факторлар тұрақты дейік. Бұл өндірісте F1 пайдалану бірте-бірте еседі және бұл өзгермелі фактор F1 мен өндірілетін өнімнің өзара тәуелділігін анықтау керек. Осы өнімді өндіру үшін барлық факторлар қажет болғандықтан, F, ноль шамасында болғанда, өндірілген өнімде нольге тең болады, F, фактордын. бірте-бірте кезекті болшекгерш өндірісте пайдаланумен бірге. өнім өндірісі де нольден бастап бірте-бірте өсе береді. Осы өнімнің өсу процесінің үш сипаттамасы бізден назар аударуды тіленді: жалпы өнім, орташа өнім және шекті өнім.
Жалпы өнім - бұл өзгермелі фактор Ғ1-дің бірге-бірте өсуімен байланысты. ені.мнің жалпы көбеюі. Жалпы өнімнін көлемін, пайдаланған өзгермелі Ғ, фактордың санына болсек орташа өнім шығады. Егер өнімнің сәйкес фактор бірлігінің өсуі арқылы пайда болған өсімшелерін есептесек, шекті өнім шығады. Өнімділіктің кему заңын тым мүлтіксіз әрекет ететін заң деп, оған шоқынуға болмайды.
4. Орташа және шекті өнім арасындағы байланысты графикте көрсетіңіз және түсіндіріңіз.
Орташа өнім – бұл белгілі бір уақыт аралығында (казіргі жағдайда бір ай) айнымалы ресурс бірлігі (бір жұмысшы) шығаратын тауарлар мен қызметтердің көлемі. 150 бірлік тауарды өндіруге 10 жұмысшы қатысады дейік, олардың әрқайсысы айына орта есеппен 15 бірлік тауар шығарады, яғни AP = TP/L = 150/10 = 15. Компания тағы бір, 11-ші жұмысшыны жалдасын. Егер қосымша жалданған жұмысшының қайтарымы яғни шекті өнім қолда бар жұмысшылардың әрқайсысы орташа деңгейден жоғары, мысалы 16 бірлік, онда 11 жұмысшыны жалдауды ескере отырып, орташа өнімнің мәні 15 бірліктен асады:
AP=TP/L=150+16/11=15.09
Яғни, егер MP > AP, яғни шекті өнімнің мәні орташа өнімнен асып кетсе және графикте шекті өнімнің қисығы орташа өнімнің қисық сызығынан жоғары орналасса орташа өнімнің шамасы артады. Егер MP < AP және шекті өнімнің қисығы орташа өнімнің қисық сызығынан төмен болса, онда AP мәні азаяды. Демек, МР қисығы АР қисығын максимум болатын жерде кесіп өтеді.
Өнімнің орташа және шекті қисықтары
5.Технологиялық алмастырудың шекті нормасы (MRTS) нені сипаттайды. Өндіріс факторларының шекті өнімдерінің өзгеруінің MRTS–ке тигізетін әсері.
Өндіріс факторларын алмастырудың технологиялық шекті нормасын талдағанда еңбек пен капитал бірін-бірі толық алмастыра алмайтынын есте сақтау қажет. Өндіріс факторлары бір-бірін толықтырады. Сондықтан, оларды алмастырудың технологиялық шекті нормасы төмендейді. Изоквантаның көлбеулігі тұрақты өндіріс көлемі шеңберінде факторларды алмастырудың шегі бар екенін және алмастыру барысында әр түрлі қиындықтардың кездесетінін көрсетеді.
Өндіріс факторларының өзара алмастырылу мүмкіндіктері өндірістік технологияның ерекшеліктерімен анықталады. Сәйкесінше, изокванталар да ресурстардың өзара алмастырылу дәрежесіне байланысты бірнеше түрлерге (формаларға) ие бола алады.
6. Өндіріс масштабының тиімділіктері қалай есептеледі және оны есептеу не үшін қажет.
Формуласы = нәтиже / шығындар – базалық болып табылады. Сондықтан әр түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілердің әрбір факторының тиімділігін өлшеу кезінде экономикалық тиімділік көрсеткіштеріне: таза өнімнің (пайданың) айналымдағы және негізгі қорлардың орташа шамасына арақатынасы, ЕТҚ және басқаларды салыстырмалы үнемдеу жатады. Өндірістің экономикалық тиімділігін өлшеу үшін тікелей және кері көрсеткіштер қолданылады, мысалы: алынған нәтижелердің еңбек шығындарына қатынасы арқылы есептелетін өнімділік (кері өлшеуіш – еңбек сыйымдылығы); MO = P / ZM формуласы бойынша есептелген материал өнімділігі, мұндағы P – нәтижелер, ZM – материалдардың шығындары. Осы санат үшін кері көрсеткіш материал сыйымдылығы , қор қайтарымы және қор сыйымдылығы; инвестициялар мен капитал салымдарының тиімділігі болады. Экономикалық тиімділіктің неғұрлым жалпы көрсеткіші шаруашылық қызметтен алынған әсердің (ұлттық табыстың немесе ЖІӨ) және оған қол жеткізу үшін жиынтық шығындардың арақатынасы болып табылады. Макроэкономикада тиімділікті айқындау кезінде 2 көрсеткіш пайдаланылады: өндірілген ішкі жалпы өнімнің жан басына шаққанда артуы; оны әрбір шығын бірлігіне өндіру. Сондықтан практикалық есептеулерде әрқашан өзара байланысты көрсеткіштер жүйесі қолданылады (абсолютті де, салыстырмалы да). Осының арқасында шаруашылық жүргізуші субъектінің жұмыс істеуінің барлық маңызды жақтары бағаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |